Янцзы өзені туралы қазақша реферат

Янцзы  өзені Азия өзендерінің  аса  зоры  және  дүние  жүзіндегі  ең  ірі  өзендердің  бірі.  Оның  ұзындығы – 5530 км ,бассейнінің  ауданы – 1726 мың  км,  орташа  су  шығыны  22 000 м3/с – қа  тең.  Янцзы  Тибет  тау  қыратынан  басталып, мұздықтардан  шығатын  көптеген  салалардан  құралады.  Өзен  жоғарғы  ағыс  тұсында  Цзиньшацзян  деп  аталады.  Янцзы  таулардан  шыққан  соң  Қызыл  Бассейн  деп  аталатын  кең  тектоникалық  қазаншұңқырлардың  ішіне енеді, содан  соң  ол  Оңтүстік – Шығыс Қытайдың  біршама  аласа  тауларын  кесіп  өтеді.  Янцзы  көптеген  жоталар  мен массивтерді  тіліп  өтетіндіктен, кеме  қатынасын  өте  қиындататын  табалдырықтар  жасап  ағады.  Ұлы  Қытай  жазығына  шыққаннан  кейін  Янцзы  кей  жерлерде  көл  тәрізді  қолтықтар  құрап  көптеген тарамдарға  бөлінеді.  Бас  арнамен  тармақтар  каналдар  арқылы  қосылатын, мұндай  көлдер  өзен  ағысын  реттеп  отырады.

Олардың  өзі  де  Янцзының  негізгі  арнасы  деңгейіне  тәуелді  болады да, ауқымы  мен пішіні  ылғи  өзгеріп  отырады. Су  тасыған  кезде  кейбір  көлдер  жайдақ  учаскелерге   жайылып,  көлемі  өте  үлкейіп  кетеді.  Янцзы  Шығыс  Қытай  теңізіне  құятын  жерінде  40 жыл шамасында  1 км – дей кеңейетін  атырау  құрайды.

Янцзы  режимі  нағыз  муссондық  емес. Өзен  бүкіл  жыл  бойында  су  шығынының  көптігімен  сипатталынады, ол  жаздағы  муссондық  жаңбырлармен, бастау  маңында  еріген  қар  және  мұз  суымен толығады,  және  төменгі  ағысындағы  оның  режимін  жоғарыда  айтылған  көптеген  көлдер  реттеп  отырады.  Ағыстың  төменгі  бөлігіне  (шамамен  Уху қаласына  дейін)  судың  деңгейіне  толысулар  едәуір  әсер  етеді.  Теңіз  толқындарының   ығыстыруы  әсерінен  су  деңгейі  тәулік  сайын  4,5 м3  көтеріледі, жылдық  орташа  тербеліс  6 м  дейін  жетеді.

Янцзы – Қытайдың  ең  ірі  транспорттык  магистралы.  Ондағы  кеме  қатынасы  Қызыл  Бассейн  шегінде  Ибинь  қаласынан  жоғарырақтан  басталады.  Өзеннің  төменгі  ағысы  бойымен  мұхиттық  кемелер  Ухань  қаласына  дейін  көтеріледі.  1957 жылы  Ухань  қаласы  маңында  Янцзы  үстінен  темір  жол  және  автомобиль  қатынасы  үшін  алғашқы  көпір  салынды.  Янцзы  және  оның  салаларының  сулары  егістіктерді  суару  үшін  кеңінен  падаланылыды.
Тағы рефераттар