ХVІІ ғасырда Еуропада «таза туризм» формасы пайда болды. Бұл, К.Либеренің айтуынша, танымдық, емдік немесе демалыс мақсаттарында саяхаттаушы тұлғаларды қамтиды. Оған қоса Еуропада діни сенімге байланысты миграциялар мен көпестердің саяхаттары белгіленіп отырды.

Бұл кезеңде адамдар үшін көлік түрі экипаждар болып, саяхатшыларға жағдай жасау мақсатымен әрдайым дамытылып, жақсартылып отырды.

Қысқа мерзім ішінде көліктік қызметтің көптеген түрлері пайда болып, жолдардың техникалық жағдайы жақсартыла берді.

Жолдар мен көлік құралдарының дамуы туристік миграциялардың географиялық шектерінің ұлғая түсуіне әкеліп соқты. Италияда дәстүрлі орталықтар- Рим, Венеция, Флоренция және Падуямен қатар, ХVІІІ  ғасырда Неапольға да келушілердің саны күрт өсті.

Еуропадағы ең алғашқы қонақүйлердің бірі — «4-ші Генрихтің отелі» Нант қаласында 1788 жылы салынды. Оның құрылысына ол кездер үшін ауқымды сома- $17500 қаржы жұмсалды. Қонақ үйде 60 жатылы орын болып, Еуропадағы ең жақсысы болып саналды.

18-ші ғасырлардың шегінде Англиядан еуразиялық континентке жасалатын саяхаттар әдетке айнала бастады. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында бұл қозғалысқа 40 мың адам жыл сайын қатысып отырды. Бұл саяхаттарға, аталғандай-ақ, ауқатты жас ағылшындар білімін толықтыру үшін қатысып, саяхат grand-tour, ал қатысушылар tourist деп аталды.

Бұл атау қысқа мерзім ішінде Флоренцияда, ал кейіннен еуропаның басқа да елдерінде кеңінен тамыр жайды.

Ағылшындардың континентке сапарларымен альпілік туризмнің тарихы егжей-текжейлі байланысты. 1741 жылы ағылшын саяхатшылар тобы экскурсия барысында Женевадан Шамониге дейін жетіп, соңғысы бүкіл Еуропада әйгілі болды.

Бұл кезеңде альпілік туризмнің дамуы Еуропадағы индустриалдану және урбанизация процестерімен тығыз байланыста болды.

ХVІІІ ғасырда Шамониде демалушылардың көп бөлігін қалалар мен өнеркәсіптік орталықтардың, көбіне Греция және Англияның тұрғындары құрады.

ХVІІІ ғасыр Ресей курорттарының дамуының 1-ші кезеңі. Бұл процесті бастаушы Ұлы Петр 1. Ол 1713 жылы бүкіл халықтың алдында минералды сулардың ізделуі керектігін жариялады. Бұл мәселе бойынша 1719 жылы 20 наурызда арнайы жарлық шығып (Дохтырлық ережелер жайындағы жарлық), здравница мекемелерінің заңдық негізіне айналды. Бұл дата Ресей курортарының тарихының басталуы болып саналады.
Тағы рефераттар