Африканың географиялық орны туралы қазақша реферат

 Африка — Жердің, Евразиядан кейінгі көлемі жағынан екінші үлкен материгі. Оған қарасты аралдарды қоса есептегендегі ауда­ны -30,3 млн. км2, аралдарсыз -29,2 млн. км2. Аралдарының ең үлкені – Мадагаскар. Ғалымдардың жорамалдауынша « Африка» деген сөз материктің солтүстігіндегі аудандардың бірінде тіршілік еткен афригия деген бербер тайпасының атынан шыққан. Африка материгі Евразиямен тығыз байланысты: оларды тек Қызыл және Жерорта тенізі бөліп тұр. Африка мен Евразия шы­ғыс жарты шардың біртұтас құрлық массивін құрайды, бұларды басқа материктерден мұхиттардың, орасан зор кеңістіктepi бөліп тастаған.

Материктің шеткі нүктелері солтүстікте — Эль-Абьяд мүйісі (37˚20′ с.е.), оңтүстікте — Игольный мүйісі (34˚52’с.е.). Африка солтүстіктен оңтүстікке 8 мың км созылып жатыр. Материктін eң жалпaқ бөлігі экватордан солтүстікте 10˚ пен 16˚ аралығында жатыр, мұнда Африка 17˚33 б. б. бастап (Альмади мүйісі), 51˚24 ш. б. (Хафун мүйісі) дейін созылып, ені 7500 км-ге жетеді. Африка жағалауында аралдар онша көп емес. Олардың  ішін­дегі ең үлкені — Мадагаскар. Үнді мұхитында одан басқа Сокот­ра, Занзибар, Пемба, Мафия, Комор, Маскарен аралдары бар. Олар түгелдей дерлік материктен пайда болған және материкке таяу жатыр. Атлант мұхитында материктік және вулкандық аралдар бар. Олар: Мадейра, Канар, Жасыл Мүйіс, Масиас-Нгема-Бииого, Принсипи, Сан- Томе, Аннобон.

Африканың экватордың екі қапталындағы нсгізінен тропиктік-­экваторлық  кеңістік алабындағы орны жоғары температураның басым болуына себепші болса, ішкі бөліктерінің онша тілімденбеуі әрі тұйықтығы Африкаға тән континенттілік туғызады. Тегіс релье­eфтiң басым болуы және географпялық орны зоналықтың айқын көрінуіне жағдай жасайды. Табиғат жағдайлары біршама біртектес болып келетін ендікті бойлай созылып жатқан  жалпақ  өңірлер экватордан солтүстікке және онтүстікке қарай бірін-бірі заңды түрде алмастырады. Зоналық  құрылым, әсіресе, материктің ба­рынша сом және рельефі бірсыдырғы солтүстік бөлігінде айқын көрінеді.

Біздің эрамыздан көптеген ғасырлар бұрын материктің жаға­лауы мен ішкі аудандарында Азия мен Солтүстік Африканың ха­лықтары: финикиялықтар, египеттіктер, карфагендіктер болып тұрған. Ерте орта ғасырда Шығыс және Солтүстік Африкаға Ара­бия түбегінен арабтар өткен.

XV ғасырда португалдықтар Индияға апаратын жол іздеу ба­рысында Африканың жағалауын зерттеген. Бұл, құл сйудасының және африка елдерін европалықтардың басып алуынынңбастапқы кезеңі болатын. XVIIІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың бас ке­зінде Англия мен Франция материктің ішкі жағындағы бірнеше отарларды жаулап алды. Бұл жаулаулар кезінде ашылыстар мен зерттеулер қатар жүргізілді. 1788 жылы ағылшындар «Африканың ішкі бөліктерін ашуға жәрдем ететін ассоциация» құрды. ХІХ ға­сырдағы зерттеулердің  айтарлықтай нәтижесі — Африканың eң ірі өзендері Нигер, Ніл, Конго және Замбези бассейндерінің зерттелуі­не байланысты негізгі гсографиялық проблемаларды шешу болды. Орталық және Оңтүстік Африканы зерттеп білуге ағылшын ғалымы­мы Д. Ливингстон үлкен үлес қосты. Ол отыз жыл бойы (1843 -1873) Атлант мұхитынан Үнді мұхитына дейінгі және Кейптауннан экваторға дейінгі ұлан-байтақ кеңістікті зерттеді.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ніл мен Конго суайрығы облысын зерттеу жұмыстарын орыс ғйлымы В. В. ІОнкер жүргізді. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында түгел континенттің тұтастай және оның  жекелей бөлшектері немесе елдері геогрйфиясы ірі жи­нақталған жұмыстар жасалды. Африканы зерттеудегі ірі бетбұрыс 1960 жылы басталды, өйт­кені ол кезде бұрынғы  отарлардың орнына жаңа, жас тәуслсіз мeмлекеттер пайда бола бастады. Олардың  үкіметтері социалистік елдердің, бірінші кезекте Советтер Одағының көмегімен аса бай табиғи ресурстарды: қазба байлықтарды, гидроэнергетикалық ре­сypстарды, жер асты су көздерінің қоры және т.6. іздестіруге және пайдалануға байланысты жұмыстар жүргізуде. Сoнымен қатар Африканың  әр түрлі аудандарында 6ілімнің сан алуан саласы үшін үлкен теориялық маңызы бap зерттеу жұмыстарын  жүргізуде. Олар: Шығыс Африканың рифтік зоналары облыстарын комплексті зсрт­теу, антропогеннің палеографиясын , оньщ ішінде адамның пайда болғанға дейінгі  жағдаятын зсрттеу тағы с. с.

Біздің елімізде Африка жөнінде ғылыми және ғылыми-көпшілік әдебиеттер мен картографиялық материалдар жарық көріп тұрады.
Тағы рефераттар