Жоспар
Кіріспе. 2

1. Мемлекеттік несиенің теориялық мәні 3
1.1 Мемлекеттік несиенің мәні, функциялары және түрлері 3
1.2   Мемлекеттік несиенің  нысандары.. 7
1.3 Халықаралық мемлекеттік несие. 9

2 Қазақстан Республикасында мемлекеттік несиені қолдану. 12
2.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік несиесін басқару. 12
2.2 Қазақстан Республикасында мемлекеттік несиені қолдану. 15
2.3 Еліміздің экономикасын дамытудағы мемлекеттік несиенің маңызы. 20

Қорытынды.. 23
Қолданылған әдебиеттер. 25

Кіріспе

Мемлекеттік несие біздің экономикамызда өте маңызды роль атқарады, ал бұл оның актуалдылығын көрсетеді. Ол обективті түрде экономикаға қажет, өйткені ол жалпы қоғамның даму қажеттіліктеріне негізделеді.

Курстық жұмыстың басты мақсаты оның маңыздылығын ашып көрсету, яғни мемлекеттік несиенің  экономикалық категория ретіндегі қажеттігін, құрлымын, түрлері мен формаларының  мәнін , атқаратын қызметтерін жетік білу.

Мемлекеттік несие қатысу жақтарының бірі мемлекет, ол заңды жеке тұлғалар несие беруші немесе несие алушы болып табылады.

Мемлекеттік несиенің қайта бөлу қызметі халықтың, заңды тұлғалардың, уақытша бос қаражаттарын шоғырландырумен байланысты.

Мемлекеттік несиенің реттеу қызметі мемлекет ақша ағымын реттейді, қарыз пайыз мөлшеріне әсер етеді, қарыз капитал нарығында қарыз алушы ретінде қатысып капиталға сұраным туғызып нетижесінде қарыз пайыз нормасы көтеріледі.

Негізінен еліміздің мемлекеттік несие жүйесі ақша айналымын реттейді, заңды және жеке тұлғаларға өзінің түрлі қызметтерін көрсетеді, осыған байланысты экономикалық қатынастар туындайды. Несиелік қатынастар  екі жақты сипатқа ие және бірдей деңгейде шаруашылық субъектілері үшін де, сонымен қатар несиелік мекемелердің жүйесі үшінде қажет.

Ақшаны несие мекемелерінде сақтау ресурстардың  құрылуын  білдірсе, ал оларды экономиканың және тұтынушы қажеттілігіне үлестіріп беру несиелі ұсынуды көрсетеді.

Курстық жұмыстың негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

— мемлекеттік несиенің мәні және оның түрлерін сипаттау;

— мемлекеттік несиенің нысандарына тоқталу;

— Қазақстан Республикасында мемлекеттік несиені басқаруды  қарастыру;

— Еліміздің экономикасын дамытудағы мемлекеттік несиенің маңызын айқындау.

Курстық жұмыста Қазақстан Республикасының заң күші бар жарлықтары, заңдары, сонымен қатар отандық және басқада шетел экономистерінің еңбектері және баспасөз беттеріндегі мақалалар қолданылды.

курстық жұмыс / 25 бет


Тағы рефераттар