1931-1936 жж. Буржуазиялық-демократиялық, революция туралы қазақша реферат

Диктатор құлағанымен билік бұрынғысынша помещиктер мен ірі буржуазия блогының қолында болды. Халықтың түбірлі өзгеріс жүргізеді деген үмітті аяқталмады. Елдегі жағдай демократиялық өзгеріс жүргізуді қажет етті. 1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс Испанияда саяси дағдарыспен ұласты. Экономикалық дағдарыстың салдарынан көптеген завод-фабрикалар жабылды, сауда айналымы едәуір азайды, инфляция, жұмысшылардың жалақысы төмендеді, 1931 жылдың басында жәрдемақыдан жұмысшылардың саны 600 мыңға жуықтады/1/. Еңбекші шаруа жері аздықтан, жері жоқтықтан зардап шекті. Елде 1444 помещиктік қожалық 3 млн. гектарды иемденсе, осы көлемдегі жер 8 млн. кедей шаруаларға тиесілі болды.

Халықтың көпшілігі қатты наразы еді. Жиі-жиі жұмыстар ереуілдері, шаруалар толқулары, студенттік демонстрациялар болып тұрды. Қозғалысқа буржуазияның біраз бөлігі де, әскердегі демократиялық көңіл-күйдегі солдаттар, офицерлер де қосылды. Елде революциялық дағдарыс туды.

Саяси аренада екі лагерь анықталды: республикандық және монархиялық. Республикандық лагерь: пролетариат, шаруа, ұсақ және орта буржуазия. Монархиялық құрылысты қорғаушылар: латифундия иелері, ірі буржуазия, жоғарғы дін иелері, әскер мен флоттағы реакциялық басшылық. Республикандық лагерь құрамындағы әлеуметтік жағынан әртүрлі болуы, мақстатарының да түрлі-түрлі болуына әкеп соқты. Жұмысшылар мен шаруалардың көздеген мүддесі: республиканы жариялау; саяси және қоғамдық өмірді барынша демократияландыру; әскерлер мен шіркеудің артықшылығын жою; жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту; деревняларда феодалдық қатынастарды жою; шаруаларға жер беру; аз ұлттарға автономия беру. Олар монархияны құлату демократия үшін күресті өрістетудің маңызды кезеңі деп есептеді. Осыған қарамастан республиканы жақтаған буржуазия саяси билікті ғана қолына алуға ғана ұмтылып, республиканы жариялай отырып, халықтың наразылығын тежеуді ойластырды.

Басқарушы топ халықтың наразылығын бөсеңдетуге және монархияны сақтап қалуға ұмтылып Примо де Ривера Үкіметтің Беренгер үкіметімен ауыстырды. Алайда республика үшін қозғалыс өрши түсті. 17 тамыз 1930 жылы Сан-Себастьянда Алколь Самора бастаған оңшыл республикандықтар мен Асанья бастаған солшыл республикандықтар социалистердің қатысуымен монархияны құлатуға және республиканы орнатуға шақырған «революциялық комитет құрды. Комитет мүшелері халық революциясының кең өрістеуінен сескенді, соған қарамастан жұмысшы және шаруа қозғалысы «революциялық комитетінің» ырқынан шығып, ұлғая түсті. 1930 жылдың желтоқсан айында жұмысшылардың жандармдармен көше ұрыстары, жаппай ереуілдер, митингілер, «Монархия жойылсын!», «Республика жасасын!» деген ұранмен демонстрациялар Баскония, Астурия, Каталония және басқа провинцияларда болып өтті. 12 желтоқсан 1930 жылы Хака /Арагон облысы/ гарнизонының әскері көтеріліске шығып, республика жариялап, Уэскуге бет алды. Хакадегі көтеріліс жөнінде хабар бүкіл Испанияға жайылды. 13 желтоқсанда Беренгер үкіметі елді соғыс жағдайында деп мәлімдеді. Сол күні үкіметтің әскери күші республикандықтардың коллонасын талқандап, көтерілісі басшыларын — капитандар Фермин Галан және Анхель Гарсиа — тұтқынға алып, аттылды/2/. Көтеріліс басшыларын ату жаңа толқу тудырды. 15 желтоқсанда Мадридте әскери ұшқыштар бас көтерді. 16 желтоқсанда Аликонта мен Эльчаның жұмысшылары мен шаруалары, оларға қосылған солдаттар көтеріліске шығып, тағы да республика жариялады.

Гранада, Кордова, Малага провинцияларының шаруалары помещиктік жерлерді бөліске салып, «фашистік», азаматтық гвардияны» қарусыздандырып, өздерінің қарулы отрядтарын құрды.

14 ақпан 1931 жылы Беренгер үкіметі отставкаға кетуге мәжбүр болды. Жаңа үкіметті Аснар басқарды. Ол 12 сәуір 1931 жылы муниципалитеттерге сайлау жүргізілетінін жариялады. Бұл сайлау «Республика жасасын!» деген ұранмен өтті. Республикандықтар өнеркәсіптік аудандарда көп дауысқа ие болды. Сайлау нәтижесінде Аснор үкіметі 13 сәуір 1931 жылы отставкаға кетті, 14 сәуірде король Альфонс шетелге кетті, «революциялық комитет» Испанияны республика деп жариялады.

Испанияда 8 жылға созылған революция басталып, ол екі этаптан тұрды. (1931-1936жж) буржуазиялық — демократиялық және (1936-1939жж) халықтық-демократиялық революция.

Республика жариялануымен өкімет билігі буржуазия мен либералдық помещиктер блогының қолында болды. Буржуазиялық партиялар мен социалистердің өкілдерінен құрылған коалициялық уақытша үкіметін оңшыл республикандық Алькола Самора басқарды.

9 желтоқсан 1931 жылы конституция қабылданды/3/. Ол Испанияны бір палаталық республика деп жариялады, сөз, баспасөз жиналсы бостандығын айқындады. Бірақ ескі мемлекеттік және әскери аппарат сақталды. Осылайша, конституция мемлекеттік құрылымда шынайы демократияландырған жоқ. 9 қыркүйек 1932 жылы үкімет аграрлық реформа туралы заң қабылдады, ол бойынша шаруалар жер бөліктерін үлкен сомасы сатып алатын болды. Феодализмнің қалдықтарын жойғанымен, шаруалардың бәрінің бірдей үлкен сомаға жерді сатып алуға шамасы келмейтін еді, сондықтан 2 жылда небәрі 74 мың гектар бөлініп, сатылды да шаруалардың көкейтесті мәселесі толық шешілмеді.

Испаниядағы күрделі мөселенің бірі ұлт мәселесі де толық шешу тапқан жоқ. Тек Каталония ғана шектеулі автономияға ие болды. 8 сағаттың жұмыс күнін енгізу, әлеуметтік қамсыздандыру қағаз бетінде қалды. Конституция қабылданған соң Алькола Самора республиканың президенті болып сайланды, премьер-министр болып солшыл республикандық Мануэль Асанья тағайындалды. Үкімет саясаты өзгермеді.

Сондықтан елде революциялық қозғалыс әрі қарай дами түсті. Осы күрес барысында Испания коммунистік партиясы нығайды. Ол 1932 жылы оппортунистерді әйгілеп өз қатарынан шығарды. Енді дүниежүзілік коммунистік қозғалыста лайықты орын алған Хосе Диас пен Долорес Ибаррури басқарды.

1933 жылы қарашада кортеске сайлау жүргізіледі. Нәтижесінде радикал Леррус бастаған үкімет құрылды. Билік помещиктер қолдаған контрреволюциялық ірі буржуазияның центристер мен оңшыл партиялар қолына көшті. Елде «қара 2 жылдық» деп аталған кезең туды. Оңшыл центристік үкімет еңбекшілердің революцияның алғашқы жылдарында қолы жеткен жетістіктерінің бәрін жойды. Аграрлық реформаны жүзеге асыру тоқтатылды, мемлекеттік аппараттар, әскерден, муниципалитеттен солшыл элементтер қуылды. Прогрессивтік ұйымдар мен баспасөз қудаланды. Шіркеуге барлық құқы қайтарылды. Жұмысшылар өз жерінен арендаторларды қуды. Кортес режимі мен реакционерлерге амнистия беруге қарсы болғандарға өлім жазасы енгізілді. Басконияның автономия беру жөніндегі өтініші қабылданбады. Елдің экономикалық жағдайы қиындайды. 1934 жылы жұмыссыздар саны 1,5 миллионға жетті/4/.

Фашистік ұйымдар да жанданды. 1933 жылдың соңында бұрынғы диктатордың баласы Хосе-Антонио Примо де Ривера гитлерлік партия тәріздес Испандық фаланга құрды. Бұл республиканы күшпен құлатуға шақырды. Испания фашистерінің талабы: аз ұлттарға автономия бермеу; озық ойларға қарсы күрес; корпоративтік мемлекет құру, нацизм т.б. с.с. фаланганың әртүрлі элементтерден құрылған қарулы отрядтары болды, олар жұмысшы қозғалысына, қатысқандарды қырып жойды, елде беймазалық күй туды.

4 қазан 1934 жылы үкімет құрамына реакциялық СЭДА /Испания оңшылдардың автономиялық конференциясы/ партиясы блогының үш өкілі енді. Осыған жауап ретінде социалистердің шақыруымен жалпы ереуіл болып өтті, бірақ тез басып тастады. Буржуазиялық ұлтшылдар тәуелсіз Каталония республикасын жариялады, бірақ үкімет әскері алдында тізе бүкті. Мұнан соң көтеріліс Аустрияда кең қанат жайды, шайқаста табандылық көрсеткен жұмысшылар Аустрияны қолға алды. Сол кезде генерал Франсиско Франко мароккандық әскерді жұмсап, көтерілісті аяусыз басты: 10 мың адам өлді, жараланды, 30 мыңнан астам жұмысшылар түрмеге қамалды.

Аустрия көтерілісінің сабақтарын қорытындылай келіп, ИКП өзінің тактикалық бағытын қайта карап, қоғамның барлық әлеуметтік топтарын қамтыған, фашизмге қарсы күресе алатын Халық майданын құру жөнінде ұран көтерді. Халыққа сүйеніп, ИСРП-ның оң қанаты мен солшыл буржуазиялық партия лидерлерінің құбылмалы көңіл-күйін жеңе отырып, коммунистер мен солшыл социалистер 1936 жылы қаңтарда Халық майданын құра алды. Оның құрамы: республикандық партиялар, ИСРП, ИКП, ВСТ, жастар одағы, Халық майданының программасы: саяси тұтқындарға амнистия жариялау, репрессия кінәлілерін жазалау; барлық конституциялық нормаларды қалпына келтіру; аграрлық реформа жүргізу; еңбекшілерден алынатын салықтарды азайту.

16 ақпан 1936 жылы кортеске сайлау кезінде Халық майданы жеңіске жетті. 474 орынның 269-ы оңшыл центристік үкімет орнына Халық майданына сүйенген солшыл республикандықтар үкіметі келді. Оны Мануэль Асанья басқарды. Ол президент болып сайланғаннан соң премьер-министр болып сол партияның тағы бір лидері — Касарес Кирога тағайындалды. Ақпандағы сайлаудағы жеңіс буржуазиялық-демократиялық революцияны аяқтауға мүмкіндік туғызды, бірақ бұл пайдаланылмады. Үкімет өз саясатын «бейбітшілік және жалпы келісім» деп айқындап халықты тыныштыққа, ымыраға келуге шақырды. Халық майданы программасы өте баяу жүргізілді: халықтың қысымымен саяси тұтқындар босатылды, ішінара жалақы көбейтілді, аграрлық реформаны жүргізу қайта қолға алынды. Осыларды жүргізуімен қайта өзгертулер тоқтатылды. Халық Майданының басқару тұсында жағдайларын жақсартуды және реакциялық күштерді тежеуді талап еткен жұмысшылардың әрекеті күшейді. Мадридтегі бірінші мамыр демонстрациясына жарты миллион адам қатысты. Иелері саботаж жасаған өндірісті жұмысшылар өз қолдарына алды. Шаруалар бос жерлерге орнықты. Коммунистер мен социалистердің ынтымақтастығы күшейді. 1936 жылы сәуірде екі партияның жастар ұйымы Социалистік жастар бірлестігіне бірікті.

1936 жылы шілдеде Каталония коммунистері мен социалистері Біріккен социалистік партия құрды, ол Коминтерн құрамына енді/5/.

Осындай жағдайда революциялық Испанияның жаулары республиканы тек күшпен ғана жоюға болады деп есептеп, азаматтық соғысқа дайындалды. Оның алдын-ала саясаткерлері өлтіру, өртеу, жұмысшы ұйымдарының үйлеріне басып-кіру сияқгы арандатушылық әрекеттерді тынайтады. Жұмысшылар бүған жауап ретінде ереуілдер, антифашистік митингілер, демонстрацияларға шықты, аграрлық толқулар толастамады. 1936 жылдың ақпанынан шілдесі бойы 113 жалпы және 228 некен-саяқ ереуілдер болып өтті.

Испания фашистері Гитлер мен Муссолиниге сүйеніп, бүлікке дайындалды/6/. Оларға Испанияда демократиялық құрылыстың нығаюы олардың үлкен капитал енгізуіне кедергі келтіреді әрі испан демократиясы өз елдеріне әсер етеді деп қауіптеніп, әсіресе Халық майданы жеңген Франция, Англия мен Францияның беделді империалистік күштері көмек көрсетті. Ал коммунистер мен социалистер апат қауіпі туралы алдын-ала ескертіп, халықты тойтарыс беруге дайындады, үкіметтен фашистік бүлікшілерді ауыздықтауды талап етті. Алайда мемлекет басшылары бүліктің дайындалып жатқанына сенбеді. Үкімет басшысы Долорес Ибарруриға: «Сіздерге, коммунистерге, қастандық пен бүлік барлық жерде елестейді» деп жауап берді. 16 шілде 1936 жылы кешке қарай премьер-министр Касарес Карогаға телефонмен «генералдар бастауға дайын тұр» дегенде, ол «Осылайша, сіз әскерилер бүлік жасауға көтерілейін деп жатыр деп сендіресіз. Ал мен болсам, керісінше жатқалы жатырмын» деп кекесінді жауап береді. Бұл тарихи шындық.

Осымен қатар республикаға қарсы әскери бүлік әзірлеуге реакциялық күш аянбай кірісті. Фашистер тыным таппады: терорлық актілер ұйымдастырды, бұзақылықтар тудырды. Бүлікшілер Германия мен Италияның әскери және финанстық көмегіне сүйенді. Әскери бүлік сол жылы, жазда, яғни 17 шілдеде 1936 жылы Испандық Мароккода басталды. Ертесіне бүкіл елге жайылды. Бүлікті ұйымдастырушылар тез жеңіске жетеміз деп есептеді. Өйткені Бүлікке түрақты әскердің біраз тобын соңына ерткен көптеген офицерлер қатысты. Бүлік ошақтары барлық жерде пайда болды. Есі шыққан үкімет компромисске, тіпті капитуляциялауға да дайын болды.

Генерал Франсиско Франко республикаға қарсы Испандық Мароккода әскери Бүлікті бастады. Бүлікшілер жағына бүкіл құрлықтағы әскер шыққан соң, 18 шілдеде фашистік бүлік Испанияға жайылды. Күзде Хунта мемлекеттің басшысы етіп, генерал Франсиско Франконы жариялады.

Франсиско Баамонде (4.12.1892-20.11.1975) — испанияның диктаторы, генералиссимус. Жаяу әскер академиясын бітірген. Испанияның Африканы отарлау соғысына қатысты. Республика құлағаннан кейін (1939), оны әскери хунта Испания мемлекетінің өмірлік басшысы («каудильо») деп жариялады. 1947 жылы тақ мұрагерлігі жөнінде заң шығарды. Франсиско Баамонде Франко 1969 жылғы 22 шілдедегі декретінде Хуан Карлос Бурбонды (Альфонс Ш-нің немересі) өзінің мұрагері және Испанияның болашақ королы етіп тағайындады/7/.

Алайда республикандықтарды жеңу бірден жүзеге аспады: елде азаматтық соғыс басталды. Барлық халық бұған жол бермеді. Жалпы ереуіл жарияланды. Үкімет отставкаға кетті, солшыл республикандық Х.Хироль басқарған жаңа кабинет жұмысшы ұйымдарына қару беруге жарлық берді. Халық соғысы басталды. Ерікті халық милициясының отрядтары құрылып, бүкіл елде фашистермен қиян-кескі ұрыс жүрді. Астана жұмысшылары қаруланып, Бүлікшіл бөлімдердің жолын кесті. Испандықтарды Республиканы қорғауға шақырып, Долорес Ибаррури үндеу тастады. 19 шілдеде солшыл республикандық Хосе Хироль басқарған Халық майданының жаңа үкіметі жұмысшыларға қару беру және бүлікке қарсы қарулы қарсылық ұйымдастыру талаптарын қанағаттандырды. Республиканы жақтаған артиллерия және авиация бөлімдері қолдаған Мадридтың қаруланған жұмысшылары астанада Бүлікті баса алды, содан соң аянбай күресіп, Мадридке солтүстіктен жылжыған Бүлікшілдер колоннасын тоқтатты.

Халық өнеркәсіп аудандарда — Каталония, Баскілер елінде, Астурияда — сонан соң елдің шығысында, орталықта, оңтүстік-шығысында жеңіске жетті. Бүлікшілдер Испандық Марокко және артта қалған аграрлы аудандарға Ежелгі Кастилия, Наварра, Галисия, Арагонмен Леонның біраз бөлігіне, оңтүстікте — Кадис, Севилья, Кордова оны қолдарына алдырып, бақылау орнатты. Республикандықтар билігінде елдің негізгі аудандары, Испания территориясының 70%-ке жуығы және халқының 3/4-і қалды. Республиканы әскери-теңіз флоты мен авиациясы қолдады, бұл бүлікшілердің Мароккодан Испанияға басты күшін әкелуді қиындатты. Басталған азамат соғысы Франконы халықты өз жағына тарту және баренц оңшыл партияларды Бүліктіретін өзінің режиміне таяныш болатын ұйым құру жолдарын қарастыруға мәжбүр етті. Осындай мақсатта 1937 жылы фаланга негізінде испан фашистерін, монархияны және қоғамда католиктік шіркеу ықпалын калпына келтіруді жақтайтындардан жаңа партия құрылды. Франко режимі көбінесе дәстүрлі испандық басқаруын элитаға сүйеніп жүргізіледі: аристократия, үй капитал, генералитет, католиктік дінге. Испан фашизмінің традициялық консерватизмге жақындығы оны герман және итальян фашизмінен ерекшеліндірді.

Халық майданы үкіметіне қараған территорияларда түбегейлі қайта құрулар жүргізіле бастады. Ірі жер иелігі жойылды. Өнеркәсіп орындары мал транспорттарда жұмысшы бақылауы орнатылды. Испанияның оңтүстік-шығысына орналасқан каталондықтар, солтүстігіндегі баскілер автономия алды. Алайда, республикандық үкіметтің басшы міндеті соғыс өндірісін қалыптастырып, қарулы күш ұйымдастыру еді. Бұл міндетті орындау елдегі туындаған жағдайға байланысты оңайлыққа түспеді.

Құрылықтағы әскердің басым көпшілігі бүлікшілерді қолдағаны мәлім. Оның үстінде Германия мен Италия әу бастан-ақ қолдап, бүлікшілерді қару-жарақ пен оқ-дәрімен жабдықтаған. Неміс және итальян авиациясы Мароккодан Испанияға бүлікшіл бөлімдер мен оқ-дәрі жеткізді. Италиядан әскери бөлімдер, қару-жарақ, самолеттер, танк және бронетранспортерлер, әскери корабльдер және көптеген әртүрлі соғыс техникалары жеткізілді. Германия әскери-теңіз флоты испания жағалауына жылжыды. 1936 жылдың қазанынан Испанияда немістің авиациялық «Кондор» легионы әрекет етті. Испанияда Бүлікшілердің жағында 50 мың неміс және 200 мың итальяндық әскерлер соғысты. Бүлікшілерге Португалия да көмектесті.

Германия мен Италия интервенциясының көздеген мақсаты Испаниядағы антифашистік күрес ошағын басты. Ұлыбритания мен Францияны отарларымен байланыстыратын жолда, Францияның тылында орналасқан Пиреней түбегін өзінің соғыс базасына айналдыру болатын. Оның үстіне, Германия Испанияның шикізат ресурстарын пайдалануды ойластырды. Фашистік державалардың интервенциясы басталған азамат соғысын испан халқының халықаралық фашизмге қарсы испанияның бостандығы үшін ұлт-азаттық соғысқа айналдырды.

Соғыстың бірінші кезеңі шілде 1936 жыл — мамыр 1937 жыл. бүлікшілердің мақсаты Мадридты басып алу. Алғашқы сәтсіздіктен кейін, Германия, Италия, Португалия көмегіне арқа сүйеп, 1936 жылдың тамызында генерал Франконың үлкен күші Мадридке оңтүстік-батыстан жақындады. Бүлікшілердің басқа бөлімдері солтүстіктен төнді. Төнген қауіпке байланысты 4 қыркүйек 1936 жылы социалистердің лидері Ларго Кабальеро бастаған Халық майданының жаңа үкіметі кұрылды. Ол сондай-ақ соғыс министрі де болды. Жаңа үкіметте негізгі постыларды социалистер иемденді. Ауыл шаруашылық және ағарту министрлері коммунистер болды. Осылайша, шешуші позиция құрамында солшыл республикандықтар, баскілік, каталондық ұлтшылдар болса да үкіметте жұмысшылар партиясының қолына көшті.

1936 жылы қарашада республика үкіметіне анархист-синдикалистік Ұлттық еңбек конфедерациясы кірді.

Республиканың маңызды мәселесі Мадрид қорғанысын ұйымдастыру мен жаңа, халық әскерін құру болатын. Майдан даласында республикандықтардың ұйымдаспаған, нашар қаруланған әскери іске үйретілмеген, шашыраңқы қарулы күштері әрекет етті. Осы себептен қарсы күштің әрекеті сәтті болатынына күмәнар еді. 27 қыркүйекте Франко әскері Толедоны алды. Қазанда Бүлікшілердің 150 мыңдық әскерімен Мадридке жақын жерде қырғын ұрыс жүрді. 6 қарашада фашистер Мадридке шетіне жетті. Л.Кабальеро үкіметі Валенсияға көшті. Мадридте шешуші орындарды коммунистер иемденген қорғаныс Хунтасы құрылды. 1936 жылы күзде коммунистер 70 мыңдық әскер құрып, Мадридты табан-күрес қорғады. 1936 жылдың қазанында үкімет астананы қорғау үшін тұрақты халық әскерінің алғашқы бригадаларын қалыптастырғаны жөнінде декрет жариялады.

Испан республикандықтарының фашистік бүлікшілдер мен герман-итальян интервенттеріне қарсы ерлік күресі басқа елдердің халықгарының ынтымақтастық қозғалысын тудырды. Олар Испания республикасын халықаралық фашизм күшіне қарсы күрестің алдыңғы бастионы деп түсінді.

Испан республикасы үшін интернационалдық бригадаларда 54 елдің өкілдері шайқасты. Мұнда орыстар, украиндар, белорусстар, немістер, австриялықгар, итальяндар, поляктар, болғарлар, француздар, бельгиялықгар т.б. болды. Испанияға кеңесшілер ретінде КСРО-дан Р.Я.Малиновский, К.А. Мерецков, П.И.Батов, А.И.Родимцев, Н.Н.Воронов, Н.Г. Кузнецов және басқалар барды. Испанияда барлығы 3 мыңға жуық Кеңес елінің еріктілері болды. Қарашадан бастап, Мадрид түбіндегі ұрыстарда басқа елдерден интернационалдық бригадалар құрып алғашқы ерікті-антифашистер республикандықтармен бірігіп соғысты. Испанияда болған ұрыстарда генерал Лукач /венгер коммунист-жазушысы Матэ Залка/ Вольтер /поляктың ұлттық батыры К.Сверчевский/, интербригад комиссары Галло /Италия коммунистік партиясының көрнекті қайраткері Луиджи Лонго/ тәріздес интербригада жетекшілері ерекше көзге түсті. Испаниядағы ұрыстарда интербригада дүние жүзінің әртүрлі елдерінен 50 мың еріктілер қатысты.

Интернационалдық бригадалар Бүлікшілер мен герман-итальян фашистік интервенттеріне қарсы күресте және әскери көмек көрсетті.

Испанияда республикалық режим өмір сүрген ең соңғы күнге дейін Кеңес Одағы бұл елдің үкіметіне барынша көмек көрсетіп, қолдау жасаған. Кеңес басшыларының республикалық үкімет басшысы Л.Кабальероға жолдаған телеграммасында: «Өзіміздің бар мүмкіндіктер шеңберінде халықаралық фашистік топқа қарсы барлық еңбекшілердің, барлық испан демократиясының күресін басқарып отырған испан үкіметіне көмекке келуді» өзінің борышы санайды деп атап көрсетті. Осыған орай 1936-1937 жылдары Испанияның заңды үкіметіне 806 әскери самолет, 362 танк пен 100-ден астам броньды автомобиль, 1555 зеңбірек, 15113 пулемет, 500 мыңдай винтовка, 4 миллион снаряд және басқа оқ-дәрі берді. Осы елдің өтініші бойынша Испанияға кеңестік әскери мамандар да жіберілді.

1936 жылы қарашада фашистердің Мадридке шабуылы тұншығып қалды, франкистердің Мадрид қорғанысын бұзуға жасаған барлық әрекеттерінен ешнәрсе шықпады. 1937 жылы наурызда Гвадалахара түбінде Мадридке солтүстік-шығыстан еңбекші болған 50-мыңдық итальян корпусы талқандалды. Республиканы қорғауды ұйымдастыруда компартияның ролі оның беделінің күшеюіне әкеп соқты. 1937 жылы наурызда Испания коммунистік партиясының құрамында 250 мыңдай мүше болды, оның жартысынан көбі майданда күресті. Мадридті қорғау тәжірибесіне сүйеніп, компартия халық әскерін нығайтуды майдан және тылда қимылдарды үйлестіру, республиканың территорияның барлық жерінде мемлекетті тиімді басқарудың орталықтандырылған жүйесін құруды талап етті.

Осы кезенде Каталония мен Арагонда кәсіпорындар мен мекемелерді басып алған, кооперацияны күштеп жүргізуге тырысқан, өкіметтің орталық органдарына бағынудан бас тартқан ел мен майданның мұқтаждығын анархистер мен троцкистердің бей-берекет әрекеттері үлкен қауіп төндірді. Басып алған кәсіпорындарды басқарған анархистік профсоюздар қорғаныс қажеттілігі мен экономикалық заңдарды ескермей, басты назарды «тепе-тең бөлуге» аударды. Олардың жүгенсіздегі республикаға оңайлыққа түспеді. 1937 жылдың мамырының басында троцкистер мен анархистер Барселонада қарулы бүлік те ұйымдастырда. Қаланың көшелерінде бірнеше күн бойы бүлікшілдер мен республика күші арасында ұрыс жүрді. Алайда бүлік басылып тасталынды.
Тағы рефераттар