Дәріс мақсаты:

  1. Жер ресурстарының құрылымы
  2. Топырақ-климаттық зоналардың биоөнімділігі
  3. Егіншілікке пайдалану дәрежесі
  4. ҚР жер ресурстары
  5. Шығыс Қазақстан  облысының жер ресурстары

Күн жүйесіндегі планеталар ішінде тек қана Жерде тіршілік бар. Себебі мұнда құнарлы топырақ, ал топырақтың әр қилы өсімдіктер өсіп, органикалық заттар қорын жинап ауаға оттегін бөліп шығарып, басқа тіршіліктің дамуына жағдай туғызады. Дегенмен планетамызда да тіршілік дамыған, яғни құнарлы топырақ қабаты бар аймақтар аса көп емес. Жердің басым көпшілігін, 7%-ын мұхиттар алып жатыр, онда тек су өсімдіктері, негізінен балдырлар өседі. Сонда құрғақ жердің үлесі небары 29% ғана. Құрғақ жердің барлығында бірдей құнарлы топырақ қаптап жатқан жоқ. Көп жерлерді мәңгі қарлар мен мұздар алып жатса, біраз аймақтарда жылжымалы құмдар мен жалаңаш тастар, біраз аймақтарды жалтыр, тақыр жерлер қамтиды. Құнарлы жерлердің көп аймақтарын халық  мекендеген қалалар мен ауылдар, жолдар мен су қоймалары, аэродромдар т.б. көптеген коммуникациялар алып жатыр. Бұл жөнінде жалпы мәліметтер 10 кестеде келтірілген. Ф.Н.Шипуновтың мәліметі бойынша (1968) құрғақ жерлердің мөлшері миллиард гектар есебімен.

Сонымен қазір бұрынғы Одақ елдерінің халқы 300 млн-нан астам. Қазіргі жер бетіндегі 6,3 млрд халық одан әрі арта түспек. Айта кететін жай қазірдің өзінде БҰҰ-ның мәліметіне қарағанда, Жер шарындағы халықтың 200-500 млн-ға дейіні аштыққа жиі ұшырауда, әр секунд сайын бір адам аштан өледі, ал 1,5 млрд адам сапалы тамақ жемейді. Сонда мұндай қынжыларлық шындықты немен түсіндіруге болады? Жер шарының адамды асырау мүмкіншілігі таусыла бастағаны ма, жоқ басқа себептер бар ма?

10 кесте

Ф.Н.Шипуновтың (1968) мәліметі бойынша жер бетіндегі құрғақ жерлер көлемі, млрд гектар есебімен

Құрғақ

жер ауданы

Антарк тида ауданы

Антарктиданы қоспағандағы құрғақ жерлер

Жыртылған жерлер

Шалғынды жерлер мен жайылым

Орман- дар

Казіргі пайда ланылмай үрген жерлер

Басқа жерлер

Бар-

л ы ғы

14,9

1,4

1,4

2,6

4,0

0,4

5,1

13,5

 11-кесте

Әлемдегі жер қорының пайдаланылуы (Р.Ревелъ, 1976)

Континенттер, елдер

Епстікке жарамды

жерлер, млн га

Жыртылған жерлер

млн га, 1965 ж.

Игерілген жерлер пайыз1965 ж.

Австралия мен

Жана Зеландия

150

20

13

Азия

630

520

83

Солтүстік Амсрика

460

240

51

Онтүстік Америка

680

80

11

Африка

730

160

22

Еуропа

170

150

88

Бурынғы К.СРО

360

230

64

Барлығы

3200

1400

44

12 кесте

Бұрынғы КСРО елдерінде жер қорының 1975 жылдың 1 қарашасына дейінгі пайдалану көрсеткіші (В.П.Прошляков, 1979)

Жер категориялары және оларды пайдалану

Барлық жерлер

Ауыл шаруа шылығындағы жерлер

Оның ішінде жыртылған жерлер

млн га

%

млн га

%

млн га

%

Колхоздар мен совхоздар жсрлері

Халык мекендеген жерлер

1034,8

9,4

46,8

0,4

547,4

2,9

90,6

0,5

224,7

0,7

99,3

0,3

Өндіріс. транспорт, курорттар т.б. ауыл шаруашылығы емес жерлер

49,5

2,2

16,8

2,8

0,4

0.2

Мемлекеттік орман шаруашылығы жерлері

954,3

42,8

12,8

2,1

0,3

0,1

Мемлекеттік запастағы жерлер

171,3

7,7

24,2

4,0

0,2

0,1

Гидротехникалық және басқа су шаруашылығы құрылысындағы жерлер

2,9

0,1

0,1

Барлығы

2231,2

100,0

604,2

100,0

226,3

100,0

13-кесте

Бұрынғы КСРО елдеріңде жыртылған жерлер мен жыртылуға мүмкін жерлердің көлемі, млн га есебімен (Н.Н.Розов, С.А.Шувалов, 1973)

Аймақтар, зоналар

1970 жыл

Көбею мүмкіншілігі

1.

Тайга-тундра

1,7

8,8

2.

Орманды алқап

43,4

25,2

3.

Орманды дала

71,8

7,5

4.

Дала

63,5

3,0

5.

Құрғақ дала

23,0

8,1

6.

Шөлдер

5,0

2.2

7.

Шөлді субтропиктер, тау етегі

8,2

3,1

8.

Таулы жерлер

3,0

4,9

Барлығы

224,6

62,8

Дүниежүзілік топырақ картасының авторының бірі В.А.Ковданың мәліметіне қарағанда (1974), құрғақ жердің басым көпшілігі егіншілікке онша қолайлы емес. Құрғақ жерлердің 70% — аз өнім беретіи алқаптар, оның 20% — өте салқын аймақта, 20%- — өте құрғақ аймақта, 20% — өте биіктік беткейлерде орналасқан, ал 10%-ы — топырақ қабаты өте жұқа. Сонымен құрғақ жердің тек 30%-ы ғана ауыл шаруашылығына пайдаланылып жүр. Оның ішінде 10%-ында егіншілік егілсе, 20%-ы жайылым, шалғынды және шабындық жерлер.

9-кестеде жер шарындағы әрбір континенттер және бұрынғы КСРО елдеріндегі егістікке жарамды жер қорлары мен қазіргі егістікке игерілген жер көлемі жайында америка ғалымы Р.Ревельдің мәліметтері (1976) келтірілген.

Қазірдінң өзінде ашаршылық жер шарының кейбір бөліктерінде кездесіп отырса, келешекте адам саны қазіргіден бірнеше есе көбейген кезде не болмақ? Бұл сұраққа әркім әр кезде әрқалай жауап берген. Мәселен, XVIII ғасырдың аяғында ағылшын эпископы Мальтус коғамның тұтыну қажетінің шексіз өсуі мен өңделер жердің шектелуі арасындағы үйлесімсіздік, сондай-ақ жер құнарының жылдан-жылға кемуі қайыршылықтың, кедейліктің т.б. бақытсыздықтың себептері болып табылады деп санады. Былайша айтқанда, Мальтус «теориясы» бойынша, Жер бетіндегі халық үдемелі геометриялық прогрессиямен өссе, халықтың тұтыну заттары арифметикалық прогрессиямен өседі, сондықтан адам баласы бақытты өмір сүргісі келсе, халықтың өсуін тұтыну заттарының өсуіне үйлесімді етуді қадағалап отыруы керек деді, яғни ол халықтың жиі-жиі соғыс арқылы немесе эпидемиялық аурулар арқылы қырылып тұруын мақұлдады.

Еңді, мекендеп отырған жеріміздін канша халыкты асырай алу мүмкіншіліктеріне тоқталайық. 11-кестеде келтірілгендей, Жер шарындағы барлық жердің қазіргі уақытта тек 1,5 млрд гектарға жуығы немесе құрғақ жердің 10%-дайы ғана жыртылған. Сонда қалған жерлер егістікке мүлде жарамай ма?

Ал алыстағы болашақта күрделі мелиорациялауды қажет ететін батпақты жерлерді құрғатып, шөлді жерлерді суарып, теңіз бен мұхит суларын тұщытып егін суаруға пайдалану арқылы игеруге мүмкін 5 млрд гектар жермен 18-20 млрд халықты асырауға толық болады.

Американың көрнекті прогресшіл оқымыстысы, профессор Р.Ревельдің ғылыми негізде жасаған есебі бойынша, қазіргі техникалық жетістіктерімізді ауыл шаруашылық өндірісіне енгізіп, бос жаткан жерлерді мелиорациялап, түгел игерген кезде 100 млрд адамға тамақ өндіруге болатынын дәлелдеді. Жер бетіндегі халықтын өсу қаркыны соңғы жылдарғы мөлшермсн дамыса жылына 1,5-2%, жер шарындағы халықтын 100 млрд-қа жетуіне 200 жылға жуық уақыт керек. Осыған шамалас есепті Қазақстанның белгілі топырақ зерттеуші ғалымы, Ғылым академиясының академигі, профессор В.М.Боровский де жүргізгсн (1975).

Бұл келтірілген есептеулер мен мүмкіншіліктер жер шарының адамды асырау мүмкіншілігінің әлі де болса, өте мол екендігін, оның қазіргіден бірнеше есе көп адамды асырай алатындығыи дәлелдейді. Дегенмен, бұл есептеулер Жер бетіндегі егістікке игеруге жарамды жер қоры қанша мол болғанымен, оның шексіз емес екендігін, адам саны көбейген сайын оның қоры кеми беретіндігін көрсетеді. Адам саны артқан сайын игеруге оңай түсетін жақсы жерлер қоры кеміп, игеруге қиын жерлер көбейеді. Сөйтіп бірте-бірте егістікке игеруге жарамды жер қорының таусылуы ақиқат. Сондықтан казірден бастап қолда бар жерімізді, бізді қоршаған табиғатымызды дұрыстап, тиімді пайдалану мәселелері қазіргі күн тәртібіне қойылып отыр. Табиғатымыздың сұлулығын сақтап, оның ластануына жол бермеу, табиғат байлығын тиімді пайдалану, табиғатты жоспарлы түрде, адам мұктаждығына ыңғайлап өзгерту — өте күрделі мәселе. Сондықтан онымен жеке мемлекеттер емес, бүкіл дүние жүзілік масштабта шұғылдануға тура келеді. Көптен бері бұл мәселемен Халыкаралық биологиялық бағдарлама шеңберінде шұғылданса, соңғы уақытта «Адам және Биосфера»‘ атты жаңа бағдарлама бойынша шұғылдана бастады. Бұл бағдарламамен айналысуда дүние жүзіндегі ең ірі, әрі дамыған мемлекеттер жетекші рөл атқаруы тиіс.

Әлемге танымал Америкалық ғалым Ю.Одумның бағалауы бойынша әлемдегі тіршіліктің үйлесімді болуы үшін, яғни тек материалдық тамақтық, киімдік заттармен қамтамасыз етілуі ғана емес, сонымен қатар масайрап дем алуы үшін әлемдегі әр адамға орта есеппен 2 гектардай жер қажет екен. Оның 0,6 гектары тамақ өндіру үшін, 0,2 гектары өндірістік қажет пен мекендеуі үшін, ал 1,2 гектары бос болуы керек. Ол жерлер халықтын дем алып, саяхат жасауы және биосфераның қалыпты экологиялық жағдайда болуы үшін қажет.

Ескеретін жағдай, қазіргі әлемде 6,3 млрд халық үшін қажетті үйлесімді жағдай көптен бұзылған. Мәселен әлемнің әр тұрғынына 0,6 гектар егістік жер орнына, небары соның жартысына жуық-ақ жер тиеді. Басқа жерлер көлемі де жылдан-жылға азаюда. Ормандардың азаюы, көптеген аймақтардың құрғақтануы, тіпті шөлге айналуы, ластануы үдемелеп өсуде. Дегенмен бұл жағдайлар әлемнің әр бұрыштарында әр түрлі. Мысалы, Канадада әр тұрғынға шаққанда жыртылған жер көлемі 2 гектардай, Аргентинада 1 гектар, Америкада — 0,8 гектар, Испанияда — 0,5 гектар.

Ал бұрынғы КСРО-да бұл көрсеткіш 0,85 гектар, Түркіменстанда — 0,33, Өзбекстанда — 0,22, Грузия мен Арменияда не бары 0,17 гектардан келеді екен. Қытай мен Үндістанда әр адам басына келетін жыртылған жер көлемі бұл көрсеткіштен де төмен, шамамен 0,10-0,12 гектар, ал Жапонияда тіпті 0,04 гектар (Прошляков В.П., 1979). Ал Қазақстан әлемдегі ең жері бай елдің бірі, онын ішінде жыртылған жер көлемі әр адамға 1,3 гектардан келеді. Ескеретін тағы бір жағдай, гәп тек жыртылған жер көлемінде ғана емес, онын өнімділігінде. Мәселен, көп жағдайларда суармалы жерлер, суарылмайтын жерлерге қарағанда өнімді бірнеше есе артық береді.  Кейбір аймақтарда, ауа райы бүл жерлерден жылына 2, тіпті 3 рет өнім алуға мүмкіндік береді.

Ал Қазақстан жері қанша халықты асырай алады деген сұраққа қалай жауап береміз? Жоғарыда келтірілген мәліметтерге қарағанда қазақ жері кең байтақ ұтымды жағдайда екені байқалады. Асыраушы — анамыз Жерді жақсарту шараларын әрі қарай өрістету, игерілген жерлердің өнімін арттырып, косымша тағы да игерілмегсн жерлерді игеру республикамыздың халқы қазіргідей бірнеше есе көбейген кезде де асырай алатыны анық. Дегенмен республикамызда халык саны жоғарыда келтірілген демографиялық заңдылықтарға сәйкес аса көп өсе бермейді, бір кездерде еліміздің табиғи жағдайларына үйлесімді санға жетеді де, одан әрі қарай аса көп өсе қоймайды.

Өзін-өзі қадағалау сұрақтары:

1. Жер ресурстарының құрылымы туралы айтып бер.

2. Топырақ-климаттық зоналардың биоөнімділігі туралы мәліметтерді талда.

3. Топырақ әр типтерін егіншілікке пайдалану дәрежесі қандай?

4. ҚР және ШҚО жер ресурстары ерекшеліктері туралы айтып бер.

Негізгі әдебиет

  1. Глазовская М.А. Общее почвоведение и география почв. – М., Высшая школа, 1981
  2. Глазовская М.А. Почвы Мира. – М., 1973
  3. Глазовская М.А., Геннадиев А.Н. География почв с основами почвоведения. Учебник. – М., Изд. МГУ, 1995
  4. Добровольский В.В., География почв с основами почвоведения. – М. Высшая школа, 1979, 1989, 1999
  5. Добровольский В.В. Практикум по географии почв с основами почвоведения. – М., Просвещение, 1982, 2001

Қосымша әдебиет

  1. Вальков В.Ф., Казеев К.Ш., Колесников С.И. Почвоведение. – М., ИКЦ МарТ, Ростов н/Д., изд. МарТ, 2004
  2. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы. – А., ҚҰУ, 2000
  3. Ковда В.А. Основы учения о почвах, в 2-х т – М., Наука, 1973
  4. Карпачевский Л.О. Экологическое почвоведение. – М., Изд. МГУ, 1993
  5. Мирманян Х.П. Почвоведение. М. Колос, 1965
  6. Никольский Н.Н. Почвоведение. М. Учпедгиз, 1963
  7. Почвоведение. // Под ред. Кауричева. – М., Колос, 1982
  8. Почвоведение. // под ред. Ковды В.А. – М., Высшая школа, 1988
  9. Почвы областей Казахстана. Алма-Ата, 1958-1967
  10. Розанов Б.Г. Морфология почв. – М., Изд. МГУ, 1983
  11. Розанов Б.Г. Почвенный покров Земного шара. – М., Изд. МГУ, 1975
  12. Соколов В.В. Общие особенности почвообразования и почв Восточного Казахстана, Сб. Повышение плодородия почв Казахстана. Алма-Ата, Наука, 1974
  13. Тазабеков Т. Топырақтану түсіндірме сөздігі. – А., Ана тілі, 1993
  14. Тазабеков Т., Тазабекова Е. Орысша-қазақша топырақтану түсіндірме сөздігі. – А., Ана тілі, 1994
  15. Тазабеков Т.Т. және авторлар ұжымы. Топырақтар географиясы. – Алматы, «Агроуниверситет», 2000

Тағы рефераттар