14 ғасырдағы Корея: Билік басына Ли династиясының келуі туралы қазақша реферат

14 ғасырда Кореяның әлеуметтік- экономикалық жағдайы қызығарлық деңгейде емес еді. Монғолдар тарпынан жорықтар Корей әлін әлсіретіп қана қоймай солтүстік территорияларынан айырды, бұл мемлекет тқазынсына өз зардаптарын тигізіп қана қоймай, мемлекет басшысының беделін түсірді. Жалпы Корея тарихында 14 ғасырды дағдарыс кезеңі деп атаған дұрыс болар. Оған себеп үш фактор болды. Біріншісі — мемлекеттің жер иеліктеріне билігінің азаюы, ол өз кезегінде мемлекете қазынасына түсетін ақша сомасының азюына алып келеді. Екіншісі — шалғай жатқан қалаларға билік үстемдігіңн азаюы, ол өз кезегінде мемлекеттің тұтастығына нұқсан келтіреді. Үшіншісі — монғолдардың мемлекетке алып келген зардаптары.

Биліктің ауысуы үшін жұмыс жасап отырған билік басындағылардың құлдырауынан басқа жаңа саяси күштің пайда болуы қажет. Корея елінде сондай күш орта және кіші тап өкілерінен шықты, оларды садэбу деп атады. Олар мемлекетік жері өзінің иеліген алып алған бай- аристократтарға қарсы шықты.

Садэбу өкілдері кедей кепшіктер қатарынан емес еді. Олар ғасырлар бойы құрылған неоконфуцандық жолды қалыптастырған орта және кіші жер иелері еді. Кейінен олардың қатарына әскери сановниктер кірді. әсіресе 14 ғасырдың аяғында олар белсенді іс  — қимылдар жүргізді.

1356 жылы Конмин  — ван мырза Аммокан өзенеің ар жағына өзінің әскерін жіберп монғолдардың үш тірек пунктін талқандады. Сол жылы солтүстік — батысқа бірнеше жорықтар жүргізілді, нәтижесінде монғолдардың Ссансон бекінісі алынып, Коре мемлекетінің террриториясы біршшама кеңейді. Хамген қаласының оңтүстік бөлігіне дейін толықтай бағындырылды. 1369-1371 жылдары Ляодун жеріне корелықтар үш рет жорық жасап Тонненбу қаласын басғындырып, түгелдей Ляодун жерін өзіне қаратты. 1374 жылы 25 мың әскерімен және 300 кемесімен коер әскері Чечжудо аралын өзіне бағынждырды. Ал 1350-1389 жылдары оңтүстік жақтан келген жапон теңіз қарақшыларының бетін қайтарды.

Монғолдардан жерін азат ету мақсатымен коре халықының төменгі таптарының өздері жоғары лауазымдарға ие болып әскер құрамына еніп жатты. Осылайша коер елін реформалау талап етілді.

Коерей еліне реформа жүргізуге алғаш талаптанған Чхунсон-ван болды. Ол 23 жасында 1289 жылы таққа келген болатын. Бірақ, оның көтерген бастамаларын сарай қызметкерлері қолдамай оның тақтан кетуіне ықпал етті. Оның орнына бұрыңғы ел ханы Чхуннел -ван келді. 1308 жылға дейін билік құрды.

Тек Чхунмог — ванның таққа келуімен реформалар іске аса батады. өйткені оларға монғолдық Қытайда оған қолдау көрсетті. Чхунмог ван билігі кезінде Коре елінде қолданылған жұмысы үшін жер берілу дәстүрі жалғасын тапты.

Реформация жүргізуде өзгеріс таққа Конмин — ван келуімен болды. Оған себеп сонымен қоса Қытай елінің монғол үстемдіген юосап өздерінің Мин династиясының басталуы болды. Дәл осы кезеңде мемлекет басшысыляодун жерін өзіне бағындырды.

Конмин — ван билігі кезінде садэбу табы жер бөлінісінің ретке елтірілуі жайлы жердің тек қызметкерлерге бөлініп жеке меншіктен алынуын талап етті. Конмин — ван таққа келісімен Чонмин тогам жерін қайта бөлу үшін арнайы әкімшілік құрған болатын, бірақ 1364 жылы монғолдардың ықпалымен бұл іс — әрекет тоқтатылды. Алайда 1365 жылы Буддлық монах Сиондонның көмегімен бұл үрдіс жалғасын тапты.

Синдонның көмегімен заңсыз алынған жер мен құлдардың иелеріне қайтарылуы жайлы заңдар, заңсыз « ноби» , яғнги құл атағын алғандарға  «янин», яғни жақсы адам статусының қайтарылуы жайлы, «халлянгван» яғни еркін қызметші(белгілі атқаратын қызметі жоқ, бірақ алатын жер телімі мен айлығы көп)   статусының алынуы жайлы, «сонгюнгван» конфуциандық мектебінің маңыздылығын арттыру жайлы, мемлекеттік қызметтерге тағайындалуда мемлекеттік емтиханнның күшейтілуі жайлы   заңдарды шығарды.

Ван тармағынан шыққан ел билеушілері соңғы кезде тек алдамшы ойыншықтың ролін ойнады ал шын мәнісінде билік Ли Сонгенің қолында болатын. Ли Сонге алдымен таққа У-ван ды, кейінен Чхан — ванды отырғызды. Жоғарыда айтып өткендей Қытай елі монғолдардң бодандығынан босап өз елін құрып жатқанда, оре еліт ілі де монғолдардың кезіндегідей мемлекет үлгісін ұстап отырды, тіпті тақ басынды Ван династиясының болуы орынды еместей болды. Сондықтан мемлекет басына жаңа дингастия ЛИ келді. Олар содэбу тапты қолдаушылар болатын .

Ли династиясынан алғаш шыққан билеуші Ли Сонге болды. Ол солтүсік — шығыс аймағынан шыққан. Ли Сонге өзінің алғашқы билік құрған жылдары елдің атын Коре деп сақтап отырды, ал 1393 жылы Елдің атын -Чосон деп өзгертті. Бұл корей тарихындағы ежелгі мемлекетпен аттас еді. Сондықтан Пхеньянда Тангунға арналған храм слдырды. 1394 жылы астанны Ханьян қалсынан оңтүстікке қарай жылжытып оны Хансон деп атады, жалпы халық «сеул» деп таап кетті.

Осылайша корей тарихында 500 жыл билік еткен Ли династиясы құрылды. өзінің билігінің аяғына қарай мемлекет атын империя деп өзгерртті, бірақ жапондарда бодандықта қалды.
Тағы рефераттар