Мүгедек баланы тәрбиелеп және оқытып отырған отбасылар әлеуметтік көмек алуға құқылы. Бұл көмек айына 6,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (АЕК) әр тоқсан сайын, дәлірек айтқанда 9 185 теңге көлемінде, отбасының табысын есепке алмастан беріледі.

Әлеуметтік төлемді алу үшін сізге еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне төмендегі құжаттарды тапсыруыңыз керек болады:

1) өтініш;

2) өтінім берушінің жеке куәлігінің көшірмесі;

3) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

4) мекен-жай бюросынан анықтама немесе үй кітапшасының көшірмесі;

5) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің мүгедек-баланы үйде оқытудың қажеттігі туралы және оқыту мен тәрбиелеу мерзімі көрсетілген анықтама;

6) медициналық-әлеуметтік сараптаманың куәландыру жазбасы (түпнұсқа);

7) мектептен анықтама (тоқсан сайын);

8) әлеуметтік көмекті тағайындау туралы қорғаншының (қамқоршының) өтінішіне қорғаншылықты (қамқоршылықты) тағайындау туралы тиісті орган шешімінің жазбасы қоса тіркеледі;

9) банкте есептік шоты бар екенін айғақтайтын құжат.

Сондай-ақ, сіз психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің (ПМПК) тұжырымдамасы бойынша үйіңізде әлеуметтік күтіп бағу қызметін алуға мүмкіндігіңіз бар.

Күтімге алу үшін  келесі құжаттар негіз болады:

1) аа-аналардың немесе баланың басқа да заңды өкілдерінің баланы қызмет көрсетуге алу туралы өтініші;

2) облыстық, қалалық, ПМПК-нің сырттан бөлек күтімнің қажеттігі туралы тұжырымдамасы;

3) емдеу-алдын алу мекемесі толтыратын баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық  карта;

4) халықты әлеуметтік қорғау саласы бойынша орталық атқарушы органның аймақтық бөлімшесінің анықтамасы.

Күтімге алуды қабылдауға қарсы келетін жайттар:

— инфекциялық, венерологиялық, бактерия тасымалдаушылық,   туберкулездің белсенді формасы, денсаулық сақтау саласының арнаулы ұйымдарында емдеуді қажет ететін басқа да ауыр науқастар түрі.

Ескерту!2011 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 1 512 теңгені құрайды.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 Заңы.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.pavlodar.kz – заңнама базасы бар интернет-ресурс;

2) www.enbek.gov.kz – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.ruwww.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «мүгедек балалары бар отбасыларға көмек», «мүгедек балалары бар отбасыларға жәрдемақы» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Тағы рефераттар