Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім:

1)    ДНҚ – ның теломерлік бөлімдерінің репликацияланбауы

2)    Хромосомада теломералардың орналасуы

3)    Теломералардың қызметі

4)    Теломералардың нуклеотидтік қайталану жүйелері

5)    Теломеразалар әрекетінің механизмі 

ІІІ. Қорытынды 

                             Кіріспе

         Клетканың тұқым қуалау материалы хромосомалар болып табылады. Хромосома ядрода орналасқан, негізгі қызметі – тұқым қуалау ақпаратын сақтау және ұрпақтан ұрпаққа беру. Хромосоманың саны мен құрылымының өзгеруі адамдағы тұқым қуалайтын хромосомалық ауруларға алып келеді. Хромосомалық ауруларға диагноз қою ауру адамның кариотипін зерттеуге негізделген.

Хромосоманың құрылысы 2 хроматиннен тұрады, хроматин хромонемалардан, хромонема дезоксинуклеопротеидтен тұрады.      Хроматиннің құрамына кіретіндер:

1) ДНҚ молекуласы жалпы хроматин мөлшерінің 40% жуығын құрайды.

2) Белоктар – 60% жуық. Хроматин белоктары гистонды, гистонды емес

         болып бөлінеді. Гистонды белоктардың 5 түрі бар: Н1, Н2А, Н2В, Н3,Н4.

Гистонды емес белоктарға құрылымдық белоктар, реттеуші белоктар және фермент молекулалары жатады.

         Хромосоманың маңызды бөлігі – центромера. Центромера – жасуша бөлінуі кезінде хромосоманың қозғалуын қамтамасыз етеді. Егер центромера болмаса хромосомалар қозғала алмай жойылады. Хромосома иіндерінің ұштарын теломералар деп атайды, олардың қызметі хромосомалардың тұрақтылығын сақтау, хромосомаларды ядро ламинасына бекіндіру, хромосомаларды жабысып қалудан сақтау, т.б. болып табылады. Жасушаның әрбір бөлінуінен кейін хромосома теломералары азды-көпті қысқарып отырады, ал оның ұзындығы минимальды деңгейге жеткенде жасуша бөлінуін тоқтатады және бұл ағзаның қартаюына алып келеді.

         Үнемі бөлінуші жасушаларда (ұрық жасушаларында, діңгек жасушаларында) теломералар ұзындығын қалпына келтіріп отыратын ерекше фермент – теломераза ферменті болады.

 

Нидерланд және британ ғалымдары кейбір адамдардың басқалардан ерте қартаятынын түсіндіретін нақты генетикалық материалдарды анықтады.

Бұл зерттеулер нәтижесі онкология және жас аурулары табиғатын түсінуде маңызы зор. Адамның стандартты геномынан ерекше 500 мыңнан артық генетикалық ауытқулардың кездесетінін талдап, адамдардың ерекше варианттары  TERC генінің маңында биологиялық сағаттардың үш-төрт жылға алда жүретінін байқады. «Біздің зерттеулер кейбір адамдардың генетикалық материалдарының жылдам қартаюға алдын — ала бағдарламаланып қойғанын  дәлелдеді» -деп Лондондағы Королдік колледжі Тим Спектор ғылыми зерттеу тобының жетекшісі айтты.

Ғалымдардың айтуынша қартаюдың екі түрі болатыны – хронологиялық – жылдармен және биологиялық – жасушалардың жасымен есептелетіні белгілі болды.

«Жасқа байланысты кездесетін ақаулар әсіресе жүрек-қан тамырлар аурулары және қатерлі ісік ауруларының кейбір түрлері хронологиялық емес, биологиялық жаспен байланысты екені туралы мәліметтерді» топ мүшесі Лестер университетінің (Ұлыбритания) кардиология профессоры  Нилеш Самани атап өтті.

Ғалымдар хромосома соңындағы қорғаныш «қалпақшалары» — теломерлердіңқұрылымын зерттей отырып бір қорытындыға тоқталды. Ескірген немесе қысқарған теломерлер ерте қартаюға және қатерлі ісік ауруына әкелуі мүмкін. Теломерлерді тозудан сақтау мүмкіндігі бар теломераза ферментін тапқан американдықүш ғалым 2009 жылы өз жаңалықтары үшін медицина саласы бойынша Нобель сыйлығын иеленді.

Ғалымдарға теломерлердіңұзындығын реттейтін TERC гені қартаю және онкологиялық аурулар процестерінде негізгі рөл атқаратыны белгілі болды.  Жаңа зерттеулер алғаш рет ерте қартаюға және теломерлердіңқысқаруына жауапты геннің нақты варианттарын анықтады.

 ДҢҚ молекуласының толық репликацияланбайтындығын, яғни теломерлік бөлімдерінің репликацияланбайтындығын, алғаш рет  1971ж. А.М. Оловник айтқан болатын.

 Мұның мәні мынада: жоғарыда сипатталған ДҢҚ полимеразалық жүйе аналық ДҢҚ молекуласының жіпшелерінің 3 ұшын толық репликацияламайды, яғни жаңадан синтезделген ДҢҚ тізбектері 5´ ұшы жағынан қысқа болады. Себебі әрбір жаңа ДҢҚ тізбегі қысқа «РҢҚұйытқыдан» (праймер) басталады. Кейін ол ерекше нуклеазалар арқылы алынып тасталады, бірақ босаған учаске дезоксинуклеотидтермен толтыра алмайды, себебі ДҢҚ полимеразалар өз бетінше ДҢҚ синтезін бастай алмайды, ол тек полинкулеотидті 3´ ұшынан ұзартады. Бұл жерде ондай учаске жоқ, сондықтан жаңа  тізбек матрицадан қысқа болады.

 ДҢҚ молекуласының мұндай ұшын үшкір ұшы немесе оверхенга деп аталады.

  ДҢҚ— ныңүшкір ұшы тұрақсыз болады, себебі экзонкулезалар ұзын ұшындағы артық нуклеотидтері бір-бірлеп алып тастап, ДҢҚұшын тұйықтайды.

 Қалай болғанда да, егер жасушада теломераза болмаса, оныңәрбір бөлінуінен  кейін хромосома қысқарып отырады.  

 Әрбір  репликацияда ДҢҚ молекуласы «РҢҚұйытқы» ұзындығына сәйкес 10-15 нуклеотидке қысқаруы  тиіс болғанымен, шындығында 50-65 нуклеотид жұбына қысқарады. Бұл ДҢҚ— полимеразалық кешенніңқасиетіне байланысты болады.

Адамның ядролық ДҢҚ-ның 1 молекуласының орташа ұзындығы 120 миллион нуклеотид жұптарына тең десек, жасушаныңәрбір бөлінуінде теломераза белсендігінсіз ДҢҚ  молекуласы 0,00005% —ға қысқарады екен. Бұл әрине өте аз. Бірақ, табиғатта теломераза ұзындығын қалпына келтіріп отыратын тетіктер болмаса түбінде хромосомалар жойылып кеткен болар еді. Тек сондықтан ғана хромосомалар теломерлерінің толық и репликацияланбау  проблемасының биологиялық маңызы орасан зор. Сонымен қатар, бұл құбылыс ағзалардыңқартаю, канцерогенез проблемаларымен де тығыз байланысты.

 Толық репликацияланбау проблемалары жасушада қалай шешіледі?

 Ғылыми деректер бойынша  хромосома ұштарында генетикалық ақпарат болмайтын көптеген арнайы гексонуклеотид бірізділіктер қайталанып орналасқан. 

Қорытынды

Адамның ядролық ДНҚ-ның бір молекуласының орташа ұзындығы 120 миллион нуклеотид жұптарына тең десек, жасушаның әрбір бөлінуінде теломераза белсендігінсіз ДНҚ молекуласы 0,00005% — ға қысқарады екен. Бұл әлған хроморине өте аз. Бірақ, табиғатта теломера ұзындығын қалпына келтіріп отыратын тетіктер болмаса түбінде хромосомалар жойылып кеткен болар еді. Тек сондықтан ғана хромосомалар теломерлерінің толық репликацияланбау проблемасының биологиялық маңызы орасан зор. Сонымен қатар, бұл құбылыс ағзалардың қартаю, канцерогенез жағдайларымен де тығыз байланысты.

Жасушаның әр бөлінуі түзілген жас жасушалардағы хромосомалардың теломералық учаскелерінің қысқаруы, ең соңында олардың толық жойылып, бірте – бірте ақпараты бар гендердің толық репликацияланбай қалуына себеп болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жасуша тіршілігін жойған болар еді, бірақ бұл мәселе теломера және теломераза ферментінің көмегімен шешіледі. Теломера хромосомалардың ядро ішінде дұрыс бағтта қозғалуына қатынасады. Теломераза ферментінің қатынасуымен ұштары үзіліп қалған хромосомаларға жалғанып, олардың қызметін қалпына келтіреді. Мысалы α-талассемиямен ауру адамдарда 16 – хромосоманың ұзын иінінің үзіліп қалған ұшына теломера жалғану арқылы α- глобиндік геннің қызметі қалпына келтіріледі. Гендер активтілігіне әсер етеді. Теломералармен қатар орналасқан гендерде активтілік әдетте төмен болады, бірақ теломералардың қысқаруы оларға жақын орналасқан гендердің активтілігін жоғарылатады.

Теломералар осындай қызметтер атқару арқылы хромосомадағы тұқымқуалау ақпаратының ұрпақтан – ұрпаққа берілуіне қатысып, ағза үшін маңызды рөл атқарады.     

Қолданылған әдебиеттер:

1)    С. Әбилаев. «Молекулалық биология және генетика», Шымкент, 2008жыл. 46-49 беттер

2)    Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. «Молекулалық биология негіздері», Алматы, 2008 жыл. 34-40 беттер

3)    П. Қазымбет, Л.Аманжолова, Қ. Нұртаева. «Медициналық биология»,  Алматы, 2008 жыл. 44-50 беттер

4)    Интернет. /Google.kz., @mail. ru
Тағы рефераттар