15-16 ғасырлардағы Корея: Чосон мемлекетінің қалыптасуы туралы қазақша реферат

Жоғарыда айтылып өткендей Чосон мемлекеті Ли Сонгенің таққа келуімен қалыптасты. Жаңа құрылған үкімет әлі де болса өз күшіне ене алмай, біршама тұрақсыз жағадайда болды, оған себеп сонымен қоса билікке бірнеше топтардың таласуы еді. Бұл таласқа аристократия араласпады, Ли Сонге таққа келуімен оларды биліктен аластатып жіберген болатын. Топхеныйсаса атты орталық жиналыс мүшелерін қысқартты. 1393 жылы Ли Сонге қызметшілерді тағайындаудың жаңа сипатын енгізді, оларды 7 категория бойынша бөлді. Және де қызметке тағайындалуда өтетін Кваго емтихан қиындатты, осылайша ариистократиялық лауазымның мұрагерлік жолмен берілуіне тосқаыл салды. Коре елінің билеушілерін Канхвадо және Кочжедо аралына айдауға жіберді.

Алайда жаңа билікті Ли Сонге бұрыңғы династия кезіндегі  лауазымды адамдарға «реформаторлар париясына» арқа сүйей отырып жүзеге асырды. Олар: Чон Джон, Чо Чжун, Нам Ын және т.б. осы тұлғалар Ли династиясы кезінде жоғары басқарушы орндарды иеленді, бұл жағдай ли династиясын құруда еңбектенген санновниктердің көңілінен шықпады. Сондықтан олар Ли Сонгенің бесінші баласы Ли Банвонның айналасында жиналды.

1398 жылы сарайда тақ мұрагері мәселесі көтерілді. Чон Дочжон Ли Сонгенің сегізінші ұлы Ли Бансокқа тақты қалдыру жайлы ұсыныс тастады осы кезде, Ли Банвон өз беделін түсіріп алудан қорқып, Чон Дочжонға Ли Сонгенің баларын өлтірмекші болды деп айып тақты. Осыны сылтауратып Ли Бонвон «реформаторлар партиясымен» және інісі Ли БонСокты қырып салды. Осы іс әреткеті халықтың наразылығын тудырмас үшін таққа өзін есем ағасы Ли Банкваны(Ли Сонгенің екінші ұлы) ұсынады, сол жылы ол таққа отырады.

Кейінен Ли династиясын Ли Сонгенің төртінші ұлы Ли Банхан тырады. Ол Пак Пхо бастаған көтерілісті жаншып басқанымен көзге түсіп тақ мұрагері атанады. Ли Банхан билік құрған кезде Чососн мемлекетінің билік тәсілі қалыптасты.

Чосон мемлекеті кезінде Корей тарихында алғаш рет белгілі заң жинағымен басқарылатын мемлекет құрылды. Заң жинағы «Чосон кенгук — чон» деп аталды. Оның мәтіні Чон Джонның басшылығымен 1394 жылы жазылды. Алғаш түп нұсқасы билікке таласқан бірнеше топтар әсерінен бірнеше өзгеріске түсті тек 1460 жылы  нақты нұсқасы анықталды. Ең соңғы да нақты нұсқасы 1485 жылы «Кенгук течжон» деген атпен басылып шықты.

Алғашқы жылдары Чосон мемлекетінің мемлекеттік әкімшлілік басқаруын 1400 жылы құрылған Ыйчжонбу құрылымы басқарды. Үшінші билеуші кезінде бұл құрылымның билік айясы тарылып тек алданыш үшін сақтылып отырған құрылымға айналды, жалпы  Ыйчжонбуның билік аясы билеушіге байланысты өзгеріп отырды.

Сонымен қатар мемлекеттік жоғарғы кеңес немесе  мемлекет билеушісіне бағынатын алты министрлер палатасы(Юкчо) болды. Олар: қызметтер палатасы, халық палатасы, әдет — ғұрыптар палатасы, әскерлер палатасы, жазалау палатасы, қоғамдық жұмыс палатасы.

Палаталар 1894 жылға дейін еш өзгеріссіз жұмыс істеп келді. Солармен қатар Сеулда 80 әкімшілік бөлімшелер жұмыс атқарды
Тағы рефераттар