ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУДЫҢ ӘКІМШІЛІК-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ туралы қазақша реферат

Дүние тарабында қарышты дамуымен қамшы салдырмай келе жатқан алғашқы елу елдің қатарына кіру үшін елімізде мемлекеттік органдар қызметінің құрылымын жетілдіру қажет. Дәлірек айтқанда, мемлекеттік басқару жүйесі ашық әрі айқын сипатқа ие болып, онда орын алып келген келісімпаздық пен «бармақ басты, көз қысты» әрекеттер келмеске кетуі тиіс. Мұның сыртында мемлекеттік мекемелерде жүктелген міндеттің жілігін шағып, майын ішетін мамандар шоғыры қалыптасуы керек.

Үкімет басшының айтуынша, қазіргі уақытта әкімшілік реформаларын іске асыруға байланысты арнайы төрт жұмыс тобы құрылып, олар түрлі бағытта жұмыс жүргізуі тиіс. Яғни, Елбасының таяудағы «Әкімшілік реформалары шеңберінде Үкіметке мемлекеттік жоспарлаудың жаңа тәсілдері мен тетіктерін ендіру қажет деген» тапсырмасын нақтылау шараларымен айналысуда [1.3]. Соның негізінде мемлекеттік органдар қызметіне жүйелі баға беріліп, корпоративті басқару тәсілдері қолданысқа енгізілмек.

Сонымен әкімшілік реформаларын үйлестіруші алғашқы топ мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіру және мемлекеттік қызметшілер саны мен оларға тағайындалатын жалақы мөлшері жөнінде түбегейлі талдаулар жүргізуді бастады. Келесі топ құқық қорғау органдарындағы құрылымдық жетілдіру мәселелерін саралауға кірісіпті. Өз кезегінде үшінші топ стратегиялық басқару жоспары мен мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру, ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің стандарттарын айқындау жұмыстарын үйлестіре бастаса, төртінші топ мемлекеттік органдар жұмысын жаңарту және ондағы заңнамалық мәселелермен айналысуда.

Жалпы мемлекеттік шаралар арасында қаржылай бюджетті қорларды бөлу мен пайдалану шешуші рөлді атқарады. Бұл жерде мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігін орындаудағы шиеленушілік әлеуметтік сала мен ғылымның дамуына жұмсалатын бюджет шығындарын шектеуге негіз бола алмайтындығын атап өту керек. Басқа елдердің тәжірибесі, бүгінгі мұндай шектеулер болашақ уақыттағы жағымсыз жайттарды тудыратындығын дәлелдейді. Бұл ең алдымен, халықтың денсаулығының нашарлауы мен тұтастай алғандағы демографиялық жағдайдың, сондай-ақ өндірістің ғылымды қажет ететін салалары дамуының бәсеңдеуіне қатысты.

Қазақстанда соңғы жылдары жасалуынан нақты көрініс тауып жатқан әкімшілік реформа мемлекеттік басқарудың бизнестен тиімділігі едәуір артта қалуына қарсы реакциясы  ретінде бүкіл әлемдегі қалыптасқан мемлекеттік басқару туралы түсінікке негізделеді. Осыған сәйкес азаматтар клиент (принципал), ал мемлекет – олардың қызметшісі (агент). Азаматтар мен мемлекет қатынасын терминдік жағынан принципал-агенттік қатынастар ретінде бейнелеуге болады.

Стандарттар мен регламенттерге сәйкес әкімшілік қызмет көрсету үшін халық тарапынан жалданған «клиенті дұрыс бағытталған» мемлекет, мемлекет-қызметші моделі, «нәтижеге бағыттылық» шенеунік қызметінің негізгі мәні болып табылады. Мұндай модельдегі мемлекеттік қызметтерді ұсыну мемлекет функциясының кілті бола бастайды және негізгі құрылымдар нақ осы салаға қатысты – «бір терезе» қағидасын іске асырады, мемлекеттік қызмет стандарттары жасалады, мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа нысаны – электрондық қызмет ендіріледі.

Әлемдік тәжірибе талдауы сервистік мемлекеттің түрлі моделін анықтауға мүмкіндік береді. Мемлекет клиентінің дұрыс бағыттылығы идеясы Британдық достастық — Ұлыбритания және оның бұрынғы отарларында (Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, сондай-ақ Франция) елдерінде ең жақсы дамыған. Нақ осы елдерде мемлекеттік басқарудың жаңа қағидалары толығымен іске асырылады және олар қазіргі таңда реформаны жүзеге асырып жатқан көптеген елдер үшін – Орталық және Шығыс Еуропа елдері, Оңтүстік-Шығыс Азия – бағыттаушы болып табылады.

Постәлеуметтік саяси жүйелерді мемлекет беделінің төмендеуімен, заң мәртебесінің төмендігі және заң үстемдігі қағидасының құрметтелмеуімен, саяси элита құзыретінің жетіспеушілігімен және осының нәтижесіндегі басқарудың төмендеуімен, азаматтық қоғамның дамымай қалуымен, әлсіз дамыған жергілікті демократиямен сипаттауға болады. Сондықтан Қазақстан үшін Украина, Польша және Ресей сияқты дамыған елдердің мемлекеттік басқаруының модернизацияланған тәжірибесін талдау маңызды болып табылады [10].

Тұжырымдама үкіметті оның аппаратынан бөлуді көздеді. Себебі оның аппаратының үкіметтік саясатты қалыптастыруда ықпал етуін қаламады. Сонымен қоса, тұжырымдама атқарушы биліктің орталық органдарының (АБОО) үш түрін — министрліктер, мемлекеттік комитеттер және арнайы мәртебесі бар АБОО құруды қарастырды. Формалды көрінісін бұл бөлу 1999 жылдың желтоқсанында тапты. Алайда, жекелеген АБОО-на арнайы мәртебе беруді Тұжырымдама авторлары арнайы заңдарды қабылдаумен қиыстырса, іс жүзінде бұл органдардың саны президентпен белгілене отырып, бір органның (Экономика министрлігі, Мемлекеттік статистика комитеті және т.б.) АБОО-ның түрлі топтарына жатқызуға жол берілді. Іс жүзінде бұл АБОО басшылығын мемлекет басшысының өз тарапынан қолдау көрсетілуі арқылы көрініп отырады.

Мемлекеттік хатшылардың біліктілік шарты қарастырылған да жоқ, тіпті мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі – басшылық жұмыста 5 жыл деп қана көрсетілді. Ал мемлекеттік қызметкерлерді саяси кампанияларға масштабты тарту лауазымдардың масштабты қосылуына айналды: 2005 жылдың алғашқы айларының өзінде 18 мыңға жуық жұмысшы босатылды.

Хабарландырылған әкімшілік реформаның екінші кезеңі бірінші кезеңнің құрылымдық кемшіліктерін жою кезеңі болатынын көрсетеді (бұл қазірде белсенді түрде іске асуда). Құрылымдық хаосты жеңу әкімшілік трансформациялық идеологиясын – «ықыласты» және транспарентті әкімшілік жүйенің құрылуын, мемлекеттік аппараттың «клиентке», яғни азаматтарға бет бұрыс жасау барысында алғашқы да деклорацияланған міндеттерге қайта оралуды білдіреді. 2006-2008 жылдарға есептелген әкімшілік реформа тұжырымдамасы енгізілді. Оның негізгі басымдықтары арасында нәтижелер бойынша басқару қағидаларын енгізу, мемлекеттік қызметтердің стандартизациясы мен регламентизациясы (бүкіл қоғамға маңызды мемлекеттік қызметтердің стандартын ендіру жоспарлануда), құқықтық актілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын және мемлекеттік органдардың шешімдеріне сотқа дейін шағымдану механизмін енгізу. Мемлекеттік функциялардың молшылық пәніне инвентаризациялану идеясына оралуы және федералды органдарды кейіннен трансформациялау және құрылымына өзгерістер енгізу мақсатымен қайталау декларацияланған деуге болады. Мемлекеттік билік органдарының ақпараттық ашықтығы және «электронды үкімет» идеясын іске асыру туралы заң қабылдау жоспарлануда.

Біздің ойымызша әкімшілік реформаның әлемдік тәжірибесі бұл мемлекеттер арасындағы негізгі айырмашылық – ұлттық саяси элитаның қазіргі жаңа әлемдегі жахандық өзгерістердің мәні мен мағынасын қалай түсінуінде екенін көрсетеді. Сыртқы ортаның сан алуан сұрақтарына жауап беру үшін мемлекеттер басқарушылық құрылым мен әдістерді жетілдіруі, әлемде болып жатқан өзгерістерді есепке ала отырып функцияларды бөлуі қажет. Оларға мемлекеттік шекараларды жоятын және капиталдар мен тауарлардың әлемдік нарығының пайда болуына, бүкіләлемдік ақпараттық жүйенің қалыптасуына, мемлекеттер мен халықааралық ұйымдардың  жаңа одақтарының құрылуына әкелетін жахандану, соңғы кездерде  мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени кеңістігінің қайта реструктуризациясымен (құрылымын қайта қалыптастыру) байланысты аймақтандыру   жатқызылады.   Өзгерістер   саяси   билік  жүйесімен  қоса демократиялық институттарды функцияландыру механизмінде де жасалуда. Бұған дамыған ғылыми-техникалық төңкеріс те, әсіресе, байланыс және информатика аясында үлкен үлесін қосуда.

Болып жатқан өзгертулердің маңызды себептердің бірі мемлекеттік, аймақтық және муниципалды бюджеттердің тапшылығына әкеліп соқтыратын және олардың экономикалық жағдайы мен дамуына кері әсерін тигізетін бюджеттік шығындардың жыл сайынғы көбеюі болып табылады. Мұнымен қоса, мемлекеттік және муниципалды қызметтер мен оларды бөлу механизмінің сапасына халықтың наразылығы өсе түсті [11].

Аталған мәселелерді шешу үшін келесідей негізгі бағыттарға бар күш-жігерді салу қажет: мемлекеттік және муниципалдық басқарудың тиімділігін жоғарылату және халыққа сапалы қызмет ұсыну; мемлекеттің, аймақтың және муниципалды құрылымның билік органдары мен бизнес арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды дамыту және мәселелерді шешуде әр деңгей мен секторға жауапкершілікті оптималды бөлу; мемлекеттік, аймақтық және муниципалды биліктің, бір жағынан қоғаммен арасында тығыз байланысты орнату, екінші жағынан халықты басқаруға белсенді тарту
Тағы рефераттар