Сабақтын мақсаты: Оқушылардын табиғатқа деген сүйіспеншілігін дамыту, Табиғатты қорғауға үйрету. Бейнелеу өнерінде табиғат көріністерінің ерекшеліктерімен таныстыру.

Сабақтың кернекілігі: Табиғат көріністері бейнеленген шығармалары, И.Левитан «Алтын күз», А.Черкасский «Қара ағаштар», Ә.Қастеев «Жайлауда», А.Ғалымбаева «Қотанай пирамидалары» шығармаларының баспа нұсқалары.

Сабақтың барысы: Сабақтың басында Казақстан бейнелеу шеберлері А.Черкасский, Ә.Қастеев, А.Ғалымбаевалардың суреттерінің үлкен көлемдегі репродукциялары тақтаға ілінеді. Бұл картинадағы бояулар түстерінің бірлігі, композициялық құрылысы, перспективасы жайлы әңгіме өткізіледі. Онан соң көрсетілген картиналар бір-бірімен салыстырылады. И.Левитанның «Алтын күз» картинасын көрсету барысында ағаштардың, жапырақтардың, даланың түстеріне назар аудара келіп, картинадағы сарғыш түстердің басым екендігіне көңіл бөлінеді. Күз мезгілінде табиғатта коңыр, сары түстер басым болатындығы ескертіледі.

А.Черкасскийдін «Қара ағаштар» картинасы негізінен жасыл көк түстердің жиынтығына біріктірілген, Бұл көріністерден жақында жапырақ жайған ағаш бұтақтары, ашық аспан, т,б. көріністер көктемнің күні екендігінен хабар береді. Осы картинаға ұқсас К.Барановтың «Тыңда» деп аталатын шығармасы да көктем көріністерін бейнелеуге арналған.

Мұнан соң Ә.Қастеевтің «Жайлауда» С.Мамбеевтің «Жайлау» атты картиналарын көрсету барысында сағымдалып көрінген таулар мен төбелер, жайлаудағы малдар менмалшылар, тал түстегі ыстық ауа жаздың сипатын білдіретіндігіне назар аударылады.

Қыс көріністерін бейнелеу ерекшеліктерін оқушыларға таныстыру мақсатында суретші А.Школьныйдың «Шопандар» картинасы көрсетіледі. Бұл шығармадағы бояулар түстері көкшіл түстердің бірлігіне жинақталған. Қыстың ызғарлы күндері салқындықты білдіретін бояулар түстерінен де байқалып тұрғандығына назар аударылады.

Мұнан соң оқушыларға әр жыл мезгілдерінің өзіндік сипаты, түстер ерекшеліктері, көріністердің түрлері әр түрлі өзгерістерде болатындығы айтылады. Әрбір картина бір-бірімен салыстырып көрсетіледі. Бұл әдіс оқушылардың әсемдік талғамының дамуына игі әсерін тигізеді.

Сабақты оқушыларға өздері қалаған белгілі бір жыл мезгілінің көрінісін бейнелеу талап етіледі. Бірақ бұл көріністің өте қарапайым бала жасының ерекшелігіне байланысты болуын ескеріп, аса жауапкершілікпен басшылық керсетіледі.
Тағы рефераттар