МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
2 ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА ТАРАҒАН ТҮРЛЕРІ
2.1 Бүркіт
2.2 Дала қыраны
2.3 Қарақұс
2.4 Жыланжегіш қыран
2.5 Сақалтай
2.6 Құмай
2.7 Аққұйрықты субүркіт
2.8 Кезқұйрықты субүркіт
2.9 Бақалтақ қыран
2.10 Ителгі
2.11 Бидайық
2.12 Лашын
2.13 Ақ сүңқар
2.14 Балықшы тұйғын
2.15 Алтай ұлары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Жыртқыш құстар — тірі жануарларды немесе олардың өлекселерін жеп тіршілік ететін құстар. Жыртқыш құстардың тұмсығы имек, шеті өткір, кескіш. Қанаттары ұзын, көбіне ұшты, кеуде тұсы, сан еттері жақсы дамыған. Көру, есту жүйелері жақсы жетілген. Тырнақтары өткір, имек, жемін бүріп ұстауға, өлтіруге бейім.
Жыртқыш құстар саны азайып бара жатқан, сирек кездесетін құстар. Қазақстанда олар кең таралған, бірақ біркелкі емес, кездейсоқ. Жалаңаш және құз-жартасты тауларды, қыраттарды, қарағайлы және басқа да тоғайларды, өзендердің жайылмасын, сексеуілді шөлдерді мекендейді. Қазақстандағы жалпы сандары белгісіз, бұл құстардың көбі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Жыртқыш құстардың санының азаюының негізгі себептері: заңсыз аулау, қолда өсіру үшін ұядан балапандарын алу, ересек құстардың электр сымдарында, қақпан моңыңдағы уланған жемдерді жеп өлуі және қақпанға түсуі. Бұл құстарды қорғауды кеңінен насихаттап, заңды түрде қорғау тәртібін белгілеп, аңшы құс ретінде қолда бағу жағдайын жасау керек.

 курстық жұмыс / 22 бет
Тағы рефераттар