Ыбырай Алтынсарин туралы қазақша реферат

Ыбырай Алтынсаринның қазақ әдебиеті тарихындағы орны 

 Әр заман, тарихи әр кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім.Олар елдің мұң – мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзеттік махаббаттын арнаған, туған халқының игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алып отырған. Мұндай азаматтардың игілікті дәстүрлері ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, елдің тарихи, мәдени өміріне елеулі ықпал етіп келген. 

Ы. Алтынсаринбалалар әдебиетінің атасы.

\Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. , Ыбырайдың әдеби туындылары балалар дүниесіне өте жақын. Сондықтан да ол қазақ балалар әдебиетінің атасы деп танылған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қатар, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Оның шығармалары мұғалімдер даярлайтын оқу орындарында кең көлемде оқытылады. Мектеп оқулықтарына енгізілген.

2/»Еңбекпен табылған дәм тәтті»

Ауыр заманда білім алып,ат жалын тартып мінгесін- ақ Ыбырай Алтынсарин білім ұранын көтерді.Елді қорлықтан құтқаратын, игілікке бастайтын тек білім деп есептеді.Бұл ретте ол жалғыз болған жоқ. Байтақ Қазақстанның әр өңірінен ұлт басына төнген қауіпті терең сезініп, ұлттық құлдыраудан құтылудың жолдарын көрсеткендер болды.
Солардың ішінде ұлы Абайдың орны ерекше.
Абай мен Ыбырайдың ақындық,ағартушылық енбектері бірін –бірі толықтырып, үндесіп жатты.Олардың бұл үндестігін терең зерттеп дәлелдеген ғұлама жазушы Мұқтар Әуезов болды.
Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып, өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды.Сол әдеби шығармалары арқылы тіршіліктің өзекті мәселерін көтеруге бет бұрды. Ол қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылрдың бірі болды.Әдебиетке тың тақырыптар әкеліп, озық ойлар негізді. Шиеленіскен тартыстар,соны бейнелер, бұрын болмаған жанрлар арқылы әдебиетті мазмұн жағынан ғана емес, түр жағынан да дамытты.
Оның мазмұнды да мағыналы әсем лирикалық өлеңдері, қысқа да әсерлі әңгімелері қазақ әдебиетінің тарихында өшпес орын алады.

Надандықтың белгісі-
Еш ақылға жарымас…
Жөн білмеген адамға
Қыдыр ата дарымас…
Ыбырай өлендерінің негізгі идеасы
 Әңгімелерін идеясы, еңбекті сүю, қадірлеу, жақсы мінез- құлыққа бағыттау, халқын сүю махаббат- мейірім перзенттік парыз, т.б.

Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы «Қазақ христоматиясы» (1879) ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылыды.Ақын бұл өлеңдерді өз кезінде «Сөз басы» деген атпен алған.Қазір бұл өлеңдер «Кел, балалар,оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар» деген атаулармен мәлім. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттігін көрсетті.Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттай алатын қысқа көлемдегі поэтикалық шығармалардың айрықша ұтымды екенін,әсерін терең сезінді, сенді.Қазақ жастарын білім алуға,мәдениеттің жаңа дәстүрлерінигеруге,бойға сіңіруге шақырды.
«Кел, балалар,оқылық»өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып,білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды.
Ал «өнер- білім бар жұрттар» өлеңінде сол тұстағы ғылым мен техниканың ең басты жаңалықтары толық қамтылып, өнер мен білімгеқолы жеткен халықтың экономикалық жағынан озықтығын әр салада көрсетеді.Ыбырай Алтынсариннің бір алуан өлеңдері әлеуметтік мәселелерге арналған. Бұған «Өсиет өлеңдер», «Әй жігіттер» тәрізді т.б. өлеңдерін атауға болады.Мұндай өлеңдері биік адамгершілік тұрғысынан ұрлық- қарлықты, әділетсіздікті сынап, еңбексіздікті зияндығын көрсетіп, адал- еңбектің адамгершілік мінез- құлығын бейнелейді. Мысалы:
Араз бол, кедей болсаң, ұрлықпенен,
Кете бар, кессе басың, шыңдықпенен.
Қорек тал бейнеттен де, тәңірім жәрдем,
Телмірме бір адамға мұңдықпенен.
Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз
Азған елдің ішінен
Алыс- алыс қашыңыздар
Зияндасты кісіден.
Жақсыны көзден салмаңыздар,
Жақсыдан қапыл қалмаңыздар…

Ыбырай шығармаларының биік шыңы

Ыбырай Алтынсариннің жемісті еңбек етіп, едәуір жақсы шығармалар қалдырған саласының бірі- проза жанры болды.Оның » Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Надандық», «Лұқпан хакім», т.б. бірсыпыра шығармалары қоғамдық өмірдің әр алуан жақтарын суреттеуге арналған. Бұл еңбектерінде жазушы өз дәуірінің елеулі мәселелерін көтере отырып, еңбекші халықтың қоғамдық санасын оятуды, тәрбиелеуді мақсат етеді.
«Бай баласы мен жарлы баласы» — Ыбырай шығармаларының биік шыңы. Ол, біріншіден, озық ойларының жемісі әңгіме оқушысын еңбек етуге, өмірін сырын ұғына түсуге бағыттайды. Үсеннің іс -әрекеттін жазушы сүйсіне жазады. Асан мен Үсенді салыстыра отырып, олардың
адамдық қасиеттерін еңбекке қатысына қарай бағалайды. Бұл әңгімеден сол дәуірден өмір көріністерін, көшпелі тұрмыстың беймаза тірлігін көреміз. Қазақ энциклопедиясы жазушының бұл әңгімесіне орыстың сол кездегі озық ойлы адамдарының көңіл аударғанын Н.Иванов деген журналистің орыс тіліне аударып, «Родник» журналының 1890 жылғы 6-санында жарияланғанын атап көрсетеді

Ыбырай Алтынсаринның қазақ әдебиеті тарихындағы орны.

Қорыта келгенде, ЫбырайАлтынсарин- реалистжазушы, ағартушыпедагог, қазақбалаларәдебиетініңнегізінсалушы, тілтазалығыүшінкүрескер, тұңғышкемеңгер.
Көрнекті әдебиетші ғалым Қ.Жұмалиев өзінің «ХҮІІІ- ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті» деген ғылыми – зерттеу еңбегінде педагог- жазушыға: ХІХ ғасырда қазақ даласынан шығып, орыс, Европа мәдениетіне қолы жеткен оқымысты, халық ағартушылар дәрежесіне көтерілген әрі педагог, әрі ақын- жазушы Ыбырай Алтынсаринның өз халқының келешегі үшін істеген еңбегі зор,»- деп баға береді.
Оның еңбектері жан-жақты зерттеліп, ондаған ғылыми –зерттеу еңбектер жазылған,докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғалды.
Өзінің өнегелі өмірі, тынымсыз ізденісі, жан- жақты таланты арқылы танылған Ыбырай Алтынсарин шығармаларының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны расан зор.

Тағы рефераттар