Тауардың өткізілу қабілеттілігін жоспарлау туралы қазақша реферат

Тауардың өткізілу қабілеттілігі төрт бағытта шектелген.

Біріншіден, тауарларды сатып аяушыларга қатысы бойынша. Тауардың иесі көрінген кісіге оларды өткізе алмайды; тауарды алатын шаруашылық жүргізушілерінің белгілі бір тобы бар.

Загрузка...

Ол өз тауарын барлық тұлғаларға өткіземін деп есептемеуі керек:

а) ол тауарға қажеттіліктер жоқ;

ә) олар құқықтық немесе физикалық себептермен сатып алудан шеттетілген;

б) пайда болған айырбас мүмкіндігі туралы білмейді.

Екіншіден, тауардың өткізілу қабілетгілігі өткізілетін салалар бойынша шектелген.

Кейбір жерлерде тауар өткізілуі үшін мыналар қажет:

а) берілген тауарда осы елді мекенге жеткізуге және сол жерде сатуға табиғи немесе құқықтық кедергінің болмауы;

ә) тасымалдауға кеткен шығын айырбастан түсетін пайдадан асып кетпеуі.

Бұл саланың кеңістігін алатын болсақ, жекелеген тауар үшін бұл жерде әр түрлілік өте үлкен. Бір тауар бір елді мекеннің көлемінде сатылады, себебі оған деген қажеттілік шағын шекарамен шектелген, енді біреулері — жекелеген аймақтың көлемінде, үшіншісі — бір елдің ауқымында, төртіншісі — барлық мәдениетті елдерде және ақырғы біреулері — жер шарының барлық аумақтарында сатыла алады.

Тауардың сол жердегі жөне рыноктағы бағасының айырымы тасымалдауға кеткен және басқа шығындарды жабуы керек. Құны үлкен емес тауарлар үшін, бұл айырым өзінен өзі үлкен болмайды. Керісінше, құны жоғары тауарлар үшін, мысалы, қалта сағатын алайық,оны шығаратын жердегі баға мен алыстан рыноктағы бағасының айырымы, бірінші рыноктағы оның бағасының қымбаттығына қарамастан, аз болмайды сондықтан алыс рынокка жеткізу шығынын жабу да оңай емес.

Үшіншіден, тауарлардың өткізілу қабілеттігінің көлемдік тұрғыдан шектелуі. Тауарлардың өткізілу қабілеттілігі көлемдік тұрғыдан әлі жабылмаған қажеттіліктердің мөлшерімен және экономикалық айырбас операциялары үшін негізі бар көлеммен шектеулі. Бір тұлғаның тауарға деген қажетгілігі соншалықты үлкен болғанмен, оның шекарасы болады, оның сыртында белгілі бір уақыт аралығыңда тұлға тағы да тауар алады деп санауға болмайды, тіпті осы шекараның ішінде тұлға айырбасқа экономикалық негізі бар тауарлардың көлемін айырбас жолымен алуға дайындығын білдіреді. Жекелеген тұлғалардың сұранысынан белгілі тауарға сұраныс құралады, оның көлемі анықталады, барлығы толық анықталғанда барып тауарларды өткізуге болады, бұл шекарадан асатын мөлшердегі тауарды сату мүмкін емес./9, 56 б./

Бұл мөлшерді алатын болсақ, онда бүл жерде де жекелеген тауарларға қатысы бойынша әр түрлілік жеткілікті. Бір тауарлар кез келген жағдайда нақты шектелген, оған қажеттілікке байланысты, белгілі бір өткізілім болады; басқа мөлшерлер үшін қажеттіліктер көп, яғни тауарлардың өткізілу қабілеттілігінің көлемдік шекарасы кең   екендігін білдіреді;

— тәжірибелік мәні бар кейбір көлемдер өздеріне әдеттегідей өткізілім табады.

Төртіншіден, тауарлардың өткізілу қабілеттілігі өткізілімі мүмкін болатын уақыт аралығына тәуелді.

Кейбір игіліктерге қажеттіліктер қыс кезінде болады, ал қайсыбіріне — тек жазда, кейбір игіліктерге сұраныс көп немесе аз қысқа өткінші уақыт аралығында болады. Алдағы мейрамның бағдарламасы, суреттер көрмесінің санаттары, жорналы және сән-салтанат заттары — осының бәрі игіліктердің осы тегіне жатады. Содан соң қысқа мерзімге сақталатын барлық игіліктер де солардың қатарына жатады.

«Қоймада ұстау» әдетте тауардың меншік иесі үшін едәуір экономикалық шығынмен байланысты.

Тауарлардың өткізілу қабілеттілігі адамдардың аз немесе көп, уакыттық және көлемдік шекарасымен шектелетінін біз жоғарыда оқып білдік.

Тауар дегеніміз айырбасқа арналған экономикалық игілік, бірақ қалай болғанда да айырбас үшін жасалмаған. Тауардың иесі оны айырбастағысы келеді, бірақ кез келген бағаға емес. Сағат дүкенінің иесі барлық тауарының бір данасын бір талерден, ал тері сатушының барлық терісін өте арзанға сатып жіберуге мүмкіндігі бар. Бұған қарамастан, бұл екі көпес тауарлардың өткізілімі жоқтығына шағым айта алады: олардың тауарлары, жоғарыда айтылғандай, сатылу үшін өндірілген, бірақ кез келген бағамен емес, тек экономикалық ережеге сай бағамен сатылуы керек.

Баға осы бәсекелестік қатынастың нөтижесін көрсетеді. Егер осы тауарға қажеттілігі бар адамдардың бөлігі бәсекелестіктен шеттетілетін болса, онда баға жалпы шаруашылық жағдайға сәйкес деңгейінен төмендейді; егер осы жағдай ұсыным жасаушы бәсекелестер жағынан болса, онда тауардың бағасы көрсетілген деңгейден жоғарылайды.

Егер қайсыбір тауарға бәсекелестік бір себептен реттелмеген болса, онда меншік иелері оны экономикаға сай емес бағамен сатып жіберуі мүмкін деген қауіп бар, ал басқа тауардың иелері үшін ешқандай мұндай қауіп жоқ, болса да шамалы болады, мұндай жағдай, әрине, біздің тауарлардың өткізілуге деген қабілеттілігінің айырмашылығын шарттастырады: біріншілері еш қиындықсыз өз міндеттерін атқарады, ал басқалары — көбінесе экономикалық құрбандыққа бару шартымен ғана атқарады, ал кейде, тіпті оны да істемейді./11, 123 б./

Үлкен  қалалардан базарлар, жәрмеңкелер, мерзімдік көпшілік аукциондары және сол тәрізді қоғамдық орындар тұрақты немесе мезгіл-мезгіл белгілі бір жерде барлық, мүдделілерді жөне бағаның құрылуына әсер ете алатын тұлғаларды тұрақты түрде жинап отыратын өз мақсаттары болады және сөйтіп бұл бағаларды экономикалық етеді.

Сондықтан реттелген рыногы бар тауарлардың тиісті жалпы экономикалық жағдайға сай келетін баға мен тез сатылып кету мүмкіндігі бар; керісінше, өткізілімі реттелмеген тауарлар кейде өз сатып алушыларын таппауы мүмкін. Рыноктың орнығуы кейбір заттар үшін өндірушілер мен тауарларды сатушыларға тауарларын осы кезеңге сәйкес келетін экономикалық бағамен сатып жіберуіне мүмкіндік туғызады.

Әр тұтынушы белгілі тауарларды қайдан табатынын білетін жағдай — көтерме сауда да тауардың иелерінің бір-біріне жақын орналасуын және сатып алушылардың бір жерге жиналуын қамтамасыз етеді — бұл едөуір дәрежеде тиісті тауарлардың тез арада экономикалық баға бойынша сатылып кету ықтималдығын арттырады, бөлшектеп сатуда мұндай жинақтылықтың жоқтығынан бағаның экономикалық тұрғыда нашар құрылуына басым негіздеме болады.

Сонымен тауардың өткізілу қабілеттілігінің әр түрлі болуының себептері мыналар:

Біріншіден, тауардың өткізілу қабілеттілігінің мөлшерін анықтайтын адамдардың саны біресе көп, біресе аз болады және мүдделі жинақталу пункттері бағаның құрылуы кезінде бірде жақсы, бірде нашар ұйымдастырылады.

Екіншіден, кейбір тауарлар өздерінің өту қабілетіне сай рынокты барлық жерден табады. Мысалы, пайдалы үй жануарлары, астықтар, темірлер және т.б. үшін, жалпы тұтыну игіліктері үшін барлық жерде рыноктар бар және ең шағын қалалар мен мекен жайлар белгілі мезгілде осы сияқты тауарлардың рыногына айналады; керісінше, басқа игіліктер үшін (шикізат, шай) бір-бірінен алыстау орналасқан рыноктар болады. Соңғылары бір-біріне тәуелді болады. Бір рынокгағы жағдайлар туралы деректер, егер ол өте маңызды болса, басқа бас рыноктарға беріледі, содан соң шаруашылық жүргізуші тұлғалардың арнайы сыныбы — төрешілер жекелеген алыстағы рыноктағы тауарлардың бағасындағы айырма тасымалдау шығынынан артып кетпеуін қадағалайды.

Тауарлардың өткізу қабілеттілігі үлкен немесе шағын кеңістік қатынасының ауқымымен шектелген, бір тауарлар экономикалық баға бойынша осы ауқымның көлеміндегі көптеген рыноктарда сатылады, ал басқалары — тек бірнеше орталық сауда нүктелерінде ғана, біріншінің иегері экономикалық бағамен, өз қалауымен ауқымның көптеген сауда нүктелерінде өткізе алады, ал екіншінің иегері — шектелген ауқымның тек бірнеше жерінде ғана — бұл жағдай тауардың өткізілу қабілеттілігінің әр түрлілігінің екінші себебін құрайды./11, 123 б./

Үшіншіден, кейбір тауарлар бойынша белсенді өрі дұрыс қойылған алыпсатарлық бар; ол рынокта пайда болған тауарлардың көлемін, осы сәтге ол сұраныстың нақты көлемінен артып тұрса да жұтып қояды; ал өзге шаруалардың сауда айналымында алыпсатарлық болмайды немесе сонша-лықты дәрежеде емес, және рынок солармен толып кеткенде не баға өте тез төмендейді, не жеткізілген тауарлар өткізілмей қалады. Бірінші реттегі игіліктерді кез келген көлемде, өр уақытта бағасындағы шағын айырмамен сатып жіберуге болады, ол кезде тауарларына ешқандай алыпсатарлық жоқ иеленушілер осы сәттегі қажеттіліктен артатын көлемнен артық сата алмайды, ал егер сататындай болса, тек үлкен шығынмен ғана өткізеді. Тауарлардың өткізілу қабілеттілігінің көлемдік шекарасы кең немесе тар болады, соңғысының ішінде келіп түскен тауарлардың бірін экономикалық бағамен тез-ақ өткізіп жіберуге болады, ол кезде баскасыньщ сондай көлемін сату өте қиын болады, кей жағдайларда тіпті сатылмайды — бұл жағдай тауарлардың өткізілу қабілеттілігінің әр түрлілігінін үшінші себебін құрайды.

Төртіншіден, ақыры, қажетті тауарлардың рыногы үздіксіз жұмыс істейді. Тауарлық биржа бар жердегі бағалы қағаздарды сол сияқты белгілі шикізаттарды күн сайын сатуға болады, басқа тауарлармен сауда аптасына екі немесе үш рет жүргізіледі, нан және басқа да дәнді дақылдар үшін күнделікті тауарлар үшін — жылына бірнеше жәрмеңкелер, ал жылқылар және басқа ірі қара мал үшін — екі немесе үш және т. с. с.

Игіліктердің өткізілу қабілеттілігінің шекарасы уақыт бойынша кең немесе тар болатыны, олардың ішінде бір тауарларды  кез келген сөтте экономикалық бағамен сатып жіберуге болады, ал басқаларын — тек белгілі бір мезгілдерде, үлкенді-кішілі ұзақтығы бар уақыт аралығында сатуға болады, бұл тауарлардың өткізуге қабілеттілігінің төртінші себептерін құрайды.

Егер шаруашылық өмірдің құбылысына көз тастап, біз жекелеген тауарлардың өтуіне деген әр түрлі қабілетін көрсек, онда бізге осы әр түрлілікті бір немесе бірнеше айтылған себептерге өкелуге болар еді.

Астықтың белгілі көлеміне кім ие, соның қолында экономикалық жағдайға сай бағамен сатуға болатын тауар болады, егер сол жерде астық өнімдерінің биржасы болса, әр минут сайын немесе әр апта сайын сатып жіберуге болар еді, ондай тауарларды саудагерлер «қолма қол ақша» деп атаған. Бұның себебі — осы игілікті қажет ететін адамдардың молдығы, тауардың өту қабілепілігінің жоғарылығы, рыноктағы ұйымдастыру қызметінің жоғарылығы жөне белсенді алыпсатарлық.

Егер шаруашылық өмірдің құбылысына көз тастап, біз жекелеген тауарлардың өтуге деген әр түрлі қабілетін көрсек, онда бізге осы әр түрлілікті бір немесе бірнеше айтылған себептерге әкелуге болар еді.

Астықтың белгілі көлеміне кім ие болса, соның қолында экономикалық жағдайға сай бағамен сатуға болатын тауар болады, егер сол жерде астық өнімдерінің баршасы болса әр минут сайын немесе апта сайын сатып жіберуге болар еді, ондай шаруаларды саудагерлер «қолма-қол ақша» деп атаған. Мұның себебі — осы игілікті қажет ететін адамдардың көптігі, тауардың өту қабілетінің жоғарылығы, рыноктағы ұйымдастыру қызметінің жоғарылығы және белсенді алыпсатарлық.

Қоймадағы шикізаттың көп жағдайда өтімі төмендеу болады. Бұл тауардың өту қабілеттілігінің шекарасы тар, рыноктардың ұйымдастырылуы нашар болады жөне кеңістіктік және уақыт жағынан олар көбіне бір-бірінен алшақ болады, астыққа қарағанда алыпсатарлық әлсіздеу болады. Астық иесінің рыноктың бағасынан бағаны сәл төмендетіп, бәрін сатып жіберуіне мүмкіндігі бар, ал шикізатпен олай істеу мүмкіндігі төмен; бұл жерде шикізаттың иесі бәрін сатып жіберуіне болады, бірақ бағадан көп жоғалтады, ол бір кезде тауарын мүлдем сата алмай қалуы мүмкін, біраз уақыт бойы күтуіне тура келеді.

.
Загрузка...

Тағы рефераттар