Агрессивті балалардың отбасы ерекшеліктері туралы қазақша реферат

Жеткіншектік кезең — адамның қалыптасуындағы ең күрделі кезең. Әсіресе осы жаста адамның мінез-құлқы және басқа да жеке басының негіздері қалыптасады. Міне, осы кезеңде жеткіншектермен жасалатын тәрбие жұмысында кемшілікгер айқын көріне бастайды. Соңғы кездері жеткіншектер тәртібінің төмендегенін байқауга болады: а) ата-анамен келіспеушілік жағдайда болу; ә) мектептегі қиындық пен сәтсіздік; б) тәртібі қиын құрбы -достарымен байланыс орнату.

Отбасындағы жақсы қарым-қатынасты жоғалту, мектептегі сәтсіздік, келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді. Ендеше осы үш элемент: отбасы, мектеп, құрбы-құрдастар тобы — барлык жеткіншектердің нағыз табиғи ортасы. Олар көмелеттік жасқа толмағандардың ең маңызды қоғамдық факторы болып та­былады.

Демек жас баланың мінез-кұлкының қалыптасуына отбасы ерекше әсер етеді, солай болғандықтан оның көп қырлы, жан-жақты болуы отбасына байланысты. Ал педагогикалық әлеуметтік жағынан жіберілетін әлсіздік оқу жүйесіндегі сәтсіздіктің, аномалді мінез-құлықтың қайнар көзі болып табылады.

Жеткіншектің мінез-құлығындағы ауытқулар көбіне туа пайда болмайды, олар физиологиялық ауытқулардан емес, отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие бермеуден пайда болады. Осы аталып көрсетілген ауытқу девиантты мінез-құлық деп аталады.

Осындай девиантты мінез-құлықтың бір түріне агрессивті мінез-кұлық жатады. Ал агрессивті мінез-құлық дұшпандық  әрекетке (төбелес, тіл тигізу) апарады.

Агрессивті балалардың отбасы ерекшеліктері  төмендегідей болып келеді:

1.  Агрессивті  баланың  жанұясында  ата-аналармен  бала арасындағы  эмоционалды  байланыс  бұзылған.  Əсіресе  əке  мен  ұл  баласы арасында.  Ата-ана  бір-біріне  жаушыл  сезімде  жəне  бір-бірінің  қызығулары мен құндылықтары үйлеспейді.

2.  Əке  жиі  түрде  өзі  агрессивті  əрекет-қылығының  моделін демонстрациялайды,  ортаға  салады.  Сонымен  қатар  өз  балаларының бойындағы агрессивті тенденцияларды жақтап-қостайды, қолпаштайды.

3.  Агрессивті  балалардың  аналары  балаға  талап  қоймайды. Олардың əлеуметтік  құндылықтарына  селқос  қарайды.  Баланың  үй  шаруасында міндеттері болмайды.

4.  Агрессивті  ата-ананың  балаларында  өз  əрекет-қылығы  мен тəрбиелеу бір-біріне қарсылас келеді. Əдетте, өте қатал əке жəне тым жұмсақ ана, нəтижесінде балада оппозициянық əрекет-қылықтың моделі қалыптасады. Ол тікелей қоршаған ортада байқалады.

5.  Агрессивті  балалардың  ата-аналары  қолданатын  негізгі  тəрбиелік шаралар мынадай:

  • Денені жарақаттау;
  • Қауіп төндірулер;
  • Түрлі қолдауларда шектілік;
  • Баланы жиі изоляцияда ұстау;
  • Түрлі шектеулерді енгізу, қолдаудың болмауы;
  • Белгілі бір іс жағдайында сүйіспеншіліктен саналы түрде айыру.

6.   Агрессивті  балалардың  ата-аналары  өз  балаларының  деструктивті əрекет-қылығының  себептерін  түсінуге  ұмтылыстың  болмауы.  Оның эмоционалдық дүниесіне селқостық көзқараста болу
Тағы рефераттар