Валеология туралы қазақша реферат

Валеология – салауатты өмір сүрудің негізі. Қазіргі уақыттағы әлеуметтік – экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экономикалық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.

Халық денсаулығының жағдайы тек қоғамдық дамудың ғана көрсеткіші емес, сонымен бірге қуатты экономикалық, еңбек, қорғаныс және мәдени әлует болып табылады. Денсаулықты жақсарту үшін дұрыс өмір сүру қалпын қалыптастыру бағдарламалары құрылды. Мұндай бағдарламалар қатарына “Халық денсаулығы”,  “Денсаулық баршаға”,  “Валеология – қалай ауырмау керек”, “Салауаттану – денсаулықты сақтау” деген сияқты көптеген бағдарламаларды жатқызуға болады.

Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс Салауатты Өмір Салты (СӨС) ұғымында толығырақ айтылады.

Осы заманғы ғылым мен әдістемеде салауатты өмір салты – бұл адамның еңбек әрекетімен, тұрмысымен, материалдық және рухани мұқтаждықтарды қанағаттандыру түрімен, жеке тұлға және қоғамдық мінез – құлық ережелерімен сипатталатын тіршілік әрекетінің белгілі типі туралы түсініктерді біріктіретін биоәлеуметтік санат. Жеке тұлғаның өмір салты алуан түрлі, бірақ негізінен 3 нышанға негізделеді:

—         өмір сүру деңгейі;

—         өмір сүру сапасы;

—         өмір сүрудің өзіндік жолы.

СӨС-ын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен

айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған. Салауатты өмір сүру салты адамның денсаулығы үшін қолайлы жағдайларда кәсіптік, қоғамдық және тұрмыстық қызметтерін орындауға себепші  болатындардың барлығын бірлестіреді. СӨС жеке тұлғаның және қоғамдық денсаулықтың қалыптасуы, сақталуы және нығаюындағы жеке тұлғаның іс әрекеттеріне бағыт береді.

Жеткілікті құралдар болмай тұрған жағдайда ауруларға қарсы күрес пен денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз азаматтарымызды СӨС- наәзірлеуден басталады
Тағы рефераттар