Африка сарқырамаларына сипаттама туралы қазақша реферат

Оңтүстік Африка сарқырамалары.

Оңтүстік Африкадағы Оранжевая өзенінен 146 метрлік платоға өзен саласы ағып түсіп, Ауграбис сарқырамасының негізін салады. Бұл сарқырама күшті жылдамдықпен ағып түсіп, алдында кездескен гранитті қабаттардың бәрін шайып әкетеді. Гранит –табиғатты ең қатты та жыныстарының бірі болып саналады. Осы күшті жынысты шайып кететіндей күшке ие болған сарқыраманың биіктігі тым биік емес. «Ауграбис» деген сөз жергілікті готтентоттардың тілінен аударғанда «өте шулы жер» деген мағынаны береді. Бұл атау да бекерден шыққан жоқ. Құрғақ кездерде Оранжевая өзені кішігірім бұлаққа ғана ұқсап, ағу жылдамдығы мен өзен көлемі қысқарады. Біра көктем айынағы жаңбырлы маусымдарда, өзен ағысы күшейіп, сарқырама өз атауын растатып тұратындай.  

Ауграбис сарқырамасын алғаш рет 1824 жылы Кейптауннан шыққан саудагер Томсен ашты. Виктория сарқырамасынан бұрын ашылған сарқыраманы жаңбырлы маусымдарда тек ұшақтан ғана алыстан көруге болады. Бұл сарқырама жабайы шөл далада жасырынып орналасқандықтан, көп адамдар бұл сарқыраманы көре алмайды.

Оңтүстік Африкада орналасқан келесі бір сарқырама Лофой сарқырамасы. Лофой сарқырамасы Заирде орналасқан. Бұл сарқырама да маусымдық өзгерістерге тәуелді. Сарқырамының биіктігі 335 метр. Африкадағы ең биік сарқырама Тугела сарқырамасыда осы Оңтүстік Африкада орналасқан.  Биіктігі 945 метр. Сарқыраманың биіктігі туралы бұл орташа (шамамен) есеп болғандығына қарамастан, осы сарқыраманы Жер бетінде биіктігі жағынан екінші сарқырама болып табылады.

Оңтүстік Африкада орналасқан Малецуньян және Лесото сарқырамалары қыстың күні мұз қатып қалады.     Виктория көлінен  ағып  шығатын   өзен  Виктория – Ніл  деп  аталады.  Жоғары ағысында  оның  жағасы  тасты  болып  келеді,  ал  көлдің   қасында,   нағыз тасталар  жерінде  сарқырама болып  құрайды. Қазір  Оуэн  сарқырамасының  жанынан  полита  және  Ніл  бассейндегі  алғашқы  су  электр  станциясы  салыну  себепті  бұл  сарқырама  мен   одан  төмен  жатқан  босаға  тастары  су астына  кетті. Виктория – Ніл  өзені Кьога көліне құяды.

Батыс Африка сарқырамалары

Батыс Африка да өз сарқырамаларымен мақтана алады. Тагбаладугу сарқырамасы Жоғарғы Вольт өзенінде орналасып, бұл сарқырамалар жүйесі болып есептеледі. Негізінен жеке-жеке үш сарқырамадан тұрады. Көркем сұлулығымен көзге түседі.

Стэнли сарқырамасы – Конгодағы Луалаба өзенінде және Убунду және Кисангани қалаларының арасында орналасқан. Жеті шоңғалдан құралған, ұзындығы 150 км; биіктігі 60 м. Тұңғыш ашушы Генри Стэнлидің аты берілген.

Бенинде орналасқан Танногу сарқырамасы да сұлулығымен ерекшеленеді. Гвинейдағы Тинкисо өзенінен эрозиялық жыныстар бойымен Тинкисо  сарқырамасы өтеді.

Солтүстік Африка сарқырамалары.

Собат Эфиопия таулы қыратыннан бастап ағады,  ол июнь – сентярьде жауған жаңбырдан суды көп  алады. Таудан аққан тасқын су лайды көптеп әкеледі, сондықтан судың түсі ақ – сарғыш болады. Бұл ақшыл су тасыған уақытта Нілге құйылып, Ніл суының түсін  өзгертіп жібереді. Ақ Ніл деп аталуының мәні  осында. Алайда жылдың басқа мезгілінде Нілдің суы жасыл сұрғылт болады.

Собат өзенінің құйылысынан төменіректе Ақ Нілдің тұрақты салалары жоқ, сондықтан ол тар аңғар арқылы ағады. Жердің көлбеуі аз болуына байланысты өзеннің ағысы баяу келеді. Өзен жағалауларында саванналар созылып жатыр. Онда жайрандар үйірі, түйе-құстар жайылып жүреді. Кейде бегемоттар мен арыстандардың ақырған даусы естіледі. Пілдер жиі кездеседі.  Хартумда Ақ Ніл Көк Нілмен қосылып, Нілдің негізгі арнасын жасайды.

Көк Ніл Эфиопия таулы қыратынан, теңіз деңгейнен 2700 метр   биіктіктен басталады.  Кіші Ніл шағын өзенін оның бастауы деп санайды. Биік құздап құлаған Кіші  Ніл өзеннің  асау толқыны Тана көліне құяды. Көлдің оңтүстігінде кішкене шығанақ  бар.  Кіші Ніл өзені содан шығады. Тана көлінен шамамен 20 километрдей жерде  Кіші Ніл 45 метрлік сарқырама   жасайды.

Осы   сарқарамадан  кейін   өзен  Көк   Ніл  деп   аталады.  500 километр   бойына  Көк   Ніл  тереңдігі  900 – 1200  метрлік   шатқал  арқылы   ағады.  Егер  шатқалға  жоғарыдан  қарайтын   болса,  онда оның түбіндегі  өзен жіп – жіңішке   жіп  сияқты  көрінер  еді.  Терең    шатқалда   сап – салқын,  ертеңгілікте  оның  үстін   ашық  көк   тұман  басып  тұрады.

Африканың   өзендерінің  бірі  ішкі  теңіздерден  бастау  алып  сыртқы  суға  апарып  құяды.  Мысалы:  Ніл  өзені  Виктория  көлінен  ағып  шығып  Кьога  көліне  құяды. Кьога  көлінің  төменгі  жағында  Виктория – Ніл  ағысының  бағытын  өзгертіп,  батысқа  қарай  бұрылады да,  Мобуту  Сесе – Секо  көліне  құяды.бұл  жерлерде  өзеннің жағасы  тасты  блып  келеді,  ал  көлдің  жанынан  зор  сарқырама  Мерчисон  құлап  жатады.

Замбези – Оңтүстік  Американың  ең  ірі   өзені  және  материктің  Үнді  мұхитына  құятын  өзендерінің  ішіндегі  ең  ірісі.   Оның   ұзындығы – 2660 км,   бассейнінің  ауданы – 1330 мың  км3.  Замбезиннің   жылдық   орташа  шығыны  орасан  зор  (19000 м3/с):  ол  Нигердің  шығынынан  1,5  есе  асып  түседі  және  Нілдің   орташа шығынынан  әлденеше  есе  асып  жатады.  Замбези  басқан   Конго – Замбези  суайрық   үстіртінің  1000 м   биіктігінен  алады.  Өзен  өз  жолында  жайдақ  қазан  шұңқырлар  мен   оларды  бөліп  тұратын  тау  үстірттерін  кесіп  өтіп,  көптеген  шоңғалдар   мен  сарқырамалар  құрайды.  Замбезиндегі  ең  ірі  және  дүние  жүзіндегі   аса  ірі  сарқырамалардың  бірі – Виктория – оның  биіктігі  120 м,   ені  180 м.  Су  өзеннің   арнасына   кесе – көлденең   жатқан  базальтты   шатқалға   құлдырай   құлайды.  Құлаған   судың  бірнеше  километр   жерге  жететін  құлақ  тұндырар   шулы  және  шап — шыған  судың   ақ  түнек  бүркіндісіне  бола  сарқыраманы   жергілікті  тұрғындар  бейнелі  түрде – “күркреуік  түтін”  деп  атап  кеткен.

Өзен  режимінің  ерекшеліктері  оның  жоғарғы   және   төменгі   ағыстары   жауын – шашынға  бай   облыстарда  жатуымен  байланысты,  ал  орта  ағсы  бассейні  қатты  құрғақтығы  және  күшті  буланатындығымен  сиптталады.  Нигердің   төменгі   ағысында   екі рет,  ал  орта  және   жоғарғы   ағыстарында  бір  реттен болады.   Жоғарғы  ағысындағы  тасқын  жазғы   жауын – шашынға  байланысты  болады  да  июньнен  бастап,  сентябрьге ағысында   деңгейі  бірте – бірте  көтеріледі,  Нигер   жайылып,  су  негізгі  арна  ағысымен   қосарлана  жүретін  көптеген  тарамдар  мен  құрғақ  арналарды   толтырады.  Климаттың  құрғақтығына   байланысты  орта  ағысында  көп  су  булануға  орта  ағысында  көп  су   булануға  жұмсалады,  ал  төменгі  ағысына  бұл  тасқын  әлсіреген  түрде  январьда  беріледі.  Сонымен  қатар  төменгі  ағысында   бұдан  басқа  жазғы  жауын – шашынға   байланысты   және   бір  тасқын   болады.
Тағы рефераттар