Африка территориясын геологиялы зерттеу тарихы туралы қазақша реферат

Зоналық құрылым, әсiресе, материктiк барынша сом және рельефi бiрсыдырғы солтүстiк бөлiгiнде айқын көрiнедi. Бiздiң эрамыздан көптеген ғасырлар бұрын материктiң жағалауы мен iшкi аудандарында Азия мен Солтүстiк Африканың халықтары: финикиялықтар, египеттiктер, карфагендiктер болып тұрған. Ерте орта ғасырда Шығыс және Солтүстiк Африкаға Аравия түбегiнен арабтар өткен.

ХV ғасырда португалдықтар Индияға аплратын жол iздеу барысында Африканың жағалауын зерттеген. Бұл, көл саудасының және африка елдерiн европалықтардың басып алуының бастапқы кезенi болатын. XVIII ғасырдың аяғымен XIX ғасырдың бас кезiнде Англия мен Франция материктiң iшкi жағындағы бiрнеше отарларды жаулап алды. Бұл жаулаулар кезiнде ашылыстар мен зерттеулер катар жүргiзiлдi. 1788 жылы ағылшындар «Африканың iшкi бөлiктерiн ашуға жәрдем ететiн ассоциация» құрды. XIX ғасырдағы зерттеулердiң айтарлықтай нәтижссi — Африканың ең iрi өзендерi Ннгер, Нiл, Конго және Замбеглi бассейiндерiнiң зерттелуiне байланысты негiзгi географиялық проблемаларды шешу болды. Орталық және Оңтүстiк Африканы зерттеп бiлуге ағылшын ғалымы Д. Ливингстон үлкен үлес қосты. Ол отыз жыл бойы (1840— 1873) Атлант мұхитынан үндi мұхитына дейiнгi және Кейптауннан экваторға дейiнгi ұлан-байтақ кеңiстiктi зерттедi.

XIX ғасырдың екiншi жартысында Нiл мен Конго суайрығы облысын зерттеу жұмыстарын орыс ғалымы В. В, Юнкер жүргiзiдi.

XIX ғасырдың бiрiншi жартысында түгел континенттiң тағтастан және оның жекеленген бөлшектерi немесе елдерi географиясы iрi жинақталған жұмыстар жасалды.

Африка жағаларын Атлант және үндi мұхиттары шайып жатады. Атлант мұхиты оның жағасында бiрден-бiр iрi шығанақ— Гивнен шығанағын құрады. Африканың аз жырымдалған батыс жағасын бойлай енсiз (100 км. дейiн) материктiк қайрандар  созылып жатыр, оның қия беткейi су асты үстiрттерiне және оларды бөлiп тұран шұңғымалармен бөлiнген. Орта Атлант жотасынан шығыста, Африканың қарсысында, тереңдiгi 3000 метрден 7200 метрге дейiн жететiн Канар, Жасыл Мүйiс, Гвинея, Ангола, Кап және Агульяс қазан шұңғымалары жатыр.

Ағыстар Африка жағаларындағы жоғарғы қабат сулары температурасының таралуына айтарлықтай ыкпал жасайды, температураның экватордан солтүстiкке және онтүстiкке қарай төмендеудi жалпы зандылығына түзету енгiзедi. Суық ағыстардың айқын бiлiнуiне және тереңдiгi салқын сулардың көтерiлуiне байланысты Африка жағаларындағы әсiресе экватордан оңтүстiкке қарайғы судың температурасы осы ендiктердiң орташа температурасына қарағанда едәуiр (шамамамен 5—7°С). Мысалы, Оңтүстiк  Пассат ағысының бастауында августь айында судың температурасы +22—25° С болады. Гвинея ағысының сулары +28°С жылиды. Африканың солтүстiк-батыс жағаларында жылдың орташа температура 4-20° С, ал оңтүстiк-батыста 15° С. қыста.-ол -ЬI20С дейiн төмендейдi. Атлантиканың Африка жағаларындағы тұздылығы мұхиттың қалыпты тұздылығына жуық. Бұған пассат шөлiне (әсiресе Сахарара) қарама-қарсы орналасқан акватория жатпайды, оның тұздылығы 37%0-ге дейiн жетедi, ал Азор аралдарынан оңтүстiк-батысқа қарай 37,9° -ге дейiн арттады. Бұл — дүние жүзi мұхитынның ашық бөлiгiндегi ең жоғарғы тұздылық.

Африканы шығысы мен оңтүстiк шығысынан жнектейтiн үндi мұхитының солтүстiк-батыс бөлiгi Гондвананың ыдырауының нәтижесiнде бордан кейiнгi кезенде калыптасты. Ол түбiнiң өте оилы — қырлы болуымен және терендiктердiң күрт ауысуымен сипатталады. Мұхиттың басқа бөлiктерiнен оның солтүстiк-батыс бөлiгiн Аравия-үндi су асты жотасы бөлiп тұрады. Оның шегiнде тереңдiгi 500 метрден асып түсетiн қазан шұңқырлар бар (Сомали, Мадагаскар, Мозамбик). қазан шұңқырларды бөлiп тұратын су асты жоталарының шындарын вулкандық және маржандық аралдар (Маскарен және басқа) құрайды. Кейбiр жоталар жер кабығының материктiк типiнде болып келедi және ежелгi. Гондвана құрылымдарының қалдықтары болып табылады. Үндi мұхитының солтүстiк және солтүстiк-батыс бөлiктерiндегi ағыс жүйесiн субэкваторлық және тропиктiк белдеулердiң пассаттық және муссондық циркуляциясы айқындайды.Экватордан оңтүстiкке қарай Африка жағалары мен Мозамбик пен Иголы мүйiсi жылы ағыстары өтедi. Соңғысы; — Дүние жүзiлiк мұхитдық ең тұрақты және күштi ағыстардың бiрi. Бұл ағыстар Оңтүстiк Пассат ағысынан пайда болады да Онтүстiк-Шығыс Африка жағаларында оңтүстiк жарты шардың қысы кезiнде температураның +20°С дейiн және одан да жоғары көтерiлуiн туғызады. Экватордан солтүстiкке қарай муссондық Сомалий ағысы әрекет етедi де солтүстiк жарты шардың жазында оңтүстiк жарты шардан бiршама суық-су алып келедi, ал қыста солтүстiктен бiршама су жеткiзедi. Тұтас алғанда үндi мұхитында 10° о. е. солтүстiкке қарай жыл бойына судың температурасы үлкен терең дiктерге дейiн жоғары. Оның ең жылы болатын кезi май айы ( + 27°—29°С). Африка жағаларындағы судың тұздылығы 35—36°;).
Тағы рефераттар