Тәуке ханның қоғамды саяси – әлеуметтендіруі туралы қазақша реферат

Қазақстан Республикасы өзінің 1991 жылы 16 желтоқсанда алған тәуелсіздігінің  арқасында  адамзат баласы тек заңға мойынсұнып, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді басты негізге ала отырып, Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрды. Қазақстан  Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде еліміздің іргетасы қаланып, елдің жаңа даму кезеңі басталып кетті. Жаңа мемлекеттің құқықтық негізіне айналған “Жеті жарғы” далалық  демократияның рухына сай өзіндік Ата заңы болды. Бұл жарғы ұрпақтан-ұрпаққа ауызша айтылып, «Жеті жарғыны» шығаруға үш жүздің де өкілдері қатысқандықтан, бұл заңда бекітілген құқықтық нормалардың жиынтығы, бүкіл Қазақстан жерінде қолданылды деп сеніммен айтуға болады. Жеті жарғы» — жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. Тәуке ханның «Жеті жарғы заңдары» қазақ қоғамының сол замандағы әлеуметтік және құқық нормалары заң жүзінде баянды етілді. Сонымен қатар сол заманғы жарғымен салыстыратын болсақ, қазіргі қазақ қоғамында бұл әйгілі Ата Заңымызбен пара-пар  [1;96]. Яғни, Тәуке заманының өз жарғысы бойынша үстемдігін орнатса, қазіргі таңда бул заң баптарымен айшықталады. «Жеті жарғының» аясы кеңейіп, міндеті тарамданып, күнделікті тұрмыста, адамдар арасындағы қарым-қатынасты сақтауға тиісті ереже болып қалды және бұл ереже Қазақстан жерінде өз маңыздылығын табуымен ерекшеленеді. Қазіргі жаһандану үдерісінің кесірінен бүкіл дүниежүзі елдеріне көптеген мәселелермен күресуге тура келеді. Отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамы. Отбасымен әлеуметтік жұмыс қазіргі заман талабынан туындап отыр. Бүгінгі отбасы елдің болашақ азаматының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыратын қоғамның ең маңызды институты екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Себебі, бүгінгі отбасының табысты болғаны, әлеуметтік-экономикалық, моральдық-психологиялық жағдайының жақсаруы ұлт пен мемлекеттің болашағына елеулі әсер етеді. Біздің елімізде отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс ертеден қалыптасып, өзіндік ұлттық ерекшеліктерімен айқындалады. Осы жұмыста отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу, оның Қазақстандағы ерекшеліктері, отбасына қандай әлеуметтік көмек көрсетіліп отырғаны және осы уақытқа дейін отбасы мен әлеуметтік жұмыс қалай жүргізілгендігі туралы баяндауға болады.  Қазіргі таңда отбасы қоғамдағы ең басты институт болғандықтан, онымен жұмыс жүргізу негізгі мақсатқа алынды. Яғни, отбасының барлық мәселелерін шешу, оны қоғам өміріне бейімдеу мақсатқа негіз болда білді  [2;57]. Тәуке хан заманындағы жарғы мен қазіргі таңдағы заңда көрсетілген баптармен салыстыра келетін болсақ, ерлі-зайыптылардың отбасы құқықтарының теңдігінің сақталуын, отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілігін айқын аңғаруға болатындығын көреміз.

Отбасымен жұмыс жүргізетін әлеуметтік қызметкер – бұл біздің басты маңызды ұғымдарымыздың бірі. Отбасымен жүргізетін әлеуметтік қызметкер бұл – отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу саласындағы маман, өзінің кәсіби, лауазымдық міндеттеріне қарай адамда, топта пайда болған мәселелерді жеңе білуде әлеуметтік көмектің барлық түрін көрсететін адам. Қазіргі заманға сай әлеуметтік саясат тәуелсіз Қазақстан дамуының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Сонымен қатар, нақты түйініне келетін болсақ, Тәуке заманының Жарғысы өз кезеңінде орындалған болса, ал қазіргі таңда Қазақстан жерінде  сол кезеңмен салыстырып алып қарайтын болсақ, бұл заң Ата Заңымыздың баптарымен орындалып жатқанына куә боламыз. Және де, қазіргі таңда әлеуметтік жұмыс және қызметкерлер саласында да бұл жарғының, яғни заман қолданысындағы баптар арқылы қызмет етіп жатқандығын көреміз. Бұл баптардың аясы өте кең, ауқымды екендігін көруге болады.

                    Әдебиеттер тізімі:

1. Сәкен Өзбекұлы «Жеті жарғы». Алматы 1995, 3-6 бет

2. М.Тәжін. Аяғанов Б. «Әлеуметтану оқулық» Алматы  2006 ж, 92-95  бет
Тағы рефераттар