Ядролық қауіпсіздік мәселесіндегі  Қазақстанның орны туралы қазақша реферат

Қазақстанның қарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласындағы саясаты халықаралық қауіпсіздікті нығайту, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту, ғаламдық мәселелер мен қақтығыстарды реттеудегі халықаралық ұйымдардың рөлін арттыру жолын ұстанатын сыртқы саяси бағытымен айқындалады.

Қазақстан Республикасы еліміздің таратпау тәртібін ңығайтуға батыл екендігін көрсететін бірнеше нақты қадамдар жасады. Қазақстанның болашақ таратпау саясатының негізін қалаған алғашқы қадам – 1991 жылы КСРО өмір сүріп жатқан кезеңнің өзінде Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы болды.

Загрузка...

1991 жылы Беларусь, Қазақстан, Ресей, Украина басшылары Стратегиялық ядролық күштерге байланысты Алматы декларациясында бұрынға КСРО-ның ядролық арсеналының қызметіне ортақ бақылау орнатудың, ядролық қауіпсіздіктің қажетті деңгейін ұстап тұруда қандай да бір іркілістерге жол бермеудің тетігін айқындады және стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту саласындағы КСРО-ның халықаралық міндеттемелерін ұстанатындығын растады.

1992 жылғы 23 мамырда Лиссабонда осы елдермен АҚШ өкілдері аталған төрт мемлекеттің аумағында орналасқан стратегиялық ядролық күштерге қолданылатын Стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту мен шектеу туралы шарттың ережелерін іске асыруға олардың жауапкершілік аясын нақтылайтын бес жақты Хаттамаға қол қойды. Сонымен қатар, Лиссабон Хаттамасында Беларусь, Украина және Қазақстанның ядролық қаруға ие емес елдер ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылу міндеттемелері тиянақталды.

1994 жылғы 5 желтоқсанда ЕҚЫҰ-ның Будапешт саммитінде ядролық қарусыз мемлекеттер ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) қосылуына байланысты жоғарыда айтылған мемлекеттерге Қауіпсіздік кепілдігін беру туралы Меморандумға Ресей, АҚШ және Ұлыбритания қол қойды. Бұл құжатқа қол қойылу Қазақстанның өз аумағынан ядролық қаруды шығару бойынша өз міндеттемелерін толығымен және бұлжытпай орындағанын халықаралық қоғамдастықтың танығанын білдірді. Кейіннен осы сияқты кепілдіктер Қазақстанға Қытай және Франция тарапынан берілді.

Ядролық арсеналды шығару бойынша өз міндеттемелерін орындай отырып, Қазақстан өз жеріндегі ядролық қарудың инфрақұрылымын жою проблемасымен және бұрынғы әскери өндірістерді азаматтық мақсаттарға көшірумен айналысты. Осы мақсатта Атом энергиясы жөніндегі  халықаралық агенттігінің (МАГАТЭ) аясында ядролық материалдарды бақылау мен есепке алудың, АЭС-ті пайдаланудың, ядролық материалдар мен қондырғылардың физикалық қорғалуының мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру бойынша Қазақстанға техникалық көмек көрсетудің үйлестіру жоспары жасалды. Оған Ұлыбритания, АҚШ, Швеция және Жапония қатысты [4].     

1992 жылы Қазақстанда Қауіпті Бірлесіп Қысқарту бағдарламасы іске асырыла басталды. «Нанна-Лугар бағдарламасы» деп аталатын бұл бағдарлама шеңберінде 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан аумағында қалған ядролық, химиялық және биологиялық қарудың нысандары мен инфрақұрылымдарын жою және залалсыздандыру жөніндегі жобалар кешені, стратегиялық шабуыл қаруының демонтажы, экспорттық бақылау жүйесін құру, қорғаныс өнеркәсібін конверсиялау жүзеге асырылды.

Қазақстанның ЯҚТШ-ға қосылуы еліміздің сыртқы саяси бағытын іске асыруың маңызды кезеңіне айналды. Қазақстан ЯҚТШ-ға мүше бола отырып, осы шартқа сәйкес ядросыз мәртебесіне байланысты міндеттемелерін қатаң ұстанады. ЯҚТШ ядролық қаруды бақылау саласындағы қатысушы мемлекеттерді ядролық қарусыздану бойынша іс-шаралар қабылдауға міндеттейтін бірден-бір көп жақты келісім болып табылады.

Қазақстан ЯҚТШ барлық ядролық және ядросыз мүше мемлекеттердің өз міндеттемелерін орындау арқылы бұлжытпай және кезең-кезеңімен ядролық қарусыздануын қолдайды. Бұл жолдағы алғашқы кезең жарқышақтанушы материалдарды өндіруге бақылау орнату болуға тиіс. Әлемдегі жинақталған байытылған уран мен плутонидің елеулі қоры, сондай-ақ оқтұмсықты жою нәтижелерінде алынатын жарқышақтанушы материалдардың үлкен көлемін таратпау тұрғысынан алғанда қауіпті болып табылады.

1994 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі Агенттіктің (МАГАТЭ) мүшесі болды. ЯҚТШ ережелеріне сәйкес 1994 жылғы 26 шілдеде Алматыда Қазақстан Үкіметі мен МАГАТЭ арасында Кепілдіктер туралы келісімге қол қойылып, ол ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілгеннен кейін, 1995 жылдың 19 маусымында күшіне енді.

Барлық ядролық нысандар МАГАТЭ-нің кепілдігіне алынған және Қазақстанның барлық ядролық қызметі Агенттіктің ережелері мен стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. КСРО тарамай тұрып-ақ, Қазақстан басшылығы, Президент Н.Ә.На­зарбаев Семей ядролық сынақ полигонын жабуды мақсат еткен антиядролық «Невада-Семей» халықтық қозғалысын қолдаған кезде қаланған болатын. 1991 жылдың 29 тамызында, кеңес басшы­лы­ғының айтқанына және КСРО-ның әскери-өнеркәсіптік кешенінің қарсылығына қарамас­тан, Н.Ә.Назарбаев тажал себуші нысанды жабу жөнінде Жарлыққа қол қойды [5,2б.].     Бұл оқиғаның маңызын тану белгісі ретінде полигон жабылған күн Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен Ядро­лық сынақтарға қарсы іс-қимылдың бүкіл­әлемдік күні деп жарияланды.

КСРО тарағаннан кейін Қазақстан әлеуеті жөнінде әлемдегі төртінші ядролық арсеналдың иесі болып қалды, ал ел аумағында биологиялық қаруды өндіру мен сынақтан өткізудің инфра­құрылымдық нысандары және химиялық ке­шен­нің бұрынғы әскери кәсіп­орын­дары сақталған еді. Сол тарихи сәтте Ұлт Көшбасшысы ядролық қаруы бар мемлекеттің күмәнді мәртебесіне малданбады, кеңестік яд­ролық әлеует пен жаппай қы­рып-жою қаруының инфрақұ­рылы­­мынан бас тарту жөнінде стратегиялық таңдауын жасады. 1992 жылдың мамырында Қазақстан Таратпау туралы шартқа ядролық қаруы жоқ ел ретінде қосылу жөнінде міндеттеме алды, ал 1993 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республи­касының Жо­ғар­ғы Кеңесі ол шартты ратификациялады. АҚШ-пен келісім аясында Қазақстанда ядролық, биоло­гиялық және химиялық қарудың инфра­құрылымдары мен нысандарын жою, сондай-ақ бұрынғы әскери өндірістерді азаматтық мақсаттарға конверсиялау жөніндегі жобалар жүзеге асырылды. Тарихтың даму барысы ядролық қарудан бас тарту жөніндегі шешім стратегиялық тұр­ғыдан дәл шешім болғанын және жас тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуында маңызды рөл атқарып, оның толыққанды дамуына қолай­лы жағдайлар жасағанын көрсетіп берді. 1994 жылдың желтоқсанында кейіннен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына ай­налған сол кездегі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесінің Будапешт саммиті кезінде Ұлыбритания, Ресей және АҚШ Қазақ­станның Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа ядролық қарусыз мемлекет ретінде қосы­луына орай Қазақстанға қауіпсіздік кепілдігін беру жөніндегі меморандумға қол қойды, Қазақстанның егемендігін, аумақтық тұтастығын және тәуелсіздігін құрметтеуге міндеттенді. Кейі­нірек мұндай кепілдіктерді Қытай мен Фран­ция да берді. Осыдан кейін ұлттық эконо­микаға ірі көлемді шетел инвестицияларын тартуға мүмкіндік ашылды. 1990-шы жылдарда, 2000-шы жылдардың басында Қазақстан Орталық Азияда ядролық қарудан ада аймақ құру үдерісіне елеулі үлес қосты. Қазақстанның ядролық қарусыз аймақ жөніндегі келіссөздердегі сындарлы ұстанымы­ның нәтижесінде Орталық Азиядағы бес мемлекеттің барлығы 2006 жылғы 8 қыркүйекте Семей қаласында осындай аймақ құру туралы шартқа қол қойды [6, 4б.].      Шартқа қол қоюдың орны ретінде Семейдің таңдалуы Қазақстан халқының ядролық қарусыздану үдерісіне қосқан тарихи үлесін танудың символдық белгісі болды.

Бүгінде Қазақстан бейбіт ядролық өнер­кәсіпті дамыту және әлемдік рынокқа жоғары қосымша құны бар ядролық өніммен шығу бойынша алдына шамшыл жоспар қойып отыр. Осыған байланысты Қазақстанның аталған сала­да­ғы барлық қызметі МАГАТЭ-нің ережелері мен талаптарына қатаң сәйкес негізде жүзеге асырылып отырғанын атап өту қажет. Соңғы жылдары, бүкіләлемдік қарусыздану үдерісінде жалғасып отырған тоқырауды есепке ала келе, Қазақстан Республикасының Пре­зи­денті Н.Ә.Назарбаев бірқатар қағидатты жаңа бастамалармен шықты. Олар мыналар: Жалпыға ортақ ядросыз әлем декларациясын қабылдау, Ядролық державалардың ядролық қаруды қолдану және қолдану қатерінен бас тарту туралы конвенция, Ядролық қаруды жалпыға ортақ тікелей және көлденең таратпау туралы шартқа қол қою, Қазақстанда МАГАТЭ-нің қолдауымен ядролық отынның халықаралық банкін орналас­тыру. 2011 жылдың 12-13 қазанында Алматы мен Семейде өткізілген «Ядросыз әлем үшін» форумы көрсеткеніндей, Қазақстанның жаңа ұсынысы халықаралық деңгейде кең қолдау тапты [7,33-36б.]. Форумда қабылданған ядросыз әлемнің Астана декларациясы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «маңызы жөнінен тарихи шешім қабылдап, Қазақстан Республикасының қуаты жөнінен әлемдегі төртінші ядролық арсеналынан өз еркімен бас тартуы және 20 жыл бұрын әлемдегі аса ірі ядролық сынақ полигондарының бірін жабуы «ядролық қарусызданудың жаһандық үдерісіне зор үлес болып қосылғанын мойындады». Біздің еліміз қарусыздану және ядролық қару қатерін төмендету үдерістеріне белсенді қатыса отырып, ядросыз әлемге қол жеткізу ісіне орасан зор үлес қосуда. Сеул саммиті Қазақстан мен оның Көшбасшысының  ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жаһандық үлесі бүгінде лайықты бағаланып отырғанын және бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін үлгі болып табылатынын айқын көрсетіп берді.

.
Загрузка...

Тағы рефераттар