КІРІСПЕ

I. НЕГІЗГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СОТ МЕКЕМЕСІ РЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ
1.1. Халықаралық қылмыстық соттық қалыпты суы мен даму тарихы
1.2. Халықаралық қылмыстық соттың құқықтық мәртебесінің мазмұны

II. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТТЫҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ НЕГІЗГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
2.1. Халықаралық қылмыстық соттың ашылуы
2.2. Халықаралық қылмыстық соттың құрамы мен құрылымы
2.3 Халықаралық қылмыстық соттың юрисдикциясына жататын қылмыстардың құрамы

III. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІК СОТ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ
3.1. Кейбір мемлекеттердің халықаралық қылмыстық соттың юрисдикциясын мойындау мәселелері
3.2. Халықаралық қылмыстық сот қызметінде қорғаумен қамтамысыз ету мәселелері
3.3. Халықаралық қылмыстық соттың қызмет етуінің болашағы

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Халықаралық қылмыстық сот 1998 жылы Римде халықаралық дипломатиялық конференцияда құрылған жаңа ұйым болып табылатындығында. Осыған байланысты соттың өзінде, сондай-ақ халықаралық қылмыстық сот мәртебесі арқылы анықталатын оның құрылу құжаттарында да бірқатар кемшіліктер бар.

Бұл кемшіліктер соттың халықаралық мәртебесін және құқықтық табиғатын анықтауға кедергі жасайды. Нақты қылмыс үшін нақты санкциялардың болмауы кемшіліктердің бірі болып табылады. Бұл сот қызметін біршама қиындатады. Өйткені, жазаны сот емес, заң белгілеуі керек.

Келесі бір кемшілік статус сотталушыға қорғаушының болуын қарастырғанымен, бірақ қорғаушы болып кім шығатынын, оларды белгілеу процесі қандай және олар қандай органнан болатынын анықтамағанында. Бұл да халықаралық қылмыстық сот қызметін қиындатады, өйткені процесс барысында тараптардың тереңдігінің бұзылуына және адамның қорғалуға жалпы құқығының бұзылуына әкеледі. Бірақ, жоғарыда аталған кемшіліктерді бірқатар түзетулер енгізу арқылы жоюға болса, келесі проблеманы басқаша шешу керек. Өйткені халықаралық қылмыстық соттың құқықтық мәртебесін, оның юридикциясын барлық мемлекеттер мойындай бермейді. Мұндай мемлекеттер көп болмағанмен, олар өз территориясы мен азаматтары шеңберінде соттың құқығын тарылтады. Сондай-ақ мұндай елдердің қатарына АҚШ жататынын ескеру керек, бірден-бір ықпалы зор мемлекет, өзінің ықпалын сотқа қарсы қолданады. Мүмкін соттың әлі күнге дейін өзінің функциясын іске асыра алмауының себебі осы шығар. Осылайша, бірыңғай әмбебап орган болып саналатын халықаралық қылмыстық соттың біршама кемшіліктері бар екенін көреміз, осыған байланысты оның құқықтық мәртебесін зерттеу өзекті әрі қажетті болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі қолданылған әдебиеттерді қарау арқылы көрініс табуы мүмкін. Тақырыпты зерттеу барысында бірқатар материал көздері қолданылды, олардың негізгісі 1998 жылғы 17 шілдедегі халықаралық қылмыстық соттың Рим Статуты және басқа да халықаралық құқықтық актілер. Сондай-ақ, біраз ғылыми жүмыстар қолданылған, атап айтсақ, қазақстандық ғалым М.Б.Қүдайбергеновтің «Жеке түлғалардың халықаралық жауапкершілігі» тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысы. Халықаралық қылмыстық сотқа қатысты бұл жүмыста біршама маңызды мәселелер ашылған. Соттың құрылуы мен қалыптасуына үлкен мән беріледі, сондай-ақ сот қызметі барысындағы проблемаларға тоқталады. Зерттелетін тақырып басқа болғандықтан халықаралық қылмыстық сот мәселесі зерттелетін тақырып шеңберінде ғана қозғалады. Халықаралық қылмыстық сот тақырыбындағы И.П.Блищенко, И.Б.Фисенконың еңбегін ерекше айтуға болады. Бұл жұмыс соттың құрылуына дейін зерттелген, сондықтан оның мазмұнында соттың қүрылуы туралы болжамдар ғана бар.

Сондай-ақ осы мәселеге қатысты біраз ғылыми мақалалар бар. Олардың ішінде И.Б.Фисенконың, А.Б.Медяевтың, В.С.Верещетинаның еңбектері ерекше. Олардың еңбектері тікелей халықаралық қылмыстық сотқа қатысты және соттың құрылуының тарихи алғышарттары мен қызмет ету проблемаларын зерттейді. Профессор Б.Р.Түзмухамедовтың ғылыми мақаласын ерекше атап өту керек. Ол халықаралық қылмыстың сотқа қатысты өз еңбегінің негізі етіп соттың Рим статутының конституциялық емес мүмкіндігін алады. Халықаралық қылмыстық соттың юридикциясы арқылы статут азаматтарды бере алады, бірақ көптеген елдердің конституциясында бұл көрсетілмеген, Түзмүхамедов осыны атап көрсетіп өз қарсылығын білдіреді. Бірақ ол сол елдердің конституциясы егер келісім шарттар болса азаматтарды беруді қарастыратынын және ондай келісім шартқа Халықаралық қылмыстық соттың Рим Статутының жататынын ескермеген.

Сотқа байланысты шетел ғалымдары да үлес қосқан. Олар: Рольф Эйнар Фифе және Уильям Шабас. Американдық ғалым Уильям Шабастың позициясы өте қызықты. Өткені ол соттың қызмет етуіне қарсы елдің өкілі болып табылады. Бірақ өзінің азаматтығына қарамастан ол соттың болуын қолдайды, оның бүкіл әлемдік қауымдастық үшін қажеттілігін мойындайды.

Сондай-ақ жүмыста тақырыпқа тікелей емес жанама қатысты материалдар да қолданылды. Олар: Томиский Н.И. «Международный трибунал», Решетов Ю.А. «Бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы халықаралық қылмыспен күрес» т.б.

Жүмыстың мақсаты — халықаралық және ұлттық құқықтың нақты көздерін, сондай-ақ халықаралық соттар мен доктриналардың шешімдерін халықаралық қылмыстық соттың құқықтық мәртебесін қорытындылау үшін кешенді талдау.

Жалпы мақсатқа мына міндеттер арқылы қол жеткізіледі:

1.        Халықаралық    қылмыстық    соттың    құрылуының    тарихи
алғышарттарын сипаттау;

  1. Салыстырмалы аспектіде Халықаралық қылмыстық сот Статутында
    халықаралық    қылмыстардың    жеке    қылмыстық    жауапкершілігінің
    соттарының бұрынғы жарғыларын талдау;
  2. Халықаралық қылмыстық соттың құқықтық мәртебесіне анықтама
    беру;
  3. Халықаралық қылмыстық соттың маңызын көрсету;
  4. Халықаралық қылмыстық соттың өзекті мәселелерін ашу және шешу
    жолын көрсету;
  5. Халықаралық қылмыстық соттың болашағын айқындау;

Зерттеу объектісі — халықаралық қылмыстық сотты құру жөне қызмет етуі барысындағы қоғамдық қатынастар.

Зерттеу пәні — халықаралық қылмыстық соттың құқықтық мәртебесі.

Жүмысты жазу барысында келесі әдістер қолданылды:

— эмпирико-теоретикалық (анализ, дедукция, модельдеу, тарихи әдіс т.б.);

— теориялық зерттеу әдістері (абстрактылыдан нақтыға көшу); — ғылыми зерттеудің жалпы әдістері.

Қорғауға шығарылатын ережелер:

1.       Халықаралық   қылмыстық   соттың   салыстырмалы   талдауы
нәтижесінде сот мекемелерінің жарғылық актілері бар: Нюрнберг және
Токио бойынша әскери трибуналдардың құрылуы және бүрынғы Югославия
мен Руанда бойынша халықаралық қылмыстық трибуналдардың болуы және
Сырра-Моне   бойынша   арнайы   соттың   болуына   байланысты   біраз
қорытындылар жасалды.

Автордың пікірінше, қылмыстық сот, бұдан бұрын қарастырылғандай жаңаша, бірыңғай, әмбебап және халықаралық қылмысқа баратын жеке түлғалардың қылмыстық жауапкершілігінің тұрақты қызмет ететін сот органы болуы керек. Соттың әмбебаптылығы оның қатысушы мемлекеттердің аумағына, азаматтарына, қылмыстың жасалған уақытына, аумағына және халықаралық қылмыс субъектілерінің азаматтығына байланыссыз юрисдикциясының болуында.

2.      Халықаралық қылмыстық соттың құқықтық мәртебесі,  оның
құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын ғана білдірмейді, сондай-ақ оның
халықаралық қауымдастық үшін маңызын көрсетеді.  Соттың маңызы
мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар соттың халықаралық қылмыспен
күресін    қаншалықты    бағалайтындығында    көрінеді.    Халықаралық
қауымдастықтың Статут арқылы халықаралық сотқа берген уәкілеттігі оның
қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Халықаралық қылмыстық сот
ұлттық    сот    жүйесін    «халықаралық    қылмыстар»    концепциясында
қарастырылғандай орнын баспай тек қана толықтыратындығына қарамастан
халықаралық қылмыстық сотқа халықаралық әділ сот механизмі ретінде
үлкен мән беріледі. Бірақ тәжірибеде байқалғандай, сот қызметіне кедергі
келтірмейді. Өйткені, мемлекет өзінің ұлттық заңдарында тиісті баптары
болғанымен  халықаралық  қылмыс  масштабындағы  мәселелерді  шеше
алмайды. Дегенмен, халықаралық құқықтық тәртіптің орнауына байланысты
халықаралық қылмыстық сотқа үлкен үміт артылады. Өзінің қызметі арқылы
сот әділ сотты іске асырып қана қоймай, белгілі бір мөлшерде жаңа
халықтың алдын алады. Бұл сот органының қызметі халықаралық қауіпсіздік
пен бейбітшілікті қамтамасыз етуге бағытталады.

3.  Халықаралық қылмыстық соттың құқықтық мәртебесінің мазмұнын
ашу барысында соттың құқықтары мен міндеттерінің нақты тізімін құрайтын
нақты баптар мен нормалардың болмауы анықталды. Бұл автордың ойынша,
сот қызметін және оның процесс қатысушыларымен қатынасын қиындатады.
Өйткені процеске қатысушылардың көбі заң жағынан сауатсыз болып келеді,
сондықтан статутты талдау барысында олар құқықтары мен міндеттерге
қатысты нақты қорытындылар жасай алмайды, солайша олар мұндай сотта
өздерін   қалай   ұстауды   білмейді.   Бүл   өз   кезегінде   олардың   жеке
құқықтарының бұзылуына әкеледі, ал бұған жол беруге болмайды.

4.   Бүл тақырыпты зерттеу барысында халықаралық қылмыстық соттың
жарғылық   қүжаттарында   да, ‘ олардың   практикалық   қызметінде   де проблемалық аспектілер ашылды. Атап айтсақ, кейбір мемлекеттердің соттың юрисдикциясын мойындамауы, сотта күдіктінің қорғалуын қамтамасыз ететін тиісті құқықтық базаның болмауы және т.б. Осы аталған проблемалар аталған кемшіліктерді жоятындай тағы бір халықаралық конференцияның қажеттігін көрсетеді. Статут мүндай мүмкіндікті қарастырған, сондықтан Статуттың заңды күшіне енуінен кейін жеті жылдан кейін шолу бойынша конференцияның қажеттілігін көрсеткен.

Жүмыстың теориялық маңызы қорытындылар мен нәтижелерді халықаралық қылмыстық соттың Статутын жетілдіруге қолдануға болатындығында.

Жүмыстың практикалық маңызы қорытындылар мен нәтижелерді ары қарай оқу процесінде қолдануға болатындығында.

Жүмыстың апробациясы. Бүл тақырып бойынша бірқатар ғылыми мақалалар жазылған:

1.      Халықаралық   қылмыстық   сот   халықаралық   жауапкершілік
саласында жаңа сот органы ретінде тақырыбына мақала «Вестник КазГУ»
журналының   «Халықаралық   қатынастар   және   халықаралық   құқық»
сериясының 1(9) — 2003 ж. — с.68-70 жарық көрген.

2.    Халықаралық қылмыстық сот қызметінде қорғалумен қамтамасыз
ету  проблемасы  тақырыбына  Ұлттық университеттің  70  жылдығына
арналған ғылыми-теориялық конференцияның жинағында 28.11.2003 жылы
жарық көрген.

3.       «Халықаралық   қылмыстық   сот   юрисдикциясын   мойындау
проблемасы» тақырыбына мақала оқу орындары аралық конференцияның
жинағында 2004 жылы жарық көрген.

Жүмыстың құрылымы. Жүмыс 3 бөлімнен түрады, олар 3 бөлімге бөлінеді. Бөлімдердің орналасуы зерттеу тақырыбының жалпыдан жекеге өтуі арқылы көрінеді және жұмыстың негізгі бөлімін құрайды. Негізгі бөлімнен бөлек кіріспе, қорытынды және әдебиеттер тізімі бар. Жалпы алғанда жүмыс 77 беттен тұрады.

 Дипломдық жұмыс / 50 бет
Тағы рефераттар