Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан аймағы (бұл жерде Түркістан ауданы мен Кентау қаласының аймағы сөз болып отыр) ежелден-ақ шартарапқа кетіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан жері болған. Шығысында Ұлы Жібек жолынан басталған керуен жолы (Сыр жолы) Сырдарияны жағалап отырып Арал теңізіне, онан әрі Батыс Қазақстан арқылы Шығыс Еуропада өткен, ал Сырдарияның бойындағы ежелгі қалалардың шыққан Қарқаралы мен Жетіқоңыр керуен жолдары Қаратаудан асып, Сарыарқа арқылы Ертіске өткен. Бұл аймақ тарихымыздың әр түрлі кезеңдерінен сақталған тарихи-мәдени ескерткіштерге бай өлке. Ескерткіштер Сырдарияның жағасынан бастап Қаратаудың қойнауына дейінгі аралықта кездеседі. 2006-жылға дейін ғылымға белгілі болған археологиялық ескерткіштердің жалпы саны 350, олардың қатарында тас ғасырынан тұрақтары, қола, ерте темір ғасырлары мен ортағасырлық обалар мен оба қорымдары, ежелгі және орта ғасырлық елді мекендер, қалалар мен бекіністер, қарауыл төбелер, тасқа салынған сурет орындары, кәріздер бар.

Тас ғасырынан тұрақтары Қаратау шатқалдарында, тау алды беткейлерінде кездеседі. Тастан, тас аралас топырақтан үйілген әр түрлі тарихи кезеңдердің обалары тау шатқалдарында, тау үсті және тау алды жазықтарында орналасқан. Кіші обалардың аумағы 4-5м, биіктігі 0,2-0,3м, ал үлкен обалардың аумағы 40-50м-ге дейін жетеді, биіктігі 5-6м. Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейіндегі тау алды жазығы мен шатқалдарда «мұратты» обалар кездеседі.

Түркістан аймағында 100-ге жуық ежелгі, орта ғасырлық бекіністе, елді мекендер, қарауыл төбелер, қалашықтар мен қалалар бар, олардың көпшілігі Сырдария мен Қаратаудың аралығындағы жазықта, керуен жолдарының бойында жатыр, үлкен қалалар бір-біріне 10-20 км жерде орналасқан. Мысалы, Иқан, Түркістан, Қарашық, Сидақата, Сауран қалалары. Елді мекендер мен қалашықтардың бір қатары Қаратаудың шатқалдарында, тау алды жазығында кездеседі. Қазақ хандықтары кезіндегі тастан салынған бекіністер мен қалашықтар Біресек, Үшөзен, Қызылата шатқалдарында және Өгізтауда сақталған. Ортағасырлық қарауыл төбелер мен қарауыл мұнаралары Қаратаудың теріскейге өтетін шатқалдарының бойында, асуларда, тау алды жазығында және елді мекендер мен қалалардың арасындағы биік жерде орналасқан.

Қола, ерте темір және ортағасырлық тасқа салынған суреттер Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейіндегі Қоржайлау, Жыңғылшық, Қарадегерез, Қиынжүрек, Шүкірсаз, Төсбұлақ, Қызылшың, Кеңөзен, Қарақұдық, Майдантал  өзендері мен шатқалдарында, Бессаз шыңы төңірегінде сақталған. Тасқа салынған суреттерде тау ешкісі, арқар, жылқы, түйе, қабан, адамдар бейнеленген.

Ортағасырлық қалалардың төңірегінде каналдар, арықтар, егістік алқаптары сақталан, кәріздердің тізбектеле қазылған құдықтары Қаратаудың тау алды беткейінде орналасқан Майдантал, Абай, Бабайқорған, Қарашық ауылдары төңірегінде кездеседі.

Түркістан қаласы мен оның аймағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер баға жетпес жәдігерлер тарихымыздың куәгерлері болып табылады, оларды әр түрлі туристік бағыттарға енгізуге болады.

 

  1. 1.     Түркістанның туристік бағыттары

Түркістан қаласы мен Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштерге бай екенін, өзіндік табиғатын және географиялық орналасу ерекшелігін ескере отырып, қазіргі таңда бұл аймақта туризмнің тарихи — өлкетанушылық экологиялық салаларын, келешекте этнотуризмді дамытуға болады.

Тарихи-өлкетанушылық туризм. Туризмнің бұл саласының негізгі мақсаты сыртқы, ішкі туристерге және жергілікті халыққа Түркістан қаласы мен Түркістан аймағымен бай тарихымен жан-жақты таныстыру.

Тарихи-өлкетанушылық туризмді келесі бағыттар бойынша ұйымдастыруға болады:

—         Түркістан рухани астана

—         Түркістанның алтын сақинасы

—         Қаратау ескерткіштері

—         Транзиттік бағыт

—         Түркістанның киелі орындары

—         Оңтүстіктің алтын шеңбері

—         Түркістанның киелі орындары

2,1 Түркістан Рухани Астана бағыты туристер мен өлкетанушыларды Түркістан қаласының тарихымен, онда орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштермен таныстырады, Түркістан жерленген тарихи тұлғалар туралы қысқаша түсініктеме береді. Бұл бағытқа кіретін ескерткіштер:

— ежелгі Күлтөбе қаласы

      — ортағасырлық Түркістан қаласы

      — Қожа Ахмет Ясауи кешені

      — Есімхан кесенесі

      — Рабия Сұлтан бегім кесенесі

      — Қылует жер асты мешіт музейі

      — Ортағасырлық монша

      — Құмшықата жер асты мешіті

      — Түркістан тарихи музейі

      — Әль-Қожа ата кесенесі

      — Гауһар ана кесенесі

      — Түркістан қаласындағы тарихи орындар мен ғимараттар

      — Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ -Түрік университеті

      — Ғылым орталығы, Археология музейі

Ежелгі Күлтөбе қаласы (I мың жыл, ортасы-XIVғ.) кейінгі ортағасырлық Түркістан қаласының шығыс бөлігінде, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің 350 м жерде орналасқан. Жоғарғы қабатының тарихи белгілері бұзылған. Ескерткіштің көлемі 120х150м, биіктігі 9м. Жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде Күлтөбеден Түркістан қаласының 1500 жылдық тарихын дәлелдейтін деректер табылған.

          Ортағасырлық Түркістан қаласы (XV-XIXғғ) Түркістан қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Қала цитадель, шахристан және рабаттан тұрады. Цитадельден батыс және оңтүстік-батыста жобасында төртбұрышты болып келген шахристан орналасқан, оның көлемі 23,5 га (350 х 670м). Солтүстік және батыс бөлігінде мұнара мен қабырға қалдықтары салынған. Қаланы айналдыра қоршаған қабырғаның ұзындығы 3 км ге жуық. Стратиграфиялық зетттеулер бойынша қала цитаделі Монғол шапқыншылығынан кейін қалыптасып, XV-XVIғғ. кесененің батыс жағында шахристан пайда болған.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі (XII-XIVғғ) Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің, XII ғ. өмір сүрген ұлы ақын, йсауийа тарикатының негізін қалаушы Қожа Ахмет Ясауидің бейітінің үстіне ХІV ғ соңында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Бұл ғимарат өз заманындағы сәулет өнерінің барлық жетістіктерін бойына жинаған құрылыстарының бірі.

Кесененің көлемі 60х50 м, биіктігі 38 м. Ахмет Ясауи ғимамараты көп функционалдық құрылыс болып табылады. Оның негізін жамағатхана, қабырхана, мешіт, үлкен және кіші Ақ сарай, кітапхана, асхана, құдықхана және хужра бөлмелері құрайды.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның мұралары тізіміне енген ескерткіш.

Есімхан кесенесі (XVIIғ) Есімхан кесенесі жобасында төртбұрышты құрылыс. Оның фасаттары сырлы плиткалармен қапталған. Құрылыстың сағана бөлігі сақталынған. Архитектуралық, археологиялық зерттеулерге қарағнда бұл құрылыс XVII ғ. салынған. Кесенеге белгілі қазақ ханы, кейінгі ортағасырлық Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері Есімхан (1598-1628жж) жерленген.

Рабия Сұлтан бегім кесенесі (XVғ) Рабия Сұлтан бегім кесенесі жобасында төртбұрышты. Ол ішкі сегіз қырлы және 4 төртбұрышты бөлмелерден тұрады. Бұл құрылыс туралы алғашқы деректер XVI ғ. бастап кездеседі. Рабия Сұлтан  бегім Ұлықбектің қызы, Әмір Темір көрегеннің немересі, көшпенді өзбектердің ханы Абілқайырдың әйелі болған.

Қылует жер асты мешіт (XII — XIX ғғ) Қылует жер асты мешіті Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікте, 150 м жерде орналасқан. Қылует жер асты мешітінің салынуын Ахмет Ясауи атымен байланысты. XII-XIX ғғ аралығында салынған құрылысты XX ғ 40-шы жылдарында толығымен бұзып қыштарын зауыт салуға қолданған. Археологиялық архитектуралық зерттеулермен 1941 жылы жасалынған макетке сүйенен отырып Қылует жер асты мешіті толығымен қалпына келтірілген.

Құрылыстың ең көне бөлігі — ғархана (XIIғ) бөлмесі болып табылады. Жер бетінен 4 метр тереңдікте орналасқан бұл бөлменің көлемі 1,5 х 1,5 м, биіктігі 1,6 м. Аңыз бойынша Ахмет Ясауи пайғамбар жасына (63 жас) толған соң қалған өмірін осы бөлмеде өткізген. Екінші құрылыс кезеңіне (XV-XVIғғ) жамағатхана, мешіт, дәретхана шаруашылық бөлмелері жатады. Ал XVIII-XIX ғғ құрылыстың солтүстік жағына басқа қосымша бөлмелер салынған.

Ортағасырлық монша (XVIғ) Ортағасырлық шығыс моншасы Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстік шығыста, 150 м жерде орналасқан, жеті бөлмеден тұрады. Монша 1978 ж. дейін жұмыс істеп келген, 1979 ж. бастап оның негізінде Шығыс моншасы музейі ашылған.

Құмшықата жер асты мешіті (ХІІғ)  Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстік-шығыста, 1 км жерде орналасқан. Жер асты мешіті сопыларлың діни- ғұрыптық құрылыстары қатарына жатады. Күйдірілген қышпен салынған. Құрылыс екі бөлмелі, түпкі бөлме төртбұрышты өлшемі 2х2 м, биіктігі 1,6 м, ол дәліз арқылы диаметрі 2,5, биіктігі 2 м дөңгелек бөлмемен байланысқан.

Түркітан тарихи музейі. Музей 2000 ж. ашылған. Музей орналасқан ғимарат XIX ғ соңында салынған әскері хазарма болған. Түркістан тарихи музейінің экспозициясы 8 бөлімнен тұрады:

  1. Тас, қола және ерте темір ескерткіштері
  2. Түркі кезеңіндегі Түркістан оазисі
  3. Шауғар қаласы
  4. Ясы қаласы
  5. Қожа Ахмет Ясауи – «Түркістан пірі»
  6. Ескі Түркістан қаласы
  7. Түркістан — Қазақ ханлығының астанасы
  8. Түркістан –түркі дүниесінің рухани орталығы

Әл-Қожа ата кесенесі (XIIғ) Алғашқы құрылысы ХІІ ғ. салынған. Кесене толығымен қайта қалпына келтірілген. Аңыз бойынша Әл-Қожа ата Ахмет Ясауидің күйеу баласы болған.

Гаухар ана зираты (XIIғ) Түркістан қаласынан оңтүстік-шығыста 1 км жерде орналасқан. Аңыз бойынша Гаухар ана Қожа Ахмет Ясауидің қызы болған.

А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. 1991ж. Түркістан университеті болып ашылған.

1993 ж. Қазақстан мен Туркия президенттерінің шешімімен ол Халықаралық қазақ-түрік университеті болып қайта ашылған. Қазіргі таңда, оның Түркістан, Тараз, Шымкент, Алматы, Кентау институттары мен Анкара бөлімі бар.

Ғылым орталығы,Археология музейі. Ғылым орталығы Халықаралық қазақ-түрік университеті Сенатының шешімімен 2001 ж. ашылған. Орталық Түркология, Эколгия институттары Археология ғылыми-зерттеу орталығы және Баспа бөлімінен тұрады.

Археология музейі университеттің бас ғимаратында орналасқан, экспозициялық алаңы 200 м кв. Музей экспозициясы 4 бөлімнен тұрады:

—         Тас ғасыры

—         Қола ғасыры

—         Ерте темір ғасыры

—         Орта ғасырлар

2,2 Түркістанның Алтын Сақинасы бағытының ұзындығы  200-210км, автокөлікпен (автобус, РАФ, УАЗ, Нива) жүруге арналған. Бағыттың мақсаты туристерді, өлке танушыларлы Түркістан аймағында орналасқан археологиялық ескерткіштермен таныстыру. Түркістан қаласынан көлікпен шыққан туристер тас ғасырының Шоқтас тұрағында, ерте Темір ғасырының Әшір, Хантағы обаларында, Хантағы төрткүлінде, ортағасырлық Ішкент, Сауран, Сидақата, Қарашық қалаларында болып, оларда дүргізіліп жатқан қазба жұмыстарымен танысып, Түркістанға қайтып келеді.

Шоқтас тұрағы Түркістаннан 25 км солтүстік-шығыста, Кентау-Ащысай жолының жағасында орналасқан төменгі ерте тас ғасырының бұлақ басында орналасқан. Бұл тұрақ Қазақстан мен Орталық Азияда сирек  кездесетін ескеркіштердің бірі. Шоқтас тұрағында бірлескен Қазақстан — Ресей ғалымдары жүргізген қазба жұмыстарының кезінде тастан жасалынған еңбек құралдыр мен әр түрлі жануарлардың сүйектері табылған. Шоқтас тұрағы қазақ жеріндегі ең ежелгі ескерткіштердің бірі.

Ерте темір ғасырының Әшір обалары қорымы Хантағы ауылынан солтүстік-шығыста 3,2 км жерде, Хантағы өзенінің оң жағалық жарқабағында орналасқан. Тастан, тас аралас топырақтан үйілген обалар оңтүстіктен солтүстікке қарай созылып жатыр. Қорымның солтүстік шығысындағы биік төбенің үстінде тұрған хан обасының аумағы 36 м биіктігі 6 м.

Ерте темір ғасырының Хантағы обалар қорымы  Хантағы ауылынан солтүстік шығыста 6,5 км жерде, өзеннің жағасында, Хантағы тауының етегінде орналасқан. Тастан, тас аралас топырақтан үйілген обалардың аумағы 4-12 м, биіктігі 0,2 -1,3 м.

Хантағы төрткүлі (VIII-XIIғғ.) Хантағы ауылының солтүстік шетінде орналасқан. Бұрыштары дүниенің төрт жағына бағытталған төрткүлдің көлемі 100х120 м, қамалының биіктігі 3 м, ені 8-10 м.

Ортағасырлық Ішкент (VII-XVIIІғғ.) қаласы Қарнақ ауылында орналасқан, жазба деректерде Махмұт Қашқариден (XІғ), бастап кездеседі. Жобасында трапецияға ұқсас шахристанның көлемі 100х150 м, биіктігі 1-1,5 м, оның солтүстік- батыс бұрышында орналасқан цитадельдің көлемі 60х70 м, биіктігі 5-7 м .Қожа Ахмет Ясауи кешеніндегі Тайқазан XV ғ осы қалада құйылған.

Ортағасырлық Сауран қаласы (XIII-XVIIIғғ) Түркістаннан 40км солтүстік-бастыста Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының шекарасында, Сырдарияның оң жағасында 8 км жерде орналасқан.

Қазіргі күнде ортағасырлық Сауранның орны солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай – 800 м-ге, оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа қарай — 500м-ге созылып жатыр, биіктігі 2 м. Қаланың пахса мен кесектен қаланған қамалының қазіргі биіктігі 3-6 м, оны сырттай терең ор қоршаған. Осы ор туралы XVI ғ, өмір сүрген Хафиз- и Таныш былай деп жазған: «Қаланы қоршаған ордың кеңдігі мен тереңдігі сондай, оны өзен деп қаласын». Қалаға кіретін солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс қақпалар бүгінгі күнде ұзындығы 20м келетін коридор тәрізді болып жатыр, оларды жан-жағынан мұнаралар қоршаған. Қала қамалының ішіндегі көшелер мен тұйықтарды жағалай салынған көптеген құрылыс қалдықтары сақталған. Ортағасырлық деректерде Сауран қаласындағы медресенің жанында, ерекше техникалық тетіктердің арқасында щайқатылып тұратын екі мұнара болғаны айтылған.  Осы мұнаралардың XIX ғ. 70-жылдарына дейін сақталғаны деректерден белгілі, бірақ өкінішке қарай  бірде-бір деректе мұнаралардың нақты орналасқан жері көрсетілмеген. Кейбір зерттеушілердің пікіріне қарағанда, өз заманындағы таңғажайып құрылыстардың бірі болған қос мұнара қаланың шығыс бөлігіндегі күйдірілген кесектен қаланған құрылыс қалдықтары жатқан жерде орналасқан болса керек. Дегенмен бұл таңғажайып мұнаралардың нақты орналасқан жері келешекте жүргізілетін  археологиялық қазба жұмыстары кезінде ғана анықталуы мүмкін.

Сауранның төңірегіде кең алқапты алып жатқан қала аймағы, бау-бақша болғаны белгілі. Ұшақтан түсірілген суреттер бойынша қала аймағында 320-ға жуық  қора-жайлы жер бөліктер есепке алынған. Қалаға және оның аймағына су Сырдариядан тартылған арықтармен және кәріз арқылы әкелінген. XVI ғ авторы Васифидің айтуына қарағанда басын  Саураннан 7 км солтүстік жердегі Міртөбеден алатын кәрізді қазуға үнділік 200 құлдар қатысқан. Сауранның кәріз жүйесінің бір қатары осы уақытқа дейін сақталған.

2005 жылдан бастап ортағасырлық Сауран қаласында республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша кең көлемде археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде. Жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде қаланың орталық бөлігінен мешіт, медресе және солтүстік -шығыс қақпасының бірнеше тарихи кезеңдегі қалдықтары мен оған кіретін тас жолы ашыла бастады.

Ерте ортағасырлық Сидақата қаласы (I-VIIIғғ) Түркістаннан 18 км солтүстік-батыста, Қызыләскер ауылынан 2 км оңтүстікте орналасқан. Қаланың жалпы көлемі 9,1 га, жобасында алты бұрышты болып келген шахристанның көлемі. 6,2 га, оның ең биік жерінде орналасқан цитаделінің көлемі, 80х140м, биіктігі 14 м.

Қаланы сырттай қоршап жатқан жатқан 10-70 м келетін ордың ұзындығы 1270 м. Сидақата қаласының әртүрлі бөліктерінде 1998, 2002-2005 жылдарда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының барысында оның I-VIIIғғ. аралығында өмір сүргені анықталып, көптеген бөлмелер, құрылыс қалдықтары ашылып әртүрлі археологиялық заттар табылған.

Ортағасырлық Қарашық қаласы (VI-XIV ғғ.) Түркістанан 8 км солтүстікте, Қарашық өзенінің оң жағасында орналасқан, ол орталық бөліктен    (шахристан, цитадель,рабад) және шаруашылық аймағынан тұрады. Шахристанның көлемі 220х135-200 м, биіктігі 8-9 м.Оның солтүстік-батыс бұрышында орналасқан цитадельдің көлемі 40х-40 м, биіктігі 1,5-2 м. Шахристанды қоршаған рабадтың көлемі 400х460м, биіктігі 3-4 м. Қаланың орталық бөлігін сырттай қоршап жатқан шаруашылық аймағы кең алқапты қамтығын, оны қоршаған қамал құландысының ені 10-12 , биіктігі 2-3 м.

2001-2003 жж. А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тұран археолгиялық экспедициясы Қарашық қаласының цитаделінде кесік салып, оның VI-XIV ғ. кезінде өмір сүргенін анықтап цитаделдің жоғарғы қабатынан X-XIV ғ, кезіндегі құрылыс қалдықтарын ашты. Рабадтың қамалына салынған кесіктен IX-Xғғ. кезінде әбзелдерінен жерленген жылқының сүйегі табылды. Шаруашылық аймағында жүргізілген қазбадан XIII-XIV ғғ кезіндегі бөлмелер, үй орындары мен ыдыс күйдіретін құмдандар кешен ашылды.

2.3. Қаратау ескерткіштері бағытыныңмақсаты туристер мен өлкетанушыларға Қаратаудың оңтүстік батыс беткейіндегі Біресек, Үшөзен, Қызылата мен Өгізтау шатқалында орналасқан археологиялық ескерткіштерді таныстыру. 3-4 күндік бағыттың жалпы ұзындығы 400-450 км. Бұл бағыт автокөлікпен және жаяу жүретін туристерге арналған. Қаратау ескерткіштерімен танысу Біресек, Үшөзен, Қызылата жіне Өгізтау бағыттары бойынша іске асырылады.

3.1. Біресек бағытының ұзындығы 100 км. Осы бағытпен жүрген туристер Біресек өзені мен оның салалары бойында орналасқан археологиялық ескерткіштермен танысады.

Ерте темір ғасырының Алмалысай обалар қорымы Біресек ауылынан 8,7 км солтүстік шығыста, өзеннің жағасында орналасқан.Тастан үйілген обалардың аумағы 8-20 м, биіктігі 0,4 -2,5 м.

Алмалысай елді мекені (VI-IХғғ.)  Біресек аулынан 9 км солтүстік шығыста, өзеннің оң жағасында орналасқан. Төртбұрышта елді мекенінің көлемі 30х32 м, биіктігі 1,5-2 м.Оның оңтүстік беткейіндегі қабырғалары тастан қаланған үш бөлмелі құрылыстың көлемі 14х6 м ал солтүстік беткейіндегі құрылыстың көлемі 15х5 м.

Алмалысай елді мекені Түркістаннан шығып Қаратау арқылы Созаққа өтетін, Біресек өзенін жағалып жүрген ортағасырлық керуен жолының бойында орналасқан.

Ерте темір ғасырының Біресек обалар қорымы Біресек ауылынан солтүстік шығыста 10-18 км аралықта бірнеше топ болып Есекбел, Есіркеп,Теректі деп аталатын жерлерде шоғырланған. Обалар тастан үйілген аумағы 6-20 м, биіктігі 2,4-2,8 м. Есекбел обалар тобындағы екінші обаның аумағы 12 м, биіктігі 3 м, осы обада жүргізілген қазба жұмыстары кезінде үйілген тастың астынан көлемі 2,3 х 2,4 м келетін, қабырғалары тастан кұм безделіп қаланған құрылыс ашылды. Оның биіктігі 2 м, ені 0,5 м келетін есігі оңтүстік қабырғасында орналасқан. Құрылысты ашу кезінде ыдыс сынықтары табылды. Бұл оба ерте заманда-ақ тоналған.

Есекбел бекінісі (VI-IХғғ,) Біресек ауылының солтүстік шығысынан 11 км жерден, өзеннің оң жағасындағы биік төбеде тұрған, көлемі 50х56 м, биіктігі 10-12 м келетін жартастың үстіне салынған. Бекіністің солтүстік бөлігінде биіктігі 3 м, көлемі 10х12 м келетін қарауыл мұнарасы бөлігіне тастан қаланған есік арқылы шығуға болады. Есекбел бекініс Біресек өзені арқылы өтетін ортағасырлық керуен жолын бақылап тұруға өте қолайлы жерге салынған, онан Біресек өзенінің шатқалы бірнеше км жерге дейін көрінеді.

Жыңғылшық тасқа салынған суреттері (Қола, ерте темір ғасыр) Біресек өзенінің саласы Жыңғылшық өзенінің оң жағасындағы тасқа  салынған суреттерді 1982 ж археолог З.С. Самашев ашып, зерттеген. Жыңғылшықтағы тасқа салынған суреттерді 2001-2002 жж. А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тұран археологиялық экспидициясының тасқа салған суреттертді қайта зерттеп олады суретке түсіріп, көшірмесін сызды. Суретерде «құс тұмсықты бұғылар», түйе, тау ешкілері, жылқылар, бұқа турлар, күн бейнелері, антропоморфты бейнелер салынған.

3,2 Байылдыр бағытының ұзындығы 130км. Осы бағытпен жүрген туристер Байылдыр өзені мен Ашаның археологоиялық ескерткіштерімен танысады.

Ортағасырлық Аша қаласы (VI-XIIғғ) Аша ауылынан 1,3 км оңтүстікке, Байылдыр ауылынан 12,7 км солтүстік-шығыста, Байылдыр өзенінің сол жағында орналасқан. Қала екі бөліктен тұрады оның оңтүстік бөлігінің көлемі 130х115 м, биіктігі 13 м, ал ортасын 3 м сай бөліп жатқан солтүстік бөлігінің ұзындығы 130 м, ені 7м, биіктігі 8 м.  Ортағасырлық Аша қаласы Байылдыр өзенін жағалап барып, Аша арқылы теріскейге өтетін керуен жолының бойында орналасқан.

Аша бекінісі (XV-XVIғғ) Аша ауылынан 1 км оңтүстік-батыста, Байылдыр ауылынан 12,8 км солтүстікте, Байылдыр өзенінің оң жағасындағы биіктігі 180 м келетін оңтүстік және солтүстік жақтары тік болып келген таудың үстінде орналасқан. Оны қоршаған тас қаландының ені 1-1,5 м, биіктігі 1-2 м. Тас қаландының солтүстік және солтүстік-батыс жақтары бұзылып кеткен.

Ерте темір ғасырының Бозбұтақ обалар қорымы Аша ауылынан 1-2,4 км солтүстік-батыста орналасқан. Тастан үйілген обалардың аумағы 6-15 м, биіктігі 0,3-1,3 м.

Ерте темір ғасырының Балағайып обалар қорымы  Аша ауылынан 1 км солтүстікте, Байылдыр өзенінің жағасындағы Балағайып үңгіріне жақын жерде орналасқан. Тастан, тас аралас топырақтан үйілген обалардың аумағы 7-16 м, биіктігі 0,6-2,5 м.

Тас қамал (XV-XVIғғ) Аша ауылынан 2 км солтүстікте Байылдыр өзенінің оң жағасындағы биік таудың басында орналасқан. Оның солтүстік, солтүстік-шығыс, оңтүстік жағы тік құлама құз болып келген, ал батыс жағы қалыңдығы 1,5-2 м келетін таспен қаланған. Тас қамал оның батыс жағынан ғана кіруге болады. Қамалдың ішінен ыдыс сынықтары кездеседі. Халық аузындағы аңыздарға қарағанда, ел басына күн туғанда халық осы қамалға шығып, оның есігін таспен бітеп қорғанған екен. Қамалдың бір жерінде шыңырау құдық болған деседі. Тас қамал Байылдыр өзенін жағалап барып, Аша арқылы теріскейге өтетін керуен жолының бойында орналасқан.

3,3 Қызылата бағытының ұзындығы 140км. Осы бағытпен жүрген туристер Қызылата өзенінің бойында орналасқан Қырыққыз, Балақорған қамалдарымен және ерте темір ғасырының обаларымен танысады.

Қырыққыз қамалы (XV-XVIғғ) Кентау қаласынан 16,9 км солтүстікте, Қызылата өзенінің сол жағасындағы биік төбеде орналасқан. Қалыңдығы 2 м келетін қабырғалары тастан  қаланған. Олардың қазіргі сақталған биіктігі 2,5-3 м. Қамалдың ішінде көптеген бөлме орындары байқалады. Оған кіретін, екі жағы таспен қаланған есік шығыс қабырғада орналасқан. Батыс қабырғаның ішкі жағында бұлақ бар.

Балақорған қамалы (XV-XVI ғғ) Кентау қаласынан 17 км солтүстікте, Қызылата өзенінің сол жағасындағы биік жартастың үстінде орналасқан. Қамалдың қабырғалары тастан қаланға. Оның солтүстік жағында бірнеше бөлмелердің орны байқалады. Қамалға кіретін есік оңтүсік-шығыс бұрышқа жақын орналасқан.

Қырықсыз бен Балақорған қамалдары Түркістаннан шығып, Қаратаудың теріскей бетіне өтетін ортағасырлық Қызылата керуен жолының бойында орналасқан.

Ерте темір ғасырының Қырықсыз және Балақорған обалары қорымдары Кентау қаласынан 17,3 км солтүстікте, Қызылата өзенінің жағасында орналасқан. Тастан үйілген обалардың аумағы 4-15 м, биіктігі 0,5-1,2 м. Олар тізбектеліп оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр.

  3,4 Өгізтау бағытының ұзындығы 140 км. Осы бағытпен жүрген туристер Өгізтау шатқалында орналасқан археологиялық ескерткіштермен  танысады.

Өгізтау қаласы (XV-XVI ғғ) Серт  ауылынан 16,9 км солтүстік-шығыста, Қысқаша өзенінің сол жағасындағы беткейде орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан,  жобасында төртбұрышты болып келген қалашықтың көлемі 110х140 м, биіктігі 3-4 м. Оның қабырғалары тастан қаланған, бұрыштарында мұнара орындары байқалады, есігі батыс жағында орналасқан. Қаланың жобасында қабырғалары тастан қаланған ондаған бөлмелердің орындары байқалады.

Өгізтау қорымы (XV-XVI ғғ) Ортағасырлық Өгізтау қаласының солтүстік жағындағы беткейде орналасқан. Қорымды жеке-жеке және бір-біріне жақын орналасқан жобасында тікбұрышты және төртбұрышты қырынан көмілген тас қоршаулар бар. Олардың көлемдері 1,1х1,3м- ден 2,6-3,1 м-ге дейін келеді. Қоршаулар ретсіз орналасқан, кейбір қоршаулардың басына жобасында төртқырлы болып келген тас бағандар қойылған, осындай бір бағанның қырлары 22х27 см, биіктігі 1,4 м. Обадағы есепке алынған қоршаулардың саны 400-ден асады.

Өгізтау тас бекінісі  (XV-XVI ғғ) Серт ауылынан 16,9 км солтүстік шығыста, тау шатқалындағы Үйрексу мен Қасқаша өзендерінің қосылар жерінің солтүстік-батысындағы жан-жағы тік Өгізтау жотасының үстінде, Өгізтау қаласынан 0,4 км шығыста, өзен деңгейінен 150 м биіктікте орналасқан. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылып жатқан таудың сүйірленіп келген солтүстік-батыс бөлігіндегі көлемі 85х50м алаңды шығысынан оңтүстік-батысына қарай қоршап тұрған қамал тастан қаланған, оның жалпы ұзындығы 80 м, ені 1-2,2 м, сақталған биіктігі 0,5-2 м. Шығыс және оңтүстік батыс жағы тастан қаланған алаңның ортасындағы үйілген тастың аумағы 6 м, биіктігі 0,7 м.

Өгізтау елді мекені  (VI-VIIIғғ) Қысқаша өзенінің оң жағасында, Өгізтау қаласынан 0,2 км оңтүстік батыста орналасқан. Жобасында алаңды төбе тәрізді болып келген елді мекеннің көлемі 35х55 м, оның алаңының биіктігі 2-2,5 м, төбесі 5м. Алаңның ортасындағы ойдың аумағы 15 м, тереңдігі 1м.

Ерте темір ғасырының Өгізтау обалар қорымы Серт ауылынан солтүстік шығысқа 11,2-16,8 км аралығында, Серт-Өгізтау жолының жағында орналасқан. Тастан тас аралас топырақтан үйілген обалардың аумағы 7-13 м биіктігі 0,3-1,3 м.

Ерте темір ғасырының Өтегенбұлақ обалар қорымының Серт ауылынан 17,8 км солтүстік шығыста, Қысқаша өзеннің сол жағасында орналасқан. Тастан үйілген обалар солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеле орналасқан, аумағы 7-15 м, биіктігі 0,4-2,5 м. Кейбір обалардың солтүстік- батыс, оңтүстік-батыс бөліктерінде төртбұрышты қосалқы құрылыстары бар.

Ерте темір ғасырының Доланабұлақ обалар қорымы Серт ауылынан 19 км солтүстік-шығыста орналасқан. Тастан, тас аралас топырақтан үйілген обаларың аумағы 6-15 м, биіктігі 0,2-0,9.

1.4.         Транзиттік бағыт

Түркістан қаласы арқылы автокөлікпен өтетін туристерге арналған бұл бағытың мақсаты-туристерге Түркістан қаласы мен Шымкент-Қызылорда жолының бойындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді таныстыру. Бағыт екі күндік. Алғашқы күні туристерге Түркістан қаласында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер көрсетіледі, ал екінші күні Ортағасырлық Қарашық, Сидақата, Сауран қалалары көрсетіледі. Түркістан- Қарашық — Сидақата-Сауран бағытының ұзақтығы 60 км.

2,5. ТҮРКІСТАННЫҢ КИЕЛІ ОРЫНДАРЫ

Бұл бағыттың мақсаты Түркістанға зиярат етуге келген сыртқы және ішкі туристер мен жергілікті тұрғындарға Түркістан қаласы мен оның аймағында орналасқан киелі орындарды көрсетіп, оларға зиярат еткізу. Бұл бағыт бойынша зиярат етуге келген туристер мен жергілікті тұрғындар келесі киелі орындарға зиярат етуіне болады:

—         Арыстан баб кесенесі

—         Гаухар ана бейіті

—         Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

—         Әл-Қожа ата кесенесі

—         Қарнақ медресесі

—         Үкәшата бейіті мен құдығы     

—         Жылаған ата бұлағы

2,6 ОҢТҮСТІКТІҢ АЛТЫН ШЕҢБЕРІ БАҒЫТЫ

     Бұл бағытының мақсаты — Түркістан қаласына келген туристерге Оңтүстік Қазақстан облысының негізгі тарихи-мәдени ескерткіштерін таныстыру. Автокөлікпен жүруге арналған бұл бағыттар оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан – Шәуілдір-Төрткүл- Темірлан-Шымкент-Сайрам-Ақсу-Шарапкент-Мақталы-Қарабұлақ-Боралдай-Шаян-Шолаққорған-Созақ-Шолаққорған-Түркістан елді мекендері арқылы өтеді. Бағыттың жалпы ұзындығы 900 км. Осы бағыт бойынша автокөлікпен жүрген туристер келесі тарихи-мәдени ескерткіштерді көріп танысады:

—         Ортағасырлық Түркістан қаласы

—         Ортағасырлық Алтын төбе қаласы

—         Арыстан баб кесенесі

—         Ортағасырлық Отрар қаласы

—         Отрар музейі

—         Бөріжар обала қорымы

—         Қажымұқан өзені

—         Ортағасырлық Шымкен қаласы

—         Ортағасырлық Сайрам қаласы

—         Ибрагим ата кесенесі

—         Абділ Азиз баб кесенесі

—         Қарашаш ана кесенесі

—         Ортағасырлық Қобалбұлақ қаласы

—         Ортағасырлық Төрткүлтөбе қаласы

—         Ортағасырлық Керейт қаласы

—         Қара үңгір тұрағы

—         Ортағасырлық Домалақ төбе қаласы

—         Домалақ ана кесенесі

—         Ортағасырлық Баба ата қаласы

—         Ортағасырлық  Шолаққорған

—         Ортағасырлық Созақ қаласы

—         Қарабура кесенесі

—         Ортағасырлық Ақсүмбе қаласы

—         Сауысқандық тасқа салынған суреттері

—         Ортағасырлық Морттық елді мекені

—         Ортағасырлық Сығанақ қаласы

—         Ортағасырлық Ордакент қаласы

—         Ортағасырлық Сауран қаласы

—         Ортағасырлық Қарашық қаласы

Ортағасырлық Түркістан қаласы. XV-XIX ғғ. Түркістан қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Қала цитадель, шахристан және рабад бөліктерінен тұрады. Цитаделден батыс және оңтүстік-батыста жобасында төртбұрышты болып келген шахристан орналасқан, оның көлемі 23,5 га (350х670м). Солтүстік және батыс бөлігінде мұнарамен қыбарға қалдықтары сақталынған. Қаланы айналдыра қоршаған қабырғаның ұзындығы 3 км-ге жуық. Қазақ хандығының астанасы болған Түркістан қаласында орналасқан тарихи-археологиялық ескерткіштер: ортағасырлық Түркістан қаласы, ежелгі Күлтөбе қаласы, Қожа Ахмет Ясауи кешені, Есімхан кесенесі, Рабия Сұлтан бегім кесенесі, Қылует жер асты мешіт музейі, ортағасырлық монша, Құмшық ата жер асты мешіті, Түркістан тарихи музейі, Әл-Қожа ата кесенесі, Гаухар ана кесенесі, Түркістан қаласындағы тарихи орындар мен ғимараттар.

Алтынтөбе. І-ХІ ғғ. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандағы Талапты ауылынан 8 км солтүстік- батыста орналасқан. Жобасында алаңды төбе тәрізді болып келген шахристаны мен цитаделінің биіктігі 17м. Алтын төбе қаласында ОҚАЭ ХХғ. 70-80 жылдарында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп әр түрлі тарихи кезеңдерден сақталған құрылыс қалдықтарын ашқан.

Арыстанбаб кесенесі. ХХ ғ басы Кесене ХІІ ғ өмір сүрген белгілі сопы Арыстанбабтың бейітінің үстінде салынған. Алағашқы кесенесі ХІІІ-ХIVғғ салынып, XVIII ғ зілзала кезінде бұзылған алғашқы кесене орнына күмбезді ғимарат салынған.  XVIII ғ салынған кесене құрылысы уақыт өте бұзылып, 1909ж қайта салынған. 1971 ж. кесененің мүшкіл жағдайын ескере отырып кесенені толығымен бұзып қайта салған.

Арыстан баб кесенесі көп функциональдық құрылыс болып табылады. Кешен құрылысы негізгі көрхана бөлмесіне қосымша салынған бөлмелерден қалыптасқан. Ғимарат  екі көрхана, мешіт және шаруашылық бөлмелерден тұрады.

Отырар қаласы І-XVIII ғғ Талапты ауылының солтүстік шетінде, Арыстанбаб кесенесінен 600-800м солтүстік-шығыста орналасқан. Ортағасырлық Отырар қаласының цитаделі мен шахристаны жобада бесбұрышты болып келеді, оның биіктігі 18 м, көлемі 20 га.

Археологиялық қазба кезінде ашылған қаланың орталық мешітінің орнында концервация жүргізіліп, ашық аспан музейі ашылған.

Отырар музейі. Музей Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылында орналасқан.

Қараспантөбе қаласы. VIII-XIIғғ. Қараспантөбе қаласы Қараспан ауылынан 1км оңтүстікте, Арыс өзенінің жағасында орналасқан. Қала цитаделі жобасында төртбұрышты болып келеді, оның көлемі 90х120м, биіктігі 22-24м.

Бөріжар қорымы  І-VIII ғғ Қорым Мамаевка ауылының жанында, Арыс сол жағасын бойлай ұзындығы 5-7 км, ені 1-2,5 км аумақта 1 және 2 жағалық террасаларын алып жатыр.

Қажымұқан музейі. Музей Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылында орналасқан.

Шымкент қаласы. VII-XIXғғ Ортағасырлық Шымкент қаласы Шымкент қаласының оңтүстік бөлігінде, Бадам және Қощқарата өзендерінің аралығында орналасқан. Қала жобасында төртбұрышты болып келеді, оның көлемі 180х210м, т биіктігі 15-25 м.

Сайрам қаласы (Испиджаб) VI-XVIIIғғ. Ортағасырлық Сайрам қаласы Сайрам ауылында, Сайрамсу өзенінің оң жағасында орналасқан. Қала шахристаны  тіктөртбұрышты көлемі 550х500м, биіктігі 3-5 м.

Ибрагимата кесенесі. XVIІ-XX ғғ басы. Күйдірілген  қыштан салынған кесене Сайрам ауылының солтүстік-батыс шетінде, биік төбе үстінде орналасқан. Аңыз бойынша Қожа Ахмет Ясауидің әкесі Ибрагим шейх бейітінің үстінде салынған кесене жобасында төртбұрышты, көлемі 7,2х7,2м. Алғашқы құрылыс XVI-XVII ғғ. Құрылыстың алғашқы күнбезі құлаған соң XIXғ соңы-ХХ ғасырдың басында шатыры қайта салынған.

Әбділ-Азизбаб кесенесі  XIX ғ ортасы Кесене  Сайрам ауылының солтүстік бөлігінде, есік қорымда орналасқан. Күйдірілген қыштан салынған кесене жобасында төртбұрышты, көлемі 6,3х6,3м. Кесенеде XIX-ХХ ғғ бірнеше рет жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Қарашаш ана кесенесі XVIII ғ Кесене Сайрам ауылының орталық бөлігінде, ескі қорым жерінде орналасқан. Күйдірілген қыштан салынған кесене жобасында төрбұрышты, көлемі 6,3х6,3 м. Кесене аңыз бойынша Қожа Ахмет Ясауидің анасы Қарашаш ана бейітінің үстінде салынған. Кесенеде XIX-XX ғғ бірнеше рет жөндеу жұмыстары жүргізілген.

         Қобалбұлақ қаласы VIII-XIІ ғғ. Қызылту ауылының жанында, ақсу өзенінің сол жағасында орналасқан. Қала жобасында төртбұрышты болып келеді, көлемі 300х300 м, биіктігі 7-8 м. Цитадель оның солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, оның көлемі 30х50м, биіктігі 10-11 м.

Төрткүл қаласы VIII-XII ғғ Шарапкент ауылының батыс  бөлігінде, Балықты өзенінің сол жағасында орналасқан. Қала шахристан мен цитаделден тұрады. 2002 ж. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Тұран археологиялық экспедициясы бұл қаланың цитоделінде кесік салып қазба жүргізді.Қаланың сыртынан XI-XII ғғ шығыс моншасының орны ашылды.

Керейт қаласы. VІ-Xғғ. Мақталы ауылының шығыс бөлігінде орналасқан. Жобасында үш бөлікті болып келген,орталық бөлігінің көлемі 60х40м, биіктігі 7 м; шахристан көлемі 120х100 м, биіктігі 3-3,5 м; рабат көлемі 0,3 га.

Қараүңгір тұрағы. Б.д.д 5-4 мың жылдық. Қараүңгір ауылынан 15 км солтүстікте, Қараүңгір өзенінің  оң жағасында орналасқан. Қараүңгір жаңа тас ғасырының тұраға, оның ені 20-25 м, ұзындығы 21 м, биіктігі 2-16 м. Қараүңгірде 1959 ж. археолог Х.Алпысбаев, 2002 ж. Ж. Таймағанбетов қазба жүргізген.

Домалақ төбе қаласы VIII-XV ғғБалабөген өзенінің оң жағында, Ақбастау тас жолы бойында орналасқан. Жобасында 2 алаңды болып келеді, көлемдері батыс бөлігі- 80х85 м, биіктігі 7-8 м; шығыс бөлігі -160х140, биіктігі 5-6 м.

 Домалақ ана кесенесі. XX ғ басы. Ақбастау ауылынан 5 км шығыста орналасқан. Кесене ХХ ғасырдың басында бұзылып кеткен мазар үстіне қайта салынған. Құрылыс жобасында цилиндр тәрізді болып келеді, Сыртқы фасат жағында алты ойығы бар.

Баба ата қаласы. VI-XV ғғ. Баба ата ауылының жанында, Баба ата өзенінің сол жағасында орналасқан. Ортағасырлық қала цитадел, шахристан және бірнеше рабаттан тұрады. 1953-1954, 1957-1958 ж.ж қаланың әр түрлі бөліктерінде ОҚАЭ қазба жүргізген.

Баба ата кесенесі. XIX ғ соңы. Ортағасырлық Баба ата қаласында орналасқан. Екі күмбезді болып келген кесене күйдірілген қыштан салынған. Кесененің ішіне жазу және өсімдік үлгісіндегі ою-өрнектер салынған.

Шолаққорған қаласы XIII-XVI ғғ. Шолаққорған ауылының шығыс бөлігінде орналасқан. Жобасында тіктөртбұрышты болып келген, жоғарғы алаңның көлемі 8х160м. Шығыс бөлігінің орташа биіктігі 20 м, бастыс бөлігіне қарай бірте-бірте төмендейді.

Созақ қаласы. X-XVIII ғғ. Созақ ауылының жерінде орналасқан. Ол жобасында қатар орналасқан үш алаңнан тұрады, жалпы көлемі 19 га. Орталық алаңның көлемі 350х200 м, биіктігі 22-25 м, шығыс және батыс алаңдарының көлемі 300х200 м, биіктігі 15-18м.

Қарабура кесенесі. Шолаққорған ауылында орналасқан.

Ақсүмбе қаласы. X-XV ғғ. Ақсүмбе ауылының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Сақталып қалған ескерткіш жобасында төртбұрышты болып келген, биіктігі 2,5-3 м. Оңтүстік жағындағыалаңның көлемі 25х30 м, биіктігі 0,6 -1 м.

Ақсүмбе мұнарасы. XIII-XIVғғ. Кесектен салынған мұнара ортағасырлық Ақсүмбе қаласының жанындағы биік төбеде орналасқан, оның қазіргі сақталған биіктігі 12м, түбіндегі аумағы 8 м.

Сауысқандық тасқа салынған суреттер. Қола ерте темір ғасыры. Қызылорда облысы, Шиелі аудандағы Еңбекші ауылынан 50 км солтүстік-шығыста, Сауысқандық, Бала Сауысқандық тауларының солтүстік, солтүстік-шығыс,солтүстік- батысындағы беткейлерінде, Сауысқандық өзенінің оң жағалауында орналасқан. Суреттерде Қаратау мен іргелес аудандардың фаунасының барлық өкілдері дерлік кездеседі. Антропоморфты бейнелер, арбалар, аң аулау көріністері, шеңбер, күн басты адам және басқа да бейнелер кездеседі.

Мортық елді мекені. XII-XIVғғ.Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Еңбекші ауылының 3 км солтүстік-шығыста орналасқан. Жобасында төртбұрышты болып келген елді мекеннің солтүстік бұрышында жартылай бұзылған екі қабатты құрылыстың қалдығы сақталған.

Сығанақ қаласы. XII-XVII ғғ. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданыдағы Сунақ ата ауылынан 1 км солтүстік- батыста, Шымкент-Қызылорда тас жолының жағасында орналасқан. Орталық бөлікте және оны қоршаған рабаттан тұрған қала кең алқапты алып жатыр. Ортағасырлар кезінде Қыпшақ мемлекетінің, Ақ орданың астанасы, Қазақ хандығының орталығы болған бұл қалада 2003 жылдан бастап кең көлемде археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде.

Ордакент қаласы.VIII-XII ғғ. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының орталығы Жаңақорған кентінің 3 км солтүстікте, Шымкент -Қызылорда тас жолына жақын орналасқан. Жобасында төртбұрышты болып келген қаланың орны алыстан көрінеді.

Ортағасырлық Сауран қаласы. XIII-XVIIIғғ. Түркістан қаласынан 45 км солтүстік-батыста, Сауран ауылынан 5 км батыста орналасқан. Жобасында ұзынша болып келген қаланың көлемі 800х500, оны қоршаған қамалдар 3-4 м биіктікте сақталған. Қаланы сырттай қоршаған шаруашылық аймағы бірнеше км кв жерді алып жатыр. 2004 жылдан бастап Республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша қаланың орталық бөлігінде кең көлемде археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, медресе, мешіттер және оның солтүстік-шығыс қақпасы ашыла бастады.

Ортағасырлық Қарашық қаласы.VIII-XIV ғғ. Түркістаннан 8 км солтүсікте, Қарашық өзенінің оң жағасында орналасқан, ол орталық бөліктен (шахристан, цитадель, рабад) және шаруашылық аймағынан тұрады.

2001-2003 жылдары аралығында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ -дың Тұран археологиялық экспедициясы Қарашық қаласының цитаделінде қадба және кесік салып, рабадында, шаруашылық аймағында қазба жұмыстарын жүргізді.

2,7. ЭКОТУРИЗМ

Туризмнің бұл саласының негізгі мақсаты-туристерді Түркістан аймағы мен табиғаты мен жануарлар дүниесімен таныстыру. Сыртқы және ішкі туристерге, өлкетанушыларға Қаратау мен Сырдарияның бойында сирек кездесетін өсімдіктер мен жан-жануарларды көрсету үшін «Қаратаудың табиғи-мемлекеттік қорығына» кіретін Бессаз шыңы мен Хантағы, Біресек, Байылдыр өзендерінің жоғарғы ағысы және Сырдария өзенінің алқабында автокөлікпен не жаяу жүруге арналған келесі туристік бағыттар ұйымдастыруға болады.

—         Бессазға саяхат

—         Хантағы шатқалына саяхат

—         Біресек шатқалына саяхат

—         Байылдыр шатқалына саяхат

—         Қызылата шатқалына саяхат

—         Сырдария бойымен

Сонымен қатар Қаратау шыңдары мен шатқалдарында альпинистік туризмді ұйымдастыруға болады.

2,8 Этнотуризм

Туризмнің бұл саласын дамытуға Түркістан аймағында үлкен мүмкіндіктер бар. Ол үшін Түркістан қаласының  төңірегінде, не болмаса осы өңірдегі елді мекендердің бірінен қолөнер шеберлерінің ауылы не болмаса шеберханаларын ашу керек:

—         шеберлер ауылы (ұсташылық, зергерлік, тоқымашылық және т.б)

—         аңшылар ауылы

Түркістан қаласы үшін этнотуризмнің орнын ерекше ескере отырып, тез арада оны дамытудың ұзақ жылдарға арналған бағдарламасын жасап, қарды көздерін іздестіру қажет.
Тағы рефераттар