Капитал жұмысшы күші, табиғи ресурстар және кәсіпкерлік сынды өндірістің маңызды факторларының бірі ретінде халықаралық мобильділік сипатқа ие, сондай-ақ ол бір елден екінші елге еркін ауыса алады. Бүгінде кәсіпкерлік және ссудалық капиталдың халықаралық қозғалысы әлемдік экономиканың қызметін жақсартуға және түрлі халықаралық шаруашылық байланыс шарттары мен формаларын жетілдіруге бағытталған шешуші элементке айналып отыр.

Капитал ауысымын тудыратын негізгі факторлар – сұраныс және ұсыныс. Аталмыш факторлардың туындауына кейбір елдерде капитал көлемінің өсуі, ал екінші бір елдерде капитал көлемінің құлдырауы себепкер болады. Өндірісі дамыған елдерде жоғары кіріс көзін қамтамасыз ететін инвестициялық қорлар санының артуы ұсыныстардың өсуіне ықпал етеді. Бұл елдерде ұлттық өндірісті дамыту үрдісі фирмалар мен компаниялардың табысты қызмет етуге ұмтылысының және шетелдік капиталға деген сұраныстың артуына әсер етіп отыр.

Ішкі капиталға қарағанда шетелдік капиталдың бірқатар өзіндік артықшылықтары бар: шетелдік капитал қазіргі заманғы жаңа өндірістік технологияларды ендіруге ықпал етеді; халықты жұмыспен қамтамасыз етуге және кәсіби мамандар мен жұмысшы күшінің өсуіне әсер етеді; заманға лайық басқару дағдыларын қалыптастырады; тауар экспорты мен қызмет түрлерін кеңейтеді; шетелдік компаниялармен бәсекелес жергілікті фирмалардың қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Қазіргі таңда әлемдік шаруашылық шетелден капитал тартудың, олардың аймақтық көлемде немесе халықаралық деңгейде ұлттық экономикаға қызмет етуінің нақтылы ережелерін қалыптастырды. Шетелдік капиталды саналы және сауатты пайдалана білу – бәсекелестік жағдайында ұлттық шаруашылықтың табысты қызмет етуінің кепілі болатыны әлемдік тәжірибе дәлелденген.

Ұлттық экономикаға шетелдік капитал тарту шаралары тікелей инвестиция, қарыз, ссуда формалары арқылы жүзеге асырылады.

Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін слаған А. Смит пен Д.Рикардо және қазіргі белгілі американ экономистері П.Самульсон мен У. Нордхауздың ойынша, капитал бұл өндіріс құрал-жабдығы. Француз экономисі Жан Батист Сэй және ағылшын экономисі Джон Робинсон капиталды бұл ақша сомасы, бағалы қағаздар, қаржылар деп есептеген. Капиталға бұдан басқа да көзқарастар бар: капитал бұл өндіріс қолданылатын адамның білімі, қалыптасқан әдеті, энергиясы. Капитал бұл уақыт. Уақыт фактор ретінде табысты жасаушы. Әртүрлі уақыт кезеңіндегі көптеген экономистердің көзқарасын жинақтап қарасақ, онда өндіріс құрал-жабдығы адамдар және ақшалар да капитал бола алады.

Бірақ капиталдың мәнін толыққанды етіп К.Маркс ашқан. Маркс былай деп жазған: сырттай капитал әртүрлі жақты формада өндіріс құрал-жабдығында (тұрақты капитал), адамдар (өзгермелі капитал), ақшалай капитал (ақша капиталы) болып келеді. К. Маркс осыдан соң капиталды күрделі ұғым деп санаған. Барлық аталған материалдық игіліктер өз бетінше капитал бола алмайды, олар сонда ғана капиталға айнала алады, егер иегерлері оларды құнды еселеу үшін немесе қосымша құнды жасауға қолданылса.

Өзінің басты еңбегі «Капиталда» К.Маркс капиталдың бірқатар аныктамасын берген.  Бул кездейсоқ  емес. «Капиталдың» бірінші томында. капитал — бүл күн, бұл  өзін-өзі өсіретін  күн деп  көрсетілген. «Капиталдың» екінші томында: «капитал бүл қозғалыс» екенін дәлелдеген. Капиталдың мәні толыққанды  «Капиталдың» үшінші томында ашылған. Ол капиталды заттар жиынтығы  (оөндіріс күрал-жлбдығы) ретіндс карастыруды жоққа шығарып. капитал — бұл зат еместігін, ол адамдар арасындағы  белгілі коғамдық катынастар  екенін айтқан.

Қызметтік тұрғыдан алғанда халықаралық қаржы нарығы дегеніміз-ұлттық және халықаралық нарықтардың жиынтығы, ол капитал сұранысы мен ұсынысы арасында дұрыс байланыс орнату мақсатында нарық субъектілері арасында қаржы капиталын шоғырландыру, қайта бөлу шараларын жүзеге асырады.

Халықаралық қаржы нарығының қызметі несие қызметіне ұқсайды:

–    капиталды қайта бөлу және қайта құю;

–    капитал айналымы шығындарын азайту;

–    капиталды орталықтандыру және шоғырландыру;

–    мерзімдік сауда;

–    экономикалық циклдер шығындарын азайту;

–    үздіксіз қайта өндіру үдерістерін қамтамасыз ету.

Экономикалық теорияда халықаралық қаржы нарығы екі топқа бөлінеді: ақша нарығы және трансұлттық капитал нарығы.

Қаржы капиталының маңызды ерекшеліктерінің бірі – басқа капитал түрлерімен салыстырғанда оның дамуында шек болмайды, яғни қаржы капиталы ешқашан көптік етпейді. Оның шамадан тыс өсуі капиталдың күйреуіне әкеліп соқтырмайды, тек қана басқа салалар мен құрылымдарға кетіп отырады. Қаржы капиталының дамуына шектеудің қойылмауы түрлі капиталдар: өнеркәсіптік, тауарлық, ақшалай, өндірістік, қаржы және басқалар арасында дөрекі (қисынсыз) қарым-қатынастың орнауына әкеледі.

Қаржы капиталының халықаралық қозғалысы – әр түрлі несиегерлер мен қарызгерлердің, меншік иелері мен олардың шетелдегі фирмаларының арасында жүзеге асырылатын қаржы ағынының қозғалысы.

Алайда, өзінің дамуының әр түрлі сатысында әр түрлі елдер өзін ішкі экономикалық дағдарыстан қорғау мақсатында халықаралық капитал қозғалысына тосқауылдар мен шектеулер қойып отырған. Бұл шектеулер мен кедергілерді ығыстыру қаржы капиталының халықаралық қозғалысын ырықтандыру болып табылады.

Қаржы капиталының халықаралық қозғалысын ырықтандырудың мәні мен рөлі оның қаржы қорларын жаһандық деңгейде тиімді қайта бөлуге ықпал етуінде. Мұндай мүмкіндіктер жаңа ақпараттық технологиялардың дамуына және қаржы саласының жетілдірілуіне байланысты арта түседі. Капиталдың ең басты қозғаушы күштерінің бірі – халықаралық капитал ағындарын реттеуші және бағыттаушы халықаралық капитал ұйымдары. Олар жекеменшік коммерциялық және мемлекеттік құрылымдармен қатар, әлемдік шаруашылықтағы капитал қозғалысының субъектілері және оның шығу көзі болып табылады.

Кәсіпкерлік және қаржы капиталының халықаралық қозғалысын ырықтандыру екі негізгі факторға байланысты: біріншіден, ішкі валюта нарықтарының ырықтандырылуына байланысты (валюта операцияларына қойылатын талаптардың азаюына, валюталық бағам мен валюталық операцияларды бәсеңдетуге), екіншіден, валюта нарығындағы операцияларға жаңа технологиялар енгізуге байланысты болады.

Шектеулердің азайтылуы капитал ағынының өсуіне айтарлықтай ықпал етеді. Халықаралық деңгейде капитал қозғалысын ырықтандыру аймақтар, елдер және нарықтар арасында қаржы қорларын тиімді бөлуге мүмкіндік береді. Халықаралық қаржы ұйымдары капитал ағынын реттейді, бағыттайды және қозғаушы күші болып табылады. Бұл ұйымдар жеке коммерциялық және мемлекеттік құрылымдармен қатар әлемдік шаруашылықта капитал қозғалысының субьектісі және оның шығу көзі болып табылады.

Тікелей шетелдік инвестициялар ағынының шамадан тыс жиі келуі, әсіресе, қысқа мерзімді және жоғары өтімді инвестициялар ағыны әлі де тұрақтана қоймаған қаржы және экономика жүйесінде тұрақсыздықты үдетті. Қысқа мерзімдік жекеменшік капитал ағынының бірнеше есе көбеюі, спекулятивтік трансферттер санының артуы жаңадан дамып келе жатқан нарықтарда акция бағамдарының тұрақсыздығына, құбылмалылығына әкеліп соқтырды. Халықаралық капитал қозғалысы ырықты болған жағдайда жоғары мобильді портфельдік инвестициялардың бір елден екінші елге аз ғана уақытта түсуіне мүмкіндік туды, бұл әлемдік қаржы және валюта нарықтарындағы қауіпті сегменттердің (белгілердің) бірі болып табылады.

Қазақстандағы халықаралық қаржы капиталы қозғалысын ырықтандыру үдерісі негізінен валюталық режимді ырықтандыру арқылы және капитал ырықтылығына қатысты заңнамалық актілерге толықтырулар мен өзгертулер енгізу негізінде жүзеге асырылды. «Валютаны реттеу және бақылау» туралы 2005 ж. 13 маусымындағы ҚР заңына сәйкес валюта операциясы деп «жекеменшік құқықтар мен басқа да құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операцияларды айтамыз». Валюталық құндылықтарға «шетел валютасы, құнды қағаздар және номиналдары шетел валютасы түріндегі төлем құжаттары жатады». Валюталық режимді ырықтандыру жолдарының негізгі ережелері 2002 ж. 15-мамырда Экономикалық саясат бойынша Кеңестің шешімімен бекітіліп, сондай-ақ, оларды Халықаралық валюта қорының эксперттері талдаған.

Қазақстанда ХКСКҚ ырықтандыру механизмін тек экономикалық алғышарттарға ғана емес, сондай-ақ тәуелсіздік алған кездегі елдегі әлеуметтік-саяси факторларға қарай таңдап алды. Жалпы Қазақстандағы ХКСКҚ ырықтандыру үдерісін хронологиялық тәртіп бойынша бірнеше даму кезеңдеріне бөліп қарастыруға болады: қатаң шектеу режимі (1993–1995 жж.), бірқатар шектеулер сақталған жартылай ырықтандырылған кезеңі (1995–1999 жж.), басым ырықтандырылған (1999–2002 жж.), белсенді ырықтандырылған (2002–2007 жж.).

Қорыта келгенде,Әлемдік қаржы ағыны әлемдік экономикадағы жаһандану үдерісінің маңызды арнасы болып табылады. Халықаралық капитал нарығының айналымының өсуі, жаңа қаржы құралдарының пайда болуы, қаржы нарығынан түсетін пайданы бірнеше есе артуына байланысты, халықаралық нарықта нақтылы сектор емес, қаржы нарығы нақтылы экономикалық жағдайды айқындаушы күшке айналды. Қаржылық жаһандану шетелдік инвестициялар мен халықаралық қаржы операцияларына қатысты шектеулердің алынып тастауымен байланысты.

Нарықтары дамыған елдердің жаһандық қаржы жүйесіне бірігуі (интеграциялануы) ең қажетті инвестициялық жобаларға шетелден қосалқы қор тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаһандық қаржы нарығына интеграцияланудың бірқатар жағымсыз жақтары да бар: мемлекет жаһандық қаржы нарығының қатардағы қатысушысына айналады да, кепіл ретіндегі қызметін тиімді атқара алмайды, әлемдік қаржы нарығының тұрақсыздығынан қаржы дағдарысының туындау қауіпі артады, ұлттық үкіметтердің ұлттық қаржыға тигізер ықпалы әлсірейді, ұлт аралық корпорациялардың ұлттық қаржыға тигізер әсері күшейеді.

Қаржы капиталының әлемдік қозғалысы ұлт аралық корпорациялардың тауар экспорттауы мен импорттауына, қызмет түрлеріне, капиталына, өз акцияларын шетелдік қор нарықтарында сатуына байланысты және еуронарықта өз облигацияларын шығаруына және ұзақ мерзімді инвестицияларды жүзеге асыруларына байланысты қалыптасады. Осы мақсатта ТҰК –на еуродолларды қарызға алу, олардың қорын өсіру, еуродолларда сақталған депозиттердің әйгілі иегерлеріне айналу ұсынылады.

Елге халықаралық қаржы капиталының ағылуы маңызды экономикалық жетістіктерге жеткізеді. Ол бір жағынан, ретсіз капиталды мобилизациялауға және концентрациялауға ықпал етеді, оны инвестицияға айналдырады, экономикалық потенциалды арттырады, инвестициялық-инновациялық үдерістерді жеделдетеді. Екінші жағынан нақтылы секторлардағы қажетсіз (артық) капитал шоғырына айналып, материалдық қорды шығындайды, жалған және спекулятивтік капиталдың өсуіне, қаржы және сауда делдалдарының көбеюіне әкеліп соқтырады. Спекулятивтік қаржы капиталының өсуінің кесірінен басты тұлға өндіруші емес, спекулянт болады. Экономикада тұрақсыздық пен қауіптілік жағдайлары орын алады, нәтижесінде бұл дағдарыс жағдайлары мен дефолттарға әкеліп соқтырады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Вывоз капитала: причины, формы приложения, объекты инвестирования // Вестн. Ун-та междунар. бизнеса. – Алматы, 2009.
  2. Қаржы капиталын халықаралық деңгейде нығайтуды либерализациялау және ұлттық экономиканың әлемдік қаржы дағдарысына ұшырауы // Қаржы-Қаражат (ғылыми журналы). – Алматы, 2009.
  3. Международное движение капитала и развитие инвестиционных процессов в принимающих странах / Акад. бизнеса моды «Сымбат» // Индустрия дизайна и технологии. – Алматы, 2008.
  4. Ұлттық экономикалардың жаһандануы жағдайындағы капиталды шетке шығару және шеттен әкелу проблемалары // Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті (Хабаршы ғылыми журналы). – Алматы, 2007.

Тағы рефераттар