Аймақтық саясат және жергілікті бюджетті реттеу формалары туралы қазақша реферат

         Аймақтық саясат мемлекеттің жалпы саясатының құрамдас бөлігі, өмір сүру және шаруашылық жүргізудің аумақтық факторларын тиімді қолдануға, елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне жету үшін бағытталған.

Қазақстан Республикасының аймақтың саясатының мақсаты — ұтымды аумақтың еңбек бөлінісі аумақтың өзін-өзі басқаруды дамыту қағидаларын қалыптастыру негізінде әрбір аймақтың ресурстық — өндірістік потенциалын  тиімді қолдану  және халықтың өмір сүруі үшін тең мүмкіндіктер жасау [9].

Аймақ экономикасын мемлекеттік реттеу механизмдері мен әдістеріне тоқталайық.

Аймақ  экономикасын  мемлекеттік реттеудің маңызды механизмдері:

—           жалпы мемлекеттік және аймақтық мүдделердің келісуі мен өзара байланысын қамтамасыз ететін аймақтардың  әлеуметтік және экономикалық дамуы мен өндіргіш күштерді  орналастыруды ұзақ мерзімді перспективаға  кешенді болжау, аймақта бар өндірістік –экономикалық, интелектілік және экспорттық потенциалды нығайту мен тиімді қолдану;

—           кешенді болжауда  белгіленген  елдің  әлеуметтік- экономикалық даму басымдықтары мен кезеңдерін жүзеге асыруға бағытталған жалпы мемлекеттік аймақтық және салалық деңгейдегі стратегиялық жоспарлар жүйесі;

—           ірі көлемдегі аймақ аралық мәселелерді шешу бойынша жалпы мемлекеттік бағдарламаларды  жасақтау мен жүзеге асыру;

—           нақты аймақтық дамуындағы аса шешуші мәселелерді  шешуде  мақсатты бағдарламалады жүзеге асыру; оның ішінде экологиялық кедей аудандарды, депрессияға ұшыраған шағын және орташа қалаларда, шалғай жатқан ауылдық  аудандарды  мемлекеттік қолдаудың арнайы бағдарламасы;

—           аймақтарды дамыту үшін сәйкес заңмен, институционалдық және әдістемелік қамтамасыз етілген арнайы экономикалық зоналар жасау;

—           қаржы – несие және салықтық тетіктер;

Аймақ экономикасын мемлекеттік реттеу әдістері екі топқа бөлінеді:

тікелей (әкімшіліктік) және жанама (экономикалық).

Аймақтық экономиканы реттеу үшін мемлекет әдістер жүйесін  қолданады. Ол икемді жіктелінген кешенді болуы тиіс, аймақтық ерекшеліктерін ескеріп, шешілетін стратегиялық және тактикалық міндеттемелер сипатын ескеруі тиіс. Аймақтық дамуда орталық атқарушы органдардың реттеуші қызметтеріне мына шараларды жүзеге асыру жатады.

— барлық аумақтық шаруашылық жүргізу субьектілерінің, орталық және жергілікті  атқару органдарының қызмет етуінің құқықтық және нормативтік негізін жасау;

—           республика шаруашылығының перспективалық дамуының макроэкономикалық және салалық басымдықтарымен нығайып аумақтық дамудың  маңызды бағыттары мен пропорцияларын анықтау;

—           барлық халық үшін олардың жеріне байланыссыз республика аумағында  ең төменгі тұрмыс деңгейінің мемлекеттік кепілік қамтамасыз ету;

—           аймақаралық немесе жалпы республикалық сипаттағы аумақтық  мәселелерді шешу;

—           республика экономикасы үшін аса маңызы бар аумақтардың басымдықта дамуын қамтамасыз ету;

Сонымен бірге мемлекеттің аймақтық дамуындағы реттеуші рөлі бюджеттен қаржыланатын  мақсатты кешенді бағдарламаны жүзеге асырудан, құрылым құраушы инвестициялық жобаларды жүзеге асырудан көрінеді.

1996 жылы 9 қаңтарда Үкімет қаулысымен «ҚР аймақтық саясатының тұжырымдамасы» мақұлданды. Оның негізін салық және бюджет саясатын қалыптастыру позициясы арқылы және аймақтардың мамандандырылу принципі бойынша үлгілеу құрайды. Яғни, берілген аймақ бюджеттік қаржыландыру жағынан басыңқылардың құрамына кіреді, өйткені оның дамуы мамандандырылу деңгейінен басыңқы бола алмайды. Бізге алдағы мерзімде аймақтардың басыңқылығын анықтау біріңғай ғылыми негізге негізделетін аймақтарына деген кешенді көзқарас дұрыс деп көрінеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2006 жылғы наурыздағы “Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті 50елдің қатарына кіру стратегиясы”, 2007 жылдың 28 ақпанындағы “Жаңа әлемдегі, Жаңа Қазақстан” Жолдауларына сәйкес “Атырау облысының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы” жасақталды. Бұл стратегияның объективті негізі – жаханданумен ел өңірлерінің ішкі арнаулы бағыттарының даму жағдайында мәселелер мен перспективаларды біртұтас бағалаудың қажеттілігі. Облыс бойынша өңірлерінің қазіргі дамуының мақсаты – бұл еңбекті бөлудің ұлттық және әлемдік жүйесінде өз орнын табу.

Республиканың басқа облыстарына қарағанда Атырау облысының бәсекеге қабілеттілігі Қазақстан Республикасы өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттаушы көрсеткіштерді салыстыру негізінде бағаланды.

Демографиялық көрсеткіштер. Халық саны бойынша Атырау облысы   15 орынға ие. Халықтың тығыздығы 1 шаршы метрге 3,9 адамды құрайды және осы аталған көрсеткіштің мәні бойынша Алматы, Астана және Оңтүстік Қазақстан облысынан кейін жалпы республикалық көлемде 4 орынды иеленеді. Облыс халқының орташа тығыздығы туудың жоғары деңгейімен және қарқынды көші-қон ағындарымен, сонымен бірге өңір дамуының қолайлы әлеуметтік-экономикалық ахуалымен сипатталады (1-қосымша, 1- кесте).

Тұрғындардың өмір сүру деңгейінің көрсеткіштері. Өмір сүру деңгейінің көрсеткіштері бойынша Атырау облысының тұрғындары республиканың басқа облыстарымен салыстырғанда алдыңғы орында тұр. Мысалы, тұрғындар табыстарының және күнкөріс минимумы деңгейі бойынша облыс жалпы республикалық көлемде 3-ші орынды иеленеді (2-қосымша, 2-кесте).

Еңбек әлеуеті. Экономикалық реформалардың қарқынды дамуы мен аумақтық орналасуы облыстың еңбек нарығында деформацияға алып келді. Мысалы, жалпы республикалық көлемде экономикалық белсенді тұрғындар деңгейі бойынша облыс 9-шы орында болса, жұмыссыздар деңгейі бойынша облыс ұқсас орында. Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі мен тұрғындардың экономикалық белсенділігі деңгейінің төмендеуі тұрғындардың жастық құрылымындағы және экономикалық белсенді емес тұрғындар деңгейінің өзгерістерін көрсетеді. Соңғы көрсеткіш бойынша жалпы республикалық көлемде облыстың үлесі 29,9%-ды немесе 9-ші позицияны құрайды                   (3-қосымша, 3-кесте).

Экономикалық даму. ЖӨӨ деңгейі бойынша жан басына шаққанда Атырау облысы жетекші позицияны иеленеді, республиканың 14 облысының арасында 1 орында және тұрғындардың жан басына шаққанда 2139,3 мың теңгені құрайды (1-қосымша, 1-кесте). ЖӨӨ жалпы республикалық көлеміндегі өңірдің үлесі 11,1%-ды құрап, республикада 2 орынға ие.

Өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің көлемі бойынша облыс 1-ші орынды иеленеді немесе жалпы республикалық көлемнің 19,1%-на ие. Бұл ретте, тау-кен өндірісінің үлесі 90%-ды иеленеді (4-қосымша, 4-кесте).

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімдер өндірісі деңгейі бойынша Атырау облысы 13 орында, яғни соңғы позицияны – 12 орынды иеленді немесе жалпы республикалық көлемнің 1,3%-ы. 2006 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің үлесі — 9,8%-ға тең.

Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі бойынша Атырау облысы аталған көрсеткіштің 756638,0 млн. теңге мәнімен жалпы республикалық көлемде 1 орынға  ие. Облыста жүзеге асырылатын жобалардың көпшілігі облыс экономикасының мұнай газ секторын дамытуға бағытталған.

Атырау облысы шетелдік инвесторлар үшін барынша тартымды болып табылады. Мысалы, шетелдік инвестицияларды тартудағы үлесі бойынша облыс 1 позицияны иеленіп және жалпы республикалық көлемнің 70,5%-н құрайды.

Құрылыс жұмыстары көлемінің көрсеткіші бойынша облыс 3-ші орынды иеленеді, бұл аталған секторды дамытудағы инвестициялардың жоғары үлесімен негізделіп, инвестициялардың жалпы респубикалық көлемінде 13,8% құрайды (5-қосымша, 5-кесте).

Инновациялық әлеует. Орындалған ғылыми-техникалық жұмыстардың жалпы көлемі 2006 жылы Атырау облысында 2882,7 млн. теңгені, облыстың үлесі 7,7% немесе орындалған жұмыстардың жалпы республикалық көлемінде 5 позицияны құрады (6-қосымша, 6-кесте).

Ғылыми зерттеулерге жалпы шығын мөлшері бойынша Атырау облысы жалпы шығындардың жалпы республикалық көлемінде 4 позицияны иеленеді. Бұл ретте, облыс ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындаушы қызметкерлердің жалпы республикалық көлемінде 8 орында позицияланады. Ғылыми-зерттеу ұйымдарының жалпы саны 10 кәсіпорынды немесе тіркелінген ғылыми ұйымдардың санының жалпы республикалық көлемінен 11-ші орынды иеленеді. Ғылыми-зерттеу ұйымдарындағы қызметкерлердің орташа тізімдік саны 654 адамды құрайды. Бұл ретте, қызметкерлердің жалпы санындағы аса көп үлес салмақ жоғары біліктілікті мамандар үлесіне – 69,2%, көмекші персоналға — 16,8%, техникалық қызметкерлерге — 9,9%, басқаларға — 4,1%-дан келеді. Бұл, мамандардың жалпы саны осы аталған көрсеткіш бойынша өңірдің бәсекеге қабілеттілік деңгейін көтеру үшін жеткілікті болып табылатынын көрсетеді.

Алайда, Атырау облысының инновациялық әлеует көрсеткіштерінің тобы бойынша қосынды дәрежесі орташа болып табылады, бұл 6,5%-ды құрайтын, өңір экономикасын дамытудағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің жеткіліксіз рөлін білдіреді.

Атырау облысының миссиясы орнықты экономикалық даму негізінде тұрғындардың жоғары өмір сүру сапасын қамтамасыз ету болып табылады.

Атырау облысының болашағы: 2015 жылға қарай Атырау облысы қолайлы өмір сүру ортасы, тұрғындардың жоғары өмір сүру деңгейі, дамыған инфрақұрылым мен инновацияға негізделген әртараптандырылған экономикасы бар өңірге айналады.

Стратегиялық мақсат: 2015 жылға қарай өңірдің инвестицияларға негізделген экономикадан, инновацияларға негізделген экономикаға өтуін аяқтау. Дамудың инновациялық түріне қол жеткізуге төмендегідей міндеттерді шешу ықпал етеді:

1. Өңір экономикасын әртараптандыру, қосымша құнды өндіруде жоғары шектерге жетуге мүмкіндік беретін өңдеу өнеркәсібін дамыту. Бұл ретте, тау-кен өндірісі өнеркәсіптерінің салаларын тұрақты дамыту өңір экономикасының факторы болып табылады.

2. Инновацияны қосқанда, инфрақұрылымның барлық формаларын жетілдіру. Инфрақұрылым өндірістік әлеуеттің дамуының негізі өңір экономикасының халықаралық және өңірлік ықпалдастығы өңір капиталының барлық нысандары дамуының негізі болып табылады.

3. Өңір тұрғындарын өзіндік өндіріс өнімдерімен қамтамасыз етуге қол жеткізу экономиканы әртараптандыру факторы, инновацияны тартудың ауқымды секторының және жұмыспен қамтудың құралы ретінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту; Агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттігінің өсуі ауыл шаруашылығы өңдеу және тамақ  өнеркәсібін  дамыту мақсатында  мемлекеттік – жеке серіктестік қағидаларын іске асыру есебінен қамтамасыз етілетін болады.

4. Адам әлеуетін дамыту мақсатында  әлеуметтік теңсіздік проблемасын шешу.

5. Орнықты дамудың негізі ретінде экологиялық ахуалды сауықтыру.

6. Өңірдің экономикалық кешенін өңірлік даму факторларының бірегей үйлесімін шаруашылық айналымына кәсіптік тарту негізінде синергетикалық тиімділікті шығаруға қабілетті бүтін организм болатын бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы ретінде аумақтық басқаруды жетілдіру [10].

Жергілікті бюджеттердің реттеу формалары

Жергілікті бюджеттер Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің бір бөлігін көрсетеді және елдің мемлекеттік бюджет құрамына кіреді. Олар тек қана жергілікті салықтар мен алымдар есебінен толықтырылмайды, сонымен қатар бюджеттік реттеу механизмдер арқылы қайта бөлінетін республикалық салықтар мен алымдар бөлшектері есебінен де қалыптасады.  Бірақ, жергілікті бюджеттердің кірістері өздік түсімдер, реттеуші салықтардан түсетін түсімдер, қаржылық жәрдем мен займдық қаражаттардан қалыптасса да, аймақтар мен аумақтардың әлеуметті-экономикалық дамуының ерекшеліктері жергілікті билік органдарының мемлекеттік қызмет көрсету процестеріне тиімді әсерін қамтамасыз етуге ресурстардың жетіспеушілігіне жеткізеді.

Сондықтан, аймақтардың экономикалық дамуы болымды айырымдауының себебінен кірістік база әркелкілік болғандықтан аумақтар тұрғындарға мемлекеттік сектор арқылы көрсететін қызметтер тең болуы үшін аймақтар бойынша  бюджеттік теңестіруді қамтамасыз ету жөніндегі белсенді саясат жүргізу қажет. Осындай саясат жүргізу механизмнің бірі ретінде жергілікті бюджеттер бойынша тұрғындардың бір жанына есептейтін көлбеулі бюджеттік теңестіру әдісі пайдаланады.

1999 жылдан бері қолданып келе жатқан бюджеттік алымдар мен субвенциялар арқылы іске асатын бюджетаралық реттеу механизмі бюджетаралық қатынастардың толығымен анықталуын қамтамасыз етеді, әсіресе төмен тұрған бюджеттерден түсетін алымдардың бөлу нормативтерін немесе бюджетаралық трансферттердің көлемін жиі айқындау әрекеті. Осыған байланысты жергілікті деңгей әрекеттегі бюджеттік теңестіру жүйесіне бюджетаралық трансферттерде  есептеу әдісін бекіту және аймақтардың экономикалық дамуын ынталандырушы басқа да өзгерістер енгізілді.

Бюджетте кірістер мен олардың қажеттілігі арасындағы теңгерудің әрекеттегі принциптерімен қатар жергілікті бюджеттерің бюджетаралық қатынастарын реттеу формасы ретінде кірістер бөліс нормативтері тағайындалған. Олар орта мерзімді фискалдық саясаттың негізінде анықталады және тиянақты сипатта болады. Бұл бірыңғай бюджеттік жіктеуде көрсетілген мемлекеттік басқару деңгейлері арасында функциялар мен өкілетті бөлу нәтижесінде мүмкін болды.

Басқаша айтқанда, биліктің бір деңгейі бойынша іске асырылатын белгілі бір функция және оны қаржыландыруын қамтамасыз ету сол билікке заңды түрде бекітілді. Мұндай әдіс облыс пен аудан деңгейінде шығындық міндеттемелерді басқару деңгейлері бойынша өз еркімен ауыстыруға тиым салады, нәтижесінде бюджеттік шығындарды жоспарлауға орайлы шарттар пайда болады. Осыларға байланысты және шығындық өкілеттікті бөліс жүйелігін қамтамасыз ету үшін келесі ережелер қарастырылған:

— белгілі бір мемлекеттік функциялар орындалуы қарастырылған заңнамалық актілерді басқару деңгейлері бойынша мемлекеттік органдардың құзіреті мен оларға бекітілген өкілеттілік шығыс айқын анықталады;

— егер де мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейлері қосымша функциялармен жүктелсе, онда заңнамалық актілерді соларды іске асыруға қажетті қаржылық құралдар беруі қарастырылып бекітілді;

— жергілікті мемлекеттік басқару деңгейлері мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының қабылдаған нормативтік актілерін нәтижесіндегі шешімдерді іске асыру үшін пайда болған жергілікті бюджеттерден шығындарын өтеуге заңды түрде тағайындалған құқығы бар.

Мемлекеттік бюджет шығыстары жүйесі бірнеше факторлармен шарттанады, олардың ішінде негізгі болып мемлелекеттің табиғат мен функциялары, елдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, мемлекеттің әкімшілік-аумақтық жайластырушылығы, бюджеттік құралдар беру формалары саналады. Мемлекеттік бюджет шығыстарының құрамы мен құрылымы олардың экономикалық мазмұны және жалпы ішкі өнімді бөлу жөніндегі мемлекет алдында тұрған мақсаттар мен анықталады. Бюджет шығыстарының ел экономикасындағы рөлі мен мәнін анықтау мақсат пен олар әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі. Бюджет барлық деңгейлер бойынша әрекеті бар бюджет шығыстарының жіктеуі тағайындалған.

Мемлекеттің барлық шығыстары негізінде мемлекеттік бюджетте шоғырланған құралдар арқылы қаржыландырыланады. Бұл шығыстарды қоғамдық қайта өнідірістегі рөліне байланысты келесі екі топқа бөлуге болады:

—         өндірістік қорларды ұлғайту мен  өндірістің үздіксіз процесін қамтамасыз ету үшін;

—         қоғам мүшелерінің әлеуметті-мәдениеттік мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін.

Бірінші топқа – мемлекеттік бюджеттің экономиканы қаржыландыруға бағытталған шығыстары жатады. Екінші топқа — әлеуметті-мәдениеттік шараларды, білім беруді, ғылым, қорғаныс пен мемлекетті басқаруды қаржыландыру үшін арналған бюджет шығыстары жатады.

Экономиканың бәсеке қабілеттілігі дамуға бағытталған шығындардың деңгейі қаншалықты жоғары және, бюджеттің тұтынушылық шығындары соған сәйкес төмен болса, соғұрлым бюджет құралдарын пайдалану тиімділігі жоғары болады.

Бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастыру ерекшеліктері олардың арнаулары маңында жатыр. Сондықтан, бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастырғанда келесі негізгі факторларды есептеу қажет:

—         басқару органдар арасындағы функцияларды шектеу;

—         мекемелердің бағынушылығы:

—         мекемелердің іс-әрекет шекарасы,

—         шығыстарды тиісті бюджетке апару.

Республикалық бюджеттің шығыстары келесі бағыттары бойынша қаржыландыру үшін қалыптасады:

—         жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер;

—         қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік;

—         құқықтық, соттық, құқық қорғау қызметтері;

—         білім беру:

—         денсаулық сақтау;

—         әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету;

—         мәдениет, спорт, туризм және ақпарат кеңістігі;

—         тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы;

—         ауыл, орман, су, балық шаруашылықтары мен қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары;

—         өнеркәсіп, құрылыс және жер қойнауын пайдалану;

—         көлік және коммуникация;

—         басқа да бағыттар.

Жалпы Атырау облысы бойынша бюджеттің кірістері және шығыстары мына 7- кестеде келтірілген.

7-кесте

Мемлекеттік қаржылар

Кіріс пен шығыс

млн.тг.

2003

2004

2005

2006

Кіріс — барлығы

40474

47118

48379

55613

Оның ішінде:

Салық түсімі

Қаржы әрекетінен түскен кіріс

Негізгі қарызды өтеу

Салық емес түсімдер

Ресми трансферттерден алынғаны

Орташа шұғыл шығатын мемлекеттік бағалы қағаздар

Басқалай салықтар

Шығыс және несиелеу

Шығыстар:

Оның ішінде:

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет

Білім

Денсаулық сақтау

Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек

Демалысты ұйымдастру және мәдени сала қызметі

Ауыл, су, орман, балық, аң және табиғатты қорғау шаруашылығы

Қорғаныс

Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік

Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық

Таукен өнеркәсібі және отынды қоспағандағы пайдалы қазбалар;

Өңдек өнеркәсібі

Құрылыс

Негізгі қарыздың өтелуі

Көлік пен байланыс

Бюджеттік алымдар

Қарыз қызметін көрсету

Басқалай

Несиелеу

Дефицит —

Профицит +

34724

249

160

321

5020

44000

43537

623

5976

2265

2147

1096

112

304

453

6819

358

973

19603

277

2531

463

-3526

41299

357

117

1537

3808

49287

49067

633

7045

3693

2072

1431

149

346

567

5265

864

2770

20115

417

3700

220

-2169

40723

892

257

1987

4520

50763

50662

975

7980

3937

1722

1594

184

474

786

6240

32

2323

22669

347

1399

101

-2384

48681

1249

177

538

4968

59005

59005

1105

8996

5023

1370

1559

203

249

860

7526

177

2220

29026

364

327

-3392

Бұл кестеден көріп отырғанымыздай шығынның көп бөлігі білім беру, денсаулық сақтау және бюджеттік алымдарға жұмсалып отыр.

Жалпы бюджет шығындарын жабу үшін аумақтық стратегияны іске асырудың маңыздылғы зор. Сондықтан да Атырау өңірлері бойынша көзделген саясатты іске асырудың мынадай жолдары қарастырылған (өсу полюстерін қалыптастыру бойынша) [11].

Перспективалы индустриалдық-инновациялық аймаққа айналуға, кластердің дамуына ықпал ететін өңірлік және әлемдік нарыққа ықпалдасқан өсу полюстарын қалыптастыру; Атырау қаласын Каспий  макроаймағының, мұнай-газ және мұнай-химия саласының сапалы орталығына айналдыру.

Болашақта ұлттық деңгейдегі іргелі қала, экономикалық белсенділікті және өндірістік қуатты өзіне шоғырландыра алатын және Каспий макроөңірінің  орталығы ретінде мүмкіндігі бар қала Атырау қаласы болып табылады.

Атырау қаласының экономикасын әртараптандыру мақсатында және оның тұрақты дамуына қол жеткізуде мынадай шаралар қажет:

— Атырау қаласын Каспий макроөңірінің технополисі, технологиялық салаға тікелей шетелдік инвестициялар тарту орталығы, алдыңғы қатарлы әлемдік технологияларды өндіретін және тарататын орталық ретінде позициялау;

— «30 корпоративті көшбасшылар» мемлекеттік бағдарламасының жобаларын табысты орындау; әртараптандырылған мұнай-химия кешенін салу, АМӨЗ –да бензол шығару кешенін салу;

— Атырау өңірінің геостратегиялық әлеуетін іске асыру және халықаралық хабарламаны дамыту үшін жағдай жасау;

— Әуежайдың жерүсті инфрақұрылымы обьектілерін дамыту және оларды арнайы техникалармен жабдықтау;

— Атырау-Астрахань, Атырау-Ақтау көлік жолдарын, магистралдарын жөндеу және жағырту (күрделі, орташа, ағымдағы), Ресей және әрі қарай батыс бағытына транзиттік өту үшін Қиғаш өзені арқылы көпір құрылысын салу;

— Жайық-Каспий каналдарындағы су асты тереңдетужұмыстарын аяқтау және кемелердің тұрақты жүзуін қамтамасыз ету;

— өзен және теңіз флоттарын жаңарту, Атырау өзен портын қайта жабдықтау, әлемдік нарыққа шығу жағдайында, алға қарай су жолымен тасымалдау үшін мұнай терминалдары құрылысын жүргізу;

— мұнай-химия кешендері қызметінің техногендік әсерін төмендету, Атырау қаласы маңында «Жасыл белбеу» құру үшін жер учаскелерінің шекарасын бекіту;

— Атырау қаласы тұрғындарының денсаулығы мен экологиялық жағдайын, Атырау облысының ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының қоршаған ортаға  тастайтын зиянды қалдықтардың әсерін, табиғи-шаруашылық жүйесінің қазіргі экологиялық жай-күйін кешенді бағалау, Атырау облысының тематикалық карталар кешенін геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) технологиясы негізінде құру.

— Атырау қаласының сол жақ жағалау бөлігінде кәріздік тазалау имараты құрылысын салу;

— Атырау қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт құрылысын салу;

— әлеуметтік және тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын  дамыту;

— 2015 жылға қарай мектепке дейінгі жастағы балаларды 70%-ға дейін мектепке дейінгі ұйымдармен қамту;

— типографиялық карта дайындау және түзету;

— Атырау қаласы әкімиятына жататын ауылдық елді мекендердің жер- шаруашылық құрылысы жобаларын әзірлеу;

— сметалық құжат және инженерлік желі жоспары, вертикалды жоспарлау, бөлу жоспары, бас жоспардан тұратын Атырау қаласы құрылысы жобасын әзірлеу;

— орталықта банк, Атырау сауда үйі, болашақта инновациялық өндірістік құрылымдар орналасатын, облыс өнімін ішкі және сыртқы нарыққа жылжыту мақсатында, орталықтандырылған желілік құрылымын қалыптастыру мәселесін жетілдіру. Қазіргі уақытта мұндай өнімдер: АМӨЗ өнімі, Атырау полиэтилен құбырлары зауытының өнімдері, «Атырау Пенополистирол Продукт» ЖШС өнімдері (жылу оқшаулағыш материалдар), «Дегусса Констракшн» ЖШС өнімдері (неміс технологиясы бойынша бетонға қосымша өндіру жобасын іске асыру),  «Касхим» ЖШС өнімдері (полипропилен жіп және қап өндірісі жобасын іске асыру), «Рауан Налко»  ЖШС өнімдері (химиялық реагенттер) «Өнерпаз» ЖШС өнімдері (тігін және трикотаж бұйымдар), «Атырау балық» АҚ өнімдері. Болашақта біріктірілген мұнай-химия кешені өнімдері, жоғары технологиялық сервистік қызмет көрсету.

Медициналық қызметті бірігіп көрсету үшін жағдай жасауды, шекаралас аумақтарда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды зерделеуді, статистика жүргізуді, медицина персоналдарының біліктілігін арттыру мақсатында, оларды алмасуды қоса алғанда денсаулық сақтау саласында шекаралас ынтымақтастық келісімі жобасын дайындау, Астрахань облысы аумағында Құрманғазы ауданы тұрғындарына жедел медициналық көмек көрсету мәселесін қарау.

Сауықтыру, экологиялық және туризмнің басқа түрлерін түсіндіріп тарату (ресей тарапында «Атырау аңшылары мен балық аулаушылар қоғамы» ҚБ жалға алып отырған «Қиғаш» демалу базасы), мәдениет және өнер, спорт және дене шынықтыру, қонақ үй шаруашылығы объектілерін бірігіп пайдалану жөнінде жыл сайын бірлескен жәрмеңкелер ұйымдастыру.

Жоғарыда көрсетілген шараларды іске асыру Астрахань, Волгоград облыстары, Қалмақ Республикасы, Краснодар, Ставрополь өлкесі және Атырау облысы арасындағы тауар айналымын арттыруға мүмкіндік береді.

Атырау облысының  қазіргі қаржы жағдайы облыс экономикасы дамуының басты процестік әсері нәтижесінде және мемлекеттің соңғы жылдардағы фискалдық саясатының басымдығы арқасында пайда болды.

2006 жылдың табыс құрылымы мынадай: салық түсімі — 82,1%, салықтық емес түсім — 0,83%, негізгі капиталдарды сатудан түсім — 5,2%,  ресми трансферт түсімі — 11,9%-ды көрсетті Қазіргі уақытта облыс республикалық бюджеттен қаржыландырылатын облыстар қатарына кірмейді. 2005 жылғы қорытындылар бойынша ресми трансферт түсімдері 9%-ды құрады.

Ал, 2001-2005 жылдар аралығындағы облыстық бюджеттің табыс құрылымының өзгеру динамикасы 8-кестеде көрсетілген.

8-кесте

Атырау облысы бюджетінің табыс құрылымының өзгерісі

 

Облыс бюджеті табыстарының баптары

2001ж.

2002ж.

2003ж.

2004ж.

2005ж.

Кірістер

100

100

100

100

100

Салық түсімдері

98,2

85,8

87,9

84,6

87,8

Салықтық емес түсімдер

1

0,8

3,2

4,1

1

Негізгі капиталды сатудан түсім

0,4

0,6

0,8

1,9

2,2

Ресми трансферт түсімі

0,4

12,4

8,1

9,4

9

 

Облыс бюджетінің шығыс бөлігінің құрылымы  шығынның 52%-ын трансферттер құрап отырғанын көрсетеді. Егер де шығындардың негізгі баптарын алатын болсақ, 2006 жылғы шығын құрылымы мынадай: білім беру — 15,9%; денсаулық сақтау — 9,2%; ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары — 0,9%; жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсетулер — 1,9%; мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік — 3,1%; тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық — 8,8%; әлеуметтік көме және әлеуметтік қамтамасыз ету — 2,2%-ды көрсетті. Демек, әлеуметтік сала шығындары жалпы көлемнің 39,2%-ын ғана құрады.

2006 жылы бюджет профициті 2 906 млн. теңгені құрады.

Осыған сәйкес, бірақ тиісті әкімшілік аумақтарға арналған шығыстар бағыттары төмен тұрған бюджеттер деңгейлері бойынша да қалыптасады. Жергілікті бюджеттер шығыстарының қалыптастыру нормативті – құқықтық актілермен және тиісті мәслихаттар шешімдерімен реттеледі. Биліктің жергілікті органдарына аумақтардың экономикалық және қаржылық базаларын пайдалану жөнінде өкілетті берілген. Әрбір бөлек әкімшілік – аумақтардыңи экономикалық базасы ретінде жергілікті тұрғындардың әлеуметтік – экономикалық мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін қажетті кірістер көздері болатын меншікті мүлік пен оларға берілген  объектілер саналады. Ал қаржылық база болып меншікті бюджеттік құралдар мен жоғары ттұрған бюджеттерден берілетін ресми трансферттердент қалыптасатын қаржылық ресурстар табылады.

Бюджет жүйесінің әрбір деңгейінің шығыстар құрамы мен қалыптасуы әрекеттегі заңнамалық актілермен, тиісті аумақ бойынша қаржыландыру қажет нақты объектілер және олардың іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін қажетті шығындармен анықталады [12].

.

Тағы рефераттар