Ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен құрылымын талдау туралы қазақша реферат

Құндық өлшемі бар және шаруашылық процесіне бірнеше рет қатысатын мүліктерді, активтер деп атайды.

Шауашылықтың тиімділігі едәуір дәрежеде осы активтердің ұтымды пайдаланылуына байланысты болып келеді. Кәсіпорын қаражаты оның ішкі және сыртқы (дебиторлық қарыз, бағалы қағаздарды сатып алу) қажеттіліктеріне пайдаланылуы мүмкін. Айналым капиталы өндіріс сферасында (өнімді шығару шығыстары) және айналым сферасында  болуы мүмкін. Айналым капиталы ақшалай да, заттай да қызмет ете алады. Сондықтан талдау процесінде бірінші кезекте, оның құрамы мен құрылымының өзгерістерін зерттеу қажет. Қаржылық есептің маңызды элементі болып табылатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымы және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Активтердің өсуі кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

Қысқа мерзімді активтер жалпы қаржылар сомасында анағұрлым үлкен үлес салмақ алады. Оларды тиімді пайдалану және өндіріс айналыс сферасында дұрыс енгізу кәсіпорынның крістілігіне өз әсерін тигізеді. Сонымен қатар кәсіпорынның қабілеті мен қаржылық жағдайы белгілі деңгейде кәсіпорынның капиталы қандай активтерге салынғанынан, лоар қандай кіріс әкелетіндігінен тәуелді. Кәсіпорын активтерінің орналасуы туралы ақпарат баланс активінде қамтылады.

Кесте – 7 «АЛАС LTD» ЖШС-гі компаниясының ұзақ мерзімді активтер құрамы мен құрылымын талдау

Көрсеткіштер

Есепті кезең басы

Есепті кезең аяғы

Өзгерісі (+: — )

Сомасы

Үлес, салмағы

%

Сомасы

Үлес, салмағы

%

Сомасы

Өсу қарқыны, %

1. Ұзақ мерзімді  активтер

355584,00

7,7

249355,00

5,7

-106229

-29,9

1.1 Материалдық емес активтер

1.2 Негізгі құралдар

355584,00

7,7

249355,00

5,7

-106229

-29,9

1.3 Аяқталмаған құрылыс

1.4 Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар

1.5 Артқа қалдырылған салықтық активтер

Барлығы активтер

4571492

100

4370758

100

-200734

-4,4

Ескерту: «WASABI» ЖШС-нің қаржылық есептілік мәліметтері

          Кестеден көрініп отырғандай, ұзақ мерзімді активтер құрамы мен құрылымына талдау жасау «WASABI» -ында олардың сомасы 106229 теңге сомасына немесе 29,9%-ке төмендеген. Бұл активтер түрінің құрамынада тек негізгі құралдар орын алады. Ұзақ мерзімді активтер сомасының 106229 теңгеге төмендеуі сол негізгі құралдардың осы сомаға азайғандығынан болған. Олардың құнының азаюы, яғни есептен шығуы тозуы немесе сатылуы себебінен болуы мүмкін.

         Актив баптарын шартты түрде келесі белгілері бойынша топтастыруға болады:

  1. Өтімділігі бойынша: ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтер.
  2. Пайдаланылуы  бойынша: ішкі  айналыстағы  және  сыртқы  айналыстағы

(дебиторлық берешек, қаржылық салымдар, банк шоттарындағы ақша).

  1. Инфляциялық  процестерге  шалдығуына  байланысты:  монетарлық және

монетарлық емес активтер ажыратылады. Монетарлық активтер қайта бағалауға жатпайды, олар ағымдық ақшалай бағадағы актвитер – ақша қаражаттары, депозиттер, есеп айырысуларындағы қаражаттар, т.б. ал монетарлық емес активтер құны уақыт өтуіне қарай өзгеріске ұшырайтын, сол себепті қайта бағалауды қажет ететін активтер – негізгі құралдар, запастар, аяқталмаған өндіріс, т.б.

  1. Өндіріс үрдісі бойынша: айналыс  капиталы (запастар,  аяқталмаған өнді-

ріс, болашақ кезең шығыстары).

5. Айналыс үрдісіндегі капитал (дайын өнім, ақша қаражаттары, қаржылық салымдар, тауарлар, т.б.)

Баланс мәліметтері бойынша ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі аналитикалық кесте құрылады.     Ал жалпы активтер сомасындағы олардың үлес салмағы есепті жыл басында  7,7%-ды құраса, жыл аяғында 5,7%-ды құрап, салыстырмалы түрде қарасақ 2%-ке төмендеген. Ұзақ мерзімді активтердің ішінде тек негізгі құралдар орын алғандықтан. Олардың пайдалану тиімділігі мен техникалық жағдайына әсер ететін негізгі көрсеткіштерді атап өткеніміз дұрыс болар.

Негізгі құралдарды талдау «WASABI» — ында олардың техникалық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер зерттеледі.Оларға жататындар:

  1. Тозу коэффициенті (Ктозу).

Негізгі құралдардың тозу сомасы

Ктозу=   ;      (2)

Негізгі құралдардың бастапқы құны

  1. Жарамдылық коэффициенті (Кжарамдылық).

Негізгі құралдардың қалдық құны

                    Кжарамдылық= ;    (3)

Негізгі құралдардың бастапқы құны

  1. Амортизацияның жинақталу коэффициенті (Камор.жинақ).

Негізгі құралдардың  +  Материалдық емес активтердің

тозу сомасы          тозу сомасы

Камор.жинақ=   ;  (4)

Негізгі құралдардың  +  Материалдық емес активтердің

бастапқы құны                      бастапқы құны

  1. Мүлікті нақты құн коэффициенті (Кнақты құн). Кәсіпкерлік қызметтің ауқымын сипаттайды. Егер бұл коэффициент теоретикалық мәнінен төмен болатын болса, онда компанияға ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын тарту қажет.

Негізгі құралдардың қалдық құны

Кнақты құн=  ≥ 0,5 (4)

Мүлік құны (баланс валютасы)

Негізгі құралдардың техникалық жағдайын талдағаннан кейін негізгі құралдардың қолдану көрсеткіштері оқылады. Кез келген акционерлік қоғамдағы негізгі құралдардың тиімділігі келесі көрсеткіштерімен сипатталады:

—            Қор қайтарымдылығы коэффициенті;

—            Қор сыйымдылық коэффициенті;

—            Интегралды көрсеткіш коэффициент.
Тағы рефераттар