Қазақстанда 1990 жылдары тіпті өзгеше жағдай орын алды. Бұл кезде өндіріс құлдырап, жұмыссыздық пайда болды, оның деңгейі күн санап өсе бастады, жалақы мөлшері біршама төмендеді, қызметкерлерге жалақы айлап төленбейтін болды.

Бүгінгі күні Республикадағы зейнетақының қызмет көрсету рыногын 14 Жинақтаушы Зейнетақы Қоры құрайды, олардың республиканың түрлі аудандарында 72 филиалы және 73 өкілдіктері бар. Олардың әрекет ету мерзімі ішінде, оларда зейнетақы қорларының 648580 млрд. теңге жинақталған. Зейнеткерлік жасы тұрақты болып келнді және ерлер үшін 63 жас, ал әйелдер үшін 58 жасты құрайды.  Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесіне қатысушылармен жүргізілген зейнетақы реформасын жүргізу мерзімінде сандық және сапалық сияқты белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілген. [17, 13 б.]</h4>

Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесінің сапалық нәтижесі болып мыналар табылады: салымшыларға қызмет көрсетуді жақсарту, салымшыларды Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесі жөнінде хабардар етіп отыру, аймақтық бағдарламаларды дамыту, жарнама қызметкер және осылардың нәтижесінде зейнетақылық қызмет көрсету рыногында Жинақтаушы Зейнетақы Қорының арасында бәсекелестік сайыстың өршуі.

2003 жылы зейнетақы жинақтарының көлемі 32,26 млрд. теңгені құрады. Осы жылы Әлемдік банк зейнетақы жүйесін Қазақстанның барлық әлеуметтік-экономикалық жобаларының ішінде ең үздігі деп танылды.

Біздің жыл сайын зейнетақы мөлшерін көтеріп отырады. Ал соңғы жылдары зейнетақы көлемдерінің номиналдық өсімі тұтыну бағаларының индексінен алда болды.

2003 жылы индексациялаумен қатар зейнетақыны дифференциациялық көтеру жүргізілді. Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігінің мәліметтері бойынша 2003 жылдың  маусымынан бастап 1055 мың адамның зейнетақысы көтерілді, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлердің саны 3 есеге азайды, 450 мыңға жуық адам ең жоғары зейнетақы ала бастады. 2003 жылы 5 желтоқсандағы нөмір 505// «2004 жылы республика бюджеті туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, 2004 жылы 1 қаңтардан бастап республикадағы минималды зейнетақы мөлшері 5800 теңге, ал 2006 жылы 9500 теңгені құрады. [11, 12-13 б.]

Әлеуметтік құрылымды ескере отырып зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығынан зейнетақы алушылардың саны 2006 жылы – 2302 мың адам немесе республиканың барлық тұрғындарының 11,7 пайызын құрады, ал ауыл тұрғындарының үлесіне 43 пайызы келеді. Жалпы зейнетақы алушылардың ішіндегі әйелдер 69,1 пайыз құрайды, олардың 22,7 пайызы 4 немесе одан да көп бала туған және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген көп балалы аналар. Ағымдағы жылдың басында зейнетақы алушылардың жалпы саны 185 мың адамды құрады. [11, 12-13 б.]

Егер Жинақтаушы Зейнетақы Қорының аймақтық дамуын қарастыратын болсақ, онда аймақтар бойынша дамуы толығымен көрсетілген қорлар «Қазақстанның Халық Банкінің» ЖЗҚ АҚ, «Құрмет» ЖЗҚ АҚ, «Сенім» АЖЗҚ АҚ, «Ұлар Үміт» ЖЗҚ АҚ, «МЖЗҚ» ЖЗҚ АҚ.

Келтірілген мәліметтерден көріп отырғанымыздай, мемлекеттік бағалы қағаздарға жасалған салымдар үлесі айтарлықтай жоғары.

2005 «Қазақстан Халық Банкі» ЖЗҚ АҚ орташа жылдық табыстылығы өзінің негізгі бәсекелестерімен салыстырғанда көретініміз:

— «Қазақстан Халық Банкі» ЖЗҚ АҚ -10,0 %

— «МЖЗҚ» ЖЗҚ АҚ – 11,4 %

— «Валют Транзит Қоры» ЖЗҚ АҚ – 8,5%

— « Ұлар Үміт» ЖЗҚ АҚ – 9,7%

— «Қорғау» ЖЗҚ АҚ – 6,7 %

1998 жылы 2 ақпанда құрылған Қазақстанның Халық Банкі ЖЗҚ АҚ ҚР ЖЗҚ ішіндегі ең ірісі болып табылады.

Қазақстанның Халық Банкі ЖЗҚ АҚ қызметтерінің негізгі көрсеткіштері:

—       жарғылық қоры – 630000,00 мың теңге

—       меншік капиталы мөлшері – 1284695000,00 мың теңге

—       инвестициялық табыс – 10% және 24 млн. теңге

—       салымшылар саны – 1306 мың адам

—       зейнетақы активтері – 95 млрд. теңге

—       салымшылардан түсетін орташа айлық түсім – 12 мың теңге

—       зейнетақы активтерінің орташа айлық түсімі – 2,3 млн. теңге

—       ЖЗҚ салынған зейнетақы жарналарының жалпы сомасындағы қор үлесі – 25%

Қазақстанның Халық Банкі ЖЗҚ АҚ  портфелінің құрылымы қысқа мерзімді – 36,12 % және ұзақ мерзімді — 63,88 бағалы қағаздардан тұрады. Осыдан бағалы қағаздар портфелі келесілерден құрылады:

—       корпоративтік облигациялар – 22,64 %

—       муниципалды облигациялар – 0,16 %

—       Ұлттық банкноталар – 25,11 %

—       Қаржы Министрлігі облигациялары – 18,78 %

—       Акциялар – 10,18%

—       РЕПО – 1,03 %

—       Депозиттер – 4,51%

—       ХВҚҰ (МВФО) облигациялар – 5,39%

—       Шетелдік мемлекеттік облигациялар – 12,21%

Тұрақтылық зейнетақөы қорларын экономикалық көзқарастарды анықтаушы экономикалық категория ретінде анықтайды.

Қазіргі уақытта зейнетақы рыногы 8 зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым және 14 ЖЗҚ-нан тұрады, олардың ішінен МЖЗҚ ЖЗҚ АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» ЖЗҚ АҚ зейнетақы активтерін өздері басқарады.

«Қазақстан Халық Банкі» ЖЗҚ АҚ 01.01.2006 жылғы мәліметтер бойынша ЖЗЖ жиынтық түсімдері 502425 454 млн. теңгені көрсетеді. ЖЗҚ ішінде міндетті зейнетақы жарналарының жалпы мөлшерін келесі түрде көрсете аламыз: міндетті зейнетақы жарналарының жалпы сомасынан Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ АҚ және МЖЗҚ ЖЗҚ АҚ қорларына 24,22 % Ұлар-Үміт ЖЗҚ АҚ 17,31%. [11, 12-13 б.]

2006 бірінші жарты жылдығында МЖЗҚ ЖЗҚ Қ аударылған түсімдердің деңгейінің артқандығын атап өту керек, ал міндетті зейнетақы жарналары 648580680 мың теңгені құраған. Егер түсімдерді аймақтық аспектіде қарастыратын болсақ, онда зейнетақы жаранлары түсімдерінің жалпы сомасының негізгі үлесі Алматы қаласында – 20,97 % — ға  жинақталған. Бүгінгі күні салымшылар саны 7649 мыңға жетті. 17- Кестеде көріп отырғанымыздай, жалпы салымшылар ішінде 37,34 % МЖЗҚ ЖЗҚ АҚ салымшылары болып келеді және оған өз жинақ қорларын құруға, инвестициялық табыс алу мақсатында басқаруға сенім артады. Салымшылардың үлес салмағында «Қазақстан Халық Банкі» ЖЗҚ АҚ 17,33% және «Ұлар Үміт» ЖЗҚ АҚ 14,74 % едәуір үлкен орын алады. [11, 12-13 б.]

Зейнетақы жарналарын бөліп отыру тұрақты түрде жүргізілмейді. Егер ЗҚ төмен төлем жасаушы салымшылар үлесі неғұрлым көп болса, онда ЖЗҚ іс жүргізу шығындарының үлесі соғұрлым көп, ал егер жоғарғы төлемді салымшылар үлесі көп болса олар әрқашан бәсекелестердің назарында болады. ЗҚ салымшылар құрамына бағалау жүргізу үшін салымшылар санын және жарналар сомасын бөлу қисығын пайдаланады. Белгі ретінде минималдыдан (1000 теңгеге дейін), максималды (10000 теңгеден жоғары, тұрақты қадам 1000 теңге) аралығында міндетті  10 % зейнетақы жарналары алынған. Міндетті зейнетақы жарналарының мөлшеріне қарай салымшыларды келесі түрде бөлуге болады: төмен төлемді – 2000 теңгеге дейін, орташа жалақылар алушылар жарналары – 2000 нан 3000 теңгеге дейін, жоғары төлемділер – 10000 теңгеден жоғары. Жүргізілген талдау нәтижесінде ЖЗҚ ішінде 2002 жылға дейінгі негізгі позицияны МЖЗҚ алып отырып, оның ЖЗҚ арасындағы үлесі 16,8 % болған.

2003 жылдан бастап МЖЗҚ АҚ өз позициясын жеке зейнетақы қорларына бере бастады. Қазіргі кезде ЖЗҚ арасында Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ АҚ лидер болып табылуда, оның үлес салмағы 25,9 % құрайды. Екінші орында МЖЗҚ ЖЗҚ АҚ – 19,4 %, үшінші орында Ұлар-Үміт ЖЗҚ АҚ -18,1 % құрап отыр. [11, 12-13 б.]

Қаржы институттары жүйесінде, МЕЖЗҚ алатын орны бойынша талдау жүргізу барысында анықталғандай, зейнетақы қорлары қаржы рыногының әрекет ету барысын белсенді түрде қолдады және ұдайы өндіріс процесінде бірқатар микро және макроэкономикалық функцияларды атқарады. Алайда, қазіргі кезде заң базасының ЖЗҚ жинақтарының жетілмегендігіне байланысты зейнетақы алу кепілдіктері берілмей отыр. Бенефициант қолында зейнетақы аударымдары, салымдарды есептеген кітапшасы бар, онда оның жеке зейнетақы коды көрсетілген, соның көмегімен ол кез-келген уақытта зейнетақы салымдарын тексере алады. Жұмыстан кетуіне байланысты немесе жұмысқа тұру мүмкіндігі болмаған жағдайда, бенефициант, өзінің бастапқы салымдарының өсімін бақылай отырып, зейнеткерлік жасы толған соң, оларды алу құқығына ие болады.

Қол жеткізген нәтижелермен қатар, жаңа зейнетақымен қамтамасыз етуге байланысты негізгі үш мәселені бөліп қарастыруымызға болады.

Біздің елдегі зейнетақы мөлшері халықаралық стандарттар бойынша ғана емес, кейбір ТМД елдерімен салыстырғанда едәуір төмен болып табылады, мысалы Ресеймен.

Зейнетақы қорларының тиімділігінің төмендігі, ол өндірістердің құлдырауынан, көлеңкелі және бейресми экономика үлесінің көптігімен түсіндіріледі. Республиканың зейнетақы жүйесінде зейнеткерлік жасына қатысты бірқатар сәйкессіздіктер бар. Кейбір мамандықтар үшін, мысалы әскери қызметкерлерге зейнеткерлік жасы еңбек стажы 25 жыл болғанда ерлер үшін 45 жас қаралған. Басқа мамандықтар үшін еңбек стажының минималды көрсеткіші орындалған кезде зейнетақыға тәуелсіз, жұмыстан кету құқығына ие болады.

Сонымен, зейнетақы жүйесіндегі көптеген параметрлерге өзгерістер енгізуді қажет етеді. Жұмыспен қамтылғандар саны мен зейнеткерлер арасындағы арақатынастың үнемі нашарлап отыруы, жұмысшылардың санын сақтауға біршама әсер етеді. Зейнеткерлердің салыстырмалы саны зейнетаұы төлеу және тағайындауға байланысты заң ережелерімен анықталады. Оларға зейнеткерлер жасы, зейнетақыны тағайындауға қажетті еңбек стажы және еңбек етуші зейнеткерлерге зейнетақы төлеу тәртіптерін жатқызуға болады.

Әрекет етуші заңға сәйкес мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз етуді басқару ұйымдарының жүйесін келесі түрде сипаттауға болады:

—       Парламент – заң шығарушы билік ұйымы — мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарды реттеуші заңдарды талқылап қабылдайды;

—       Президент мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз ету саласына қатысты жарлықтар шығарады;

—       Қазақстан Республикасының Үкіметі әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы бірыңғай мемлекеттің саясатын жүргізілуін қамтамасыз етеді, сонымен қатар бірқатар федеральды бағдарламаларды өңдеу, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру арқылы. Аталған функциялардың орындалуы үшін Үкімет қаулылар қабылдайды, соның ішінде мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарды реттеуші қаулылар;

—       Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі – атқарушы билік ұйымы — әлеуметтік қорғау мәселесімен айналысады  және мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз етуі тиіс.

—       Зейнетақы жүйесінің айналымын реформалау заң актілерінде оындаушының нақты мекен-жайы белгіленген және оған қатысты қажетті құзіреттер қатары анықталуы тиіс.

Үкімет субъектілері қосымша аймақтық әлеуметтік қорғау шараларын бекітуге құқықтары бар, бірақ мұндай шаралар мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз ету саласында әрекет етпейді. Әркет етуші заңға сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқарушы ұйымдар мемлекеттік ұйымдар жүйесіне кірмейді. Сондықтан мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз ету функцияларын атқарушы ұйымдардың қызметтерін реттей алмайды. Жергілікті өзін-өзі басқарушы ұйымдар, тек қана субъектілер сияқты қосымша зейнетақымен қамтамасыз етуге байланысты шараларды жүзеге асырумен айналыса алады. Өзгерістердің қомақтылығын ескере отырып, барлық зейнетақы жүйесінің барлық сегменттерін мемлекеттік реттеуді бір ғана ұйымға жүктеу орынды болады деп есептелінеді. Оған барлық азаматтарға шартты дербес шоттарын беруге байланысты жұмыстарды ұымдастыруды бақылауды жүктеу қажет.
Тағы рефераттар