МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……..4

І ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТКЕ ТІКЕЛЕЙ САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕРДІҢ КЕЛІП ТҮСУІНЕ БАҚЫЛАУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1 Жергілікті бюджетке тікелей салықтардың бақылаудың экономикалық мәні ….6
1.2 Жергілікті бюджетке келіп түсетін тікелей салықтарды бақылаудың түрлері мен мақсаты ……10
1.3 Салықтық бақылау жүргізудің шетел тәжірибесі…24

ІІ ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТКЕ ТІКЕЛЕЙ САЛЫҚТАРДЫҢ КЕЛІП ТҮСУІН ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 Жергілікті бюджетке келіп түсетін тіклей салықтарды бақылау қызметін ұйымдастыру әдістері …… 34
2.2 Мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттемелерін қамтамасыз ету тәртібі………..42
2.3 Жергілікті бюджеттің кірісін қалыптастырудағы тікелей салықтардың орындалуын талдау……46

ІІІ ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТКЕ КЕЛІП ТҮСЕТІН ТІКЕЛЕЙ САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕРДІ БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Жергілікті бюджетке келіп түсетін салықтық түсімдерді бақылау қызметінің тиімділігін арттырудағы мәселелер …… 62
3.2 Салықтық бақылау қызметін жетілдіру жолдары……67

ҚОРЫТЫНДЫ………70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …..72

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастардың даму жағдайында экономикалық реформалаудың негізгі міндеттерінің бірі – тиімді салық механизмін қалыптастыру болып табылады. Салық механизмі әр деңгейдегі бюджеттің кірісін толтыру мәселелерін шешіп қана қоймай, сонымен бірге әрбір шаруашылық субъектілерінің не барлық экономиканың бүтіндей дамуына ықпал етеді.

Салық органдарының қызметінің маңызды элементі – салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдердің ел қазынасына уақытылы және толық түсуіне бақылау жасау. Сондықтан да салық органдарының бақылау қызметін жетілдіру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе болып табылады.

Бюджет толықтырудың басты көзі салықтан түсетін түсім екені белгілі. Сол себептен республикалық салық қызметінің мемлекет бюджетін толықтыру бағытындағы жұмыстарының тиімділігін арттыру қажет.

Қазіргі уақытта елімізде салықтық реформа жүргізілуде. Ал салық реформасын табысты түрде жүзеге асыру барысында, салық органдарының бақылау – экномикалық қызметінің мәнісі күшеюде.

Қазақстан Респубрикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2008 жылғы 6 ақпанда өткен «Қазақстан халқының әл-ауқаттын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты жолдауында: «Менің жыл сайынғы жолдауларым әдеттегідей жетістіктерімізді саралап, келешегімізді бағдарлауға, ең бастысы – баршамызға ортақ ұлы мақсатқа жетудің дұрыс жолын бірлесе айқындауымызға бағытталып келеді… Қазақстан 2008 жылды жаңа экономикалық жетістіктерімен, жаңарған саяси құрылымымен қарсы алды. Өткен жылғы экономикамыздың өсу қарқыны 8,5 процентті құрап отыр. Жалпы алғанда ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 процентке өсіп отырған. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады.

Бүгінгі күнге дейін еліміздің айтарлықтай резерві қалыптастырылып, Ұлттық қор қаражатын қоса есептегенде ол шамамен 40 млрд. АҚШ долларын құрап отыр. Осындай елеулі жинақтаулардың болуы еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде өзекті рөл атқарды»-атап өтті.

Елбасымыздың 2007 жылғы халыққа жолдауында Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттердің қатарына қарай қадам басуы жолындағы негізгі басымдықтапрды ұсынды. Онда бюджет – салық саясатына байланысты 2007 жылдан бастап қосымша құн салығының ставкасы 1%-ға, ал 2008-2009 жылдары қосыша тағы 1-2%-ға зайтылатынын атап көрсетті.

2008 жылдан бастап әлеуметтік салық шамамен 30%-ға азайтылып, ол жұмыс берушілерді жұмысшылар жалақысын өсіруге ынталандырды.

Барлық жеке тұлғалар үшін табыс салығының 10%-дық белгіленген мөлшерлемесі енгізілген. Еңбекақысы аз жұмысшылар санатының табыс деңгейін сақтау мақсатында айлық есептік көрсеткіштің орнына олардың салық салынатын табысынан ең аз жалақы мөлшерін алып тастауды ұсынған болатын.және ол орындалды.

2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын шағын бизнес субъектілері үшін салық салудың кемітілген бірыңғай мөлшерлемесі енгізілді.

Салықтық бақылауды тек қана салықтардың толық және уақытылы түсуіне бақылауға әкеліп тіреуге болмайды. Өзінің кең мағыналығында салықтық бақылау – салық заңдарының орындалуына бақылау болып табылады. Салықтың уақытылы жиналып, салық заңдарының орындалуы, салықтық бақылауды өз деңгейінде болу үшін салық төлеушілер мен салық жинаушылар арасында рухани мәдениетті қалыптастыру керек.

Егемен Қазақстанның даму жағдайында жаңа прициптерді құру және енгізу кезінде, оның ішінде салық салуды қоса алғанда, үкімет алдында шешілетін сұрақтар тұрды.Соынң ішінде экономикалық, әлеуметтік және бақа да мәселелерді шешу үшін қажетті қаржы көлемімен мемлекетті толық қамтамасыз ету барлық кезеңнің, бар халықтың басты мәселесі болып келеді. Бүгінгі жағдайда салықтық түсімдерді көбейту мәселесін салықтық бақылау жүргізу ісін жетілдіру арқылы шешуге болады. Салықтар мен бюджетке түсетін төлемдерді жинау жұмысын ұтымды ұйымдастырмай, барлық фискалдық органдар бірлесіп қызмет етпей, мемлекеттік қазынаны жүйелі түрде толтырып отыруға қол жеткізу қиын.

Жалпы барлық мемлекеттік мәселелерді шешу түптеп келгенде әрбір қазақстандықтың әлеуметтік жағдайының  өсуі салық қызметі жұмысының спалығына тікелей байланысты. Сондықтан салық саясатын жүргізуде отандық тауар өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдау және секторлардың жедел дамуына жағдай жасау, яғни мемлекет пен салық төлеушілердің талап тілегімен ортақтасу қажет.

Диплом жұмысын жазудағы негізгі мақсаты салық органдырының бақылау қызметін жүргізудегі мәселерді шешу жолдарын және салықтық бақылау қызметінің тиімділігін анықтау болып табылады.

Диплдомдық жұмыстың бірінші бөлімінде салықтық бақылаудың Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі экономикалық мәні, оның түрлері мен әдістері және салықтық бақылауды ұйымдастырудағы шетел тәжірибесі қарастырылған.

Екінші бөлімінде салықтарды бюджетке есептеу мен төлеудегі салық органдарының бақылау қызметіне экономикалық талдау жасалынған. Ал, үшінші бөлімінде салық    органдарының  бақылау    қызметінің    тиімділігін арттырудағы мәселелер мен бақылау қызметін жетілдіру жолдары қамтылған.

Дипломдық  жұмысты жазу барысында статистикалық материалдар мен Оңтүстік Қазақстан облысының сандық мәлiметтерi және экономикалық оқулықтар пайдаланылды.

 Дипломдық жұмыс / 72 бет
Тағы рефераттар