Топты тренинг заңдарымен таныстыру туралы қазақша реферат

Бірінші әдіс: Ережелерді оқып топтан олардың қадағалануын талап ету.

Бұл әдіс тиімді, егерде тренингке қатысушылар алдын тренингке қатыспаған болса. Алдымен қатысушыларға түсіндіреміз, тренингтің өзінің заңдары мен ережелері бар. Содан кейін заңды оқып ол заңға мысал келтіреміз және қолданылуын түсіндіреміз.

Соңында қатысушылардан осы заңды қатаң сақтауын сұраймыз. Бұл заңдарды сақтау барлық қатысушылардан талап етіледі.

Екінші әдіс: топқа ұсыныс жасалады, егерде топ мүшелері алдын тренингтерде болмаған болса, тренинг ережелерін жүйелеп әрбір ережеге жеке тоқталып түсіндіріп өтіледі. Және қызықты болуы үшін әзілмен жеткізуге болады, сонда қатысушыларды қызықтырып олар «микрофон заңын» «сөз кезегі өзіңізде…» деп өзгертіп алуы мүмкін.

Тренинг заңдарын заңды міндеттілік ретінде де қабылдауға болады, ондай жағдайда шарт жасалып әрбір қатысушы жеке қол қойып шарттасады. Осында тағыда «микрофон заңы» «менің сойлеуге қықығым бар» ережесі болып өзгеруі мүмкін.

Үшінші әдіс-қатысушыларға ыңғайлырақ, алдын кез-келген тренингке қатысқан қатысушылардан өздерінің сол заңдарға сүйеніп, белгілі бір уақыт аралығында сүйенетін, топқа ыңғайлы заңды жасауларын  сұраймыз.

Бірақ бұл әдістіңде өзіне байланысты кемшіліктері  бар, олқылықтардың алдын алу үшін  мыналарға сүйеніп жұмыс жүргізу керек.

• Кез-келген ереже барлық қатысушылар тарапынан мақұлдануы тиіс.

• Ереженің уақыты тренингке байланысты 1-3 сағатқа немесе бір күндік тренинг барысына қабылданады. Мұндай жағдайда уақыттың өтуіне байланысты ереже өз күшін жоюы мүмкін. Және қатысушылар мен тренердің пікірлерімен өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.

• Мұқият қадағалаңыз: әрбір қатысушы ережелерді қабылдау барысында өз пікірін қосуы  және сол ережені бекіті барысында әрбір қатысушы өз қолын қоюы тиіс.

Мәселен мынадай ережелер болуы мүмкін:

1) Ойынды барлығымыз бірге бастап бірге аяқтаймыз.

2) Белсенді болу, барлығын орындау.

3) Бәрін есімі бойынша атау.

4) Кезекпен жауап беру, өзгелерді тыңдау және т.б.
Тағы рефераттар