МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ
1 ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
2 ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА ТАРАҒАН ТҮРЛЕРІ
2.1 Бүркіт
2.2 Дала қыраны
2.3 Қарақұс
2.4 Жыланжегіш қыран
2.5 Сақалтай
2.6 Құмай
2.7 Аққұйрықты субүркіт
2.8 Кезқұйрықты субүркіт
2.9 Бақалтақ қыран
2.10 Ителгі
2.11 Бидайық
2.12 Лашын
2.13 Ақ сүңқар
2.14 Балықшы тұйғын
2.15 Алтай ұлары

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Жыртқыш құстар — тірі жануарларды немесе олардың өлекселерін жеп тіршілік ететін құстар. Жыртқыш құстардың тұмсығы имек, шеті өткір, кескіш. Қанаттары ұзын, көбіне ұшты, кеуде тұсы, сан еттері жақсы дамыған. Көру, есту жүйелері жақсы жетілген. Тырнақтары өткір, имек, жемін бүріп ұстауға, өлтіруге бейім.
Жыртқыш құстар саны азайып бара жатқан, сирек кездесетін құстар. Қазақстанда олар кең таралған, бірақ біркелкі емес, кездейсоқ. Жалаңаш және құз-жартасты тауларды, қыраттарды, қарағайлы және басқа да тоғайларды, өзендердің жайылмасын, сексеуілді шөлдерді мекендейді. Қазақстандағы жалпы сандары белгісіз, бұл құстардың көбі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Жыртқыш құстардың санының азаюының негізгі себептері: заңсыз аулау, қолда өсіру үшін ұядан балапандарын алу, ересек құстардың электр сымдарында, қақпан моңыңдағы уланған жемдерді жеп өлуі және қақпанға түсуі. Бұл құстарды қорғауды кеңінен насихаттап, заңды түрде қорғау тәртібін белгілеп, аңшы құс ретінде қолда бағу жағдайын жасау керек.

1 ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Жыртқыш құстар (Falconiformes отряды) мен жапалақ (Strigiformes отряды) отрядына қатысты құстардың түрлері жыртқыш құстар деп танылады.
Жыртқыш құстар — тірі жануарларды немесе олардың өлекселерін жеп тіршілік ететін құстар. Жыртқыш құстардың арасында тұрқы 1 метрге, жайған қанаты 2,75 метрге жететін ең ірі (құмай), тұрқы 15 сантиметрдей өте ұсақ (ергежейлі сұңқар) түрі бар. Жыртқыш құстардың тұмсығы имек, шеті өткір, кескіш. Қанаттары ұзын, көбіне ұшты, кеуде тұсы, сан еттері жақсы дамыған. Көру, есту жүйелері жақсы жетілген. Тырнақтары өткір, имек, жемін бүріп ұстауға, өлтіруге бейім.
Жыртқыш құстардың көбі жемін күндіз аулайды. Кейбір түрі сүт қоректілерді (әсіресе кемірушілерді), құстарды, бауыры мен жорғалаушыларды, кейбіреуі моллюскілерді жейді. Өлексемен, балықпен, насекомдармен қоректенетіндері де бар.
Жыртқыш құстардың 5 тұқымдасқа бөлінеді. Олар: Оңтүстік және Солтүстік Америкада тараған америка құмайлары (6 түр), Африка саванналарында кездесетін секретарь (1 түр), жер жүзіне кең тараған балықшы (1 түр), тек Антарктика мен кейбір мұхит аралдарында ғана жоқ қаршыға (205 түр) және сұңқар тұқымдасы (58 түр). Бұдан Қазақстанда 38 түрі кездеседі.
Жыртқыш құстар— моногамды құстар, жылына бір рет жұмыртқалайды. Ірілері 1—2, ұсақ түрлері 6—7 жұмыртқа салады.
Балапандарын 28 (сұңқар), 55 күн (құмай) арасында шығарады. Ауыл шаруашылығына зиянды кемірушілерді, насекомдарды, өлекселерді жеп, аймақты санитарлық жағынан тазартып, ауру, әлсіз құстарды, жануарларды оңай ұстап, табиғи сұрыптау процесіне қатысып пайда келтіреді.
Жыртқыш құстардың кейбір түрі (бүркіт, қаршыға, ителгі т. б.) өте ерте заманнан бері әуесқойлық аң аулау үшін пайдаланылады.

2 ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА ТАРАҒАН ТҮРЛЕРІ

2.1 Бүркіт -Aquila chrysaetos

Тип Хордалылар (Chordata). Клас Құстар (Aves). Отряд (Falconiformes). Тұқымдас (Accipitridae). Туыс (Aquila). Түрдің авторы Linnaeus, 1758.
Біздің елімізде бүркіттің жеті түрі мекендейді. Олардың арасындағы ең бір ерекше ғажабы — қыран бүркіт. Ол — қасқырды да алатын, өте күшті, ірі денелі алып құс. Кавказды, Орта Азия мен Қазақстанды мекендейтін халықтар ежелдеи бүркіт салып, аң аулайды.
Ең алдымен бүркітші бүркіттің балапанын ұядан алады. Мұмын өзі өте қауіпті кәсіп. Өйткені, бүркіт өзінің ұясын жан аяқ баспайтын қия жартасқа салады және аталық (шәулі) бүркіт пен ұябасар бүркіт өз балапандарын жанын сала қорғайды.
Бүркіт еліміздің оңтүстігіндегі адам аяғы баспаған, ешкім аспаған мұзарт шыңдар мен қия жартастарды мекендейді. Олар Сібірдің ит тұмсығы өтпейтін қалың ормалдарында, сондай-ақ еліміздің Европалық бөлігіндегі ормандарда да кездеседі. Ормандағы бүркіттер елден, жолдап аулақ алыс түкпірлердегі кәрі ағаштың ұшар басына ұя салады. Өздері өте сақ. Адам көзіне сирек шалынады.
Тек күздігүні балапандары есейігенде ғана бүркіт ұясымсн топтанып, шырқау биікте қалықтап жүреді.
Күн суығанда бүркіттер ұясынан алыс жақа сапар шегеді. Жас бүркіттер қыста қоныс аударған жаңа жерге тұрақтанып, келесі суық түскенге дейін осы өңірді мекен етеді.
Ал енді кәрі аталық бүркіт пен ұябасар бүркіт өздерінің түпкілікті мекеніне қайтып оралады. Олар бұрынғы ұяларын жөндеп, мұнда тағы да балапан басып шығарады.

2.2 Дала қыраны-Aquila rapax

Тип Хордалылар (Chordata). Клас Құстар (Aves). Отряд (Falconiformes). Тұқымдас (Accipitridae). Туыс (Aquila). Түрдің авторы Temminck, 1828.
Саны қалпына түсіп келе жатқан түр. Евразияның, соның ішінде Қазақстанның далалық және шөлейтті аймақтарында кең тараған. Әсіресе Батыс Қазақстан мен құрғақ далалы тау бөктерлерінде көп болған.
Жыртқыштармен күресу кампаниясынан кейін (50-60 жылдар) саны азайып кетті, екінші себеп — жоғарғы кернеулі электр таратү жүйелерінің сымдарында өлім-жітімге ұшырауы. Бұл қырандардың жердегі ұялары өте жеңіл бұзылады. Бүркіттерді және олардың ұяларын қорғауды насихаттау, сонымен қатар электр жүйесін жеткізетін тіректерді тиымды қорғаныш құрластармен жабдықтау қажет.

2.3 Қарақұс-Aquila heliaca

Тип Хордалылар (Chordata). Клас Құстар (Aves). Отряд (Falconiformes). Тұқымдас (Accipitridae). Туыс (Aquila). Түрдің авторы Savigny, 1809.
Сирек, саны кеміп бара жатқан түр. Қазақстанда солтүстік ендік бойынша 53-ші градусқа дейін кең тараған; ол тек биік таулар мен мүлдем орманы жоқ аудандарда ғана кездеспейді. Саны белгісіз, бірақ 50-60-шы жылдардағы күрт төмендеуден кейін қайтадан қалпына келуі өте баяу жүрсе, ал кейбір жерлерде — мүлдем жоқ. Басқа бүркіттер сияқты электр жүйесін тарату тіректерінде жиі өлім-жітімге ұшырайды, кейде бүркіт орнына аулаушы қүс ретінде қолда ұстау үшін ұядан да балапандарын алады. Қарақұсты қорғау үшін үгіт насихатты жандандыру, белгілі ұя салатын орындарды қорғау және орманы жоқ, аудандарда оларды ұялауға тарту үшін ағаш басына жасанды ұялар тұғырын жасау қажет.
2.4 Жыланжегіш қыран-Circaetus gallicus

Тип Хордалылар (Chordata). Клас Құстар (Aves). Отряд (Falconiformes). Тұқымдас (Accipitridae). Туыс (Circaetus). Түрдің авторы Gmelin, 1788.
Сирек, саны кеміп бара жатқан түр. Африка мен Евразиядо кең тараған, Қазақстанның барлық оңтүстік бөлігіндегі құмды шөлдерде, шөлді таулар мен құрғақ тау бөктерлерін мекендейді. Саны нақты анықталған, бірақ соңғы он жылдықтарда оның кемуі жақсы байқалады. Негізгі себептер: электр тарату жүйелерінің тіректеріндегі өлім-жітім, қасақылардың тікелей кыруы, ұя маңында мазалау факторлары. Қаратауда, Бетпақдалада және Қызылқұмда, Іле өзенінің аңғарында қорықтар құру қажет.

2.5 Сақалтай-Gypaetus barbatus

Тип Хордалылар (Chordata). Клас Құстар (Aves). Отряд (Falconiformes). Тұқымдас (Accipitridae) Туыс (Gypaetus) Түрдің авторы Linnaeus, 1758.
Саны тұрақты болғанымен аз, сирек кездесетін түр. Қазақстандо Талас Ала-тауынан Жоңғар Алатауына дейінгі тау жоталарында таралған, ұясын таудың жартасты-құзды жерлеріне салады. Санының қанша екені белгісіз, дегенмен 100-ге жете бермес. Ақсу-Жабағылы және Алматы таулы қорықтарында 20 шақтысы қорғауға алынған. Олардың қорықтардан тысқары ұяларын тауып, оны қорғап, саяхатшылардың сақалтайдың ұясы бар шатқалдарға бармауын қадағалап, қолдан өсіруді жолға қою керек.

2.6 Құмай-Gyps himalayensis

Тип Хордалылар (Chordata). Клас Құстар (Aves). Отряд (Falconiformes). Тұқымдас (Accipitridae). Туыс (Gyps). Түрдің авторы Hume, 1869.
Аз зерттелген, сирек кездесетін құс. Тибет, Гималай, Памир-Алай жене Тянь-Шаньды мекендейді. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы биік тау жоталарында, тау орманынан жоғары тіршілік етеді. Санының азаю себептері анықталмаған, шамамен оған улы жемдерден өлуі және оның қорегі-жабайы тұяқтылардың азаюы себеп болуы мүмкін. Ұяларын тауып, оларды қорғауға алу керек, мүмкін, қыста қосымша жемдеуді үйымдастырып, қолдан өсіру тәсілдерін табу керек шығар.

2.7 Аққұйрықты субүркіт-Haliaeetus albicilla

Тип Хордалылар (Chordata). Клас Құстар (Aves). Отряд (Falconiformes). Тұқымдас (Accipitridae). Туыс (Haliaeetus). Түрдің авторы Linnaeus, 1758.
Саны кеміп келе жатқан, сирек кездесетін құс. Евразияның солтүстік белігінде, оңтүстігінде Орталық Азия мен Моңғолияға дейін кең тараған. Соңғы 30-40 жылда Қазақстанның бұрын дағдылы суларының көпшілігінде кездеспейтін болды. Кәзір Қазақстанда 200-дейі ұялайтын болса, оның жартысынан көбі Жайық пен Іле өзендерінің су алқаптарында. Сонының азаюының негізгі себептері — тікелей жою, сулардың жағаларын шаруашылыққа пайдалану, өрт кезінде ұяларының жой-ылуы. Балқаш маңы, Торғай және Алакөл қорықтарын ұйымдастыруды тездету керек.

2.8 Кезқұйрықты субүркіт-Haliaeetus leucoryphus

Тип Хордалылар (Chordata). Клас Құстар (Aves). Отряд (Falconiformes). Тұқымдас (Accipitridae). Туыс (Haliaeetus). Түрдің авторы Pallas, 1771.
Жойып жіберу қаупы бар түр. Оңтүстік және Орталық Азияда біршама кең тараған. Қазақстанда үстіміздегі ғасырдың ортасында оның ұясын Алтайда, Сырдария мен Іле өзендерінде, Маңқыстау түбегінде кездестіруге болатын. Жыртқыш құстарды жою науқанынан кейін ол өте сиреп кетті: соңғы 25 жылда ұя басатын мезғілінде 5, ал, барлығы 50-дей ғана кездескен. Ұялары табылмаған. Ұялайтын жерлерін тауып, оларды қорғау керек.

2.9 Бақалтақ қыран-Hieraaetus pennatus

Тип Хордалылар (Chordata). Клас Құстар (Aves). Отряд (Falconiformes). Тұқымдас (Accipitridae). Туыс (Hieraaetus). Түрдің авторы Gmelin, 1788.
Сирек, аз зерттелген құс. Евразия мен Солтүстік-ботыс Африканың орманды аудандарында кең тараған. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы ор-манды тауларында, шөл өзендерінің жайылмаларында мекендейді. 50-60 -шы жылдары, жыртқыш құстармен күресу шаралары кезінде, саны күрт төмендеді, ал қазір саны өте жай қалпына келуде. Бүркіттерді қорғауды насихаттау, сонымен қатар Қаратауда, Жоңғор Алатауында және Іле өзенінің аңғарында қорықтар құру қажет.

2.10 Ителгі-Falco cherrug

Тип Хордалылар (Chordata). Клас Құстар (Aves). Отряд (Falconiformes). Тұқымдас (Falconidae). Туыс (Falco). Түрдің авторы Gray, 1834.
Қазақстанда бұл түрдің кейінгі 3-4 жылда саны күрт кеміп кеткендіктен жойылып кету қаупы бар. Оның басты себебі: араб елдеріне сатү үшін ересектерін аулау және ұядағы балапандарын алу. Заңсыз аулаудың осындай түрі соңғы жылдары кең тарап отыр. Бұл түрді Ақсу-Жабағлы, Наурзым және Үстірт қорықтарында ғана қорғаудың жеткіліксіздігі байқалып отыр. Жаңа қорықтар ұйымдастырудан да бұрын оларды аулауға толық тыйым салу керек.

2.11 Бидайық-Falco pelegrinoides

Тип Хордалылар (Chordata). Клас Құстар (Aves). Отряд (Falconiformes). Тұқымдас (Falconidae). Туыс (Falco). Түрдің авторы Temminck, 1829.
Жойылып кету қаупы бар өте сирек түр. Африкада, Алдыңғы, Ортаңғы жене Орталық Азияның тауларында тіршілік етеді, ал Қазақстанның оңтүстігіндегі және шығысындағы таулардың шағын аймақтарында мекендейді. Қазақстанда саны өте аз, солардың алтауы Алматы қорығында ұялайды. Алматы қаласында күз және қыста 1 -5 бидайықты кездестіруге болады. Санының азаю себептері және жалпы тіршілігі туралы деректер жоқ. Олардың ұяларын тауып, оны қорғоу керек және қолдан өсіру әдістерін зерттеу қажет.

2.12 Лашын-Falco peregrinus

Тип Хордалылар (Chordata). Клас Құстар (Aves). Отряд (Falconiformes). Тұқымдас (Falconidae). Туыс (Falco). Түрдің авторы Tunstall, 1771.
Жойылып кету қаупы бар түр. Лашын жер шарында кең тарағанмен, Қазақстанда анық екі-ақ жерде ұясын тапқан-біреуі Наурыз қорығында 1935 ж., екіншісі -Оңтүстік Алтайда 1958 жылы табылған. Бұдан кейін оның Қазақстанда ұя салғанын ешкімде көрген емес. Республикамыздың үстінен қыста да ұшып өткенімен, біздө қыстайтындарының саны азаюда; мысалы, Алматыда 1883-1888 жылдары 2-ден 5-ке дейін лашындар қыстаған. Қолдан өсіріп, жетілген балапандарын еркіне жіберу керек.

2.13 Ақ сүңқар-Falco rusticolus

Тип Хордалылар (Chordata). Клас Құстар (Aves). Отряд (Falconiformes). Тұқымдас (Falconidae). Туыс (Falco). Түрдің авторы Linnaeus, 1758.
Сирек кездесетін, бізде өнебойы қыстамайтын түр. Солтүстік Америка мен Ев-разияның арктикасында таралған, қыстау үшін оңтүстікке ұшып кетеді. Қазақ-станда қыста Көкшетау, Өскемен, Алматының маңайынан кездестірілген, ондағы ашық қоймалардан кіші дүркептермен қоректенеді. Барлық жерде де жекелеген құс көзге түскен. Санының азаю себептері анықталмаған, қорғау шаралары белгіленбеген. Барлык, қырандарды қорғауды халық арасында кеңінен насихаттап, оларды қолдан өсіруді тездету қажет.

2.14 Балықшы тұйғын -Pandion haliaetus

Тип Хордалылар (Chordata). Клас Құстар (Aves). Отряд (Falconiformes). Тұқымдас (Pandionidae). Туыс (Pandion). Түрдің авторы Linnaeus, 1758.
Жойылып кету жағдайында тұрған түр. Ертеректе Қазақстанның балығы мол және ұя салуға ағаштары бар көптеген су қоймаларында мекендеген.
Қазір ұя басар кезінде бірнеше жерлерде: Марқакөл (Оңтүстік Алтай), Жайық, Ертіс, Іле өзендерінде ғана кездеседі. Саны 60-70 -ке дейін (оның жартысы Шығыс Қазақстанда) кеміді. Негізгі себептер — орманды кесу, балық қорларының таусы-луы, ересек құстарды жою. Ұяларды есепке алып, олардың әрқайсысының айналасын тыныштық аймаққа айналдыру қажет.

2.15 Алтай ұлары-Tetraogallus altaicus

Тип Хордалылар (Chordata). Клас Құстар (Aves). Отряд (Galliformes). Тұқымдас (Phasianidae). Туыс (Tetraogallus). Түрдің авторы Gebler, 1836.
Таралу аймағы шағын сирек кездесетін тур. Қазақстанда Оңтүстік Алтайдың таулы аймағында (оған Марқакөл қорығы да кіреді) мекендейді. Саны белгісіз, бірақ, осындай шағын аумақта бірнеше ондап кездесуі мүмкін. Өте сирек бұл құсты қорғауды онан сайын күшейтіп, шопандар мен аңшылар арасында үгіт-насихатты кең таратып, оның заңсыз аулануын тежеу керек. Питомниктерде қолдан өсіруді жолға қойып, табиғи санын көбейту орынды болар еді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Қазіргі кезде Қазақстанда кездесетін жыртқыш құстардың көбі, олар — Жыланшы қыран, бүркіт, Бақалтақ қыран, Дала қыраны, Қарақұс, Бүркіт, Ақиық субүркіт, Аққұйрық субүркіт, Жұртшы, Ақсұңқар, Ителгі, Лашын Қызыл кітапқа енгізілген.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Э.И.Гаврилов. «Фауна и распространение птиц Казахстана». Алматы, 1999.
2. «Жизнь Животных» том 5. Птицы. Москва. «Просвещение», 1970.
3. В.К.Рябицев. «Птицы Урала, Приуралья и Западной Сибири». Екатеринбург. Изд-во Уральского университета, 2000
4. Р.Л.Бёме, А.А.Кузнецов «Птицы открытых и околоводных пространств СССР» Москва. «Просвещение», 1983.
5. А.Ф.Ковшарь «Хищные птицы». Алма-Ата, «Кайнар», 1983 г.

.

скачать бесплатно
загрузка...
Нравится


Проблемы со скачиванием? (нажмите на ссылку)

Тағы рефераттар