МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ…..3

1.БАНКТЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ҰҒЫМЫ, МӘНІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ…..5
1.1. Банктердің инвестициялық қызметінің экономикалық мәні….5
1.2.Банктердің инвестициялық қызметінің ұйымдастырылуы және жіктелуі….7

2. «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ-НЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ….11
2.1. «Қазақстан халық банкі» АҚ-на экономикалық сипаттама…11
2.2. «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның инвестициялық қызметінің нәтижелері және табыстылығы…13

3. БАНКТЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ….16
3.1. Шетел банктерінің инвестициялық қызмет ерекшелігі…16
3.2. Қазақстан банктерінің инвестициялық қызметі мәселелері және оны жетілдіру жолдары..18

ҚОРЫТЫНДЫ….20
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…..22
ҚОСЫМШАЛАР….23

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі – коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі, оның ұйымдастырылу ерекшеліктері және даму перспективалары.

Курстық жұмыстың өзектілігі – қазіргі кезеңдегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының ажырамас бөлігі ретіндегі инвестициялардың, оның ішінде инвестициялық субъект ретінде банктердің инвестициялық қызметінің ерекшеліктері мен ұйымдастырылу реттілігін айқындауында.

Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді[1].

Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс — әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.

Курстық жұмыстың мақсаты – коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің ерекшеліктерін, оның ұйымдастырылу тәртібін анықтау және нақты жағдайдағы коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің нәтижелілігін талдап, оның даму жолдарын қарастыру.

Курстық жұмыстың мақсатына сәйкес, курстық жұмыстың келесідей міндеттері қойылады:

— коммерциялық банктердің қызметін анықтау, оның ішінде инвестициялық қызметінің алатын орынына ерекше көңіл бөлу;

— банктердің инвестициялық қызметінің экономикалық роліне тоқталу;

— банктердің инвестициялық қызметінің ұйымдастырылу ерекшеліктерін және сипатты белгілеріне байланысты жіктелуін қарастыру;

— Қазақстан Республикасындағы банктердің инвестициялық қызметіне нақты банк негізінде талдау жасау;

— оның ішінде, банктердің инвестициялық қызметінің нәтижелерін қарастыру және салыстыру;

— аталмыш банктің инвестициялық қызметінің табыстылығына дәйекті баға беру;

— банктердің инвестициялық қызметінің дамуын болжауда шетел банктерінің инвестициялық қызмет тәжірибесіне сүйене отырып, қазақстандық банктердің инвестициялық қызметінің мәселелерін және оларды жетілдіру жолдарын қарастыру.

Кредиттік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық  негізде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.

Коммерциялық банктер пайда табу үшін басқа эмитенттердің бағалы қағаздарымен сауда-саттық операцияларды жүргізеді. Берілген операциялар бірнеше қызметтерді атқара алады: олар өтімділігі жоғары табысты активтерді қалыптастыру құралы бола алады. Бұл операциялардың басқаша тағайындалуы алыпсатарлық табыс алу. Бағалы қағаздар нарығының бағалық конъюктурасы алыпсатарлық операциялар үшін қолайлы болып келеді. Банктер комиссиондық төлемақы үшін бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді және бағалы қағаздармен басқа да депозиттік қызметтерді көрсетеді.

   Курстық жұмыс / 24 бет
Тағы рефераттар