Афина мемлекетінің  билік органдары туралы қазақша реферат

Афина мемлекетінің басты билік органдары — халық жиналысы, бесжүздіктер кеңесі, ареопаг, гелиэя, стратегтер, архонттар комиссиясы, болды. Афина мемлекетінің басты билік органы халық жиналысы — эклексия. Халық жиналысы 10 күнде бір рет Акрополь жанындағы үлкенжайдақ төбе Пникстің басына жиналатын. Кейінірек мәжілістер Афина театрында өткізілетін болды. Халық жиналысына 20 жасқа толған афина азаматтары қатынасатын. Афина азаматтары деп саналатын адамдар Аттиканың қала тұрғындары, еркек адамдар, 18-ге толғаннан кейін бір жыл ішінде семсерлесу, ату, найза лақтыру, жаттығуларын үйренуі үшін Пир ауданында бірге жиналады. Бір жыл оқудан кейін олар күзет қызметтерін атқарады да, 2 жылдан кейін 20 жасында Атгика азаматтары деп саналатын болды. Олардың ұстазы-софронистер өте беделді. белгілі адамдар, оларға бір күн оқытқаны үшін 1 драхма беріп тұрды, олар 500-діктер кеңесінің мүшесі деп саналды.

Афина азаматтарының негізгі құқықтарына бостандық, жеке тәуелсіздік, жерге қожалық ету, үкіметтен нарықтық көмек алу жататын. Ал міндеттеріне мүлікті сақтап ұстау, өзі тұрған полиске көмек беру, отанды қорғау, үкіметтің заңын орындау, құдайды сыйлау, мемлекет басқару ісіне белсенді қатысу кіретін.

Өзге қалалардан Афинаға қоныс аударған гректер — метектер және сондай-ақ құлдар эклексияға (халық жиналысына) жіберілмейтін. Халық жиналысының ең біріншісі негізгі, басты деп аталды. Бұл жиналыс бүкіл лауазым иелерінің есебін тыңдайтын, егін жағдайын жөне мемлекеттік қауіпсіздік сақшысынын ісін қарайтын. Халық жиналысы 9-10 күнде бір рет жиналды. Басқа жиналыстары Афина саясатының барлық негізгі мәселелерін талқылайтын және шешетін, қаржы мәселелерін қарайтын, соғыс және бейбітшілік жөніндегі мәселелерді шешетін, өзге елдерден келген елшілердің баяндамаларын тындайтын және сондай-ақ күнделікті көптеген мәселелерді қарап отыратын. Халық жиналысында әрбір афина азаматы кез келген мәселені көтеруге ерікті еді. Шешім ашық дауыспен кол көтеру арқылы кейде жабық дауыспен де қабылданатын. Жабық дауыс бергенде урнаға бұршақ, қара не ақ тастар, не болмаса жазуы бар ыдыстың сынықтары салынған. Халық жиналысын жинайтын притандар, олар 5 күн бұрын халық жиналысының күн тәртібін жариялайтын. Б. д. дейінгі 395 жылы халық жиналысына қатынасқан азаматтарға ақы төлеу тәртібі енгізілді.

Халық жиналысынан тысқары өзге де демократиялық мекемелер өмір сүрді. Дегенмен, өздерінің маңызы жөнінен олардың ешқайсысы халық жиналысымен теңесе алмайтын. Афина халық жиналысының қызмет бабы өте кең болатын. Онда: заң қабылдау, қызмет адамдарын сайлау, қаржының қалай жұмсалғанын тексеру, жоғарғы сот қызметін өткізу, халық жиналысын басқару органдары болды. Аттикада бүкіл қызмет адамдары халық жиналысы арқылы бір жылға сайланып тұрды. Азаматтардың бәрі сайланбастан бұрын докимасияға салынды. Бесжүздіктер кеңесі, архонт, 10 стратегтер, Ареопаг, Гелиэя, қаржы комиссиялары деген қызмет органдары болды.

Ежелгі Грецияның қоғамдық экономикалық өмірінің бүкіл аясын қамтылған, өндірістің құлиеленушілік тәсілінің генезисі, гүлденуі және дағдарысы кезеңіндегі экономикалық  проблемалар Грецияның ұлы ойшыларының экономикалық еңбектерінде көрініс тапты.

Ксенофонт (б.д.д. 430-354), Платон (б.д.д. 428-347), Аристотель (б.д.д. 384-322) Ежелгі Грецияның экономикалық ойларының негізгі өкілдері болып саналады.

Ксенофонт – Афина аристократиясының өкілі, аграрлық Спартаның саясы және экономикалық құрылысын идеяландырды. Ірі құлиеленушілік ауыл шаруашылығының өкілі ретінде, ол “Экономикос” (“Домосторой”) деп аталатын өзінің трактатында егіншіліктің артықшылығын мадақтап қолөнершілікпен және саудамен айналысушылықты айыптайды. Дегенмен, ол оған қарамай, ақшаны ссудалық растовщиктік капитал түрінде мойындап айырбас құралы және қазына құрау құралы ретінде ақшаға құрметпен қарады.

Тауардың тұтыну құнын, сол сияқты айырбас (меновая) құнның қарау, Ксенофонттың айырықша еңбегі, яғни ол тауардың қосарлы қасиеті туралы мәселені алғашқы қоюшылардың бірі болды. Соған қарамастан, ол нарықтық қатынастарға  қарсы болды, бірақ еңбек қатынастарының бөлініс маңызын жақсы түсінді (ақылмен де, денемен де, сезіммен де), сондықтан нарыққа  қатысушы адамдарды, ол құлдар және еркін азаматтар деп бөлді. Ксенофонттың сол кезде айтқан жалпы идеялары 2200 жылдан кейін капитализм дәуірінде  ұсақ түйегінде дейін әзер қаралып дамыды деп айтуға болады.

Ксенофонттың көзқарасына сәйкес салықтар, баж салықтары, отарлардан алынатын алымдар, сыртқы саудадан түсетін табыстар мемлекеттік қорлардың көздері болып саналды. Афинаның ақша байлығы, оның әскери қуатының негізі деп санады ол.

Афина аристократиясының идеологы, олигархиялық құрылыстың жақтасы Платон, өзінің “Мемлекет” және “Заңдар” еңбегінде, қоғамның ең жақсы үлгісін (моделін) жасады. Платон мемлекетті адамдар арасындағы қарама қайшылықтарды шешудегі күш деп санады.

Тауар айналымын қарастыра отырып, Платон нарықтық адамдардың еріксіз бөлнетінін (еңбек бөлінісінің күшімен) көрсетті, дегенмен бір мезгілде олар, біртұтас қоғаммен байланысты үш сословия дан: философтардан – қоғамды басқарушылардан; сақшы — әскерлер – қорғаушылардан және дихандардан, қолөнершілерден, саудагерлерден тұратынын көрсетті. Алғашқы екеуі жоғарғы сословия, ал үшінші – жоғарғы сословия – элитаны құлдармен бірге асырағандар. Ал құлдар ешқандай сословияға жатпаған.

Платонның ойынша ең жақсы қоғамда, элиталық қауымдастыққа бірікпеген, тек қана еркін азаматтар ғана мемлекеттен алған үйге, жерге ие бола алады. Осыған орай мемлекет азаматтарының біреуінің байлығы екіншісінің байлығынан 4 еседен асып кетпеу үшін оларың мүлік теңділігін сақтауды қатаң қадағалаулықты ұсынды.

Платонның негізгі  идеясы бойынша ең жақсы қоғам: әділеттілікті сақтау; қайырымды іс жасау, кемеңгерлік батылдық, элита үшін жеке меншікті жою, некелесуді мемлекеттік реттеу, ата – анасын білмейтіндей етіп балаларды қоғамдық тәрбиелеу және т.б.

Ежелгі Грециядағы экономикалық ойлардың дамуы ұлы оқымысты Аристотельдің “Никомахова” және “Саясат” т.б. еңбектерінде көрініс тапты. Ол өзінің экономикалық ілімдерінде құлдық табиғи заң деп және ол әрқашанда өндірістің алғы шарты, негізі деді. Адамдарды еркін және құлдарға бөлінуін ол табиғат заңдарымен түсіндірді, яғни “құлдар тірі құралдар”- деді.

Аристотельдің айтуынша,, тек  гректер құл емес, құл барлық құзғындар, яғни “құзғындар немесе құлдар бір ұғым”. Ол құлиеланүшілік  жеке меншікті өндіріс қатынасының негізі ден санады.

Қоғамдық байлықтың  көздерін іздестіру Аристотельден басталады. Экономикаға этикалық көзқарас тұрғысынан келе отырып, ол байлықтың екі формасын анықтады; адамгершілікті – экономика және адамгершілікке жатпайтын хрематистика. Экономика ол өмір үшін үй шаруашылығы және мемлекет үшін қажетті, тұтыну құқына иелік ету деп түсіндірді.

Хрематистика (грек сөзі “мүлік”, “байлық”) – сауда жасау жолымен ақшалы болу өнері. “Байлыққа ие болу жағдайында ешқашанда оған жету мақсатында шек болмайды”, ал ақшаға ие болу мақсаты бұл байлықтың табиғи көзі емес болып саналады. Осыдан Аристотель былай деп мәлімдеді, экономика “мақтауға лайық”, ал хрематия “әділеттілік бойынша ұялтуды (порицание) шақырады”. Бұл жерде ол тұтыну және айырбас (меновой)  құндар  ретінде  тауардың қарама – қайшылығын көрсетті.

Құн формаларына талдау жасау арқылы, Аристотель экономика ғылымына үлкен үлес қосты. Заттың қажеттілікті қанағаттандыру және айырбастау үшін пайдаланылуы мүмкін екендігін атап өтті, Айырбасты талдай отырып, ол өте маңызды ой айтты: “айырбассыз өз ара байланыс болмаған болар еді, сол сияқты тең дәстүрсіз – айырбас болмас еді”.

Бірақ ол, әртүрлі тауарларды салыстыруға мүмкіндік беретін жалпы субстанцияны (құнды) таба алмады.

Дегенмен, Аристотельдің пікірі бойынша, “барлығын” бірге байланыстыратын қажеттілік” және “жалпы келісім бойынша пайда болған монета, тауарлардың бір тұтас өлшемі болып саналады. Монета — сөзбе – сөз өлшем  (құн); заттарды өлшенетіндей жасады, теңестіреді. Маркстың  сөзі бойынша, Аристотель құн формаларын талдауды аяғына дейін жеткізе алмады, себебі, құнды түсінбей мұны түсіну мүмкін емес, яғни тауар формасы еңбек өнімінің  жалпыға бірдей форма.

Аристотельдің аса маңызды идеясы: адам қоғамнан және мемлекеттен тыс өмір сүре алмайды, сондықтан мемлекет отбасы мен жеке адамнан (тұлғадан) жоғары тұрады. Азаматтар, мемлекеттік тәртіпке үйреніп, бірдей тәрбие алуға тиіс.

Біздің дәуірімізге дейін үш жүз жылдан астам Афинада өмір сүрген Аристотель, экономика ғылымының бастауларында тұрса да қазіргі экономикалық жүйенін табиғи түрін жасай алмады деуіміз мүмкін. Шының айтса ол кезде қазіргі экономикалық терминдер болмаған. Дегенмен ол барлық кезеңдерде өмір сүрген экономистердің назарларында болған проблемаларды байқап, оларға назар аудара білді.
Тағы рефераттар