Агрессия түсінігі туралы қазақша реферат

Күнделікті  өмірде  агрессия  дегеніміз: «Жағымсыз  қатынас  туғызатын ашық  түрдегі  өшпенділік,  ал  агрессивті  бұл  күш  салу,  зиян  келтіру   əрекеті ретінде түсіндіріледі». Жалпы «агрессия» термині күш салу,  күш жұмсаумен байланысты  əрекеттерді  белгілеу  үшін  кеңінен  қолданылады.  Агрессия  түсінігіне  формасы  мен  нəтижесі  бойынша  əр  түрлі əрекеттер  біріктіріледі,  соның  ішінде  орынсыз  əзіл-қалжың,  өсек,  нұқсан келтіру  ойларынан  бастап,  кісі  өліміне  дейін.  Өшпенділік  неғұрлым  тар мағынада  алынады,  белгілі  бір  объектіге  бағытталады.  Əдетте  өшпенділік жəне  агрессивтілік  үйлесімде  болады,  бірақ  адамдар  өшпнділік  сипатындағы қарым-қатынаста бола  отырып,  агрессивтілік  көрсетпеуі мүмкін. Агрессияны анықтаудағы  маңызды  мəселе  бұл  осы  терминнің  əр  түрлі  əрекеттер мағынасында болуы.

  • К. Изард бойынша агрессия – қатыгездікке толы әрекет және мінез- құлық. Бұл кей кездері түрлі эмоцияларда көрінуі мүмкін бұрқ етпе әрекет және қатыгездіктің құрам бөлігі. Ол біреуге нұқсан келтіруге, қорқыныш, үрей тудыруға бағытталған [10, ].
  • А. Басс  бойынша  агрессия-  бұл  басқа  адамдарға нұқсан  келтіретін жəне үрей туғызатын кез-келген əрекет [17,16].
  • А. Берковицтің айтуы бойынша агрессия өзіне реніш пен намыстануды да кіргізеді [2,225].
  • Д.  Зильманн  бойынша  агрессия-бұл  басқа  адамға  дене  жəне физиологиялық нұқсан келтіру əрекеті.
  • Л.  Блендер  агрессияны  объектіге  жақындау  немесе  одан  алыстау  деп түсіндірсе, Ф.  Аллан  оны  сыртқы  күштерге  төтеп  беруге  мүмкіндік беретін адамның ішкі күші дейді.

Басқа адамдарды өзіне бағындыруға ұмтылуды немесе басқа объектілерге үстемдік етуді агрессия деп түсінеміз.

  • Х.  Дельгадоның  тұжырымдауы  бойынша  адамдардың  агрессиясы-  бұл мінез-құлық реакциясы, ол қоғам мен адамға  зиян, шығын келтіру жəне күш көрсетумен сипатталады [6,64].
  • Э.  Фромм  агрессияны  адамдарға,  топқа,  жануарларға  жəне  барлық тіршілік иелеріне зиян келтіру деп түсіндіреді [13,3].

Шетелдік жəне отандық көптеген зерттеушілер агрессия мəселесін əр жақты  зерттеп қарастырған, бірақ бір ортақ көзқарасқа келген жоқ. Себебі бұл мəселе өте күрделі жəне жан-жақты. Сондықтан мына аспектілер  қарастырылуда:  агрессияның  туындауына  биологиялық  жəне əлеуметтік  орта  əсері,  оны  меңгеру  жəне  бекіту  механизмдері,  агрессивті əрекеттің жекелей жəне жыныстық жас  кезеңдік  ерекшеліктері,  агрессияның алдын алу тəсілдері.

Субъектің агрессивті мінез-құлқы — жеке тұлға агрессивтілігінің салыстырмалы түрдегі табанды ерекшелігі ретінде қарастырылады. Агрессивтілік деңгейі әлеуметтендіру процесіндегі оқып-үйретумен қатар, әлеуметтік жауапкершшік нормалары және агрессия актілері үшін жаза қолдану тәрізді аса маңызды мәдени-әлеуметтік нормаларға бағдар тұту ретінде де айқындалады. Бұл жерде жағдаяттық өзгермелілік (айналадағылардың ниет-пиғылдарын өзіндік қабыддау, қайтарма байланыс алу мүмкіндігі, қару-жарақтың арандатушылық ықпалы, т.б.) маңызды рөл атқарады.. Агрессияның кейбір көрінісі қозғыш психопатия, паранойя, эпилепсия және т.б. тәрізді жеке тұлғаның даму үстіндегі патопсихологиялық белгілері ретінде көрінуі де ықтимал. Агрессив-тіліктін, өзін-өзі бақылауын қалыптастыруда және агрессивті актілерді кідірте тұруда басқа адамды бірегей құндылықтардың иесі деп танып, оны түсінуге тырысу, жаны ашу тәрізді субъект қабілетінің түп негізінде жататын эмпатия, сәйкестендіру және орталықсыздандырудың психологиялық процестерінің маңызы зор.

 

 

Кесте 1

Психология ғылымында агрессия түсінігі.

 

Автордың аты-жөні Агрессия – бұл …

 

1 Л Блендер объектіге жақындау немесе алыстау тенденциясы;
2 Ф. Аллан адамның сыртқы күштерге төзе алу мүмкіндігін беретін ішкі күш;
3 Х. Дельгадо мінез-құлық  реакциясы,  қоғам  мен  адамға  зиян  немесе нұсқан келтірумен көрінеді;
4 А. Басс нəтижесінде  ауырсыну  стимулын   алатын  басқа  ағзаға бағытталған реакция;
5 А Уилсон дене  əрекеті  немесе  бір  жақтан  болатын  қауіп  төндіру,  ол екінші  жақтың  еркіндігін  тарылтады  немесе  генетикалық бейімделуін төмендетеді [16,6];
6 Д. Зильманн басқаларға  дене  жəне  тəндік  жарақаттар  əкелетін  зиян келтіру мүмкіндігі;
7 Э. Фромм адамдарға,  топқа,  жануарларға  жəне  барлық  тіршілік иелеріне зиян келтіру;
8 Психологиялық сөздік латынша aggress- шабуыл жасау, мінез-құлық,  нəтижесінде зиян немесе шығын келтіріледі [11,7];

 

9 Р  Бэрон, Д.Ричардсон мінез-құлық,  тіршілік  иелеріне  зиян  немесе  нұсқан  келтіру əрекеті [3,38];

 

10 Р. С. Немов адамның басқа адамға деген мінез-құлқы, оларға жағымсыз жағдайлар  туғызып,  зиян  келтіруге  ұмтылумен ерекшеленеді;
11   З. Фрейд супер-эгомен басып тасталатын деструктивті күш [18,11].

 


Тағы рефераттар