Жастардың девианттық мінез-құлқы: түрлері, ,ерекшеліктері, сипаты туралы қазақша реферат

Девианттық мінез- құлыққа адамның,әлеуметтік топтың сол қоғамдаресми түрде қабылданған немесе қолданылатын нормаларға сәйкес келмейтін қылықтары,іс-әрекеттері жатады.

Әлеуметтік құбылыс ретіндегі девиантты мінез-құлықтың себебіне әлеуметтік теңсіздік, қажеттіліктерді қанағаттандырудың шынайы мүмкіндіктері арасындағы қоғамдық айырмашылықтар, ол ең алдымен жеке бастың және қоғамдық топтың әлеуметтік айқындамасына, олардың құрылымдағы орнына байланысты. Отбасы фактор тәрбие стиліне ғана емес, «ауқатты-ауқатсыз» отбасы деген түсінікпен де өлшенеді. Жасөспірімдік және жастар девиациясы көбіне ауқатсыз отбасылардан шығады деген пікір қалыптасып қалған, ол тұрақсыз неке айырылсу отбасындағы келеңсіз қарым қатынас және балаларды әлеуметтендіру, ата анасының біреуінің немесе екеуінің де маскүнем немесе нашақор болуына байланысты сипатталады. Бірақ,фактілер көрсетіп отырғандай ауқатты отбасылары да девианттық мінез құлықты таратушылар қатарына жатады екен.Соған қарамастан,ауқатсыз отбасыларынан девианттық мінез құлықты көбірек кездестіруге болады.[10]

Загрузка...

Осы және осы сияқты пікірлерге оң жауап беру баланың дүние танымында белсенді суициальдылыққа қарсы айқындаманың жоқ екенін көрсетеді.

Суицидтің алдын алу әлеуметтік жұмыстағы өте маңызды және күрделі мақсаттардың бірі.Ол 40% өзін өзі өлтіруге себеп болатын отбасындағы жанжалды реттеуден тұрады,және өмірге қанағаттанбау сезімінен болған өзін өзі өлтіру себептерін психологиялық ,қажет болған жағдайда құқықтық әдістермен жоюдан тұрады.Суициденттермен жұмыста барлық құралдарды кеңінен қолдану керек :емдеу,қолдау,қатысу техникасы,әсіресе клиентке жақын ғана адамдардың емес,бөгде адамдардың да қатысуы,сондай ақ мұғалімдердің,діни адамдардың,кәрі адамдардың,және жас суициденттің қайғысын жеңілдетуге септігі тиетін барлық адамдардың қатысуы.

Жоғарғы суицидальдық қауіп төнгенде адамды жалғыз,көмексіз қалдыруға болмайды.Жасөспірімге қоршағандарының оны қамқорлыққа алғанын көрсету үшін,оның өмірлік мақсаттарының болашағы бар екенін сезіндіру үшін әлеуметтік қызметкер жасөспіріммен «суициальды келісімге» отыруы керек.Бұл оның суицидальды шешімін біраз уақытқа шегере  тұруын өтіну,егер суицидальдық ойлар жоғалмаса,онда суицидальды әрекетке барарда социономмен байланысуды сұрау деген сөз.Бұл кейде өзінен өзі «емделіп» кетуге апаратын уақытты ұтуға,жасөспіріммен басқа да мінез-құлық түрлерінің жолдары туралы ақылдасуға,сондай-ақ ол үшін маңызды микро әлеуметтік қоршағандары мен мамандардың әсер етуіне мүмкіндік береді.Мұндай келісім шарт тиімді болуға тиіс.[15]

Пост суицидальды фазада,аяқталмаған суицидте әлеуметтік қызметкер үш басты сәттерді бағалауы керек

1)аяқталмаған суицидті орындауға әкеп соққан жанжалдың көкейкестілігі;

2)суицидті тенденцияның жазып алынған дәрежесі;

3)клиенттің суицидке баруға деген қатынасы.

Осыларға сүйене отырып психологиялық және әлеуметтік жұмыстың тактикасы құрылады. Мұнда пост суицидтің төрт нұсқасы анықталады:

  • екіталай (қысылшақ) – жанжал өз көкейкестілігін жоғалтты, суицидтің себебі жоқ, өзін-өзі өлтіруге деген қарым-қатынасы теріс, суицидтің қайталануының мүмкіндігі аз, бұл жағдайда рационалды психотерапия мен әлеуметтік қамқорлық керек;
  • манипулятивті – жанжалдың көкейкестілігі жанжал ь жағдайына суицидті әрекетті ниет қылудың қолайлы әсер етуінен азайды (мысалы, әкесі отбасынан кетпейтін болды), суицидті ниет жоғалған, оған деген қатынас рентті, яғни суицид мақсатқа жетудің жолы болғаны туралы ұят пен қорқу сезімін сезінумен байланысты; жағдай өзін-өзі өлтірудің әдейілеп – бопсалау ниетіне айналады; бұл жағдайларда дүние таным мен құндылықтарды бағдарлауды түзетуге бағытталған психотерапия қолданылуы керек;
  • аналитикалық – жанжалдар өзінің көкейкестілігін сақтайды, өзін-өзі өлтіруге деген ниет жоқ, суицидтің туындаған мәселелерді шекешпейтінін түсініп, оған деген қатынас теріс, сақталған жанжалды шешу үшін жаңа жолдар іздестіріледі; жанжалды жаңа жолдармен шеше алмаған жағдайда суицидтің қайталануы қауіп туғызады, бұл жолы өлімге апару қаупі жоғары; бұл жағдайларда психотүзету психотерапиясы керек, жанжалдық жағдайдың көзін жою қажет, емдеу мен жүйелі бақылау керек;
  • суицидальды-бекіген – жанжал көкейкесті болып қалған, өзін-өзі өлтіруге ниет қылуы сақталады, суицидке деген қатынас оң («басқа жол жоқ»); бұл жағдайда жанжалдық интервенция және кризистік стационарда емделу (психотерапевтік және медикоментоздық) қажет.

Пост суицидтің кез-келген нұсқасында көмектің табысты болуы әлеуметтік қызметкер мен жас суициденттің арасындағы өзара әрекеттестігінің сапалығына байланысты. Социономның қомқорлығы сөзбен ғана емес, вербальсыз эмпатияда да көрінуі керек. Бұл өмірде өзінің керек жоқтығын сезінген суицидентпен қарым-қатынас кезіндегі қамқорлық пен оның өміріне араласу, оны сергітудің күшті құралы болып табылады.

Суицидент – жасөспірімдер мен бозбалалар көп жағдайда социономның кеңестерін тыңдауға құлқылары жоқ болып келетінін есте сақтау керек, олар өздерінің жандарына батып жүрген қайғыларын, сезімдерін – үмітсіздікті, өзінің тіршілігінің мәнін жоғалтқанын және т.б. айтуды қажет деп табады. Сондықтан соционом суициденттің «әбден ойындағысын айтыпалуға», психикалық шиғыруын босатуға барынша мүмкіндік береді. Жанкешті болған жас адамды өзінің сезімін, тіпті теріс сезімдерін – жеккөрініш,  суицидтің басқа біреудің жанына жара түсіргісі келгені туралы ашық, ұялмай айтуға қажет екеніне сендіру керек.[16]

Суицид- рухани дерт деп жатыр. Ата-бабамызда болған шығар бірақ мұндай көп болмаған. Мына Тәуке ханның жеті жарғысында бар өзіне-өзі қол салған адамды жеке жерлеген және де жаназасы шықпаған. Дерт қайдан шығады адам екі денеден тұрады: материялық және рухани. Материялық денеміз көзімізге көрінетін мына денеміз, ол ауырады емі дәрісі бар жазылады. Енді рухани дене, яғни жанымыз, мұның да ауыруы бар.

Дәрігерлер суицид аурудың бір түрі десе, психологтар бұл жан күйзелісінің көрінісі дейді.Психологтар жан дертін емдеу қиын

Суицидентпен жұмыстағы маңызды сәтке оның психологиялық  жайсыздығының негізін бірге анықтау жатады.Егер психологиялық жайсыздықтың негізі біріге отырып анықталса,онымен байланысты мінез-құлықтың себептері мен эмоциясы анықталса,онда келесі – «проблеманы шешуге қажетті құралдарды бағдарлау» деп аталатын кезеңге көшу керек.Оның мәні суициденттің осыған ұқсас жағдайларды қалай шешкенін анықтау,және оның осы туындаған проблеманы онымен бірге шешудегі басқа ойларының қандай екенін білу.Суицидент — жасөспіріммен жұмыс кезінде бұл жаста әлі де болса өз өмірінің құндылығы жөнінде түсініктің қалыптаспағанын ескеру керек.

Осындай күрделі,арнаулы білім мен іскерлікті қажет ететін жастар суициді сияқты проблемамен суициденттермен жұмыс істеуге мамандандырылған психологтар,психотерапевттер,әлеуметтік педагогтар,әлеуметтік қызметкерлер айналысуы керек.

Соңғы жылдары бұл проблеманы шешу үшін мамандар жасөспірімдердің,бозбалалар мен бойжеткендердің көпшілігін қамтитын және кешенді сипаттағы превентивті,алдын алу шараларын қолдануға аса көп назар аударып отыр.Өзін өзі өлтірудің жолын кесу үшін жасалған осындай жаңа тәсіл ,өзін өзі өлтіру жасөспірім мен бозбалалық шақтағы өлім ішінде үшінші орын алатын,АҚШ-та дамып келе жатыр.Мұнда негізінен орта мектеп оқушылары мен олардың ата аналарына арналған оқу жоспарлары мен оқыту бағдарламалары жасалған.Бұл бағдарламалар өзін өзі өлтіру статистикасымен,суицидальды ниеттердің белгілерімен,ауданның кризистік қызметтерінің мекен жайлары мен телефондарын көрсете отырып,таныстыру қарастырылған және мұнда көмек сұрап келген досы немесе мүшесін тыңдай білуге үйретеді.

Жақында Американдық психологиялық ассоцациясы бозбалалардың өзін өзі өлтіруін алдын алуға арналған  көп аспектілі бағдарлама жасады,онда жұмыстың мынадай бағыттары көрсетілген:

  • медико психологиялық орталықтар мен басқа да кризистік қызметтердің педагогтары мен қызметкерлерін арнайы оқыту
  • сәйкес заңдылықтарды қолдана отырып,атыс қаруларына қол жеткізуді шектеу
  • өзін өзі өлтіру тақырптарын сөз ететін көпшілік ақпарат құралдарының өкілдерімен,осы тақырыпты салмақты және сыпайы жеткізу бағытында тәрбиелеу білім беру жұмысын жүргізу
  • суицидальды қауіпті топқа жататын жастарды анықтау және терапевтік жұмыс жүргізу

Мұндай превентивті тәсілді қолдану өзін өзі өлтірудің әлемдік статистикасының негізіне сүйеніп жасалып отыр.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының критерилері бойынша 100 мың адамға шаққандағы 20-дан астам суицид деңгейі жоғары болып есептеледі.Қазақстанда бұл көрсеткіш аса жоғары.

Суицидальды мінез-құлық белгілерін ертерек анықтау үшін мыналар маңызды

  • Ауырған ауруларын немесе миынан алған жарақатын есепке алу
  • Қосымша стресс фактор ретінде отбасындағы күрделі қатынастардыңбала психикасына әсерін
  • Тым ашуланшылықтың,тым әсершілдіктің,ұяңдықтың пайда болуының,өз кемтарлығының сезінуінің,өз кемшіліктеріне қатысының,өз табыстары мен абыройын төмендетуіне себептеріне талдау жасау.[17]

Баланың суицидальдық әрекеттерге әлеуметтік-психологиялық қатысын анықтау мақсатында ақырындап,мынадай өмірдің мәні мен өлім туралы сұрақтарға жауап алған дұрыс «өз еркімен өлімді таңдап алған адамдарды түсінуге болады», «өмірдің мәні кейде түсініксіз,оны жоғалтып алуға да болады», «мен өмірден өз еріктерімен кеткісі келген адамдарды сынамаймын», «қарапайым өмірде адамның өз еркімен өмірден кетуі ақталуы керек», «адамды жақындары мен туыстары сатып кетсе,олардың әрі қарай өмір сүргісі келмегенін түсінемін» .

Жасөспірімдерге тән суицидальды мінез-құлыққа тән проблемалардың бірінші орнында олардың ата-аналармен арасындағы қарым-қатынас болса,екінші орында оқу орындарына қатысты қиындықтар,ал үшінші орында достарымен байланысты ,әсіресе қарама қарсы жыныстағы құрдастарына қатысты проблемалар жатады.[10]

Өзін-өзі өлтірудің алдын алу ісінде анонимдік телефонның қызметі «сенім телефоны»негізгі буын болып табылады.Бұл телефон қызметінің мақсаты дағдарыс жағдайында тұрған,өзін өзі өлтіруді ойлап тұрған жас адамға арнайы даярланған,оны досындай мұқият тыңдайтын ,абоненттің дағдарыс жағдайын бастан өткеруге көмектесе алатын әлеуметтік қызметтің қызметкерімен телефон арқылы қарым қатынасқа түсіруге ұмтылу.Мұндай қызметкердің қағидалардың арасында ерекше орында сенімділік,абсолюттік құпиялық,анонимділік,кез келген қысым көрсетуге тыйым салу айыптамау ,сынамау,тіпті таңқалмау,керісінше абонентке дұрыс шешім қабылдауға  көмектесу жатады.Жастар «сенім телефонының» барлығы туралы ештеңе айтылмайды,тек «қайғыда,үмітсіздікке және депрессияда» көмек көрсетілгеніғана хабарланады.[16]

.
Загрузка...

Нравится


Проблемы со скачиванием? (нажмите на ссылку)

Тағы рефераттар