М.Әуезовтің «Абай жолы » романындағы кездесетін антропонимдердің жасалу тәсілдері қазақ тілінің  грамматикалық құрылысы мен тілдік нормаларына байланысты болып келеді .

Әдетте, сөз жасалу тәсілі және сөздің  тұлғалары тіл білімінің морфологиялық саласының обьектісі. Түркі тілдеріндегі бұл сөз жасаушы  тәсілдер ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан тәсіл.

Романда түбір тұлғалы да,біріккен тұлғалы да ,туынды тұлғалы да есімдер мол кездеседі .

Романдағы кездесетін түбір тұлғалы есімдер бұл өте ертеден келе жатқан есімдер болып саналады .

Романдағы түбір тұлғалы есімдерді біріншіден –байырғы қазақтың төл сөзінен жасалған есімдер .Екіншіден- өзге халықтардың тілінен енген есімдер деп бөлеміз.

Біріншіден байырғы қазақтың төл сөзінен жасалған есімдер:Т о п а й, М а қ а, М ә к і ш, Қ и қ  ы м ,И і с , А б а й , Д а р қ а н , Ж а б а й ,С а р қ ы т , Қ о д а р , Д а л б а й , С е й і л , Қ а ң б а қ , Т о қ с а н, М а р қ а .Өмірінде «жазыла- жазыла қожа ,молдадан да ұят болды ,енді өлмесек болмас » деп кеткен Т о н т а й  [12].

М а р қ а ,сен астыңдағы ақбозыңмен  қазір жарқ беріп ауылға қарай  шап [ІІ;461].Апырмай мына И і с шешемалғысы қандай жақсы еді [І;334]. Жасы  елуге тақалған С е й і л қайықтың тез жылжуына қайрат етеді [ІІ;326] . Қ о д  а р –жақыны жоқ ,жалғыз үйлі бір Борақ .[І;21]. Өзі айтқан «Құнанбайдың бөлтірігі»  Абай екен [ІІ;5].Тағы бір малмен осы ауылдың биешісі –Т о қ с а н  еді  [ІІ;12]. О с п а н  мен Д а р х а н қорық бойындағы мал жайын , көктемнен бері бағып жүрген  тәжірибелері  бойынша , тез таниды  [І;372]. Қ а ң б ақ  қарыспышағын  шапшып тұрған қасқырдың жүрегіне қорс еткізіп салып –салып алды  [ІІ;83]. Шай  ыдыстарын шәйіп , жинастырып жүрген С а р қ ы т өз үйіне Абайдың қонғанын ырзалықпен қабылдаған .[І;506]. Жер тырмалаған боп ,тат-бабамыз деп М а қ  а күлісті  [ІІ;192]. Бөжейдің балаларының бірі –Ж а б а й [І;351] . Мал суарып жүрген Оразбайдың ағайшасы ұры Қ и қ ы м  [ІІ;506].
Тағы рефераттар