Сабақтың максаты: Жаңа жыл көріністерін бейнелеуге үйрету. Тақырып бойынша композиция құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Жаңа жыл туралы әңгімелер мен ертегі кейіпкерлерін бейнелеу жолдарымен таныстыру.

Сабақтың көрнекілігі: Жаңа жыл көріністері бейнеленген иллюстрациялар, репродукциялар. Кеңістіктегі көріністерді қағаз бетіне бейнелеу әдістері көрсетілген таблицалар.

Сабақтың кезеңдері: бірінші — жыл мезгілдері, қыс көріністері, аңыз, ертегі, әңгіме кейіпкерлері туралы әңгіме; екінші — кеңістік көріністерін қағаз бетіне орналастыру жолдарын таблица арқылы немесе тақтаға салып көрсету; үшінші — оқушылардың өз бетінше жаңа жыл тақырыбына арнап сурет салуы.

Сабақтың барысы: Сабақта бір немесе екі көрініс бейнеленуі мүмкін. Бұл сабақта оқушылар «Елка жанында», «Мектеп ауласындағы жаңа жыл», «Қаладағы жаңа жыл», «Жаңа жыл келді», т.б. тақырыптарды таңдап алуына болады.

Сабақтың түсіңдіру кезеңінде, көріністердің күрделі болмауын, оқушының шамасына сай келуі жағын ескеріп отыру қажет. Кеңістік көріністерін бейнелеу барысыңда жақындағы көріністі үлкен, алыстағыны кіші етіп бейнелеу жөніңде нұсқау көрсетіледі.
Тағы рефераттар