Топырақтың ауа және жылу режімі. Семинар сабақ

Сабақтың мақсаты: Топырақтың ауа және жылулық қасиеттерін, оның өсімдіктер мен ағзаларға тигізетін  әсерін  талқылау.

Семинар сұрақтары:

1. Топырақтың ауа және жылу режімі, оның экологиялық маңызы.

2. Топырақтың аэрация үрдісі.

3. Топырақтың ауа және жылу режімдерінің  өсімдіктің тіршілігіндегі орны.

Әдістемелік нұсқаулар:

Семинарға дайындық кезіндегі негізгі мақсат — топырақтың ауа және жылу тәртібінің өсімдіктер мен ұсақ ағзалардың өсіп дамуындағы физиологиялық үрдістердің өтуіндегі роліне тоқтала отырып, топырақтың ауа қасиеттерімен (ауа өткізуі, ауа алмастыруы) және жылу қасиеттерімен (топырақтың сәуле сіңіруі, сәуле таратуы, жылу сыйымдылығы және  жылу өткізгіштігі т.б) танысу. Топырақтың құрамды бөлігі болып  саналатын топырақ ауасы құрамының атмосфералық ауадан ерекшелігіне назар аудара отырып,  оның топырақта жүретін биологиялық үрдістерге  тәуелділігін ұғыну.

Климат — топырақтың түзілуіндегі маңызды фактордың бірі. Топырақтың жылумен  қамтамасыз етілуі осы факторға тікелей байланысты. Климаттық жағдай топырақ географиясының — ендік зоналылығын, оның негізгі заңдылықтарын анықтайды. Үздіксіз газ айналымының нәтижесінде топырақ пен атмосфералық ауа арасында жылжымалы тепе-теңдік орнайды.

Студенттер семинарға дайындық кезінде топырақтың  жылу алмасуы (жылудың топыраққа түсуі, қабаттарға еніп, жоғарыдан төмен қозғалуы және олардан қайта ауаға оралуы), “тыныс алуы”, газ алмасуы (топырақ массасыныңатмосфераға көмірқышқыл газын бөліп шығаруы және ауадан оттегіні сіңіруі), аэрация  сияқты үрдістерімен танысып, ауа және жылу режимдерінің өсімдіктер мен ағзалар тіршілігіндегі орнына байланысты материалдарға айрықша тоқталып өтулері керек.

Әдебиеттер:

1. Жамалбеков Е .Ү, Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы. -Алматы, 2000. ҚҰУ.

2. Роде А.А. Генезис почв и современные процессы почвообразования.-М.: Наука, 1989.- 720 с.

3. Добровольский В.В. География почв с основными почвоведения. -4-е зд.-М.: Владос, 1999.

4. Тазабеков Т. Топырақтанудың түсіндірме сөздігі. – Алматы: Рауан, 1993. -448 бет.

5.  Глазовская М.А. Почвы мира. В 2-х томах. — М., 1973.

Рефераттар тақырыптары:

1. Климат- топырақ түзуші фактор.

2. Топырақтың су режімі.

3. Топырақ  — еңбек өнімі және  құралы
Тағы рефераттар