Сабақтың мақсаты: оқушыларға заттың өзіне қарап суретін салу жолдарын үйрету. Салынатын заттың пропорциялық өлшемдер қатынасын табуға баулу. Ұлттық ыдыстар туралы мәліметтер беру.

Сабақтың көрнекілігі! оқушылардың қарап салуына арналған торсық. Олардың салу жолдары көрсетілген таблицалар. Ә.Тәжімұратовтың «Шебердің қолы ортақ», Ә.Марғұланның «Қазақтың сәндік қолданбалы өнері» атты кітабы. Керамикадан жасалған ыдыстар.

Сабақтың барысы: торсық натура столының үстіне орнатылып олар үш жерге қойылады, немесе оның біреуі тақтаға ілінеді. Таблицалар затты салу жолдарын көрсетіп болған соң тақтадан алынып тасталады.

Сабақтың кезеңдері: 1-натура өлшемдеріне, түрі-түсіне талдау жасау; 2-бейнелеу жолдарын көрсету; З- оқушылардың затты бейнелеу кезеңі
Тағы рефераттар