Төлем карточкаларын ұйымдастыру және оның мүмкіндіктері туралы қазақша реферат

«АТФБанк» АҚ VISA International Халықаралық төлем жүйесінің қауымдастырылған мүшесі болып табылады.

Төлем карточкаларының артылықшылықтары мен мүмкіндіктері:

ü Сізге қолма-қол ақшаны өзіңізбен бірге алып жүру қажет емес

ü Карточканы жоғалтқан жағдайда шоттағы ақша сақталады

ü Тәуліктің кез-келген уақытында шоттағы ақшаға қол жеткізу

ü Интернет арқылы тауарлар мен қызмет көрсетулерді төлеу.

«АТФБанк» АҚ карточкаларының мүмкіндіктері:

ü карточка шотында қалған ақша туралы ақпаратты, банкомат арқылы жүргізілген соңғы 10 операция туралы көшірмені алу

ü банкомат арқылы төлемдер:

  • Ø ұялы байланыс операторлары қызметін төлеу
  • Ø «Қазақтелеком» АҚ қала телефоны қызметін төлеу
  • Ø «ЖилСтройСберБанк» АҚ салымын толықтыру

ü Төлем карталары бойынша несие алу

ü Жанұя мүшелері мен достар үшін қосымша төлем картасын ашу

ü Интернет желісіндегі қызмет пен тауарларға төлеу

ü ҚР кеден бекеттеріндегі қызметтерді төлеу

ü Карточка шотынан басқа карточка шотына, депозитке, бір жолға өкім бойынша басқа банктен шотқа ақша аудару

«АТФБанк» АҚ жеке тұлғаларға арналған төлем карточкаларының мына түрлерін ұсынады:

VISA-Electron – қол жетілген халықаралық төлем карточкасы. Банкомат және әлем бойынша VISA белгісі бар POS-терминалдарында қызмет көрсетіледі.

ҚР-да және одан тыс жерлерде көп тараған төлем картасы. VISA белгісі бар карточка кез-келген жерде банк қызметтерін қосымша қызмет түрлерін пайдалануға және алуға рұқсат береді:

ü Қызмет көрсету орындарындарында қызмет көрсету немесе зат сатып алуды төлеуге

ü Көлікті жалға алуға, қонақүй бөлмесін жалға алуға, авиарейстер билеттерін тапсырыс етуге

ü Сатып алынған заттарды интернет арқылы төлеуге мүмкіндік береді

VISA Gold  — қалталы адамдарға арналған бірегей төлем картасы. Карта иесіне кәдімгідей жеңілдіктерді, жоғары деңгейде қызмет көрсетуді, әрі ыңғайлықты қамтамасыз етеді.

VISA-Business – корпаративтік төлем картасы, іскер адамдарға арналған. Ол ұйым қызметкерлеріне іссапар және өкілдік шығындарды төлеу, банкоматтан және қолма-қол ақшаны беру пунктерімен ақша алу мүмкіндігін береді.
Тағы рефераттар