Қазақ халқында «өткен іске сыншы көп» деген қанатты сөз бар. Сол айтқандай делимитациялау процесі жүріп өткенннен кейін оған деген халықтың пікірі баспасөз беттері мен қоғамдық орталықтарда оқтын-оқтын айтылып жатты. Біреулер біз шекара бөліс кезінде көп жерді ұтылдық десе, базбіреулер бұған  да шүкір десіп жатты. Ақиқатына келсек алдыңғы пікірді қуаттағандардың саны анағұрлым көп болды. Сонымен қатар осы сәтті пайдаланып екі мемлекет арасын ушықтырмақ ниетте болғандар да ұшырасып жатты. Олардың ниеттерінің іс-жүзіне аспағаны көңіл қуантады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Сындарлы он жыл» атты кітабында: «Әрине, көршілес мемлекеттердің бірде –бірі Қазақстанның аумақтық тұтастығына шек келтірмейді, бірақ солай болған күнде де, кез –келген сепаратистік идеадан туындайтын нақтылы қауіп –қатерге саусақ сыртынан қарауға болмайды», /77/-деген еді. Сондықтанда елдің аумақтық тұтастығына зиян келтіруі мүмкін және елді қарулы жан –жалдарға бастайтын кез –келген идеяның жарымсыз екндігін біз әрдайым есте ұстауға тиіспіз.

Бірақ делимитация және демаркация процестері кезінде халықты шулатқан нешеме оқиғалар болып жатты. Яғни, 1999 жылға дейін өзбек жерінде тұрған Маиск кеден бекеті 12 шақырым ішкеріліп, Түркістан ауылын өз ішіне қымтап алса, сол  сияқты жағдай Жібек Жолы ауылында, Сарыағаш шипажайында орын алды /78/. Жақында ғана «Ұшқын» бекетіндегі көршілеріміз 30 метрге бері жылжыпты. Дәл осындай жағдай «Ынтымақ», «Түркістан» ауылы маңындағы және «Көктерек» бекетінде де қайталанған/79/. Осыған байланысты үлкен наразылықтар орын алып жатты. Мұның орынды екендігі де даусыз.

Әбдіразақ Оспани деген азамат «Ауылымыз Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасында орналасқан. Күні кешеге дейін шекараның не екенін білмей өстік. Зак өзені картаға да түскен жоқ екен. Жолақ сызықтай жылыстап ағып жататын», /80/-дейді. Ол өз сөзінде жер үшін жанталасты және ондағы көңілге қанымсыз тұстарды наразы бола тұрып атап өткен.

Соңғы кездері «өз ағам» деп бауырға балайтын өзекеңдер -өзбек ағайындар құдайы қонысы қазақ жеріне қызғаныш қылық танытып, ебін тапса екі қадам жер болса да өз еншісіне елегізіп ашуға тырысып, тыныш жата алмайтын  болды, -дейді Асхан Майлыбаева дейтін азаматша өзінің Оңтүстік Қазақстан газетіне жазған мақаласында, -өздерімен іргелес қонған Сарыағаш аймағының әр -әр тұсынан өз беттерімен шекара шегін белгілеп, қалаған жерінен қазық қағып әлек болды. Олардың бұл өлермен өзімшілдігі  қанша кеңпейіл болса да қытығына тие бастаған қазақтардың орынды ренішін тудыруда. Баяғы кеңестік кеңшілік кезеңде уақытша деп алып, бір жола егеленіп кеткен 4 млн. 89 сектар есіл жеріміздің есесін қайтара алмай отырғанымызда олар қыбын тауып әлі де сыналап сұғына түсудің амалын жасап қалмақ /81/. Әрине мұның бәрі делимитация процесі кезінде болып жатты.

Демаркациялау процесінің де өзіндік қиындық туғызған жерлері болып жатты. Бұл жөнінде демаркациялау жөніндегі комиссияның қазақ жағының төрағасы Мұрат Марданұлы Атанов былай деді. Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасында демаркациялық жұмыстарды жүргізген кезде екі мәселе белгілі белгілі бір деңгейде қиындылық туғызуы мүмкін. Біріншісі, шекараның елеулі бөлігі адам қоныстанбаған, жүріп-тұруы қиын учаскелер арқылы өтеді (бұлар Майдантал және Өгем жоталарының таулы үстірттері, Қызылқұм шағылдары, Арал теңізінің тартылған табаны, үстірт алабы). Бұл жерлерде негізгі қиыншылықтар жолдардың, су көздерінің болмауына байланысты және сусымалы, борпылдақ топырақта шекара белгілерін орнату да оңай емес. Бірқатар аудандарға тікұшақпен ғана баруға болады және осындай жолмен жүктерді жеткізуге тура келеді (бір шекаралық бағана салмағының өзі 250 кг. тартады).

Екінші мәселе елді мекендер арқылы өтетін шекара учаскелері. Бұлардың ұзындығы 2350 шақырымға созылатын шекараның 10 шақырымына жуық. Біз ұзақ уақыт бір мемлекетке өмір сүрдік және таяу уақытқа дейін адамдар әкімшілік шекараға қарамастан қоныстанып келді. Атап айтқанда, Жібек Жолы, Көктерек және басқа да бірқатар елді мекендерде Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары араласып тұрып жатыр /82/. Осыған байланысты демаркациялау кезінде қиыншылықтар орын алып жатты. Кейбір жерлерде шекара сызығы үйдің үстімен де өткен екен. Демаркациялауға сәйкес үйлері бір елде, ауласы екінші елде қалып қойған отбасылар да кездесіп жатты.

Каналдар мен өзендердің мәселесі де екі жақты комиссия мүшелерін ойландыруда. Мысалы, шекараны жеті жерінен кесіп ағатын өзен бар. Осындай шекаралық аймақтардағы көпірлер мен кейбір нысандар айрықша бақылауда ұсталып, ол жердегі жұмыстар шекарашылардың қарауылдармен жүзеге асады. Сондай-ақ, сызық бойында тұрғындардың шаруашылық жерлері қалса да өтемақысы төленетін болады. Әрине, ол жерді заңды түрде сатып алып, мемлекеттік актімен иеленсе ғана. Комиссия аз шығын жұмсап, ұтымды тірлік тындыру үшін жерінің аз бөлігі ғана сызық бойында қалған үйлер көшірілмейді. Тек қосымша жерлер ұсынылды /83/.  Жаңалық газетіне ортақ мақала жазған бір топ тұрғын былай дейді: Біз Үкіметке сендік. Бірақ нақтылы құжатқа қол қойылған кезде тұрған жеріміз Өзбекстанға өтіп кетті. Барлығы сол кезден басталды. Біздің қалтамызда құжат –Қазақстандікі, ал өмір сүріп жатқан жеріміз, басымыздағы баспанамыз -Өзбекстандікі болып қала берді. Өйткені, мемлекет басшылары келісім шартқа қол қойып қойған болатын. Басымыздағы құқай, әңгір таяқ та сол жылдың аяғы мен келесі жылдың басында басталды /84/. Мұндай мысалдар көптеп кездеседі. Олардың барлығын да үкімет мейлінше тиімді жағдайда шешіп беруге тырысуда.

Осылайша оңтүстіктегі көршімізбен шекара мүжелеу ісі жүзеге асты. Алайда екі ел арасындағы межені білдіретін тікенек сым екі ел арасында бұрынан келе жатқан байланыстарға да үзілді –кесілді тиым салды. Ең ауыры біздің 30 мың қандастарымыз шекараның арғы бетінде қалып қойды. Олар қаласа оралман мәртебесін ала алады және жеңілдіктерді пайдаланады. Бірақ бүкіл ғұмырын Қазақстанның игілігіне арналған халықтың еңбегі  ұшы болды. Олар енді өзге оралмандар сияқты азаматтық алудың, тиісті жеңілдіктеріне қол жеткізудің азабын тартары анық.

Бірақ шекара белгіленгенімен онымен келіспейтіндер көп. /85/.

2003 жылы күзде Бостандық ауданынан Қазақстанға өзекті өртейтін хат келді. Онда кейбір  дөрекі өзбектердің жергілікті қазақтарға  қоқан–лоққы жасайтындығы, тіпті, мал –мүліктерін тартып алып, себепсіз ұрып соғып, қамап қоятындығы және оларға өзбекстандық билікті іш бұратындығы, яғни, тиісті жаза қолданбай, керісінше өздеріне шүилігетіні жазылған. Онда : «Кіндік қанымыз тамған жерден, ата-бабаларымыздың ізі қалған жерден, олардың аруағын жат қолға тапсырып, Қазақстанға қоныс аудару мұндағы қазақтар үшін оңай емес. Бостандық –қазақтың жері. Тоталитарлық Кеңес өкіметінің жіберген тарихи қателігін қалпына келтірудің уақыты кеткен сияқты», /86/-делінген. Хат Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының  төрағаларына және Егемен Қазақстан газетіне жолданған. Хат соңына 800-ден аса адам қол қойыпты. Қандай ойландыратын мәселе?! Бірақ, Бостандық ауданын күн тәртібіне көтеру келмеске кеткендей мәселе ғой!

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.К.Тоқаев өзінің «Беласу» атты кітабында осы мәселе жөнінде былай деген еді. «Кремельдің осы қате шешіміне біз жүрегіміз сыздай тұрып, сан мәрте оралғанымыз бар. Бірақ тарихта кері бұрылатын жол болмайды. Бостандық ауданын Қазақстан құрамына қайта беруді талап ету өзбектермен барлық қарым –қатынастар жүйесін білдіру әрі бұдан туындайтын өкінішті салдарға ұрындыру деген сөз. Былайша айтқанда, үлкен жанжал өрбіп кетуі мүмкін. Ал бұл екі ел халықтарынң түбегейлі мүдделері мен арман-мұраттарына қайшы келер барып тұрған жауапсыздық шешім болған болар едік /87/.

ҚР экс–Сыртқы істер министрінің    бұл мәлімдемесі де шындыққа жанасымды. Өйткені дәл бүгінгі таңда Өзбекстан Республикасында қалып қойған Бостандық ауданын Қазақстанға қайтарып алу ақылға сыймайтын дәрежеге жетті. Өйткені бұл мәселені қайта қозғау екі ел, тіпті дүние жүзі деңгейінде қабылданған қаншама заңнамалық құжаттарға қайшы келер еді. Ендігі қолдан келер іс дипломатиялық келіссөздер арқылы ондағы қандастарымыздың құқығын қорғау.Өйткені бұл өзге елдің ішкі ісіне қол сұғу болып табылмайды.

Қазақта «аузы күйген үріп ішер» деген сөз бар. Расында да тарихта кеткен сәттер болашақта сабақ болуға тиіс тарихтың бізге арналған тағылымы осы болса керек.
Тағы рефераттар