Абайсызда адам өлтірудің субъектісі туралы қазақша реферат

Қасақана адам өлтірудің субъектісі 14 жасқа толған жеке тұлға болып табылады, ал ҚК-тің 97-102-баптарында көрсетілген жағдайларда адам өлтірудің субьектісі 16 жасқа толған адамдар болып табылады.

         Сонымен кез келген қылмыс құрамының субъектісінің жалпы белгілері болып: жеке адам, есі дұрыс адам, белгілі жасқа толғандар саналады. Кайсыбір қылмыс құрамдары үшін жауаптылыққа осы жалпы белгілерден бөтен қосымша белгілер болғанда ғана жол берілуі мүмкін. Әдетте, мұндай қосымша белгілер осы қылмыс үшін жауап беруі мүмкін адамдардың шеңберін шектейді. Мысалы, пара алудың субъектісі болып тек қана мемлекеттік органдардың адамдары ғана, ал әскери қылмыстардын субъектісі болып әскери кызметшілердің болуы қылмыстың субъектісін белгілейтін белгілердің қылмысты саралау үшін, қылмыстық жауаптылық мәселелерін шешуде және жаза мөлшерін белгілеуде маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда қылмыстық құқық теориясында қылмысытың кұрамының жалпы тусінігі, қылмыс құрамының кажетті, міндетті белгілері және факультативті белгілері болып өзгешеленеді. Мұндай өзгешелену қылмыс құрамының мазмұнын ашуға, қылмысты іс-әрекетті дұрыс саралауға көмектеседі. Қылмыстың құрамының кажетті, міндетті белгілері дегеніміз бұл кез келген қылмыс құрамында болатын белгілер. Ондай белгілердің кем дегенде біреуінің болмауы қылмыс құрамының мүлде болмауының көрінісі болып табылады. Мұндай белгілерге жататындар: әрекет немесе әрекетсіздік, кінәнің нысаны, адамның есі дұрыстығы және оның белгілі жасқа толуы. Қылмыс субъектісі жай, белгілі бір жаса толған және есі дұрыс боғандықтан өз әрекетін (немесе әрекетсіздігін) бағалай алатын қабіеті бар адам болуы керек. Кез келген адам қылмыс субъектісі бола алмайды, тек қылмыстық заңға сәйкес белгілі бір белгілерге ие адамдар ғана субъект болады. Олардың қатарында қылмыстық заңмен бекітілген жас мөлшері мен есі дұрыстық жатады.
Қылмыстық кодексте қылмыстық жауапкершілік он төрт жастан бастап туындайтын жеке қылмыстардың түрлері келтірілген. Ол тізім мынадай құрамнанттұрады:
а) жеке адамға қарсы ауыр қылмыстар: қасақана адам өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру не денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, зорлау және нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану, адамды ұрау;
ә) мүліктік қылмыстардың кейбір түрлері: ұрлық, тонау, қарақшыық, қорқытып алушылық, автокөлік немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру жазаны ауырлататын мән – жайлар;
б) қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың кейбірі: терроризм, адамды кепілге алу, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау, қаруды, оқ – дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу, ауырлататын мән – жайлардағы бұзақылық, тағылық, өлгендердің мәйіттерін жіне олар жерленген жерді қорлау, көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру және т.б.
Қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады. Ал 14 жасқа дейінгі жас балалар қ қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
Қылмыс жасаған кезде өз әрекетінің (не әрекетсіздігінің) қоғамға қауіптілігі мен нақты сипатын сезінген және әрекеттеріне басшылық етпеген адам есі дұрыс деп танылады.
Қылмыс жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы жүйке ауруы, жүйкесінің уақытша бұзылуы, ақылының кемдігі немесе өзге жүйке дертіне ұшырауы салдарынан өзінің іс — әрекетінің (не әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам есі дұрыс емес деп танылады. Есі дұрыс емес адам қылмыс субъектісі бола алмайды, сондықтан қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
Көптеген ғасырлар бойы ақы – есі дұрыс емес қылмыскерді қылмыстық жауапкершіліктен босатпайтын. Ақыл – есі дұрыс емес адамға қатысты өлім жазасын қоданбаудағы алғашқы жағдай Дэниел Мак – Нагтеннің жағдайы деуге болады, ол 1843 жылы Ұлыбритания премьер – министірінің хатшысын атып өлтірген. «Мак – нагтен заңы» дұрыс емес қылмыскерді сотқа емес, психиатриялық ауруханаға жіберу туралы қаулы етті.

2010 жылдың 23 қыркүйегінде Павлодар аудандық сотымен ҚР ҚК 101 бабы, 1 бөлімімен 3 жылға сотталған 22 жастағы Г. есімді тұлғаға қатысты қылмыстық іс қаралды.
2010 жылдың 4 маусымында сотталған Г. және онымен бірге тұратын М. арасында ұрыс болды. Ұрыс барысында М., соттаған Г., балағаттап, шашынан ұстап алып, бетінен ұрған.
Осыдан кейін Г. оған қолын көтермеуін және тынышталуын талап еткен. Алайда М. қайта Г. шашынан жұлқылаған, бұдан кейін Г. өз әрекеттерін құқыққа қарсы екенін түсіне тұра, қолындағы пышақпен сол жақ санына соққы жасап, абайсызда өлтірді.
Бұл іс бойынша үкім заңды күшіне енді.

Павлодар аудандық сотының
Баспасөз қызметі

            Павлодар аудандық сотымен 2010 жылдың 10 қарашасында Ш. айыптау бойынша ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігімен жол қозғалысы ережесін бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған қылмыстық іс қарастырылды.
2010 жылғы 17 шілдеде жеке кәсіпкерде жүргізуші болып жұмыс істеген Ш. «Тереңкөл-Павлодар-Тереңкөл» маршруты бойынша жолаушыларды тасымалдауда, 978-ші километрінде жолда жүру Ережесінің 1.3. және 10.1 т.т. бұзып, қарсы жүру қозғалысы жолына шығып, жолдың жүріс бөлігіне алкогольдік мас күйінде шыққан азамат С. қағып кеткен. Жол жүруші алған дене жарақаттарынан, жол-көлік апатты орнында көз жұмған.

Кінәлі тұлға өзінің бір ғана әрекеті арқылы, қылмыстық заңның әртүрлі баптары бойынша сараланатын екі немесе одан да көп қылмыс жасаған жағдайда идеалды жиынтық орын алады. Қылмыстар жиынтығының бұл түрі ҚК-тің 12-бабының екінші бөлігінде тікелей қарастырылған. Идеалды жиынтық әрекеттермен қатар, әрекетсіздіктен де құралуы мүмкін. Идеалды жиынтық үшін кінәлінің жасаған ісінің бір-ақ рет орын алуының, немесе ол істің әжептәуір ұзақ уақыт аралығында жасалып келгендігінің еш маңызы жоқ1.
Үйдің ішіндегі адамды өлтіру мақсатымен сол үйді өртеп жіберу – идеалды жиынтықтың айқын, нақты үлгісі. Бұл мысалда жалғыз әрекет арқылы бірден екі қылмыс, яғни бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру (ҚК-тің 187-бабының екінші бөлігі), әрі кісі өлтіру (ҚК-тің 96-бабы) жасалып отыр. Бұл жерде, кінәлі адамның үйдің ішіндегі болу-болмауы істің айқындаушысы болып табылады. Егер де кісі өлтіру жөнінде ниет болмаған жағдайда, бұл іс өзіне тиісті жағдайларға қарай бір ғана қылмыс ретінде сараланады, атап айтқанда, бөтен мүлікті қасаөана жою немесе бүлдірудің абайсызда адам өліміне әкеліп соқтыруы (ҚК-тің 187-бабының үшінші бөлігі).
Тағы рефераттар