ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ 7
1.1 Қой етінің химиялық құрамы 7
1.2 Әртүрлі жағдайлардағы етті сараптау және оның сапасына тигізетін әсері
1.3 Ет сапасына қойылатын талаптар және ұшаны жеке саудаға сорт бойынша бөлшектеу
2. ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ
2.1 Материалдар мен зерттеу әдістері
2.2.1 Еттен сынама алу тәртібі
2.2.2 Етті сезімдік зерттеу
2.2.3 Етті биохимиялық талдау
2.3 Зерттеу нәтижелері мен оны талдау
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҰСЫНЫСТАР
5. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
6. ҚОСЫМШАЛАР

1. Кіріспе

Егемендік алғаннан кейін жылдары елімізде ауыл шаруашылығына деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, жаңа тың реформаларды қалаптастырып келеді. Нарық заманында арзан азық–түлікті жоғарғы өнім беретін асыл тұқымдарынсыз мүмкін болмай отыр. Ендігі кезеңде Қазақстанның Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіруге тілек білдіруі халықаралық жаңа сапа стандарттарына сәйкес өнім өндіруге барша өнім өндірушілерге жаңаша талап қойып отыр.

Қазіргі таңда елбасымыздың тікелей қолдауымен ауылшаруашылығына деген көзқарас біршама деңгейге жақсарып келеді. Оған себеп 2002-2005 жылдар аралығы  ауыл  жылдары болып аталып елді-мекендердегі халықтың әл-ауқаты дұрысталып қалды. Ауылшаруашылығының негізгі салаларының бірі мал шаруашылығы үкімет тарпынан қолдаудың арқасында, яғни мал бастарын асылдандыру құрып кете жаздаған Кеңес үкіметі кезінде ғалымдарымыз қажырлы еңбегінің арқасында дүниеге келген асыл тұқымды малдардың басын сақтап қалу, одан әрі санын көбетуде мүмкіндік туды.

Ауыл шаруашылығын нығайту мақсатында ел басымыздың қолдауымен көптеген шаралар кешенін ұйымдастыру көзделген. Осы мақсатқа жету үщін ветеринария саласының алатын орыны өте зор. Ол үшін мал басын көбейтіп, өнімділікті жоғарлату, аурулардың алдын-алып, емдеу тәрізді ветеринариялық жұмыстарды ұйымдастыру қажет.

Мал өнiмдерiн арттыруға мал азығының жетiспеуі және әр түрлi аурулар үлкен  зиян   келтiруде.   Тек қана мал өлiмiн азайту,   мал  өнiмдерiн көбейтуде үлкен табыс көзi болатын төмендегi мысалдан көруге болады. Қазақстанда 1990 жылы 1966 мың iрi қара, 39 мың жылқы, 28866 мың қой ешкi өлiм жiтiмге ұшыраса, 1991 жылы бұл көрсеткiштер тиiсiнше 206641, 31266 мың бас болды.

Экономиканың бұл секторының маңыздылық бағасы Республика Президенті Н. Назарбаевтың «2003 жылдың ішкі және сыргқы саясатының негізгі бағыттары», — деген халыққа арналған Жолдауында көрсетілген.

Бұған дәлел Республика Президентінің Жарлығымен бекітілген, салалардың даму басымдыктары мен негізгі бағыттары дәл көрсетілген Қазақстан Республикасының аграрлық азық-түлік бағдарламасы.

Ауылды әрі қарай өркендету агробизнестің қолайлы құрылымын жасаумен және ауыл шаруашылық өндіріс маркетингімен тығыз байланысқан жаңа көзқарасты талап етеді. Агроөнеркәсіп кешенінің ерекшелігі, азық-түлік қауіпсіздікті   қамтамасыз   ету   мемлекеттік   басқаруды   және   мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді.

Ауыл шаруашылығын дамуында қалыптасқан жағдайды ескере отырып, облыс     халқының   азық-түлік    мұқтажын     мейлінше     қанағаттандыру, өндірілетін онімнің жоғарғы сапасын қамтамасыз етіп, бәсекеге қабілеттігін арттыру  үшін, агроөнеркәсіптік  кешенінін тиімді жүйесін  қалыптастыру мақсатында   облыс   бойыпша   2003-2005   жылдарға   аграрлық   азық-түлік бағдарламасы жасалды.

Қазiргi кездегi фермерлiк, жеке шаруашылықтардың өркендеуiне байланысты, келешекте ет өндiрiсiн  шикiзатпен қамтамасыз етуде, олардың үлес салмағы да жоғары болмақшы. Соңғы жылдары мал басының бiршама кемуiне қарамастан Қазақстанда, ет және де басқа мал өнiмдерiн өндiрудiң мүмкiншiлiгi зор.

Ветеринарияның негізгі мақсаты мал шаруашылығының ветеринарлық-санитарлық сәттілігін сақтау, одан сапасы жоғары өнімдермен шикі затты өнімдерді қамтамасыз ету. Осы аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін 2002 жылы «Ветеринария туралы заңы» бекітілді.

Өндірістік тәжірибиеде ветеринарлық — санитарлық сараптау мамандары ғылыми жетістіктер, тәсілдер мен ережелердің технологиялық және сауда тұтыну үрдісіне енуінде бақылаушы болып табылады.

Ветеринарлық-санитарлық сараптаудың әлеуметтік-экономикалық маңызы зор,  атап айтсақ:

— адамдардың денсаулығын сақтауда;

-өндірістік экономикада өнімдерді консервілеуде, сақтауда, тасымалдауда және сатуда;

-қоғамдағы жалпы экономикалық мәселелерді шешуде.

Жануар текті өнімді ветеринарлық – санитарлық сараптау оларды өндіргенде, барлық өңдеу сатыларында, тасымалдағанда, сақтағанда және реализация жасағанда өткізеді.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Орал қаласының «Мирлан» базарындағы  ЖШС  «Қараөзен» ветеринарлық санитарлық сараптау зертханасына келіп түскен қой етін ветеринарлық санитарлық сараптау болып табылады.

Осы мақсатты орындау үшін келесі міндеттер  қойылды:

— «Мирлан» базарына күнделікті келіп түсетін қой етін нормативті құжаттары бойынша қабылдау;

— қой етінен сынамалар алып, оны сезімдік және зертханалық тәсілдермен зерттеулер өткізу;

— сезімдік және зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша қой ұшасы мен ішкі ағзаларына ветеринариялық санитариялық бағалауын беру.

  Дипломдық жұмыс / 45 бет
Тағы рефераттар