Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы туралы қазақша реферат Bigox.kz

Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы (ҮИИДБ) еліміздің жалпы ішкі өнімді 2015 жылға дейін 7 трлн. теңгеге дейін өсіруге мүмкіндік беретін маңызды құжат. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үстіміздегі жылы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Индустриялды-инновациялық бағдарлама елімізді дамыған бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосатындығын айтқан болатын. Бағдарлама аясында ел экономикасының шикізаттық емес секторын кем дегенде 45 пайызға арттыру, өңдеу өнеркәсібінің еңбек өнімділігін екі есеге ұлғайту, сондай-ақ жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын 45 пайызға дейін төмендету көзделгені белгілі. Осының арқасында халқымыздың өмір сүру ұзақтығын арттыру, табысы төмен әлеуметтік топтардың санын азайту және жұмыссыздық деңгейін 5 пайызға дейін төмендету жоспарланып отыр. Осылайша Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының еліміз үшін экономикалық және әлеуметтік маңызы айрықша болып тұр. Бағдарламаны іске асырудың барысы Премьер-Министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевке сеніп тапсырылғанын бәріміз білеміз. Осы ретте Әсет Өрентайұлымен келелі бағдарламаның қалай іске асып жатқаны жайында ой бөліскен еді.

Бұл бағадарлама 2020 жылға дейінгі Үкіметтің ел экономикасын дамытуда бағдарға алған басты стратегиялық даму жоспары болып табылады. Осы онжылдық бас жоспар екі бесжылдық кезеңге бөлініп жүзеге асырылмақ. Алғашқы кезеңде 2010-2014 жылдарға арналған Индустриялды-инновациялық жедел даму бағдарламасы қолға алынады. Әрине, ол жалғыз болмайды. Осы бағдарламаға бағынышты бірқатар салалық бағдарламалар қабылданады. Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы экономиканың басты салаларының ешбірінің кенжелеп қалмай, төрт аяғынан тең дамуын қамтамасыз етуге тиіс. Бағдарламаға артылып отырған жүк ауыр. Мемлекет пен бизнестің күшін тек экономикалық өрлеуге бағыттау, аса қолайлы инвестициялық және макроэкономикалық орта қалыптастыру, ұлттық экономиканың өнімділігі мен тиімділігін арттыру сынды қадау-қадау мәселелер бұл бағдарламада қамтылып отыр. Бағдарлама мынадай екі мәселеге барынша басымырақ назар аударуды көздейді, біріншісі – дәстүрлі экспорттық сектордың өнімдерінің алуан түрлілігін қамтамасыз ету болса, екіншісі – инновациялық өнеркәсіпті дамытуға ден қою. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының ХІІ съезінде ел экономикасының алдағы бесжылдықтағы жедел индустриялды даму кезінде негізге алынатын жеті басым бағытын айқындап берген болатын. Олар агроөнеркәсіп кешені, құрылыс саласы, мұнай өңдеу, металлургия, химия өнеркәсібі және фармацевтика, энергетика, көлік және телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту. Бағдарламада барлық шешімдердің әділдігін қамтамасыз ету мақсатында олардың құрамына мемлекеттік мекеме басшыларымен қатар, түрлі бизнес қауымдастықтар мен даму институттарының өкілдері тартылған. Жұмыс топтары жүйелі түрде бас қосып, аталған басым бағыттар бойынша жүзеге асырылып жатқан бағдарламаларды пысықтап келеді.

Загрузка...

Алдағы уақытта бір ғана металлургия саласы бойынша алюминий, мыс, титан, сирек металдар, ферроқорытпа, цинк секілді өнімдер бойынша мол табысқа кенелетін боламыз. Қазір қара металдан біз бар болғаны үшінші сатыдағы өнім ғана шығарады екенбіз. Бұл дегеніңіз, жай болат құйма ғана деген сөз. Осыны ары қарай дамытып тот баспайтын металл, жоғары сапалы болат секілді өнімдер алуға мүмкіндігіміз бар. Осы тұрғыдан алғанда ҮИИДБ бізге берері көп.

Үдемелі индустриялды-инновациялык бағдарламаның нақты нәтижелері қомақты

21-желтоқсанда Астанада бейнекөпір арқылы облыстардың қатысуымен Индустриаландыру Картасының тұсау кесері өтті. Онда үдемелі индустриялды-инновациялық бағдарлама бойынша екінші жартыжылдықта жүзеге асырылған жобалар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың назарына ұсынылды.

Бұл жобалар «Самұрык-Қазыиа» УӘҚ мен оның еншілес компанияларының қаржысымсн іске асқан.

«Самұрык-Қазыиа» Қоры Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасы аясында 21 жобаны өзі жүзеге асыруда, ал тағы 21 жоба Қордың еншілес компаниясы Қазақстан Даму банкінің қарамағында. Оның жалпы құны 22 млрд АҚШ долларын құрайды. Іс жүзінде бұл дегеніңіз бүкіл инвестицияның тең жартысы.

Қордың энергетика саласындағы инвестициялары 93 пайыз, мұнай өңдеу, инфрақұрылым саласындағы инвестициялар 86 пайыз, химия мен фармацевтика бойынша инвестициялар 84 пайызға теңеседі. Бағдарлама аясындағы жүзеге асырылатын жобалардың құрылысы кезінде 32,5 мың жұмыс орындары және 6,5 мың тұрақты жұмыс орындары ашылады.

«Самұрық-Қазына» Қоры басқарма Төрагасы Қайрат Келімбетов Елбасына диверсификация мен модернизация бойынша алға қойылған мақсаттарды орындау 3 бағытта жүзеге асырылатынын айтты: «Ең алдымен, қазіргі өнеркәсіптік және инфрақүрылымдық активтердің түбегейлі модернизациясын жасаймыз. Екіншіден, Қордың күші өндірісті диверсификациялауға және экспорттық әлеуметті арттыруга жұмсалады. Үшіншіден, Қор құрамындағы компаниялардың жұмысы қажетті инфракұрылымды құруға, экономиканың нақты өсімін қамтамасыз етуге жұмсалмақ».

Алғашқы бағыт бойынша мұнай өңдеуші зауыттардың реконструкциясы және модернизациясы басталады. 2011 жылы елдің Ұлттық электр желілері жұмысының техникалық деңгейін арттыру, энергетикалық тиімділігін қамтамасыз етуде шаруалар атқарылады. Ол үшін подстанциядағы ескі құрылғыларды алмастырып, жаңа электр беру линиялары құрылысы жүргізіледі. Энергогенерация ауқымы қайта құрылады. Екібастұз ГРЭС-l реконструкция жобасы бойынша құрылғыларды жабдықтау, құрылыс жұмыстары, демонтаж бойынша келісім-шарттар түзіліп, шаруалар басталды. Екібастұз ГРЭС-2 бойынша реконструкция жұмыстары басталды, ол станцияның күшін 525 МВт-қа дейін арттырады. Шардара ГЭС-і реконструкциясы басталды, ол станцияның пайдалануға беру мерзімін ұ зартады.

Диверсификация бойынша тау-кен ж ә не химия секторларын барынша жоғары өнім шығаратындау д ә режеге жеткізу, оған қатысты өңдеу салаларын дамытуға ықпал ететін шаруалар жасалынады.

2011 жылы Степногорскіде күкірт қышқылын өндіретін зауыт құ р ы лысы басталады. «Қазфосфат» ЖШС фосфорит рудасын өндіретін тау-кен байыту фабрикасының қ ұ рылысы басталады. ENRC-мен бірге Қазақстан электролиз зауытының бірінші кезектегі ауқымы іске қосыл ды. Зауыт бұған дейін 100 мың тонна алюминий шығарды.

Төрт ұлттық компания өздері қаржыландырып жатқан немесе бастама етіп көтерген жобалардың қазіргі ағымдағы іс-шаралары туралы ақпарат берді.

Мәселен, «Қазақстан Темір Жолы» жылдың екінші жартысында мынадай жобаларды жүзеге асыруда:

«Өзен — Түркіменстанмен арадағы мемлекеттік шекара» және «Жетіген — Қорғас» темір жол линияларының құрылысы; Испандық «Тальго» компаниясымен бірге жылына 150 вагон шығаратын жолаушы вагондары зауыт салу; «Альстом» компаниясымен және «Трансмашхолдинг» компанияларымен бірге жылына 50 локомотив шығаратын жолаушы вагондары өндірісін жолға қою; «Қазақстан вагон өндіру компаниясы» ЖШС бірге жылына 3000 жүк вагонын құрастыратын және өзге де жобалар. Қазір «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның 21 отандық кәсіпорнымен бірге жүк вагондарына қажетті 233 деталь өндірісі жолға қойылған. Бұған қосымша, отандық тауар өндірушілермен бірге тағы да 200 өнім шығару көзделуде.

«Қазақстан Даму банкі» (ҚДБ) АҚ бойынша 16 ірі объекті пайдалануға берілді, оның 5-уі модернизацияланған болса, қалған 11 -і Қазақстан үшін тіпті жаңа. Бұл жобалардың жалпы сомасы 1 млрд.700 млн. АҚШ доллары. Бұл соманың ішіндегі ҚДБ құйған инвестиция 800 млн АҚШ доллары. Оның ішінде:

«Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты. Павлодардағы бірінші алюминий шығару өндірісі, Тараздағы ферросплав зауытын кеңейту, Оралдағы газотурбиндік электростанция, Павлодардағы хлор жэне каустикалық сода өндірісі сияқты жобалар бар. Бұл жобалар бойынша 5700 жұмыс орны ашылды. 2011 жылы ҚДБ Атырау мұнай өңдеу зауыты, Қызылордадағы газотурбиндік электростанция, Алматы облысындағы Мойнақ гидроэлектростанциясын реконструкциялауды жалғастырмақ.

Жалпы, Банк алдында Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бойынша мемлекетгік бағдарламасы аясында бүкіл инвестицияның 10 пайызын қамту, яғни, жыл сайын 1 млрд АҚШ долларын құю мақсаты тұр.

«ҚазМұнайГаз» мұнай өңдеу және мұнай-химия жобаларын дамыту бойынша, елдің оңтүстік аймағын көгілдір отынмен қамтамасыз етудегі жобалар бойынша жұмыс істеуде.

Атырау мұнай өңдеу зауытын модернизациялау 2015 жылы мұнайды өңдеуді 50 пайыздан 84 пайызға дейін арттыруға ықпал етеді. Ал жылына 5 млн тонна мұнай өңделмек. Дайындалатын мұнай өнімдері халықаралық Евро-4 и Евро-5 стандарттарына сәйкес болмақ.

Хош иістендіргіш көмірсутек өндірісі қолға алынып жатыр. Ол 2014 жылы елдің мұнай-химия саласындағы базалық өндірісті өндіруді жолға қояды. Ол кезде өндірілетін өнім: бензол — 133 мың тонна, параксилол — 496 мың тонна болады. Ақтаудағы битум зауытының құрылысы да назарда тұр.

Елбасы жобалардың тұсаукесерін жасаған кезде «Бейнеу — Бозой — Шымкент» газ кұбыры құрылысының бастамасы болды. Оның ұзындығы 1475 шақырым, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өтеді.

«Самұрық-Энерго» АҚ мынадай жобаларды ұсынды: Азиада-2011 объектілерін электрқуатымен қамтамасыз ету, 110 және 220кВ қуаты бар 4 трансформаторлық станцияны іске қосу, оларды жалпы қуаты 832 МВА (мега вольт ампер). Жоғары қуатты кабель линиялары мен электр беру: 110 кВ, ұзындығы 49,6 шақырым. Мойнақ ГЭС-ін пайдалануға беру. Қуаты 300 мегаватт. Ол Оңтүстік Қазақстан облысындағы электр қуаты дефицитін жояды. Және Орталық Азия елдерінен импортталатын қуатқа деген тәуелділіктен құтқарады. Жобалардың тұсаукесерінен кейін Президенттің өнеркәсіп саласындағы «Алтын сапа» және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін әспеттейтін «Парыз» сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтті. «Алтын сапа» сыйлығы өнімдер немесе кызмет көрсету сапасы саласындағы жақсы нәтижеге қол жеткізгені, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ мекемелерге заманауи менеджмент жүйесін енгізгені үшін конкурстық негізде беріледі. Биылғы «Алтын сапа» Президент сыйлығы үшін жарияланған конкурсқа 207 компания қатысты. Сондай-ақ биыл «Индустриялық серпіліс» және «Инновациялық серпіліс» атты жаңа сыйлықтар белгіленді. Олардың арасынан ең үздік отандық компаниялар осымен бесінші рет Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына ие болды. «Алтын Сапа» президенттік сыйлығының лауреаттары болып «Самұрық-Қазына» Қоры компаниялары жүзеге асырған жобалар мен Қор компанияларыньщ несие алушы клиенттері таңдалды.

2010 жылғы «Алтын сапа» сыйлығы «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» аталымы бойынша биыл «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» — «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ға (Астана қаласы) және «Oxy-Textile» АҚ-ға (Оңтүстік Қазақстан облысы) берілді. «Халық үшін тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» аталымы бойынша «RG Brands Kazakhstan» ЖШС (Алматы облысы) және «Родина Агрофирмасы» ЖШС (Ақмола облысы) лауреаттар атанды. Ал «Хан Шатыр» ЖШС (Астана каласы) және «Кардиохирургия орталығы» ЖШС (Жамбыл облысы) «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымы бойынша сыйлықтармен марапатталды.

 

2006 жылдан бері, даму институттарының 3 компаниясы, және бір ұлттық компания «Сападағы айрықша табысы» үшін Президенттік сыйлығының лауреаттары болды.

КДБ және «Даму» Қорының 15 кәсіпорыны «Алтын Сапа» Республикалық конкурс-көрмесінің жеңімпаздары атанды.

«Денсаулық» Емдеу-диагностикалық пойызы — Денсаулық сақтау министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының біріккен жобасы «Парыз — 2010» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсының жеңімпазы ретінде танылды.

«Қазіргі қолданыстағы заңнамалық база, негізінен жоба алды құжаттардың, атап айтқанда, техникалық-экономикалық негіздеме, жобалық-сметалық құжатнама, бизнес-жобалар мен басқа да техникалық құжаттардың талаптарын реттейді. Бір мезгілде бізде жобаларды басқару және оларды ілесіп алып жүру бойынша стандарттар жоқ», — деп атап өтті «Нұр Отан» ХДП ОА басшысының орынбасары Расул Оразгұлов.

Р.Оразғұлов, жобалау менеджменті нормаларының жетік дамымауы және оларға бірыңғай талаптардың болмауы, өткен жылы жүзеге асырылуы тиіс болған бірқатар жобаларға кедергі келтірген. Олар тиімсіз, әрі толық емес көлемде атқарылды. «Сондықтан, қолға алынған жобалардың табысты болуы, қаржыландыруға ғана емес, сондай-ақ тиімді әрі сапалы менеджметке тікелей байланысты», — деді ол.Р.Оразгұловты бұл мәселеде, Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау да қолдады. Ол, жобаларды басқару — кезең-кезеңімен орындалуы тиіс 300-ден астам іс-шарадан тұратын — өте күрделі және көпжақты үрдіс екендігін атап көрсетті.

.
Загрузка...

Нравится


Проблемы со скачиванием? (нажмите на ссылку)

Тағы рефераттар