Тілдік теорияны үйрету үрдісінде бастауыш сынып  оқушыларының  есте сақтау қабілетінің  дамыту жағдайлары туралы қазақша реферат

Жағдай жасау бұл  – Ожеговтың айтуы бойынша  өмірдің, қызметтің қандай да болсын саласында белгіленген ережелері.  Жағдай   сондай-ақ   бірдеңеге тәуелді болғанда бір нәрсеге  немесе  бір жайт  болғанда, жүзеге асырылатын жайт деген екен. Біздің зерттеулерде жағдай – бұл тілдік теорияны зерделеу барысында бастауыш сынып оқушыларының  есте сақтау қабілетін дамытуда жүзеге асырылатын жағдай.

Педагогтардың көптеген байқауларында, психологтардың зерттеулері мектептің бастауш сыныптарында  оқуға үйренбеген, ойлау қызметінің амалдарын меңгермеген балаларда,  ортаңғы сыныптарда  үлгерімі  нашар балалар қатарында болатынын аңғартады. Осы міндетті шешудегі маңызды бағыттардың бірі болып, бастауыш сыныптарда балалардың есте сақтау қабілеттері толыққанды дамуы үшін жағдай жасаудан тұрады. Бұндай толық жағдайлар бастауыш сыныптар шамасында қамтамасыз етілмейді, өйткені оқытуда мұғалімнің балаларды үлгі бойынша  ұйымдастыру тәсілі кеңінен тараған болып қала берген. Мұғалімдер көбіне  қайталауға негізделген және ойлап табу мен бастаманы талап етпейтін жаттығу түріндегі тапсырмалар бергендері артық.

Осындай оқыту нәтижесінде балаларда есте сақтау қабілетінің сапасы:  баланың дербестігін анықтайтын тереңдігі, ұзақ мерзімдігі, есте сақтау қабілеті еріктігі жеткілікті дамымайды. Бастауыш сынып оқушыларында  есте сақтау қабілетін дамыту  жалпы мектепте және әсіресе бастауыш мектепте оқытудың негізгі міндеттері болып табылады.

Есте сақтау қабілетін дамытуға қатысты кейбір құралдарда балаларға оқу мазмұнындағы күрделенген есептер немесе әртүрлі күрделі жұмбақтар  ұсынылады. Өкінішке орай, авторлар көбіне осындай үлгідегі тапсырмаларды орындау арқылы қандай мақсаттарды көздейтіндері  белгісіз. Осындай  сабақтар тиімділігі көп  емес.

Тәжірибеде есте сақтау қабілетін мақсатты дамыту бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыру үшін, қажет  жағдайларда  оқу материалдарына толы сабақтарда қамтамасыз ету қиын екенін аңғартады. Балалар белгілі бір қисында берілетін дәстүрлі емес есептерді шешетін   жүйелі сабақтарды арнайы ұйымдастыруда қызмет етеді.

Бастауыш сынып оқушыларындағы психологиялық ерекшеліктер олардың   интелелктуалды  даму  ерекшелігін  анықтайды.  Олардың есте сақтау қабілеті  көбінде нақты сипатқа ие, нақты объектілерге сүйенеді.

Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамытудағы негізгі  шарт – жанама  есте сақтауды қалыптастыру,  яғни есте

сақтау үшін қосымша құралдарды, оның ішінде белгі-символдарды пайдалану болып табылады. Ол үшін  ұғылатын объектілерді бөлшектеу, олардың түрлі сипаттарын бөліп көрсету, олардың арасында қандай да болсын  және шартты белгілердің жүйесімен  байланыс  орнату. Ассоциативті есте сақтау қабілетін дамытуға мынадай жаттығулар өз себін тигізеді:

а) сөздерді суреттер көмегімен есте сақтау;

ә) сөздерді әңгіме құрастыру арқылы есте сақтау;

б) шетел сөздерін фонетикалық ассоциациялар  тәсілі арқылы есте сақтау.

Сабақтардағы жалпы көңіл-күй оң эмоционалдық жағдайды тудырады:  ашықтық, қызығушылық, ұсынылған тапсырманы орындауға үйрену тілектері. Өзінің табыстарын түсінуі оқушылардың психологиялық мүмкіндіктерін ашуға, өзін-өзі бағалау, өзіне деген сенімділігінің  артуы көмегін береді.

Осы эмоционалдық ая, мұғалім тапсырмаларына деген оң қатынас арқылы белгілі бір нәтижеге жетеді,  кейінінен біртіндеп мектептегі әдетті сабақтарға да таралады. Солай есте сақтау қабілетін дамыту сабақтары оқуға деген оң қатынасты және қызығушылықты қалыптастыру амалдарының біріне айналады: осындай сабақтар нәтижесінде оқушылар өзінің дамуында айтарлықтай жетістіктерге жетеді.

Сабақтардың тағы да кіріспе, негізгі және қорытынды бөлігінен тұратын сабақтар құрылымы бар.

Кіріспе бөлімінің міндеті – оқушыларда білімді тиімді меңгеруі мүмкін емес оң эмоционалды ая құру.  Үнемі дамыту сабақтарында құрылатын бұл позитивті эмоционалдық ұстаным оқушыларда біртіндеп бекітіліп, басқа мектеп сабақтарына таралуы тиіс. Оң эмоционалды аяны жасау тәсілі ретінде мұғалімнің бір-біріне күлімсіреу және жылы сөз айту тілегі болады. Бұл сөздерде  жағымды энергия бар, сенімділік, жылылық, мейірімділік пен жақсы көңіл-күй атмосферасын жасауға көмектеседі.

Кіріспе бөлімінің  маңызды сәті – ол ми қызметін жақсартуға арналған жаттығуларды орындау. Физикалық жаттығулардың психикалық қызметке ынталандыру әсері  баяғыдан  баршамызға мәлім.  Физикалық жаттығулар әсерінен түрлі психикалық үрдістер көрсеткіштерінің жақсаруында: есте сақтау қабілеті көлемінің артуы туралы көп  мәлімет  бар.  Осымен  оқу қызметінің табысты болуына өз ықпалын тигізетін жұмысқа қабілеттіліктің жоғары деңгейінде қамтамасыз етіледі. Әр сабақ үшін  осы сабақта дамытылуы тиіс психикалық функцияларды ынталандыратын арнайы жаттығуларды таңдаған жөн. Сабақтың негізгі бөлігі үшін тапсырмалар тиісті танымдық үрдіске бағытталуы және сыныпта ұжымда жасау үшін ыңғайлығы ескеріліп таңдалады. Дамыту эффектісіне жету үшін бір үлгідегі тапсырмаларды бірнеше мәрте орындату арқылы жетіледі. Оқушылардың бір үлгідегі тапсырмаларды орындауға қызығушылығы төмендемеуін болдырмау мақсатында бір қатар сабақтардың сыртқы ресімделуін, түрлендіруін қамтамасыз етіп, олардың ішкі бағытындағы бірыңғайлығын сақтаған жөн.

Сабақтың қорытынды бөлігінің міндеті — сабаққа қорытынды жасау, оқушылар жұмысы нәтижесін және тапсырмаларды орырндауда туындаған қиындылықтарды талқылаудан тұрады. Бұндағы маңызды сәт – оқушылардың  Біз не істедік? және де Осы сабақта  неге үйредік? сұрақтарына жауаптары болып табылады.

Бастауыш сынып оқушыларымен сабақ өткізудің  маңызды ерекшілігі ойын, жарыс элементтерінің қосылуы, мейірімді, қызықты атмосфераны ұстау, ұжымдық жұмысты ұйымдастыру, балалармен ынтымақтастық орнату болады.  Осының бәрі сабақты жоғары танымдық деңгейде өткізуге, іскерлік және еркін атмосфераны ұстауға мүмкіндігін береді.

Тілдік теорияны зерттеу үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілеттерін  түзету және  де дамыту бойынша қызмет амалдары мен түрлерін пайдалану,  сабақта психологяилық қолайлы жағдайды, бала мен мұғалімінің психологиялық қорғанысындағы  атмосфераны құрған жөн.

Осы психологиялық қорғаныс бірнеше тәсілмен қамтамасыз етіледі.

Біріншіден, мұғалімнің оқу үрдісінде  біртіндеп енгізілетін ережелер жүйесі жатады..

Ережелер мынадай болуы мүмкін:

  1. Барлық пікір талқыланады, бірақ  жазалау сыналмайды.
  2. Оқушылардың барлық кикілжің жағдайларында өзара, мүмкіндігінше мұғалімнің арнайы  бір келісімге келуімен  шешіледі,  қажеті болсакикілжіңдер сыныпта талқыланады, бірақ оның шешілуі үшін жауапкершілік кикілжің  қатысушыларына  жүктеледі. Солай өсектеушілігіне, балалар кикілжіңінде ересектерге сүйену тыйылады.
  3. Басқа адамға зияны тиетін, оны ренжітетін, жарақаттайтын немесе басқа сынып оқушыларына кедергі болатын жағдайларда ғана тыйым салынады. Мысалы, бақырмау керек, өйткені басқаларында сабақ жүріп жатыр, сенің сыныптастарың мен мұғалімінің у-шудан басы ауруы мүмкін.

Екіншіден,  оқушыларға қойылған ережелерде басқа сабақтарда психологиялық қорғаныс қызметтін ұйымдастыруға балалардың сабақта белсенді қатысуымен қамтамасыз етіледі.

Рефлексия- балалармен  сабақта оларға не ұнағаны, не ұнамағаны, олар үшін не жаңа болды,  өздері үшін не жаңалық ашқаны туралы әңгімелеу, сабақ болып жатқанда бәрі жауап беруін қамтамасыз ету;  балалар мен педагогтың рефлексиясына бағытталған сұрақтар қойылады: «Қалай ойласыңдар, бүгін сабақта  маған не ұнады (ұнамады)? Не таңқалдырды? Оны қалай білдіңдер?». Орыс тілі сабақтарында интеллектісінде  ауытқуы бар  бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамытатын  қызмет әр түрлері  үйлеседі және кезектеседі, сондықтан оқушылар шаршамайды және де жалықпайды. Орыс тілі сабақтарындағы есте сақтау қабілетін дамытуға атсалысатын ойын түрлері балалардың қорқыныштарын басады, болдырмайды, олардың өзіне деген сенімділіктерін арттырады, белсенділігін ынталандырады.

Роль қажет етсе,  секіреді, жүгіреді, ол балалармен өз сезімдерімен бөліседі: тұлғалық жағынан барлық жағдайда  ашық болады..

Есте сақтаудың амалдары еріктік көрсеткіштері  болып табылады. Алдыменен есте сақтаудың негізгі тәсілі бүкіл материалды бірнеше рет оқу болып табылады. Кейінінен білім алушылар  оқуды ерікті кезектейді.

Түсініп есте сақтаудың маңызды тәсілі – мәтінді мағыналық бөліктерге бөлу болып табылады. Бөлшектерге бөлуді білім алушылар үлкен өлеңдерді  жаттағанда қолданады, бірақ өлеңді шумаққа емес, жолдарға бөлгенде қателіктер жібереді.

Ұғындыру  түсінігінің амалдары әртүрлі. Қандай да мәтінді есте ұстау үшін, мысалы, ертегі, әңгімені, жоспар  арқылы құру маңызды.

Бірінші сынып оқушылары үшін бірінен соң бірі келген суреттер  қатары түрінде жасалған жоспар қолжетімді және тиімді болады. Кейін суреттер негізгі ой тізбегінде: «басында не туралы айтылады? Әңгімені қандай бөліктерге бөлуге болады?»  деген сөзге  алмастырылады.

Әрбір нақты жағдайда мұғалім бастауыш сынып оқушыларына материалды қалай дұрыс жаттау керек екенін айтып отырады.

Барлық оңай және тірнектеген жұмысты  педагогикалық мәселелерді шешетін сиқырлы күші бар  қиын емес  бөлек амалдар деп ойлауға болмайды. Есте сақтау қабілетін дамытуда табысқа бастауыш сынып оқушыларында оқуға, сабаққа, үнемі жетілуге қызығушылығын оята білетін педагогтар жетеді.

Бұған орыс тілі сабақтарында жұмыстың дидактикалық жұмыс түрлері мен жаттығулары септігін тігізеді:

—       Таңдаулы, еркінді қоса алған диктанттар;

—       «Жанды сөздер» ойыны;

—       Көңілді есте сақтаулар;

—       Суреттері бар жеке карточкалар;

—       Кесте, алгоритімдер;

—       Сөйлемдермен жұмыс жасауда «сергіту»  жаттығулары;

—       Қазақ халқының жаңылтпаштары ;

—       Дидактикалық сөзжұмбақтар;

—       Дидактикалық ребустар;

—       «Дыбыстарды тыңдайық» тапсырмасы;

—       Сауат ашу сабақтарындағы көңілді өлеңдер;

—       Эмоционалдық есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойын жаттығулар;

—       Дидактикалық ерегілер;

—       Оқушылар, мұғалім, ата-аналарға арналған жаднамалар.

  1. Оқулық бойынша алдын ала дайындығы бар диктанттар.

Оқушылар мәтін мазмұнын түсіндіреді, түсінеді. Сөздерді орфографиялық дыбыстайды, жазылуын түсіндіреді.

  1. Көру диктанты. Жазылған мәтінді мұғалім өзі оқиды.  Мұғалім оны тақтаға жазады. Оқушылар мәтінді мұқият оқиды, орфограммаларды қарап алады, ережеде оқылатын сөздерді табады. Осы ережелерді мәтінде жазуға  көруге, қайталауға болады. Мәтін  сонымен жабылады. Кейін мұғалімнің айтқанын жатқа жазады. Жазып болған соң оқушылар жазғансөздерін өздері тексереді.
  2. Есте сақтау қабілеті бойынша жазуды  есте сақтау көру арқылы қабылдауға негізделген орфограммалары бар сөздерді  бекіту   мақсатымен өткізіледі.  Ол тиянақты дайындықты талап етеді. Олар бірнеше жолдан тұратын мәтінді  (өлең де, прозада болуы мүмкін) жаттайды, барлық орфограммаларды, тыныс белгілерін  түсіндіреді,   әліде  оқымаған ережелердегі (егер мәтінде болса)  сөздерді түсінеді.. Жазған соң тексеріледі, балалар мәтінді тақтада жазылған бойынша салыстырады.
  3. Алдын алу диктанты. Оны өткізу әдістемесі мұғалімнің мәтінді бір-бір сөйлеммен оқуында тұрады. Оқушы сөздерді дыбыстап оқиды. Олардың жазылуын түсіндіреді. Түсіндірілген сөз бен сөз бөліктерінің асты сызылады. Мәтінді бір уақытта тақтаға және дәптерге жазуға болады. Осы жұмыс түрінде оқушылар мәтінді естиді, орфографиялық жағынан  қиын сөздерді бөліп көрсетеді, олардың қалай жазылғандарын шешеді.  Қателер мәтінді жазуға дейін ескеріледі.
  4. Қалпына келтірілген мәтін. Оқушылар жазғылған  мәтіннен белгілі бір грамматикалық категорияларды айтып жатқа (етістік, зат есім және т.б.) жазады, сосын диктанттан жазып алған сөздері бойынша мәтінді қайтадан құрастырады. Диктанттың осы  түрі балалардың белсенділігі және  өзіндігігі деңгейін арттады, өйткені  жазып алған «тірек» сөздер тыңдалғанды есте сақтауға көмек берсе де, мәтінді сөзбе-сөз есте сақтау мүмкіндігін бермейді, оқушылар  мәтінді өздігінен құрастырулары тиіс.
  5. «Кім көп ұғады» ойын диктанты. Бұл ойынды ең алғаш болып Федоренко ұсынған. Мақсаты – есте сақтау қабілетіны жетілдіру, онсыз оқушының орфографиялық дағдысын дамыту мүмкін емес.

Мұғалім  сөйлемді бір рет оқиды, сөйлемдер арасындағы кідіріс кезінде оқушылар ұққандарын жазады. Бұнда  ұққан сөздердің саны емес, тура жазғандары маңызды.

Тәжірибедегі  осындай жаттығуларда баланың есте сақтау қабілетін дамытуға оң ықпалын тигізетінін аңғартады.

Бастауыш сынып оқушылары үшін орыс тілі ережелерін есте сақтау өте қиын. Олардың керексіз жаттау ауыртпалығынан арылту үшін осы ережелер бойынша есте сақтау өлеңдер жаттығулары тиімді болады. Балалар қызығып,  еріксіз жаттайды.

Есте сақтау қабілетін дамыту үшін сауат ашу сабақтарында «Дыбыстарды тыңдайық» сияқты тапсырмаларды орындау пайдалы болады. Сабақ кезінде мұғалім «Балалар, қазір тыныш, мектепте сабақтар жүріп жатыр, ал біз тыныштықты тыңдай аламыз ба? Қандай дыбыстар біз естуіміз мүмкін? Олар нені білдіреді? Ыңғайланып отырыңдар, көздеріңді жабыңдар, қоршаған дыбыстарды тыңдандар» дейді. Екі-үш минут балалар тыныш отырады, сосын мұғалім терең тыныс алып, шығаруды, ақырын көздерін ашып, жұмыстарына оралуды сұрайды. Балалар кім  не істегені, не түсінгенін айтады, осындайда дыбыстар реті, қаттылығы, үдемелігін олар әртүрлі ұғатындарын аңғарады.  Бұл жаттығу есту шегін төмендету (қатты сөйлейтін балалар  баяу  дауысты қабылдамайды)  мүмкіндігін береді   және аудио жазбаны ұзақ  түсіндіріп беруге  дайындайды.  Жауаптарын табу үрдісінде амалдардың тым көп болуы сөздер арасындағы байланыс жасау себін тигізетінін ескеріп,  сөзжұмбақ, ребус, жұмбақ сөз шешуге көп көңіл бөлген жөн, бұл өз алдына орфография, сөзжасам, морфемиканы меңгеруге ықпалын тигізеді.

Бастауыш сынып оқушыларын ребустарды шешуге арнайы үйрету керек, өйткені есте сақтау қабілетінде сөздің бөлігін ұстап, сонымен бірге нұсқаулар таңдалуы  керек. Алғашында қысқа сөздер алу керек, кейін әріп немесе заттар суреттері бар  басқа әріптердің үстінде, қасында, астында, бірге  тұрып, суреттегі  затты бірнеше сөзбен атауға болатын  күрделі нұсқауларды  алыңдар. Сондай-ақ қазақ тілі сабақтарында есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында әр суретке әңгіме құрастыру, өлеңдер оқу, әр суретке жұмбақ жауабын ашу тапсырмалары беріледі.

Тілдік  теория сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін өнімді дамытуға дыбысталатын тілді талдауын өткізу, сызба,кестелермен жұмыс  жасауға  атсалысады. Оның ішінде осы  сәтте оқылатын жұмыстар: бастауыш сынып оқушылары «Әліпби» беттерінде берілген иллюстрация, кітаптарды қарап, естеріне түсіреді. Осы жұмыс барысында балалар мұқият тыңдап қана қоймай, естігіндерімен бірге уайымдайды, ұғады.

Ерікті есте сақтауды дамытуда бір немесе екі сөйлемі, «әліппе» кезеңіндегі сөздері бар «жаттығуларды» күнде жасауға көмектеседі.

Ол үшін сөйлемдермен (сөздермен) мынадай жұмыстар жасалады:

Оқушылар дыбыстап оқиды, әр сөзді анық және айқын буындап дыбыстайды. Сөйлемдерді  ежіктеп іштерінен оқиды.

Көздерді есте сақтаулары үшін қарап шығады.

Көздерін  жабады және әр сөзді   ойша әріптермен «жазады».

Сөйлемді дәптерге жазу.

Соңғы сөзден біріншісіне дейін тексеру.

Бірінші  есту (зейін, есте сақтау қабілеті),  кейін көру өткірлігіне үйрету маңызды. Жазуға үйрету кезеңінде көру және есту өткірлігін қалыптастыру басталады. Бірінші сыныпта сонымен қатар бала естіп  дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата біліуі тиіс. Сөз түбірінде екпін түсен дауысты, үнді және қатаң дауыссыз дыбыстарды ажырата білу орфографиялық өткірлікті  дағдыландырудың кілті  болып табылады.

Маңыздысы – осындай күнделікті «жаттығулардан» соң дәптерде түзулер азаяды, жазу жылдамдығы  артады, оқушылар ықылас танытады. Осындай нәтижеге мұғалім  қандай да бір түрін (көру, есту немесе қимыл)

бөлмей,  есте сақтау қабілетінің барлық  түрлерін дамытудың арқасында жетеді.

Дыбыстарды дұрыс айту бекітілетін, мақам өңдеу, дауыс аппараты, сөйлеу ырғағын дамытатын өлең, жыңалтпаш, мәтелдерден үзінділерді пайдаланған жөн.

Өйткені есте сақтау қабілетінде  бірқатар ерекшеліктер бар,  оның қалыптасуы мен  дамуы есте сақтау қабілетінің түр дифференциациялануының  жалпы дамуына байланысты. Сондықтан есте сақтау қабілетінің түрлерін, әсіресе есту, көру және қимыл түрлерін  жинақтау арқылы   ұғу өнімділігін арттыру керек.

Бір  мезгілде  бейнелеумен  ұжымдық ойдан шығару әдісі  есте сақтау қабілетінің түрлерін жинақтаушы болып табылады. Бұнда оқушылар бір мезгілде қызметтің үш түрімен айналысады:

Есте сақтау қабілетінің маңызды түрлерін үйлестіруде «қолмен әңгімелеп беру» тәсілі ең  тиімді. Бұндай тәсілде оқушыға  иллюстрация көрсетіледі,  сосын мәтін не  жөнінде екенін сұрайды, болжамдар расталғаны тексеріледі. Осындан соң мұғалім балалармен бірге қолмен айтып, мәтінді қайта оқиды.

Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетінің  тиімді дамытуына жеке карточка-тапсырмалар бойынша түзету жұмыс  көмектеседі.

Тілдік теорияны үйрену барысында бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамытудың  теориялық негізін қарастырып, біз қорытынды жасаймыз:

  1.  Есте сақтау қабілеті бұл – ақпаратты жазу, сақтау және ойлау үрдісі. Есте сақтау қабілетінің қандай да болсын көрінісі ең алдыменен есте сақтауды, яғни  қабылданған ақпаратты белгілі бір уақыт кезеңінде сақтауды талап етеді, бұл адамға ықпалды қайталауда туындайтын оны тану амалдарында анықтауға болады. Ал жаңғырту – бұл кері ықпал көмегінсіз емес, есте сақтау қабілеті қоймаларынан тыс шығару.
  2. Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілеті, жас ерекшеліктері оқу ықпалымен дамиды. Сөз-қисынды, мағыналық есте сақтаудың ролі  мен  үлестік салмағы артады, өздері есте сақтау қабілетін  саналы басқару және көріністерін реттеу мүмкіндігінде дамиды.  Бірінші белгі —  жүйе қызметінің жасқа қарай басым болуына    байланысты бастауыш сынып оқушыларында  сөз-қисындысынан гөрі,  көрнекі-бейнелік есте сақтау қабілеті басым дамыған болады. Олар анықтама, сипаттама, түсіндіруден гөрі нақты мәлімет, оқиға, түр, зат, фактілерді тез ұғады және естерінде жақсы сақтайды. Бастауыш сынып оқушылары ұғылатын материал ішінде мағыналық байланыссыз механикалық есте сақтауға бейім.
  3. Тілдік теорияны үйрену үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамыту жағдайы – ол бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілеті үрдістерін дамытуда көрнекіліктері пайдалану;  есте сақтау өнімділігін арттыруға бағытталған мағыналы жаттау, жаттығулардың өнімді  тәсілдеріне  үйрету;  нұсқаулардың тым көп  болуы сөздер арасындағы байланысты нығайтуға  көмек береді, бұл өз алдына орфография, сөзжасам мен морфемиканы меңгеруге ықпалын тигізеді, осыған орай   сөзжұмбақ, ребус, жұмбақ сөздердің көп болуы шешуге көп көңіл бөлу; бастауыш сынып оқушыларында жанама есте сақтауды қалыптастыру, яғни  есте сақтау үшін қосымша құралдарды, оның ішінде белгі-символдарды пайдалану.

Келесі тарау тілдік теорияны үйрету  үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының  есте сақтау қабілетін дамыту бойынша  эксперимент жұмысына арналады.
Тағы рефераттар