Сабақтың максаты: Оқушыларға өрнектер салу жолдарын үйрету. Сәндік өнердің қолдануы жайлы түсініктер беру.

Сабақтың көрнекілігі: Ою-өрнектермен безендірілген ыдыс-аяқтар, киім-кешектер. Ою-өрнек шебері Ғани Иляевтің творчествосы туралы кітап. Кілем мен алаша эскиздері өрнектерді бейнелеу жолдарын көрсететін таблица (4-сурет).

Сабақтың барысы: Сабақ ұйымдастыру кезеңі, өрнектерді оқушылардың бейнелеуі сияқты кезеңдерге бөлінеді.

Ұйымдастыру кезеңінен соң, оқушыларға ою-өрнектердің барлығы, өсімдік, жан-жануар, бейнелерінің негізінде алынатыңдығы жайлы түсініктер беріледі. Онан соң жапыраққа ұқсас зат формасы арқылы белгілі түзу бойына өрнек құрастыру жолдары тақтаға сызылады. Өрнекті бейнелеу мынандай бірізділікпен орындалады: 1) паралель екі түзу сызу; 2) төменгі және жоғарғы түзулерді бес бөлікке бөлу; 3) олардың арасын қосу; 4) қосылған сызықтарды негізге ала отырып, жапырақшалар формасын шығару; 5) арала-рына шеңберлер сызу; 6) түрлі-түсті бояулармен бояу.

Оқушылардың бейнелеу жұмыстары кезінде қағазды қалай орналастыру (горизонталь әлде вертикаль) қажеттігін, түзулердің паралель болуын, артық сызықтардың өшірілуін, симметриялық көріністерді бейнелеу барысында қателіктер жібермеуін ескертіп отыру қажет.

Сабақ барысында мұндай өрнектердің белгілі бір бұйымдардың жиегін безендіруге қолданылатындығы айтылады. Мүмкіндігі болған жағдайда сол бұйымның өзі көрсетіледі.
Тағы рефераттар