Өмірі туралы мәлімет. Ыбырай шығармаларының жариялануы, зерттелуі. Ыбырай – ұлы ағартушы, ұстаз-жазушы, ақын, этнограф, аудармашы. Ол – қазақтың ұстаздық-тәлімгерлік (педагогикалық) ұлағатын әлемдік деңгейге көтерген тұлға. Ыбырай шығармаларының философиялық, психологиялық сырлары.

Ыбырай — қазақ мектебіне арналған тұңғыш оқу құралдарының авторы («Киргизская хрестоматия», т.б.).

Ыбырайдың қазақ мектебі үшін ислам дінінің қағидаларын түсіндіретін оқу-құралын жазуы («Шариат-ул-ислам», «Мұсылманшылық тұтқасы»).

Ыбырайдың қазақтың халықтық әдеп-ғұрыптары туралы жазған этнографиялық еңбектері: «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очеркі», «Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу және рған ас беру дәстүрінің очеркі».

Қаақ халқының ауыр тұрмысына арналған мақалалары: «Жұт туралы», «Қазақ даласындағы аштық туралы».

Халық ағарту мәселелері хақындағы көсемсөздік (публицистикалық) мақалалары, хаттары. Оқыту жүйесі негізіндегі әдістемелік еңбектері.

Өлеңдері: оқу-білім, ағарту («Сөз басы», «Өнер-білім бар жұрттар»), адамгершілік тәрбиесі («Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым», «Арыз бол кедей болсаң ұрлықпенен», «Әй, достарым!», «Әй, жігіттер!», озбырлықты, әлеуметтік теңсіздікті сынау, заман зары («Азған елдің хандары», «Азған елдің қожасы», «Азған елдің молдасы», «Береке кеткен елдерде», «Әділдік көрмеген үш төреге айтылған сөз»), табиғат («Жаз», «Өзен») тақырыптары. Ыбырай өлеңдеріндегі реализм – қазақ халқының тұрмыстық халін, өмір мазмұнын көркем тілмен бейнеленуі.

Ы.Алтынсарин әңгімелері – ұстаздық тәлім-тәрбие құралы, қазақ жазба прозасы қалыптасуының бастау негізі. Әңгімелерінің еңбексүйгіштікке, адамгершілікке баулудағы ықпалды қуаттылығы. «Әке мен бала», «Бақша ағаштары», «Жан-жануарлардың жылға дауласқаны», «Бай мен жарлы баласы», «Ұлықпан әкім», «малды пайдаға жарату», «Қыпшақ Сейітқұл», «Таза бұлақ», «Сараңдық пен жинақылық», т.б. әңгімелеріндегі адам тәрбиесіне қатысты философиялық, психологиялық мәселелер. Әңгімелерінде адамның мінез-құлқындағы сан-алуан сапаларды бейнелеу арқылы өмірді мағыналы, саналы мазмұнда өткізуге шақыру.

Ыбырайдың өлеңдері мен әңгімелеріндегі тақырыптық, көркемдік шешім тұрғысындағы үндестік.

Ы.Алтынсариннің аудармалары, Л.Н.Толстой, И.А.Крылов, В.И.Даль. К.Д.Ушинский, И.И.Паульсон шығармаларын аударудағы жазушының өзіндік ерекшелігі. Жеке сөздердің дәлме-дәл мағынасын қуаламай, қазақ халқының ұғымына сай еркін аудармалық үлгіні қолдануы.

Ыбырайдың халық әдебиеті мұраларын жинауы және оларды өзінің ұстаздық жұмысына пайдалануы («Орақ батырдың баласы Әлібек мырзаның бір ханға айтқан сөзі», «Жанақ пен Баланың айтысқаны», «Қобыланды батыр мен Тайбурыл», т.б.).

Ыбырай шығармашылығы – қазақ балалар жазба әдебиетінің қалыптасуындағы шешуші негіз. Ы.Алтынсарин – қазақтың ұлттық даму тарихының ұлы тұлғасы.
Тағы рефераттар