ЖОСПАР: 

I КІРІСПЕ

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы заңы»

2.2 Қазақстандағы ветеринариялық қызметтің құрлымы

2.3 Ветеринариялық қызметті халықаралық талаптармен үйлестіру

2.4 Жануарлар денсаулығын халықаралық қорғау ұйымының (OIE) аурулар тізімі және оның принципімен кіретін аурулар

III ҚОРЫТЫНДЫ

IV ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі бағдарламасында елді азық түлікпен  және шикізат өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында ауылшаруашылығын дамытудың кешенді шаралары қарастырылған. Бағдарламада арнайы кешендерді, фермерлік қосалқы шаруашылықтарды дамыта отырып, алдағы уақытта малшаруашылығы өнімдерін көбейту қарастырылған. Сонымен қатар мал және шикізат өнімдерін өңдеуге үлкен мән берілген.

Осыған байланысты, қазіргі уақытта мал ауруларын анықтау мен оны емдеудің алдыңғы қатардағы әдістері мен жолдарын табу және практикаға енгізу, сонымен қатар жануарлар мен құстардың ауруларын және шығынын азайтатын ветеринариялық санитариялық шараларды жүзеге асыру жүйесі ойластырылуда.

Қазақстан Республикасында жүргізілетін ветеринариялық қызметтің негізігі мақсаты шаруашылықтарда ветеринариялық шараларды сапалы әрі уақытылы жүргізіп, жануарларды жұқпалы емес, жұқпалы және паразиттік аурулардан тазарту, қауіпті індеттерден адамды сақтандыру, мал ауруын азайту, шығынға жол бермей, шаруашылықтарға келтіретін зиянды барынша азайту болып саналады. Ветеринария саласының экономикалық, биологиялық және медициналық санитариялық маңызы да жоғары.

Әлемнің және республикамыздың ветеринария саласындағы жетістіктері де айтуға тұрарлықтай. Көрнекті ғалымдардың жан жақты жүргізген ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде жануарлардың көптеген ауруларын жою әдістері және аурулардан сақтандырудың жолдары ойластырылып табылған. Сондай ақ Қазақстан Республикасында сиыр обасы, ала өкпе қабынуы, жылқы маңқасы жойылған.

Қазақстанда 1810жылға дейін жануарлар ауруларын емдеумен малшы қазақтар өздері айналысқан, содан кейін Ресейден жұмыс бабымен келген ветеринарлық мамандары, ал 1891жылдан бастап ветеринариялық қызмет жекеленіп, өз алдына бөлініп шыққан. Мамандарды Омбы, Тобыл ветеринариялық мектептері, сонымен қатар Қазан, Юрьев, Варшава ветеринариялық институттары дайындаған. 1897 жылы тұңғыш ветеринариялық бактериологиялық лаборатория Оралда ашылған. 1920 жылы ветеринариялық бас басқарма құрылып, Қазақстанда ветеринариялық саланың дамуына А.П.Петровский, У.Б.Базанов, Т.И.Исенгулов, К.И.Скрябин, А.П.Сейдалин және тағы да басқа ғалымдар үлкен үлес қосқан.

Қазақстан Республикасында жануарлар ауруларымен күресу шаралары ҚР Президенті бекіткен (Бірінші заң 1995 жылы 25маусымда, екіншісі 2002 жылы 10 шілдеде қабылданған, заң 6 тараудан 37 баптан тұрады). «Ветеринария туралы заң» негізінде, Үкімет жарғылары және ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринария туралы заң актілері мен нұсқаулары бойынша жүргізіледі. Қазақстанда ветеринария саласын қадағалау органдары мемлекеттің басқаруында болады, жүргізілетін ветеринариялық шаралар жоспарлы түрде, ал аса қауіпті жұқпалы ауруларды және карантиндік шараларды қоспағанда, ветеринариялық жұмыстардың барлық түрлері бәсекелестік ортаға берілген және лицензиялауға жатады. Ветеринариялық препараттарды өндіру саласы да бәсекелестік ортаға қарайды.

Жұқпалы аурумен күресудің негізі аурудың алдын алу болып табылады. Сиыр шаруашылығында жүргізілетін ветеринариялық шаралар шаруашылықтың жоспарлы жұмыстары құрамына кіреді және мал шаруашылық мамандарымен біріге отырып жүргізіледі.

Жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруларымен күресу мақсатында кешенді жалпы және арнайы шаралар жүргізіледі. Жануар ағзасының саулығын қорғау, шаруашылық мамандарының күнделікті жұмыстарының басты нәтижесі болып саналуы қажет. Жануар өнімінің өнімділігін арттыру және ның саулығын сақтау өзара тығыз байланысты.

Осыған байланысты, шаруашылық мамандары міндеттерінің қатарына мына төмендегілер жатады:

1. Жануар ауруының сыртқы және ішкі себептерін білу;

2. Кеңінен тараған аурулардың пайда болу себептерін алдын алу шараларын анықтау;

3. Қарапайым емдеу әдістерін қолдана от ырып, ауру малға алғашқы көмек көрсету;

4. Ең көп тараған жұқпалы емес аурулардың пайда болуын және алдын алу жолдарын білу;

5. Мал басын қорғау мақсатында сақтық шараларын жүргізу;

6. Ветеринариялық мамандарға арнаулы шараларды жүргізуге көмек беру;

7. Мал шаруашылығы мамандарының ветеринариялық санитариялық білімін жетілдіру.

Мал шаруашылығында ветеринариялық санитариялық талаптарды, мөлшерлерді қолдану және технологиялық үрдістерді ұйымдастыру, сапасы жоғары мал және мал өнімдерін алу мал басын көбейту және жануарларды бордақылау істері ветеринариялық білімді қажет етеді.

IIНЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы заңы»

Ветеринария саласы сау және ауру жануарлар организмінің тіршілік заңдылығын, аурудың пайда болу себептерін, анықтау әдістерін, аурудың алдын алу және малдарды күтіп бағу, азықтандыру, жұмысқа жегу жолдарын ескере отырып, ауру жануарларды емдеу, сонымен қатар адамды жануарлар  мен адамға ортақ аурулардан сақтандыру шараларын толық меңгеретін ғылыми білімнің кешені.

Осыған байланысты ветеринариялық істі басқаратын және ветеринариялық қызмет көрсетудің ретін анықтайтын, оның мақсаттарын айқындайтын «Ветеринария туралы заң» аясында ветеринариялық қызмет жүргізіледі. ҚР «Ветеринария туралы заңы» бірінші рет 1995 жылы 25 маусымда, екіншісі 2002 жылы 10 шілдеде қабылданған, заң 6 тараудан 37 баптан тұрады:

Бірінші тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдарға түсініктеме берілген.

2-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары

1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.

3-бап. Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер

Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер мыналар:

1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;

2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;

3) мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;

5) ветеринариялық препараттардың сапасын бақылау;

6) жануарлар ауруларына қарсы күрес құралдары мен әдiстерiн әзiрлеу және пайдалану, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың сапасына ветеринариялық-санитариялық бақылауды қамтамасыз ету;

7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;

8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария мамандарын даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру.

2-тарау. Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу

4-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясат

5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ветеринария саласындағы құзыретi

6-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесi

Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесiне:

1) ветеринарияны мемлекеттiк басқару органдары;

2) мемлекеттiк органдардың ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшелерi;

3) мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар;

4) ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке және заңды тұлғалар кiредi.

7-бап. Ветеринарияны мемлекеттiк басқару органдары

1. Ветеринарияны мемлекеттiк басқару органдарына:

1) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

2) ветеринариялық бақылау постылары бар шекарадағы және көлiктегi мемлекеттiк ветеринариялық қадағалаудың аймақтық бөлiмшелерi;

3) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның облыстық (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) аумақтық бөлiмшелерi;

4) селолық округтердiң, базарлардағы, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау орындары бақылайтын жүктердi өндiру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткiзу жөнiндегi ұйымдардағы ветеринариялық инспекторлары бар ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның аудандық (қалалық) аумақтық бөлiмшелерi жатады.

2. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары — Қазақстан Республикасы мен тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторлары, ал олардың орынбасарлары Қазақстан Республикасы мен тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторларының орынбасарлары болып табылады. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердiң тиiстi лауазымдарына қоса «бас мемлекеттiк ветеринариялық инспектор», «бас мемлекеттiк ветеринариялық инспектордың орынбасары» деген арнаулы атаулар бepyгe құқылы.

8-бап. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен

оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi

9-бап. Мемлекеттiк органдардың ветеринария саласындағы қызметтi

жүзеге асыратын бөлiмшелерi

10-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті;

10-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң құзыретi

11-бап. Мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар

12-бап. Ветеринария саласындағы қызметтi лицензиялау

1. Ветеринариялық қызметтi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгiленген тәртiппен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы мiндеттi түрде лицензиялауға тиiс.

2. Ветеринариялық қызметке лицензия беру, оның қолданылуын тоқтата тұру және оны керi қайтарып алу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

13-бап. Ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызмет

3-тарау. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау

14-бап. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау

14-1-бап. Қазақстан Республикасында мемлекеттік ветеринариялық бақылауды жүзеге асыру тәртібi

15-бап. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерi

Мыналар мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерi болып табылады:

1) жануарлар, жануарлардың жыныс және дене клеткалары;

2) жануарлар ауруларының қоздырушылары;

3) жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптiк қоспалар, патологиялық материал немесе олардан диагностика және ветеринариялық-санитариялық сараптама үшiн алынатын сынамалар, сондай-ақ судың, ауаның, топырақтың, өсiмдiктердiң сынамалары;

4) жануарларға профилактика жасау, оларды емдеу мен дауалау, жануарлар ауруларының диагностикасы, ветеринариялық-санитариялық сараптама үшiн пайдаланылатын ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар;

5) жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдары, ыдыстың барлық түрлерi, буып-түю материалдары;

6) жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметi;

7) мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өсiретiн, дайындайтын, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтары, өндiрiстiк үй-жайлары мен қызметi;

8) мал айдалатын жолдар, маршруттар, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтары, оларды бiрдейлендiрудiң рәсiмдерi мен нысандары;

9) ветеринариялық есеппен есептiлiк жөнiндегi құжаттама, ветеринариялық куәлiк, ветеринариялық анықтама, ветеринариялық-санитариялық қорытынды, сараптама актiсi, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өндiру, дайындау (сою), сақтау және өңдеу жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттама мен ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк құжаттамалар.

16-бап. Бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторлар мен олардың орынбасарларының құзыретi

17-бап. Ветеринариялық инспекторлардың құқықтары

18-бап. Ветеринариялық инспекторлардың актiлерi

19-бап. Ветеринариялық инспекторлардың тәуелсiздiгi

Ветеринариялық инспекторлар өз қызметiнде тәуелсiз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады.

20-бап. Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау

21-бап. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiндегi мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау

22-бап. Базарлардағы мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау

23-бап. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өндiру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткiзу жөнiндегi ұйымдарда мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау

24-бап. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптiк қоспалар айналысын мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау

4-тарау. Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою

25-бап. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөнiндегi мiндеттерi

26-бап. Ветеринариялық iс-шаралар

27-бап. Шектеу iс-шаралары және карантин

28-бап. Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры

29-бап. Ветеринариялық нормативтер

30-бап. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi алып қою, жою, залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу

31-бап. Азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау

32-бап. Ауыл шаруашылық жануарларын, базарларды, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өндiру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткiзу жөнiндегi ұйымдарды бiрдейлендiру

5-тарау. Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер және ветеринария мамандарын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызмет

33-бап. Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер

34-бап. Ветеринария мамандарын даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру

6-тарау. Ветеринарияны қаржыландыру және ветеринария туралызаңдарды бұзғаны үшін жауаптылық

35-бап. Ветеринарияны қаржыландыру көздерi

36-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

37-бап. Осы заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

Осы Заң ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негiздерiн айқындайды, ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптiк қоспалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған.

2.2 Қазақстандағы ветеринариялық қызметтің құрлымы

Республикамыздағы ветеринария қызметі бірегей мақсатпен арнайы қызмет атқарушы органдар, мекемелер, ұйымдар және қызметтер жүйесінен тұрады. Олар ветеринариялық қызметті тікелей атқарушы және оған тиісті жағдай туғызып, қамтамасыз етуші болып екі топқа бөлінеді

Ветеринариялық қызметті атқарушы ұйымдар, мекемелер және мамандар

Ветеринариялық қызметті қамтамасыз етуші ұйымдар және мекемелер

 

 

 

 

Статистикалық деректер бойынша ветеринария мамандарының 80% астамы бірінші топтағы ұйымдармен мекемелерде істейді. Бұл мамандар тікелей мал шаруашылығында және сонымен өндірістік байланысы бар кәсіпорындарда, көлікте, сауда саттық жүйесінде ветеринариялық қызмет атқарады. Бұл топқа мемлекеттік және жеке меншік ветеринариялық қызметтер кіреді.

Екінші топтағы ұйымдар мен мекемелерге жататындар:

— ветеринариялық ғылыми зерттеу институттары, станциялары, лабораториялары;

— биопрепараттар өндіруші кәсіпорындары, лабораториялары, дәрі дәрмек, құрал жабдық шығаратын кәсіпорындар және олардың өнімдерін тұтынушыға жеткізуші зооветжабдықтау жүйесі;

— жоғары және арнаулы орта білім беруші ветеринариялық медицина оқу орындары.

Осы топтағы мекемелер мен кәсіпорындар ветеринарияның дамуына, талапқа сай жұмысын атқаруға зор ықпалын тигізеді. Шынында да ғылыми зерттеу ветеринариялық шараларды табуға, жетілдіруге мүмкіндік береді; оқу орындары мамандар даярлайды; кәсіпорындар препараттар мен құрал жабдықтарды өндіреді. Олардың жұмысы ветеринарияны ғылыми және материалдық техникалық жағынан қамтамасыз етуге бағытталған.

Еліміздің ветеринариялық жүйесі мемлекет тарапынан құрылады. Сондықтан барлық ветеринариялық органдар, мекемелер мемлекеттік ветеринарияға жатады. Олардың барлығы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесіне кіреді.

Мемлекеттік ветеринарияға ерекше міндеттер жүктелген, арнайы құқықтар берілген. Сондықтан ол ветеринариялық шараларды жоспарлауда, ұйымдастыруда жетекші роль атқарады. Ветеринария саласында мемлекеттік саясат жүргізіп, оның мүддесін қорғайды. Мемлекеттік ветеринарияның мамандарды сұрыптап, тиісті орындарға тағайындауға, қаражат қорларын шоғырландырып, эпизоотиямен күрестің шешуші бағыттарына жұмсауға құқы бар. Сауықтыру шараларын нәтижелі жүргізу үшін және ветеринариялық препараттарды өндіру, жарамдылығы мен сапасын анықтауға ғылыми мүмкіншілікті пайдаланып, білікті ғылым қызметкерлерін тартуға құқықты.

Ветеринариялық қызмет еліміздегі әкімшілік аумақтық бөліну принципіне сәйкес ұйымдастырылған. Сондықтан, оның әр сатысы өз құзыры жүретін аймақтағы барлық ветеринариялық нысандарда, ведмостволық бағыныштылығына қарамастан, тиісті міндеттерін атқарады. Бірақ, тасымалдау жүйесіндегі және шекарадағы ветеринариялық бақылау қызметтері тікелей Республикалық Ветеринариялық бақылау Комитетіне бағынады.

Мемлекеттік ветеринариялық қызметтің ұйымдастырылу құрлымының схемасы (2-сурет) төменде көрсетілген. Оның басты органы – Ауыл шаруашылығы министрлігінің малшаруашылығын өркендету және ветеринариялық қауіпсіздік департементі. Осы департаментке барлық республикалық, облыстық, қалалық, аудандық мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар бағынышты болады.

Елімізде жекеменшік кәсіпкерлік ветеринария нарыққа өтпелі кезеңде заман талабы бойынша туындады. Ветеринариялық қызметтің бұл түріне жекеменшік әдісімен қызмет етуші дәрігерлер, ветфельдшерлер, препараттар мен мүліктер өндіруші шағын кәсіпорындар, кооперативтер, серіктестіктер, бірлестіктер, сондай ақ лабораториялар және т.б. жатады.

Жекеменшік кәсіпкерлік қызметветеринарияны басқарушы мемлекеттік органдардың рұқсатымен (лицензиясымен) тиісті әкімшілік аумақта жұмыс істейді. Оларға ҚР «Ветеринария туралы заңы» бойынша ауырған малдарды емдеуге, аурулардың алдын алу шараларын жүргізіп, малдың денсаулығы туралы құжаттар беруге рұқсат берілген. Егер жұқпалы аурулардың белгілерін байқаса, мемлекеттік ветеринарияға тез хабар беріп, ауру ошағын жоюға шаралар қолданады, қарантиндік шаралар жүргізуге қатысады.Жекеменшік қызметтің жұмысына мемлекеттік ветеринариялық органдар басшылық етіп, үстінен бақылау жасайды.

Ветеринариялық қызмет өз міндетін атқару үшін қажетті керек жарақпен қамтамасыз етуді, яғни жабдықтауды талап етеді. Бұл ауыл шаруашылығы Министрлігінің негізгі қызметтерінің бірі болып саналады. Ветеринарияны жабдықтауды ұйымдастыру, басқару және бақылау үшін арнайы орган және мекемелер жүйесі құрылған, оны «қаззооветжабдықтау» деп атайды. Жабдықтау көлемі аудандарда, облыстарда және бүкіл республика бойынша жоспарланған ветеринариялық шаралар көлеміне байланысты болады. Негізгі жабдықтау бұйымдарына: биологиялық препараттар, дәрі дәрмектер, залалсыздандырғыш заттар, лабораториялық жабдықтар мен реактивтер, түрлі аспаптар, таңғыш заттар, арнайы киімдер және т.б. жатады.

Қазақстан бойынша ветеринарияда қолданылатын тауарлар өндіруші кәсіпорындар бұрыннан салынбаған. Қазір шприцтер, дәрі дәрмек өндіруші және т.б. ветеринариялық, медициналық өнімдер шығаратын кәсіпорындар ашылуда. Бірақ, негізгі мұқтаждықты өтеу үшін осы кәсіпорындардың өнімдері жеткіліксіз болғандықтан, көпшілік тауарлар алыс жақын шетелдерден сатып алынады.

Ветеринариялық қызметті ғылым тарапынан қамтамасыз ету үшін жалпы бағытта білімі және мамандығы бар ветеринариялық медицина дәрігерлерін ҚазҰАУ, Астана аграрлық университеті, Семей университеті, Батыс Қазақстан агроуниверситеті және Қостанай ауылшаруашылық университеті дайындайды. Ветеринариялық фельдшерлерді даярлайтын арнаулы орта оқу орындарына; Тараз, Талдықорған, Қапланбек, Қарқаралы зооветеринариялық колледждері, Орал, Новопокров, Қызылорда, Қостанай аграрлық колледждері және т.б. заман талабына сай қайта жабдықталуда.

Республикамыздағы ветеринария саласының жетекші ғылыми мекемелеріне ҚР Ұлттық аграрлық ғылыми зерттеу орталығы, ҚР Ұлттық биотехнология орталығы, ҚР Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми зерттеу институты (бұрынғы НИСХИ), Қазақ ветеринариялық ғылыми зерттеу институты және т.б. жатады. Осы аталған ғылыми зерттеу орталықтары мен институттары еліміздің биологиялық және ветеринариялық қауіпсіздігін, ветеринария саласының дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Қазақстандағы ветеринария ғылымы бойынша бекітілген мамандықтарына жататындар:

16.00.01 – фармакология, токсикология, малдың ішкі жұқпайтын аурулары және диагнозын қою;

16.00.02 – морфология, физиология және патология;

16.00.03 – ветеринариялық микробиология, иммунология, эпизоотология және малдың инфекциялық аурулары;

16.00.05 – ветеринариялық хирургия, акушерлік гинекология және малды қолдан ұрықтандыру;

16.00.06 – ветеринариялық санитария, зоогигиена, ветеринариялық санитариялық сараптау және мал өнімдерін өңдеу гигиенасы;

16.00.09 – ветеринариялық паразитология және малдың инвазиялық аурулары.

Осындай салалар бойынша ветеринариялық ғылым кадрлары аспирантура және докторантура немес өз бетімен ізденіс жүргізу арқылы дайындалатын. Бірақ, бұл жүйе 2010 жылдан бастап күшін жойып, елімізде соңғы жылдары ветеринариялық ғалымдарды даярлаудың жаңа моделі еңгізіліп, сол бойынша магистратура және РҺD-докторларын даярлау жолға қойылды.

 

2.3 Ветеринариялық қызметті халықаралық талаптармен үйлестіру

Қазіргі кезде жер жүзіндегі мемлекеттер арасында саяси экономикалық байланыстар жете дамыған. Соған байланысты ветеринария қызметі көлемінде де жан жақты қарым қатынастар жасалады. Бұл байланыстардың негізгі мақсаты – ветеринариялық қызметтің ойдағыдай болуы, адамдардың денсаулығын сақтау, мемлекетаралық шекаралар арқылы қауіпті аурулардың таралуына жол бермеу болып табылады. Осындай мақсаттарға жету үшін және де мемлекеттер арасында жұқпалы аурулармен күресудің үздік тәжірибесімен алмасу, ветеринариялық қызметті ұйымдастырудың кемелді үлгілерін насихаттау да жатады.

Сондықтан, біздің еліміздің де дүниежүзілік немесе халықаралық ветеринариялық бірлестіктер мен ұйымдарға енуінің зор маңызы бар. Оларға жататындар: Дүниежүзілік ветеринариялық бірлестік, Жануарлар денсаулығын сақтаудың халықаралық бюросы (OIE), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ-ның азық түлік және ауылшаруашылығы ұйымы және т.б. халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер.

Дүниежүзілік ветеринариялық бірлестік (ДВБ) – үкімет билігінен тәуелсіз, ветеринария мамандарының халықаралық кәсіби ұйымы. Оның негізгі мекен жайы Швейцарияның Женева қаласында орналасқан. Қазіргі кезде бұл ұйымға көптеген елдер мүше. Бұл ұйымның негізгі атқаратын міндеті:

— ұлттық ветеринариялық бірлестіктер арасындағы қатынастарды кеңейту;

— дүниежүзілік ветеринариялық конгресті ұйымдастыру және өткізу;

— ветеринариялық ғылым мен тәжірибе жөнінде ақпарат алмасу;

— ветеринариялық білімді жетілдіру;

— ветеринариялық мамандардың әлеуметтік жағдайларын нығайту;

— ветеринариялық бірлестіктің мақсатымен ұласатын ұйымдармен байланыс орнату.

Дүниежүзілік ветеринариялық конгресті ДВБ тұрақты комитеті 4 жылда бір рет өткізіп тұрады. Конгресте қаралған негізгі мәселелерге адамзатты азық түлікпен қамтамасыз етуде ветеринарияның атқаратын қызметі; мал мен адамға ортақ аурулармен күресу мәселелері; тропикалық аймақтағы ветеринарияның міндеті; экология және жануарларды қорғау және т.б. жатады.

Конгресс жұмысына Қазақстаннан келген үлкен делегация қатынасты, олардың ішінде белгілі ғалымдар және мемлекеттік ветеринария өкілдері болды.

Қазақстан халықаралық тасымал кезіндегі жануарларды қорғау туралы Еуропа конвенциясына мүше болып табылады. Конвенция 1968 жылы 13 желтоқсанда Еуропа кеңесіне мүше мемлекеттердің қатысуымен жануарларды тасымалдау кезінде азап шегуден қорғау жөніндегі жалпы ережелер жиынтығы ретінде қабылданып қол қойған.

Париж қаласында 1921 жылы 42 елдің өкілдері қатынасқан халықаралық конференция өткізілді. Ол эпизоотиялық жағдайды қарады, әсіресе сиыр обасы, аусыл, киеңкі сияқты ауруларға байланысты қалыптасқан жағдайға көп көңіл бөлді. Конференция жұқпалы аурулармен күресу үшін келісімді түрде тәжірибе мен ақпарат алмасу қажет деп тауып, халықаралық эпизоотиялық қызмет (OIE) құруға шешім қабылдады. Оның тұрақты кеңсесі Париж қаласы белгіленді. Халықаралық эпизоотиялық қызметті қаржыландыру мәселесін келісімге қол қойған мемлекеттер төлейтін мүшелік жарналар есебінен шешеді. OIE жер жүзіндегі барлық елдердің ветеринариялық қызметті ұйымдастыруға және басқаруға жауапты мекемелермен ғылыми техникалық байланыста болады. Бюро мемлекеттердің әкімшілік әрекетіне араласпайды және ешбір елдің өкімет органына тәуелді емес.

Қазіргі кезде OIE әлемдегі ветеринариялық ұйымдардың ішіндегі ең беделдісі, сонымен қатар басқа да халықаралық ұйымдармен тұрақты байланыс жасайды. Бұл ұйымның негізгі мақсаты:

— малдардың жұқпалы ауруларын зерттеулерді бағыттау, үйлестіру, сол туралы ақпарат алмасу;

— эпизоотиялар жайында және олармен күрес шаралары туралы әр елдің ветеринария органдары мен өкімет орындарына ақпарат беріп отыру;

— ветеринариялық санитариялық бақылауға байланысты халықаралық келісімдер мен шарттарды талқылау, сараптау.

OIE материалдары барлық елдердің дүниежүзіндегі эпизоотиялық жағдайларымен хабардар болуы үшін бірден бір ақпарат көзі болып табылады. Бұл деректерді пайдаланып, әрбір ел, өз жерін жұқпалы аурулардан қорғау, экспорттық импорттық алмасу операцияларын реттеу шараларын ұйымдастыруға, шет елдермен конвенциялық келісімдер жасауға, ғалымдар арасында байланыс жасауға мүмкіндік алады.

Қазақстан осы аталған халықаралық ұйымдармен тікелей байланыста, әрі бірден бір мүшесі болғандықтан еліміздегі ветеринариялық қызметтердің талаптарын осы ұйымдардың талаптарымен үйлестіруге тырысады.

2.4 Жануарлар денсаулығын қорғаудың халықаралық ұйымының (OIE) аурулар тізімі және оның принципімен кіретін аурулар

OIE малдың жұқпалы ауруларын үш топқа жіктеген; «А» тізімінде 15 ауру, «В» тізімінде 40 ауру, «С» тізімінде 68 ауру топтастырылған. Бірақ OIE 2005 жылы ауруларды жаңа категорияларға жіктеді:

— Бірнеше түлікке ортақ аурулар: топалаң, Ауески, эхиноккоз, лептоспироз, құтырық, паратуберкулез, гдроперикардит, трихинеллез, аусыл, везикулалық стоматит, оба, қойдың катарлы қызбасы, Рифт даласының қызбасы, жапон энцефалиті, туляремия.

— Сиырдың аурулары: бруцеллез, кампилобактериоз, туберкулез, лейкоз, жұқпалы ринотрахеит, трихомоноз, анаплазмоз, бабезиоз, цестицеркоз, дерматофилез, тейлериоз, геморрагиялық септицемия, кеуекті энцефалопатия, түйінді дерматит, жұғымтал плевропневмониясы және т.б.

— қой мен ешкі аурулары: эпидедимет, бруцеллез, жұқпалы агалактия, кебенек, меди весна, жұқпалы плеврипневмония, хламидиоз, скрепи, ұсақ күйістілер обасы, қой мен ешкі шешегі т.б.

— жылқы аурулары: инфекциялық метрит, киеңкі, делбе, жұқпалы анемия, тұмау, пироплазмоз, ринопневмония, маңқа, жылқы шешегі, вирустық диария, қотыр, венэсуела энцефалиті, індетті лимфангит, африкалық обасы және т.б.

— шошқа аурулары: атропиялық ринит, бруцеллез, энцефаломиелит, трансмиссиялық гастроэнтерит, кәдімгі обасы, африкалық обасы және т.б.

— құстар аурулары: жұқпалы бурсит, Марек ауруы, микоплазмоз, хламидиоз, пуллороз, инфекциялық бронхит, инфекциялық ларинготрахеит, туберкулез, вирустық гепатит, үйректің вирустық энтериті, пастереллез, аса зардапты тұмауы, Ньюкасл ауруы және т.б.

— қоян аурулары: миксоматоз, қоянның вирустық геморрагиялық ауруы және т.б.

— ара аурулары: америкалық шіріме, еуропалық шіріме, варроатоз және т.б.

— приматтар аурулары: гепатит В, туберкулез және т.б.

1-кесте OIE-нің жұқпалы ауруларды жаңадан тізімдеу кезіндегі ұстанған негізгі критерийлері

Негізгі критерийлер (өлшемдер)

Параметрлері

(тек бір ғана жауап критерийлердің орындалуын көрсетеді)

Мемлекет арасында таралуы Мемлекет осы аурудан сау деп саналған ба?

НЕМЕСЕ

Ауруға бейім жануарлар популяциясы бар мемлекеттер бар ма (жер кодексіне сәйкес)?

НЕМЕСЕ

OIE-нің жылдық есебі бойынша осы аурулардан соңғы жылдары сау мемлекеттер саны басым ба?

Популяциялар арасында кең таралуы Мемлекет немесе аймақ шеңберінде өлім деңгейі осы ауруға байланысты ма?

НЕМЕСЕ

Мемлекет немесе аймақ шеңберінде ауруға шалдығу деңгейі осы ауруға байланысты ма?

Зоонотикалық потенциялы Адамға берілуі дәлелденген бе (ғылыми эксперименттен басқа)?

ЖӘНЕ

Жұққанда адамдарды ауыр жағдайға (өлім, созылмалы түрде ауыру) душар ете ме?

Эмергентті аурулар Аурудың жылдам таралуы (зоонотикалық потенциалдарымен) байқала ма?

Осы 1-кестедегі критерийлер бойынша 2-кестеде көрсетілген схемадағы шешімдер қабылданады.

2-кесте Шешім қабылдау негізі

ЭМЕРГЕНТТІ АУРУЛАР (ауру қоздырушысы жаңадан ашылған немесе бұрын белгілі, бірақ жаңадан басқа түрде байқалған аурулар).

Аурудың жылдам таралуы (зоонотикалық потенциялдарымен) байқала ма?

МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ТАРАЛУЫ

— малдан малға, адамға берілуі минимум 3 рет расталған ба? НЕМЕСЕ

— ауруға бейім жануарлар бар 3 мемлекет бұл аурудан таза деп саналды ма (жер кодексі қосымшасының 3.8.1 пунктіне сәйкес)? НЕМЕСЕ

— бейім жануарлары бар минимум 3 мемлекет індеттен сау деп хабарлаған ба (ОІЕ-нің жылдық есебі бойынша)?

АЛЫП ТАСТАУ

ҚОСУ

ҚОСУ

АЛЫП ТАСТАУ

 III ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан Республикасы ОІЕ-ге 1993 жылдан бері мүше болып табылады. Осы ұйымның талаптарына сай жұмыс істеуінің нәтижесінде Қазақстан көптеген аурулардың алдын алуда көптеген жетістіктерге жетуде. 2008-2009 жылдары Ақмола, Актөбе, Алматы, Шығыс-Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Карағанды, Қостанай, Қызылорда, Манғыстау, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында 11 облыстық және Павлодар облысы Качир ауданында 1 аудандық зертхана салынып халықаралық стандартқа сәйкес жабдықталды. Жергілікті атқару органдары құзырындағы мал басын бірдейлендіру, мал сою орындарын салу, иесіз иттердің көзін жою іс шаралары қадағалануда.

IV ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Ахметсадықов Н.Н және т.б. // Ветеринария негіздері/ Алматы, 2010. -335 бет

2. Бияшев Қ.Б. және т.б.// Ветеринария ісін ұйымдастыру/ Алматы, 1999. -167 бет

3. Жексембиев Д.Б. // Мемлекеттегі шекара мен көліктегі ветеринариялық санитариялық бақылау/ Алматы, 2005. -366 бет

4. Сайдулдин Т. // Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары/ Алматы, 2009. -518 бет.

5. Қасымов Е.И. // Індеттану және инфекциялық аурулармен күрес шаралары/ Алматы, 2009. -272 бет.

6. Санитарный кодекс наземных животных //МЭБ, 2005г.

7. Ахметов Ж.А. // Ветеринария в период экономических реформ/ Сборн. Науч. Статей межд. Науч. Практ. Конф. «Ветеринарная наука в период экономических реформ» посвящ. 120-летию академика К.И. Скрябина/ Астана, 1999. –С. 187-191

8. www.minagri.kz
Тағы рефераттар