Адам психикасының физиологиялық негіздері туралы қазақша реферат

Адамның психикалық әрекеттердің, ақыл-ой санасының ағымдарын, өсіп, даму жолдарын білу үшін, олардың жүйке саласының, мидың құрылысын, оның әрекетін білу керек. Психика –ерекше ұйымдасқан материя –мидың қасиеті есебінде психика пайда болады. Психика айрықша ұйымдастырылған жоғарғы материяда болады. Ал, жоғарғы материя дегеніміз-ми, жүйке саласы. Жүйке саласы психиканың негізі болғандықтан, оның құрылысын, әрекетін, өсіп дамуын білмейінше, психиканың өсіп дамып отыратынын да жақсы біле алмаймыз. Жүйке саласы психикалық әрекеттердің негізі. Жүйке сала түрлі химиялық заттардан бездермен бірге, адамның жан қуаттарын меңгеріп, басқарып отырады. Ол сондай-ақ адамның сыртқы дүниенің арасындағы қатынасты басқарады. Егер жүйке саласы болмаса, адамның барлық әрекеттері байланыспай, үлеспей бір орталыққа бағынбай әрекет етер еді. Жүйке саласы болмаса, сыртқы дүниемен қатынасы дұрыс болмай оны тануға, өзгертуге, түрлі-түрлі бейнелер туғызға мүмкіндік болмас еді. Сондықтан, оның саласы, құрылысы, әрекеті өте күрделі. Жүйкені зерттеуде сан алуан әдістер пайдаланады. Соның кейбіреуілері мыналар:

1. салыстырмалы физилогия ғылымының фактілерін зерттеу.

2. эксперименттік жизология фактілерін зерттеу.

3. медициналық клиника фактілерін зерттеу.

4. құрсақтағы ұрықтың жүйке саласының өсіп дамуын зерттеу.

Осы әдістер арқылы адамның жүйке саласының өсіп, дамуы,мұның психикаға әсері бар екендігін шешуге болады. Яғни ми мен психиканың қандай байланысы бар екені зерттеледі.

Айтып өткеніміздей, адам психикасы дамуының негізгі ерекшеліктерін биологиялық заттармен, жетілу, тұқым қуалау заңдарымен түсіндіру теория турғысынан алғанда қате болып табылады және практикада үлкен қиындықтарға әкеліп соқтырады, өйткені бұл жерде педагогқа көпе-көрнеу пассивті роль бөлінеді. Маркстік педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы адамның психикалық даму заңдары әлеуметтік жағынан сабақтас, даму процесі баланың өмір сүру жағдайы мен тәрбиесінің күрделі жиынтығымен анықталады деген түсінікті басшылыққа алады.

Бұлай болған жағдайда дамудың биологиялық шарттарының, тұқым қуалаушылықтың, бала организмі дамуының нейро-физиологиялық ерекшеліктерінің, оның психикасының дамуындағы ролі қандай?

Адамның психикалық іс-әрекеті — өте күрделі құрылым. Оның ерекшеліктері алдымен баланың тіршілігі және тәрбиесімен сабақтас. Сөздік-логикалық ес, ұғынымды ойлау, заттық қабылдау және адамға тән басқа да жоғары психикалық функциялар биологиялық тұқым қуалаушылық жолмен қалыптасып, берілмейді. Бұл олардың тарихи даму процесінде өзгерістерге ұшырап, жетіле түсуіне мүмкіндік береді.

Адамның өмірде қалыптасатын күрделі психикалық іс-әрекеті (ойлау, сөйлеу) мен неғұрлым қарапайым табиғи функцияларын (мысалы, қозу мен тежелу процестерінің арақатынасымен ерекшеліктері) ажырата білу керек. Психикалық іс-әрекет өзіне басқа да көптеген компоненттермен қоса осынау қарапайым функцияларды да қамтиды. Мәселен, адамның музыкалық қабілеттері мен жоғары дыбыс айырғыштығының, математикалық ойлауы мен кеңістік анализі және синтезі функциялары арасындағы байланыс белгілі. Әдетте нышандар деп аталатын қарапайым, табиғи қасиеттер адамның сыртқы жағдайлар әсерімен қалыптасатын күрделірек іс-әрекеттердің құрамына кіреді.

Белгілі бір жағдайларда қарапайым функциялар жөнді жетілмеген немесе бұзылған кезде өздерінен жоғары орналасқан неғұрлым күрделі психикалық іс-әрекетті де айқындай бастайды. Мысалы, ми қабығының желке-самай бөлігіне зақым келгенде қарапайым кеңістік синтезі бұзылады да мұның өзі есептей білуге (акалькулия) зиянын тигізеді. Қалыпты даму жағдайында белгілі бір нышандар осы қарапайым функцияларға жатпайтын, сондықтан оларға тікелей тәуелді емес психика-лық іс-әрекет дамуы шарттарының бірі ғана болып табылады. Тіпті қарапайым функциялардың өзі де арнайы ұйымдастырылған әсердің ықпалымен дамитындығы дәлелденіп отыр. Мәселен психологтар жоғары естігіштікті қалыптастыру жолдарын тапты. Күрделі психикалық іс-әрекет пен қарапайым функциялар арасында жылжымалы, жанама   қарым-катынастар болатындығын мидың шектелген бөлімдеріне зақым келген науқастармен жүргізілген орнын толтыру-қалпына келтіру жұмыста-рының нәтижесінде (А. Р. Лурия мен оның қызметкерлерінің; зерттеулері) күрделі психикалық іс-әрекет (сөйлеу-ойлау процестері) құрылымын қайта кұрудың өте бай тәжірибесі дәлелдейді.

Ми қызметінің тұқым қуалай берілетін ерекшеліктерінің бірі — жоғары нерв қызметінің типі деп жорамалданады. Ол нерв процестерінің күшін, қимылын және тепе-теңдігін сипаттайды. Алайда, дамудың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерінің бұл қатынасы да бір мағыналы болмай, өзі баланың жеке басының құрылымы мен оның даму процесінің күрделі жүйесіне еніп және көбінесе солармен анықталып отырады. Мысалы, нерв процестерінің жоғары қозғалғыштығы бір жағдай-ларда тез ойлаудың, іс-әрекет тәсілін қайта құру мүмкіндігінің ішінара негізі болса, екінші жағдайларда алаңдаушылық пен ырықсыздыққа да итермелейді.

Сөйтіп, физиологиялық, қарапайым, тұқым қуалай берілетіні функциялар психикалық даму процесінің кейбір жақтарына әсер етуі мүмкін. Бірақ та олардың маңызы шешуші болып саналмайды. Даму процесінің негізгі мазмұны мен механизмдері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Солардың арасында жетекші болып балаларды оқыту мен тәрбиелеу жағдайлары есептеледі.

Ал адамның іс-әрекетінде ақылсыздық деп мидың, сананың іске араласпауын, дағдылы әдіспен естелікке сеніп, өзін соларға тапсыратынын айтамыз. Сондықтан ақылсыздық кезде де адам әдептіліктен шығып кетпейді. Нағыз санасыздықты біз жануардан ғана көреміз. Оларда қарым-қатынас та, әдептілік те, міндет-мақсат та, ар-ұят та жоқ. Адам ақылсыздық жағдайында да оншалықты құлдырап төмендемейді. Өйткені, адам психикасы (мінез, сезім), жаңағы айтқандай, санамен басқарылып, бағытталып отырады. Міне, бұл адам психикасы жануарлар психикасынан әлдеқайда жоғары екенін көрсетеді. Австриялық психоаналитик З. Фрейд санасыз, ойсыз инстинкт, айталық, аналық, жыныстық инстинкт адамда да басым, ол санаға бағынбайды деп дәлелдемек болды. Оның ойынша, түрлі ұяттылық, әдептілік дегендер жасанды, тек қоғамда ғана қолданылатын тәртіп қана, ал адам өзінен-өзі оңаша қалғанда, оның бәрін жиып қойып, нағыз ұятсыздық, тағылық халге түседі дейді. Бұл, әрине, адамгершілікке ешбір сыймайтын, адамдық қасиеттері аяққа басып, оны хайуан тәрізді етіп көрсететін пиғыл. Біз З. Фрейдтің көптеген ойларын қабылдадық. Оның ойлары А. Шопенгауэр, Ф. Ницшеден жоғары екенін айттық. Қайталамақ болсақ, Шопенгауэр, Ницше санасыздықты (иррационализмді) мойындайды. Бәрін ырыққа бағындырды. Ал Зигмунд Фрейд ақылсыздықты (нерационализм) дәлелдей отырып, оның аржағында сана тұрғанын айтады. Интуицияның өзі де санасыздық емес. Бірақта адамда, жоғарыда айтылғандай, екі түрлі құбылыс бар дейді З. Фрейд. Бірі – «ол» (id) (аморальдық қасиет), екіншісі – «мен» (ego) (тәртіптілік). Ego id ti қыспақта ұстайды, оған ерік бермейді дей келіп, З. Фрейд өзі «di» — ті қолдайтынын айтады. Мұны ол «Мәдениеттегі қанағаттанбаушылық» деген еңбегінде айтқан болатын. Сондықтан, З. Фрейдтің үлкен ғалымдығына қарамастан, оның дәл осы тұжырымын мойындауға болмайды.

Р. Авенариустың пікірінше, сана мидың жемісі емес, ол – принциптік координация бойынша сырттан келген дайын құбылыс. Сондағы «мен» деген адам, оның саңасы, сезімі, ал «мен емес» дегені – объективтік дүние. Одан соң ол «мен»және «мен емес» арасында байланыс бар дейді. Осы байланыстың түп негізі, оның ойынша «мен», ал «мен емес» «менсіз» өмір сүре алмайды. Бұл, әрине, субъективті идеалистік пікір. Ал мәселенің шынына келсек, керісінше «ен» «мен емеске» бағынышты. Сол сияқты «мендегі» барлық сана, сезім объективті дүниенің бейнесі, соның жаңғырығы, рухани сәулелі екенін жоғарыда талдап көрсеттік.

Адам бойындағы барлық күшін объективті дүниеден алады. Соны сезіну, тану, білу арқылы ұғады, білімін арттырады, ойын толықтырады. Бірақ құдыретті сананың сан қилы саяси, философиялық, ғылыми, көркем әдебиеттің, діни қорытындылардың негізі – түрткісі, қайнар көзі сол объективті дүние, қоғамдық болмыс, өмірдегі түрлі іс-әрекет, шешілмеген, шиеленіскен мәселелер. Ал оларды бейнелеп, талдау керек. Ондай мәселелерсіз ой да шарықтамайды, дүние де толақ түсінілмейді, оны зерттеу де мүмкін емес. Ғылыми жаңалықтар, данышпандық тұжырымдар, ғажайып шығармалар, жан-дүниеңді қозғайтын ән, тәтті күйлер – осылардың бәрі мидың жұмыс нәтижесі. Бірақ осындай өмір талабына қайтару үшін көп білу, өмірді терең ұғыну, талдау, қорыту, жаңа талғамдар жасау қажет.

Сонымен, сана дегеніміз – объективті дүниенің адам миында пайда болатын субъективтік бейнесі, сәулесі. Бірақ ол жай бейне емес, шығармашылық бейне.
Тағы рефераттар