Тілдік теориясын үйрену үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамыту шарттары туралы қазақша реферат

Бастауыш сынып  жасында есте сақтау қабілеті басқа психикалық үрдістер ретінде елеулі өзгерістерге ұшырайды. Аталғандай, олардың мәні балаларда  есте сақтау қабілеті біртіндеп ерікті  кейпіне ие болады, саналы реттелетін және жанама болады.

Мнемикалық функциялардың өзгеруі оның тиімділігіне қойылатын талаптар артуымен негізделген, оның жоғары деңгейі оқу қызметі барысында туындайтын  түрлі мнемикалық  міндеттерді орындау үшін  қажет. Енді бала осы жаста көп затты есте сақтауы тиіс: материалды тура жаттатуы, оны мәтінге жақын немесе өз сөзімен мазмұндап беруі, сондай-ақ жаттағанын есте сақтауы және ұзақ мерзім өткен соң айтып беруі тиіс. Баланың ұқпауы оның оқу қызметіне,  ең ақырында оқуға және мектепке  деген қатынасына  әсерін тигізеді.

Бастауыш сынып оқушыларында жарқын, бала үшін эмоцияға толы мәлімет пен өмір жағдайларына түйелетін есте сақтау қабілеті жақсы дамыған. Осыған  байланысты мынадай мысалды қарастырайық.

4-сынып оқушыларының еріксіз есте сақтау қабілетінің түрлері  оқушылар үшін жаңа түсінікті талдау бойынша тапсырманы орындау үрдісінде айқындалды. Нәтижесінде  оқушылардың шамамен 20%  міндетті дұрыс түсінді, оны  естеріндае сақтап, әрекеттік тапсырылған мақсатын орындап, теориялық материалды еріксіз  ұғып,  ерікті ете  алатындары  айқындалды.

Оқушылардың 50-60% жуық бөлігі — жаңа фактілерге деген өз қызығушылықтарына сәйкес есепті шеше алды. Сондықтан олар еріксізсақтау тапсырмасын  нақты материалды орындағанда  ғана ерікті ұсынылған есепті  тиісті деңгейде саналы  шешкен жоқ.

Ең ақырында, оқушылардың үшінші тобы (шамамен 20-30%) есте сақтау қабілеті бар балалар тапсырманы дұрыс түсіне алмады, нақты материалдың кейбір бөлігін ғана еріксіз есте сақтады.  Есепті  олар ойламай  шешті. Осылай бастауыш мектепті аяқтау  жасында ерікті есте сақтау қабілетінің  түбегейлі әртүрлі үш түрі  қалыптасады. Олардың біреуі ғана оқу материалын саналы және жүйелі түрде есте сақтауға көмек береді.  Оқушылардың 80% астамында көрінісін таба алады, ал  қалған екеуі тұрақсыз мнеминикалық эффект береді, көбінде материал ерекшелігіне немесе қызметтің нақты міндетіне қарай емес, әрекеттерді әдеттегідей орындауларынаға  байланысты.

Баланың мектептегі сабақтарға қызығушылығы, оның белсенділігі, жоғары танымдық мотивациясы есте сақтау қабілеті дамуының қажетті шарты болып табылатыны анық. Бұл бұлжымайтын факті. Бірақ баланың есте сақтау қабілетін дамыту үшін, есте сақтаулары  үшін арнайы  жаттығулар ғана соншалықты маңызды  емес. Пайдалыдан гөрі  білімге, кейбір пәндерге қызығушылықты қалыптастыру,  оларға деген оң қатынасты дамытудың пайдасы зор деген даулы тұжырымдар бар. Тәжірибе ең жоғарғы психикалық функцияның бірі ретінде ерікті есте сақтау қабілетін дамыту үшін  оқуға деген   қызығушылықтары аз екені дәлелденген.

Бастауыш мектеп жасында есте сақтау қабілетін жетілдіру біріншіден: оқу қызметі үрдісінде түрлі тәсіл мен ұғатын материалды ұйымдастыру және өңдеумен  байланысты  есте сақтау стратегиясына ие болумен негізделеді.  Бірақ  осындай амалдарды қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыссыз  олар кездейсоқ қалыптасады және көбінде өнімсіз болады.

Бастауыш сынып оқушыларының ерікті есте сақтау қабілеті  бастауыш мектепте оқу кезінде біркелкі емес және І-ІІ және ІІІ-ІV сынып оқушылары арасында ол айтарлықтай  ерекшеленеді. 7-8 жасар балаларға «материалды түсіну және ұйымдастырудан гөрі қандайда болсын құралсыз  оңай есте сақтау тән болса… осы жастағы зерттеленушілер «Қалай ұқтың? Есте сақтау барысында не туралы ойладың?»  және т.б.   деген сұрақтарға көбіне олар «жай ұқтым, солай болды» деген жауап естиді. Осындай есте сақтау қабілеті нәтижесінен де көрінеді.  Бастауыш сынып оқушылары үшін «бір тәсіл арқылы ұқ» деген нұсқаудан  «есте сақта» деген   нұсқауды орындау оңай. Оқу тапсырмалары күрделенуімен «жай есте сақта» деген нұсқау  нәтижесіз болады, бала есте сақтау қабілетін ұйымдастыру тәсілдерін  іздестіреді. Көбіне осындай тәсіл – ол  бірнеше рет қайталау – механикалық есте сақтауды қамтамасыз ететін  қолайлы тәсіл боады.

Көлемі бойынша шағын материалды тек айтып беру ғана талап етілетін кіші сыныптарда есте сақтаудың осындай амалы оқу жүктемесін меңгеру мүмкіндігін береді. Бірақ көп жағдайда оқушылардың мектепте оқу  кезеңіндегі жалғыз амалы болып қалады.  Бірінші кезекте, бұл оқушы  жасында мағыналы есте сақтау амалдарын меңгермеген, оның қисынды есте сақтау қабілеті  жеткілікті қалыптаспаған болып қалады.

Тірек негізінде, есте сақтау құралы ретінде ойлау үрдістерін пайдалану  қисынды есте сақтау қабілетіның негізі  болып табылады. Бұндай есте сақтау қабілеті түсінуге негізделген. Осыған орай Л.Н. Толстой: «Білім білім болады, егер ол  бір есте сақтау қабілетімен емес, ой күшімен  табылса» деген екен.

Есте сақтаудың ойлау амалдары ретінде: мағыналық байланыстыру, жіктеу, мағыналық тіректерді бөлу, жоспар құру және т.б. пайдаланылуы мүмкін.

Бастауыш сынып оқушыларды осы амалдарды қалыптастыру мүмкіндіктерін зерделеуге бағытталған арнайы зерттеулер негізінде ақыл қызметінде жатқан мнемикалық амалға,  үйрету екі кезеңнен тұратынын көрсетеді:

а)  ақыл қызметінің өзін қалыптастыру;

ә) оны мнемикалық амал ретінде қолдану, яғни есте сақтау құралы ретінде. Нәтижесінде,  материалды есте сақтау үшін мысалға жіктеу амалын қолданар бұрын топтастыруды жеке ақыл қызметі ретінде меңгерулері  қажет.

Бастауыш сынып оқушыларының қисынды есте сақтау қабілетін  дамыту үрдісі  арнайы ұйымдастырылуы тиіс. Өйткені осы жастағы балалардың басым бөлігі материалды мағыналық  өңдеу тәсілін  өздігінен (арнайы үйретусіз)  қолданбайды және есте сақтау үшін белгілі амал яғни, қайталау амалын қолданады. Мағыналық талдау және есте сақтау амалдарын үйрету барысында  осы  амалды табысты меңгерсе де  балалар  оқу қызметінде оларды бірден  қолданбайды.  Бұған ересектер тарапынан әдейі ынталындырулар  болуы керек.

Бастауыш сынып жасындағы  оқушылардың меңгерген мағыналық есте сақтау амалдарына қатынасы өзгереді: егер екінші сынып оқушысында жоғарыда айтылғандай осы амалдарды өздіген пайдалану қажеттілігі туындамаса, бастауышта  оқу соңында  балалар  оқу материалымен жұмыс жасағанда жаңа амалдарға өздері  жүгінетін болады.

Бастауыш сынып оқушыларының ерікті есте сақтау қабілетін дамытуда  осы жаста  есте сақтаудың белгі және символдық құралдарын, ең алдыменен  жазба тілі және суретті  меңгеруімен байланысты тағы да бір жайтты атау қажет. Жазба тілді меңгеруінде (ІІІ сыныпқа) белгі құралы  сияқты сөйлеу тілін қолданып,  балалар жанама есте сақтауды да меңгереді.  Бірақ бұл үрдіс бастауыш сынып оқушыларында «есте сақтау мен еске түсірудің ерікті түрлері механизмдерінің  қалыптасатын жауапты кезеңде кездейсоқ, басқарусыз болады).

Жазба тілінің қалыптасуы мәтінді жай ғана өндіруге ғана емес, контексті құру талап етілу жағдайында тиянақты болады. Жазба тілді меңгеру үшін мәтінді мазмұндау емес,  ойдан шығарып жазу керек, бұнда балалар үшін ең  сай сөз шығармашылығы – ертегілерді ойдан айту.

Бастауыш сынып жасында ерікті есте сақтау түрлері қалыптасуы үшін өте сезімтал, сондықтан мнемикалық қызметті меңгеру бойынша мақсатты дамыту жұмысы осы кезеңде ең тиімді болады.  Баланың есте сақтау қабілетінің жеке қасиеттерін,  көлемін, модальдігі (көру, есту, моторлық) және т.б.  ескеру оның маңызды шарты болып табылады. Бірақ бұған тәуелсіз әр оқушы тиімді есте сақтаудың негізгі ережесін  ұғынуы тиіс: материалды дұрыс және берік есте сақтау үшін онымен белсенді жұмыс істеп, қандайда бір бейнемен байланыстырған жөн.

В.Д. Шадриков пен Л.В. Черемошкина ұғатын материалды ұйымдастырудың 13 мнемикалық амалын бөлген: топтастыру, тіркеу тармақтарын бөлу, жоспар құрау, жіктеу, құрылымдау, үйірлеу, баламалар орнату, мнемотехникалық амалдар, қайда кодтау, түсіндіру материалдарын  қайта құру, топтастыру ұйымдастыру, ассоциациялар, қайталау деп болген. Бастауыш сынып оқушыларына   есте сақтаудың түрлі амалдары туралы ақпарат айту және әр бала үшін ең тиімді  дейтін біреуін  меңгеруде көмек берген жөн.

Осылайша, бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетінің даму ерекшеліктері – бастауыш сынып оқушыларын арнайы оқытусыз жаттауда ұтымды тәсілдерді пайдаланбайды.  Олар ережелерді жаттауда – толық  және бөлшекпен   –  құрамдастырылған қайталауды қолданбайды. Олар бірден түгел ұғады, сондықтан  нашар  естерінде сақтайды. Бөлшекке бөлуді оқушылар үлкен өлеңдер жаттауда қолданады, бірақ көбіне өлеңді шумақпен емес, жол-жолмен  жаттауда қате жібереді.

Бұл, әрине, мехникалық есте сақтау. Көптеген балалар жаттағанда қайталауды уақытқа бөлмейді, материалды бірнеше реттен жаттамайды. Арнайы үйреткен соң бастауыш сынып оқушылары жаттаудың   ұтымды тәсілдерін табысты қолдана бастайды, есте сақтаудың құрамдастырылған немесе толық тәсілін қолданады, қайталауды уақытқа бөледі.
Тағы рефераттар