Шығармашылық өмірбаяны. Абай мұрасының жиналуы, жариялануы, зерттелуі. Абайдың қалыптасуы мен өсу жолындағы өнегелі әкесі құнанбай қажының, әжесі Зеренің, шешесі Ұлжанның және басқа да билердің, шешендердің, ақын-жыраулардың, оқымысты орыс достарының пайдалы әсер-ықпалы.

Ұлы Абайдың шығармашылық қалыптасуына шешуші ықпал еткен үш арна: қазақ халқының рухани мәдениеті (фольклоры, ақын-жыраулар мұралары, т.б.). шығыстың классикалық әдебиеті мен ғылымы, орыстың классикалық әдебиеті және Еуропаның философиялық ғылымы.

Жас шағындағы өлеңдері: «Иузи-Раушан», «Физули-Шәмси», «Әлиф-би», «Сап-сап көңілім», «Тайға міндік».Өлеңдері.

– азаматтық көңіл-күй, философиялық толғаныстар: «Көңілім қайтты», «Патша құдай», «Көкбайға», «Қартайдық, қайғы ойладық», «Қалың елім, қазақғым, қайран жұртым», «Келдік талай жерге енді», «Жақсылық ұзақ тұрмайды», «Лай суға мал бітпес», «Өлсе өлер», «Сенбе жұртқа», «Өлсем орным қара жер», «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Сегіз аяқ», «Ішім өлген, сыртым сау», «Қажымас дос халықта жоқ»;

– махаббат, ғашықтық сезімдерімен өрілген тебіреністер: «Қор болды жаным», «Сен мені не етесің», «Жігіт сөзі», «Қыз сөзі», «Білектей арқасына өрген бұрым», «Қызарып, сұрланып», «Көзімнің қарасы»;

– табиғат суреттерін айшықтау: «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры»;

– оқу, білім, ағарту, тәрбие мәселелерін жырлау: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Интернатта оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба», «Жігіттер ойын арзан», «Бір дәурен келеді күнде»;

– ақындық өнер туралы: «Өлең сөздің патшасы, сөз-сарасы», «Адамның кейбір кездері», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»;

– ән өнері туралы: «Көңіл құсы құйқылжыр», «Құлақтан кіріп бойды алар»;

– табиғат пен адамдық мінез-құлық, іс-әрекет, сезім мәселелерін астастыра жырлау: «Желсіз түнде жарық ай», «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай», «Көлеңке басын ұзартып»;

– сыншыл, сатиралық мазмұндағы өлеңдері: «Адасқанның алды жөн», «Байлар жүр», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Көжекбайға», «Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың», «Көзінен басқа ойы жоқ», «Менсінбеуші ем наданды», «Бойы бұлғаң».

Ән-өлеңдері: «Алыстан серпеп», «Сен мені не етесің», «Көзімнің қарасы», «Қор болды жаным», «Ата-анаға көз қуаныш», «Бойы бұлғаң», «Сүйсіне алмадым, сүймедім», «Айттым сәлем қаламқас», «Біреуден біреу артылса».

Аудармалық-назиралық өлеңдерге арнап шығарған әндері: «Татьянаның әні», «Онегиннің жауабы»;

Аудармалық өлеңдерге ілесе шығарған әндері: «Қараңғы түнде тау қалқып», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», «Сұрғылт тұман дым бүркіп».

Абай – қазақ өлеңі өрімінің дәстүрлі өрнектерін жаңғырта түлеткен жаңашыл ақын. Ақын өлеңдеріндегі жаңа өрімдер.

Абай – қазақтың жазба көркем әдеби тілін қалыптастырушы. Ақын шығармашылығындағы бейнелілік сырлары.

Абайдың аудармлық-назиралық шығармалары – әлемдік әдебиетті қазақша сөйлетудің үздік үлгілері. М.Лермонтовтың отызға жуық өлеңін аударуы. Оның өлеңі мен поэмаларын аударудағы Абай аудармашылығының шеберлік белгілері. М.Ю.Лермонтов аударуындағы Дж. Байрон, В.Гете өлеңдерін Абайдың қазақшаға аударуы. Аударма шығармаларындағы ұлы Абайдың ақындығын айқындайтын төлтума бояулар.

А.Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасынан алынған хаттар негізіндегі махаббат жырлары – нәзира үлгісімен жырланған лирикалық дастан. Түпнұсқаны қайта жырлаудағы Абай нәзирасының ерекшеліктері (Қараңыз: Ғабдуллин Н. Абайдың нәзира үлгісі (Жұлдыз, 1991, №11, 146-153-беттер).

И.Крыловтың бір топ мысалдарын қайта жырлап шығу: «Есек пен бұлбұл», «Бүркіт пен қарға», «Шегіртке мен құмырсқа», «Түлкі мен қарға», «Піл мен қанден».

Поэмалары. Абай поэмалары – оқиғаларды суреттеу арқылы өсиеттік, ұстаздық ой туғызатын шығармалар. Абай поэмалары – дәстүрлі нәзира үлгісіндегі шығармалар.

«Масғұт» поэмасында адамгершілік мәселенің философиялық тұрғыда көркем жырлануы. Қыдыр қарт ұсынатын жеміс (ақ-ақыл, сары-дәулет, қызыл-әйел мен достық) және оның мәні.

«Ескендір» поэмасындағы ұлы Абайдың гуманистік ойлары. Поэмадағы адамның көз сүйегіне Аристотельдің берген бағасы арқылы дидактикалық, философиялық қорытынды жасау.

«Әзім әңгімесі» атты аяқталмаған поэманың арқауы «Мың бір түннің» бір тарауы «Әлидің Әзімі» екендігі. Поэманың опасыздықты (аяршал) танытушылық қуаты.

Абай шығармаларындағы көркем бейне, композициялық, сюжеттік құрылым, көркемдік, бейнелілік мәселелер.

Абайдың аудармашылығының, нәзирагөйлігінің кейінгі қазақ әдебиеті дамуына жалғасқан тарихтық, мәдениеттік, көркемдік, шеберлік дәстүрі тұрғысындағы игі әсері.

Абайдың қара сөздері. Стиль, мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар көркем сөздің Абайдың өзі тапқан бір түрі екендігі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбіне адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді (М.О.Әуезов. 20-т. 218-219-беттер).

Абайдың қара сөздері – ежелгі гре ойшылдарының шәкірттеріне айтқан әңгіме-сұхбат жанры дәстүріндегі шығармалар. Олардың тақырыптық, мазмұндық ерекшеліктеріне қарай ажыратылатын түрлері:

— халық тарихы қазақ еліндегі қоғамдық құрылыс, елді басқару мәселелері 3, 8, 22, 38, 41, 42, 46-сөздер).

— оқу-ағарту, ғылым, өнер-білім, халықтық тәлім-тәрбие мәселелері (2, 8, 10, 17, 18, 25, 32, 33, 38, 43-сөздер).

— еңбек шаруашылық, тұрмыс туралы (29, 33, 42-сөздер).

— адамгершілік тәрбиесі, мінез-құлық мәселелері туралы (4, 14, 15, 17, 18, 21, 22, 28, 34, 42, 44-сөздер).

— дін, имандылық, өмір сырлары туралы (12, 13, 15, 17, 31, 35, 36, 37-сөздер.

Абай қара сөздерінің жанрлық түрлері: тарихтық мақала-очерк (46-сөз), мысал-өсиет, әңгіме (27-сөз), афаризм (37-сөз), дидактикалық насихат кеңес (4, 5, 8, 9, 10, 12, 16, 18, 20, 25, 27, 31, 32, 40-сөздер), көркем сөздік памфлет (6, 11, 14, 22, 39, 41-сөздер), мемуарлық мақала (1-сөз).

Абай қара сөздерінің тілі, стилі. Қара сөздердегі автор мен таңдаушы сұхбатына тән стиль ерекшеліктері. Абай қара сөздері – ұлттық өнеріндегі публицистика, ғылыми-философиялық мазмұнды прозалық шығармашылық дәстүрінің бастау негізі.

Абайтану ғылымының қалыптасу, даму тарихы. Абайтану ғылымының тарихындағы А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Ж.Аймауытов және т.б. алаш зиялылырының бастама еңбектері.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – абайтану ғылымының негізін қалаушы, мазмұн-сипатын қалыптастырушы. Абайтанудың қазіргі жағдайы және болашағы.

Қорытынды. Абай – қазақ сөз өнеріндегі жаңа реалистік жазба көркем әдебиеттің негізін салған ұлы классик ақын.

.

Тағы рефераттар